< Return to Video

Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз

  • 0:01 - 0:05
    Мен - нейрохурургпін,
    шешім қабылдауды зерттеймін.
  • 0:05 - 0:07
    Таңдау жасауға мидағы әртүрлі
    химикаттардың
  • 0:07 - 0:11
    қалай әсер ететінін түсіну үшін
    тәжірибе жүргіземін.
  • 0:11 - 0:17
    Ал қазір сіздерге ірімшікті бутербродтың
    шешімді дұрыс
  • 0:17 - 0:20
    қабылдатудағы құпиясын ашып көрсетемін.
  • 0:20 - 0:23
    Нақ өзі. Ғалымдардың пікірінше,
    ірімшікті бутерброд -
  • 0:23 - 0:27
    барлық қиын шешімдерді қабылдаудың кілті.
  • 0:27 - 0:32
    Мұны қалай білемін?
    Дәл осы зерттеуді өзім жүргізгенмін.
  • 0:32 - 0:34
    Бірнеше жыл бұрын, әріптестерімізбен
  • 0:34 - 0:37
    мидың химиялық қосылысы – серотониннің
  • 0:37 - 0:40
    шешім қабылдауға қалай
    әсер ететінін зерттеп көргіміз келді.
  • 0:40 - 0:43
    Әсіресе, әділетсіз қарым-қатынас
    жасағанда адамдар көңіл-күйіне
  • 0:43 - 0:47
    серотониннің қалай әсер ететінін
    білгіміз келді.
  • 0:47 - 0:48
    Осы мақсатта тәжірибе жүргіздік.
  • 0:48 - 0:51
    Адамдарға миындағы серотониннің
    қалыптасуы үшін
  • 0:51 - 0:56
    қажетті бастапқы заттекті жоятын,
    жиіркенішті, дәмі хош иістендірілген
  • 0:56 - 1:00
    лимон сусынын беріп, әртүрлі адамның
    серотонин деңгейіне әсер
  • 1:00 - 1:01
    етумен бастадық.
  • 1:01 - 1:04
    Бұл - триптофан аминқышқылы.
  • 1:04 - 1:06
    Сөйтіп, триптофан аз болғанда,
    адамдардың
  • 1:06 - 1:09
    әділетсіз қарым-қатынас үшін
    өш алуға
  • 1:09 - 1:12
    бейім болатынын анықтадық.
  • 1:12 - 1:16
    Осындай зерттеу жүргіздік, ал алдыңғы
    кейбір мақалалар
  • 1:16 - 1:19
    осыдан кейін жарық көрді.
  • 1:19 - 1:21
    «Ірімшікті бутерброд—дұрыс шешім
    қабылдау үшін қажет»
  • 1:21 - 1:23
    («Ірімшік — біздің нағыз досымыз»)
  • 1:23 - 1:27
    (Ірімшік пен ет жеу жақсы)
    Мүмкін, бірдеңені ұмытты дейсіздер
  • 1:27 - 1:32
    (Шоколад күйгелектіктен арылтады)
    Ірімшік? Шоколад? Олар қайдан пайда болды?
  • 1:32 - 1:34
    Мақала атауларын көргенде,
    ойланып қалдым,
  • 1:34 - 1:38
    себебі зерттеуіміздің ірімшік пен
    шоколадқа ешқандай қатысы болмаған еді.
  • 1:38 - 1:41
    Адамдардың триптофан деңгейіне
    әсер ету үшін
  • 1:41 - 1:44
    тек дәмі жиіркенішті сусын бергенбіз.
  • 1:44 - 1:47
    Алайда триптофанның ірімшік пен шоколад
  • 1:47 - 1:50
    құрамында да бар екені рас.
  • 1:50 - 1:53
    Әрине, ғалымдар ірімшік пен
    шоколад дәйекті шешім
  • 1:53 - 1:57
    қабылдауға көмектесcе, міндетті түрде
    назар аудартатыны сөзсіз.
  • 1:57 - 1:59
    Ендеше мақала тақырыбының
  • 1:59 - 2:02
    өзгергенін көреміз.
  • 2:02 - 2:05
    Осы оқиға болған кезде, ең әуелі:
  • 2:05 - 2:07
    «жарайды, ештеңе етпес» деп ойладым.
  • 2:07 - 2:10
    Бұқаралық ақпарат құралдары біршама
    жеңілдетіп берді, шындығында,
  • 2:10 - 2:12
    бұл тек мақала ғана.
