Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз
-
0:01 - 0:05Мен - нейрохурургпін,
шешім қабылдауды зерттеймін. -
0:05 - 0:07Таңдау жасауға мидағы әртүрлі
химикаттардың -
0:07 - 0:11қалай әсер ететінін түсіну үшін
тәжірибе жүргіземін. -
0:11 - 0:17Ал қазір сіздерге ірімшікті бутербродтың
шешімді дұрыс -
0:17 - 0:20қабылдатудағы құпиясын ашып көрсетемін.
-
0:20 - 0:23Нақ өзі. Ғалымдардың пікірінше,
ірімшікті бутерброд - -
0:23 - 0:27барлық қиын шешімдерді қабылдаудың кілті.
-
0:27 - 0:32Мұны қалай білемін?
Дәл осы зерттеуді өзім жүргізгенмін. -
0:32 - 0:34Бірнеше жыл бұрын, әріптестерімізбен
-
0:34 - 0:37мидың химиялық қосылысы – серотониннің
-
0:37 - 0:40шешім қабылдауға қалай
әсер ететінін зерттеп көргіміз келді. -
0:40 - 0:43Әсіресе, әділетсіз қарым-қатынас
жасағанда адамдар көңіл-күйіне -
0:43 - 0:47серотониннің қалай әсер ететінін
білгіміз келді. -
0:47 - 0:48Осы мақсатта тәжірибе жүргіздік.
-
0:48 - 0:51Адамдарға миындағы серотониннің
қалыптасуы үшін -
0:51 - 0:56қажетті бастапқы заттекті жоятын,
жиіркенішті, дәмі хош иістендірілген -
0:56 - 1:00лимон сусынын беріп, әртүрлі адамның
серотонин деңгейіне әсер -
1:00 - 1:01етумен бастадық.
-
1:01 - 1:04Бұл - триптофан аминқышқылы.
-
1:04 - 1:06Сөйтіп, триптофан аз болғанда,
адамдардың -
1:06 - 1:09әділетсіз қарым-қатынас үшін
өш алуға -
1:09 - 1:12бейім болатынын анықтадық.
-
1:12 - 1:16Осындай зерттеу жүргіздік, ал алдыңғы
кейбір мақалалар -
1:16 - 1:19осыдан кейін жарық көрді.
-
1:19 - 1:21«Ірімшікті бутерброд—дұрыс шешім
қабылдау үшін қажет» -
1:21 - 1:23(«Ірімшік — біздің нағыз досымыз»)
-
1:23 - 1:27(Ірімшік пен ет жеу жақсы)
Мүмкін, бірдеңені ұмытты дейсіздер -
1:27 - 1:32(Шоколад күйгелектіктен арылтады)
Ірімшік? Шоколад? Олар қайдан пайда болды? -
1:32 - 1:34Мақала атауларын көргенде,
ойланып қалдым, -
1:34 - 1:38себебі зерттеуіміздің ірімшік пен
шоколадқа ешқандай қатысы болмаған еді. -
1:38 - 1:41Адамдардың триптофан деңгейіне
әсер ету үшін -
1:41 - 1:44тек дәмі жиіркенішті сусын бергенбіз.
-
1:44 - 1:47Алайда триптофанның ірімшік пен шоколад
-
1:47 - 1:50құрамында да бар екені рас.
-
1:50 - 1:53Әрине, ғалымдар ірімшік пен
шоколад дәйекті шешім -
1:53 - 1:57қабылдауға көмектесcе, міндетті түрде
назар аудартатыны сөзсіз. -
1:57 - 1:59Ендеше мақала тақырыбының
-
1:59 - 2:02өзгергенін көреміз.
-
2:02 - 2:05Осы оқиға болған кезде, ең әуелі:
-
2:05 - 2:07«жарайды, ештеңе етпес» деп ойладым.
-
2:07 - 2:10Бұқаралық ақпарат құралдары біршама
жеңілдетіп берді, шындығында, -
2:10 - 2:12бұл тек мақала ғана.
-
2:12 - 2:16Көп ғалымдардың ойы да
осындай деп ойлаймын. -
2:16 - 2:20Дегенмен мәселенің түйіні мынада: үнемі
осындай болады және бұл жаңалықтар -
2:20 - 2:23шолуларында ғана сөз етіліп қойылмайды,
-
2:23 - 2:26дүкен сөрелеріндегі азық-түлікке де
әсерін тигізеді. -
2:26 - 2:28Осындай тақырыпты мақалалардан соң,
-
2:28 - 2:31маған маркетологтар хабарласты.
-
2:31 - 2:34Бөтелкедегі көңіл-күйді көтеретін судың
әрекетін -
2:34 - 2:38ғылыми тұрғыдан растап немесе
телевизияға барып, -
2:38 - 2:40адамдар алдында, аудиторияда
-
2:40 - 2:41дәмді тағамның
-
2:41 - 2:44шынымен де көңіл-күйді жақсартатынын
көрсете аламын ба? -
2:44 - 2:48Бұл адамдар жақсы нәрсе болғанын қалайды
деп ойлаймын, алайда, -
2:48 - 2:51егер олардың ұсынысын қабылдасам,
ғылым шеңберінен -
2:51 - 2:54шығып кетер едім, ал
нағыз ғалымдар бұлай істемейді. -
2:54 - 2:58Одан қала берді, ми зерттеуін
маркетингте өте көп қолданады. -
2:58 - 3:01Бір мысал: «Ми шаттығын» өз ішіне
-
3:01 - 3:04қамтитын азық-түліктер қатарындағы
миға арналған сусындар. -
3:04 - 3:07Сусын сытртындағы жазуына қарағанда,
күйзелісті төмендетіп, -
3:07 - 3:10көңіл-күйді көтереді, зейінді арттырып,
-
3:10 - 3:13өмірге дұрыс көзқарас қалыптастырады.
-
3:13 - 3:18Керемет естіледі, иә?
(Күлкі) -
3:18 - 3:2210 минут бұрын оны рақаттанып
тұрып іштім. -
3:22 - 3:25Осы сусындар біздің жақтағы дүкенге
түскенде, шындығында, -
3:25 - 3:29қандай зерттеулер сусынның осы
қасиетін растайтынын білгім келді. -
3:29 - 3:32Осы компанияның сайтына кірдім,
ондағы ойым осы өнімдердің -
3:32 - 3:35бақыланған клиникалық зерттеулер
нәтижесін табу болатын. -
3:35 - 3:37Бірақ ол жайлы ештеңе таба алмадым.
-
3:37 - 3:40Ал осы мәлімет тура этикетканың
ортасында бейнеленген -
3:40 - 3:44мидың дәл қасында орналасқан.
-
3:44 - 3:50Ал, шындығында, мидың суреті
ерекше қасиетке ие екен. -
3:50 - 3:53Екі зерттеуші жүзден аса адамнан
ғылыми мақаланы -
3:53 - 3:55оқып шығуды өтінді.
-
3:55 - 3:59Олардың жартысына ұсынылған мақалада
мидың суреті салынған, ал екінші -
3:59 - 4:00жартысына берілген мақалалар мазмұны
-
4:00 - 4:03дәл сол, бірақ ми суреті берілмеген.
-
4:03 - 4:05Мұның нәтижесін көресіздер-
-
4:05 - 4:07адамдардан
-
4:07 - 4:10"мақаладағы тұжырымдармен келісесіз бе?"
деп сұрады. -
4:10 - 4:12Міне, мақаламен
келісетіндігін білдірген адамдар -
4:12 - 4:14Бұл-мидың суретінсіз мақаланы оқығандар.
-
4:14 - 4:18Ал бұл мақала тұжырымдарымен келісетін,
-
4:18 - 4:21мидың суреті берілген
мақаланы оқыған адамдар саны. -
4:21 - 4:23Міне, осы зерттеудің негізгі қорытындысы:
-
4:23 - 4:28егер бірнәрсе сатқыңыз келсе,
оған мидың суретін салдырыңыз. -
4:28 - 4:30Енді тақырыптан ауытқып,
соңғы онжылдықта -
4:30 - 4:33миды зерттеуде үлкен істер
атқарылғандығын айтуға рұқсат етіңіздер -
4:33 - 4:36және мұнымен тоқталмай,
үнемі ми туралы таңғажайып -
4:36 - 4:37жаңалықтар ашудамыз.
-
4:37 - 4:40Мысалы, бірнеше апта бұрын МТИ
зерттеушілері мидың белгілі бір -
4:40 - 4:43бөлігіндегі нейрондардың белсенділігін
бақылай отырып, -
4:43 - 4:47егеуқұйрықтардың дағдыларын қалай
қойдыруға болатындығын анықтады. -
4:47 - 4:49Бұл тамаша жайт!
-
4:49 - 4:52Алайда миды зерттеумен байланысты
күтілген үміт -
4:52 - 4:57жалған нәтижелерге және негізделмеген
мәлімдемелер жасауға әкелуде. -
4:57 - 5:00Сондықтан сіздерге мимен байланысты
дәйексіз мәлімдемелерді: -
5:00 - 5:04бос сөздерді, сандырақтарды
( жақсы көретін сөзім) -
5:04 - 5:07немесе шатпақ сөздерді
-
5:07 - 5:12анықтаудың бірнеше классикалық әдістерін
көрсеткім келеді. -
5:12 - 5:17Бірінші дәйексіз мәлімдеме: миының суреті
бойынша адамдардың ойын оқуға -
5:17 - 5:21және эмоциясын анықтауға болады.
-
5:21 - 5:24Міне, мынау, бір топ зерттеушілер
жариялаған -
5:24 - 5:26The New York Times бас мақаласы.
-
5:26 - 5:31«iPhone-ыңызды жақсы көресіз. Шындық!»