  • 2:12 - 2:16
    Көп ғалымдардың ойы да
    осындай деп ойлаймын.
  • 2:16 - 2:20
    Дегенмен мәселенің түйіні мынада: үнемі
    осындай болады және бұл жаңалықтар
  • 2:20 - 2:23
    шолуларында ғана сөз етіліп қойылмайды,
  • 2:23 - 2:26
    дүкен сөрелеріндегі азық-түлікке де
    әсерін тигізеді.
  • 2:26 - 2:28
    Осындай тақырыпты мақалалардан соң,
  • 2:28 - 2:31
    маған маркетологтар хабарласты.
  • 2:31 - 2:34
    Бөтелкедегі көңіл-күйді көтеретін судың
    әрекетін
  • 2:34 - 2:38
    ғылыми тұрғыдан растап немесе
    телевизияға барып,
  • 2:38 - 2:40
    адамдар алдында, аудиторияда
  • 2:40 - 2:41
    дәмді тағамның
  • 2:41 - 2:44
    шынымен де көңіл-күйді жақсартатынын
    көрсете аламын ба?
  • 2:44 - 2:48
    Бұл адамдар жақсы нәрсе болғанын қалайды
    деп ойлаймын, алайда,
  • 2:48 - 2:51
    егер олардың ұсынысын қабылдасам,
    ғылым шеңберінен
  • 2:51 - 2:54
    шығып кетер едім, ал
    нағыз ғалымдар бұлай істемейді.
  • 2:54 - 2:58
    Одан қала берді, ми зерттеуін
    маркетингте өте көп қолданады.
  • 2:58 - 3:01
    Бір мысал: «Ми шаттығын» өз ішіне
  • 3:01 - 3:04
    қамтитын азық-түліктер қатарындағы
    миға арналған сусындар.
  • 3:04 - 3:07
    Сусын сытртындағы жазуына қарағанда,
    күйзелісті төмендетіп,
  • 3:07 - 3:10
    көңіл-күйді көтереді, зейінді арттырып,
  • 3:10 - 3:13
    өмірге дұрыс көзқарас қалыптастырады.
  • 3:13 - 3:18
    Керемет естіледі, иә?
    (Күлкі)
  • 3:18 - 3:22
    10 минут бұрын оны рақаттанып
    тұрып іштім.
  • 3:22 - 3:25
    Осы сусындар біздің жақтағы дүкенге
    түскенде, шындығында,
  • 3:25 - 3:29
    қандай зерттеулер сусынның осы
    қасиетін растайтынын білгім келді.
  • 3:29 - 3:32
    Осы компанияның сайтына кірдім,
    ондағы ойым осы өнімдердің
  • 3:32 - 3:35
    бақыланған клиникалық зерттеулер
    нәтижесін табу болатын.
  • 3:35 - 3:37
    Бірақ ол жайлы ештеңе таба алмадым.
  • 3:37 - 3:40
    Ал осы мәлімет тура этикетканың
    ортасында бейнеленген
  • 3:40 - 3:44
    мидың дәл қасында орналасқан.
  • 3:44 - 3:50
    Ал, шындығында, мидың суреті
    ерекше қасиетке ие екен.
  • 3:50 - 3:53
    Екі зерттеуші жүзден аса адамнан
    ғылыми мақаланы
  • 3:53 - 3:55
    оқып шығуды өтінді.
  • 3:55 - 3:59
    Олардың жартысына ұсынылған мақалада
    мидың суреті салынған, ал екінші
  • 3:59 - 4:00
    жартысына берілген мақалалар мазмұны
  • 4:00 - 4:03
    дәл сол, бірақ ми суреті берілмеген.
  • 4:03 - 4:05
    Мұның нәтижесін көресіздер-
  • 4:05 - 4:07
    адамдардан
  • 4:07 - 4:10
    "мақаладағы тұжырымдармен келісесіз бе?"
    деп сұрады.
  • 4:10 - 4:12
    Міне, мақаламен
    келісетіндігін білдірген адамдар
  • 4:12 - 4:14
    Бұл-мидың суретінсіз мақаланы оқығандар.
  • 4:14 - 4:18
    Ал бұл мақала тұжырымдарымен келісетін,
  • 4:18 - 4:21
    мидың суреті берілген
    мақаланы оқыған адамдар саны.
  • 4:21 - 4:23
    Міне, осы зерттеудің негізгі қорытындысы:
  • 4:23 - 4:28
    егер бірнәрсе сатқыңыз келсе,
    оған мидың суретін салдырыңыз.
  • 4:28 - 4:30
    Енді тақырыптан ауытқып,
    соңғы онжылдықта
  • 4:30 - 4:33
    миды зерттеуде үлкен істер
    атқарылғандығын айтуға рұқсат етіңіздер
  • 4:33 - 4:36
    және мұнымен тоқталмай,
    үнемі ми туралы таңғажайып
  • 4:36 - 4:37
    жаңалықтар ашудамыз.
  • 4:37 - 4:40
    Мысалы, бірнеше апта бұрын МТИ
    зерттеушілері мидың белгілі бір
  • 4:40 - 4:43
    бөлігіндегі нейрондардың белсенділігін
    бақылай отырып,
  • 4:43 - 4:47
    егеуқұйрықтардың дағдыларын қалай
    қойдыруға болатындығын анықтады.
  • 4:47 - 4:49
    Бұл тамаша жайт!
  • 4:49 - 4:52
    Алайда миды зерттеумен байланысты
    күтілген үміт
  • 4:52 - 4:57
    жалған нәтижелерге және негізделмеген
    мәлімдемелер жасауға әкелуде.
  • 4:57 - 5:00
    Сондықтан сіздерге мимен байланысты
    дәйексіз мәлімдемелерді:
  • 5:00 - 5:04
    бос сөздерді, сандырақтарды
    ( жақсы көретін сөзім)
  • 5:04 - 5:07
    немесе шатпақ сөздерді
  • 5:07 - 5:12
    анықтаудың бірнеше классикалық әдістерін
    көрсеткім келеді.
  • 5:12 - 5:17
    Бірінші дәйексіз мәлімдеме: миының суреті
    бойынша адамдардың ойын оқуға
  • 5:17 - 5:21
    және эмоциясын анықтауға болады.
  • 5:21 - 5:24
    Міне, мынау, бір топ зерттеушілер
    жариялаған
  • 5:24 - 5:26
    The New York Times бас мақаласы.
  • 5:26 - 5:31
    «iPhone-ыңызды жақсы көресіз. Шындық!»
    деген тақырыпта.
  • 5:31 - 5:35
    Бұл мақала аз уақытта, сайтта
    жиі бөлісетін мақала болды.
  • 5:35 - 5:37
    Зерттеушілер мұны қалай тапты?
  • 5:37 - 5:40
    Олар 16 адамның миын сканерден өткізіп
    және сол кезде оларға
  • 5:40 - 5:44
    қоңырау шалып жатқан өз
    iPhone-дарының бейнежазбасын көрсетеді.
  • 5:44 - 5:47
    Ми суреті, олар өздері айтатындай,
    махаббат
  • 5:47 - 5:50
    және қайғы сезімдерімен байланысты мидағы
  • 5:50 - 5:53
    «инсула» деп аталатын аймақта
    белсенділіктің артқанын көрсетеді.
  • 5:53 - 5:57
    Олар инсула белсенділігінің артуы
    тәжірибеге қатысушылардың
  • 5:57 - 6:01
    өз iPhone-дарын жақсы көретіндігін
    білдіреді деген тұжырым жасайды.
  • 6:01 - 6:04
    Дегенмен, бұл логикада бір мәселе бар:
  • 6:04 - 6:07
    шындығында, инсуланың қызметі өте көп.
  • 6:07 - 6:09
    Иә, ол оң әсерлерге, махабббат және
  • 6:09 - 6:12
    қайғы секілді көңіл-күйлеріне
    қатысты.
  • 6:12 - 6:14
    Алайда ол, сонымен бірге, жад, тіл,
    зейін, ашу,
  • 6:14 - 6:17
    жиіркену,ауырсынумен байланысты
    өзге де
  • 6:17 - 6:22
    көп үдерістерге қатысады.
  • 6:22 - 6:26
    Ендеше осы логикаға сүйенер болсақ,
    мұндай сәтті тәжірибеге байланысты
  • 6:26 - 6:28
    «өз iPhone-ыңызды жек көресіз деп
    еркін айта аламын.
  • 6:28 - 6:31
    Мәселе мынада: инсуланың белсенділігі
    артқанын көргенде,
  • 6:31 - 6:34
    осы тізімдегі қажетті
    түсіндірмені таңдап,
  • 6:34 - 6:39
    ала салуға болмайды,
    себебі тізім өте ұзақ.
  • 6:39 - 6:41
    Әріптестерім Таль Яркони мен
    Расс Полдрэк
  • 6:41 - 6:44
    инсуланың осы кезге дейін
    жарияланған ми туралы
  • 6:44 - 6:49
    зерттеулердің үштен бірінде дерлік
    ескерілетінін көрсетті.
  • 6:49 - 6:51
    Ендеше инсулаңыздың
    дәл қазір
  • 6:51 - 6:54
    «белсену» жағдайында болуы
    әбден мүмкін, бірақ бұл
  • 6:54 - 6:55
    мені жақсы көретіндіктеріңіздің
  • 6:55 - 6:59
    белгісі деп өз-өзімді алдағым келмейді.
  • 6:59 - 7:02
    Айтпақшы, махаббат пен ми туралы
  • 7:02 - 7:06
    айтып тұрып, «ғалымдар,
    махаббаттың қайнар көзі мен
  • 7:06 - 7:09
    өркендеудің қоғамды біріктіретіндігін
    тапты» деп жар салған,
  • 7:09 - 7:12
    «Махаббат докторы» ретінде танымал
    зерттеуші
  • 7:12 - 7:16
    есіме түсіп кетті.
  • 7:16 - 7:18
    Бұл ретте ірімшікті бутерброд емес.
  • 7:18 - 7:22
    Жоқ, бұл окситоцин деп аталатын гормон.
  • 7:22 - 7:24
    Бұл жайлы естіген боларсыз?!
  • 7:24 - 7:27
    «Махаббат докторы» тұжырымдарын,
    окситоцин деңгейінің
  • 7:27 - 7:30
    көтерілуі, қайғыға ортақ болу,
    сенімнің және адамдар
  • 7:30 - 7:34
    арасында әріптестіктің артуын тудырады
    деген зерттеу қорытындыларына негіздейді.
  • 7:34 - 7:38
    Сондықтан да ол окситоцинді
    «мораль молекуласы» деп атайды.
  • 7:38 - 7:41
    Бұл зерттеулер ғылыми негізделген
  • 7:41 - 7:45
    және олар іске де асқан,
    алайда барлығы емес.
  • 7:45 - 7:47
    Басқа зерттеулер окситоцин деңгейінің
    көтерілуі
  • 7:47 - 7:52
    қызғаныш пен табалаушылық сезімін
    көтеретіндігін көрсетті.
  • 7:52 - 7:56
    Окситоцин адамдардың өзге топтардан
    өз тобы пайдасына
  • 7:56 - 7:59
    бұра тартушылық қасиетіне ие болуына
    әсер етуі мүмкін.
  • 7:59 - 8:03
    Ал кейбір жағдайларда окситоцин
    әріптестікті әлсіретуі де мүмкін.
  • 8:03 - 8:07
    Осы зерттеулерді негіздей отырып,
    окситоцин – «бимроальдық молекула» және
  • 8:07 - 8:11
    өзімді «Махаббатсыз доктор» деп атауға
    негіз бар деп.
  • 8:11 - 8:15
    (Күлкі)
  • 8:15 - 8:19
    Ми туралы бос сөздер газеттерде көп
    жарияланатынын көріп отырмыз.
  • 8:19 - 8:22
    Мұны супермаркеттерде және
    кітап мұқабаларынан байқаймыз.
  • 8:22 - 8:24
    Ал медицина мекемелерінде ше?
  • 8:24 - 8:28
    Бір фотонды эмиссионды компьютерлік
    томография — бұл, мидағы қанауға
  • 8:28 - 8:30
    бейім аймақты зерделеу үшін
  • 8:30 - 8:33
    радиоактивті индикаторды пайдаланатын
    сканерлеу әдісі.
  • 8:33 - 8:36
    АҚШ-та қолайлы бағаға –
  • 8:36 - 8:40
    бірнеше мың долларға осындай сканерлеуді
  • 8:40 - 8:44
    атқаратын және алынған бейнені
    диагностикаға пайдаланатын
  • 8:44 - 8:46
    клиникалар бар.
  • 8:46 - 8:49
    Олар мұндай сканерлеудің
    Альцгеймер ауруының
  • 8:49 - 8:52
    алдын алуға, артық салмақ,
    есірткіге құмарлық мәселесін шешуге
  • 8:52 - 8:54
    және жұбайлық
    кикілжіңдердің басылуына,
  • 8:54 - 8:57
    сондай-ақ, әрине, әртүрлі: күйзелістен,
  • 8:57 - 9:00
    гиперактивті зейін тапшылығы синдромына
    дейінгі
  • 9:00 - 9:03
    үрейленуден болатын психикалық
    ауруларды емдеуге көмектеседі дейді.
  • 9:03 - 9:06
    Қызығарлықтай естіледі
    және көбі мұнымен келіседі де.
  • 9:06 - 9:08
    Кейбір клиникалар осымен-ақ
  • 9:08 - 9:12
    жылына ондаған миллион доллар табады.
  • 9:12 - 9:14
    Тек бір мәселе бар.
  • 9:14 - 9:16
    Неврологияда жалпыға ортақ келісім
    бар: қазірше,
  • 9:16 - 9:19
    тек миды сканерлеудің бір
    қорытындысы негізінде
  • 9:19 - 9:22
    психикалық ауруларға диагностика
    жасау мүмкін емес.
  • 9:22 - 9:24
    Дегенмен, осы клиникалардан
  • 9:24 - 9:27
    дәл осы кезеңге дейін
    он мыңдаған адам
  • 9:27 - 9:29
    тексерістен өтті, оның көбі балалар.
  • 9:29 - 9:32
    Ал енді осылай сканерлеу салдарынан
    радиоактивті заттек бөлінеді де,
  • 9:32 - 9:38
    адамдар зиян келтірерлік радиация
    әсеріне ұшырайды.
  • 9:38 - 9:41
    Миды зерттеуші ретінде, басқалар тәрізді,
    психикалық
  • 9:41 - 9:46
    ауруларды емдеу үшін де,
    тіпті жетілу, ақылды бола түсу үшін де
  • 9:46 - 9:50
    ғылым жетістіктерін пайдаланғым келеді.
  • 9:50 - 9:53
    Тамаша, бір күнде ірімшік пен шоколад
  • 9:53 - 9:57
    дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі
    дей аламыз. Маған сенсеңіздер болады.
  • 9:57 - 10:00
    Бірақ бүгін емес.
  • 10:00 - 10:04
    Мидағы «сатып ал» деп
    айтатын түймені әзірге таппадық.
  • 10:04 - 10:07
    Адам миының суретіне қарап тұрып,
    оның өтірік айтып тұрғанын,
  • 10:07 - 10:11
    не жақсы көріп қалғанын анықтай алмаймыз.
  • 10:11 - 10:15
    Біз гормондар көмегімен күнәһарды
    әулиеге айналдыра алмаймыз.
  • 10:15 - 10:17
    Мүмкін, бірігіп мұны
    жасай алармыз, алайда оған
  • 10:17 - 10:20
    өте сақ болуымыз керек және көп уақыт
    талап ететін
  • 10:20 - 10:23
    нағыз ғылымнан ресурстар мен адам
    зейінін дәйексіз мәлімдемелердің
  • 10:23 - 10:27
    бұрып алып кетуіне
    мүмкіндік бермеуіміз керек.
  • 10:27 - 10:30
    Сонымен, осылайша әрекет етуіміз керек.
  • 10:30 - 10:33
    Егер сізге мидың суреті салынған
    бірдеңені сатуға тырысса,
  • 10:33 - 10:36
    ешбір сөзіне сенбеңіз.
  • 10:36 - 10:39
    Қиын сұрақтар қойыңыз.
    Дәлел талап етіңіз.
  • 10:39 - 10:43
    Жасырып тұрғанын айтқызуға тырысыңыз.
  • 10:43 - 10:48
    Жауаптар қарапайым болуы тиіс емес,себебі
    миды қарапайым деуге мүлдем болмайды.
  • 10:48 - 10:52
    Бірақ бұл - оны түсінуге тырысуға тиіс
    емеспіз деген сөз емес.
  • 10:52 - 10:56
    Рақмет. (Қол соғу)
Title:
Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз
Speaker:
Молли Крокетт
Description:

Маркетингте ми туралы үнемі айтылады. Газеттердегі мақалалар ірімшікті бутерброд дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, ал сусын мидағы ауырлықты азайтады деп жарнамалайды. «Бұл арада тек бір ғана мәселе бар», - дейді нейропсихолог Молли Крокетт – «миға көмектесушілердің» барлығының әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген». Ол миды зерттеу жұмысын талдаудағы ерекшеліктер туралы баяндайды және мұны неліктен біздің білуіміз қажет екендігін түсіндіреді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
11:18
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk
Show all

Kazakh subtitles

Revisions