деген тақырыпта. -
5:31 - 5:35Бұл мақала аз уақытта, сайтта
жиі бөлісетін мақала болды. -
5:35 - 5:37Зерттеушілер мұны қалай тапты?
-
5:37 - 5:40Олар 16 адамның миын сканерден өткізіп
және сол кезде оларға -
5:40 - 5:44қоңырау шалып жатқан өз
iPhone-дарының бейнежазбасын көрсетеді. -
5:44 - 5:47Ми суреті, олар өздері айтатындай,
махаббат -
5:47 - 5:50және қайғы сезімдерімен байланысты мидағы
-
5:50 - 5:53«инсула» деп аталатын аймақта
белсенділіктің артқанын көрсетеді. -
5:53 - 5:57Олар инсула белсенділігінің артуы
тәжірибеге қатысушылардың -
5:57 - 6:01өз iPhone-дарын жақсы көретіндігін
білдіреді деген тұжырым жасайды. -
6:01 - 6:04Дегенмен, бұл логикада бір мәселе бар:
-
6:04 - 6:07шындығында, инсуланың қызметі өте көп.
-
6:07 - 6:09Иә, ол оң әсерлерге, махабббат және
-
6:09 - 6:12қайғы секілді көңіл-күйлеріне
қатысты. -
6:12 - 6:14Алайда ол, сонымен бірге, жад, тіл,
зейін, ашу, -
6:14 - 6:17жиіркену,ауырсынумен байланысты
өзге де -
6:17 - 6:22көп үдерістерге қатысады.
-
6:22 - 6:26Ендеше осы логикаға сүйенер болсақ,
мұндай сәтті тәжірибеге байланысты -
6:26 - 6:28«өз iPhone-ыңызды жек көресіз деп
еркін айта аламын. -
6:28 - 6:31Мәселе мынада: инсуланың белсенділігі
артқанын көргенде, -
6:31 - 6:34осы тізімдегі қажетті
түсіндірмені таңдап, -
6:34 - 6:39ала салуға болмайды,
себебі тізім өте ұзақ. -
6:39 - 6:41Әріптестерім Таль Яркони мен
Расс Полдрэк -
6:41 - 6:44инсуланың осы кезге дейін
жарияланған ми туралы -
6:44 - 6:49зерттеулердің үштен бірінде дерлік
ескерілетінін көрсетті. -
6:49 - 6:51Ендеше инсулаңыздың
дәл қазір -
6:51 - 6:54«белсену» жағдайында болуы
әбден мүмкін, бірақ бұл -
6:54 - 6:55мені жақсы көретіндіктеріңіздің
-
6:55 - 6:59белгісі деп өз-өзімді алдағым келмейді.
-
6:59 - 7:02Айтпақшы, махаббат пен ми туралы
-
7:02 - 7:06айтып тұрып, «ғалымдар,
махаббаттың қайнар көзі мен -
7:06 - 7:09өркендеудің қоғамды біріктіретіндігін
тапты» деп жар салған, -
7:09 - 7:12«Махаббат докторы» ретінде танымал
зерттеуші -
7:12 - 7:16есіме түсіп кетті.
-
7:16 - 7:18Бұл ретте ірімшікті бутерброд емес.
-
7:18 - 7:22Жоқ, бұл окситоцин деп аталатын гормон.
-
7:22 - 7:24Бұл жайлы естіген боларсыз?!
-
7:24 - 7:27«Махаббат докторы» тұжырымдарын,
окситоцин деңгейінің -
7:27 - 7:30көтерілуі, қайғыға ортақ болу,
сенімнің және адамдар -
7:30 - 7:34арасында әріптестіктің артуын тудырады
деген зерттеу қорытындыларына негіздейді. -
7:34 - 7:38Сондықтан да ол окситоцинді
«мораль молекуласы» деп атайды. -
7:38 - 7:41Бұл зерттеулер ғылыми негізделген
-
7:41 - 7:45және олар іске де асқан,
алайда барлығы емес. -
7:45 - 7:47Басқа зерттеулер окситоцин деңгейінің
көтерілуі -
7:47 - 7:52қызғаныш пен табалаушылық сезімін
көтеретіндігін көрсетті. -
7:52 - 7:56Окситоцин адамдардың өзге топтардан
өз тобы пайдасына -
7:56 - 7:59бұра тартушылық қасиетіне ие болуына
әсер етуі мүмкін. -
7:59 - 8:03Ал кейбір жағдайларда окситоцин
әріптестікті әлсіретуі де мүмкін. -
8:03 - 8:07Осы зерттеулерді негіздей отырып,
окситоцин – «бимроальдық молекула» және -
8:07 - 8:11өзімді «Махаббатсыз доктор» деп атауға
негіз бар деп. -
8:11 - 8:15(Күлкі)
-
8:15 - 8:19Ми туралы бос сөздер газеттерде көп
жарияланатынын көріп отырмыз. -
8:19 - 8:22Мұны супермаркеттерде және
кітап мұқабаларынан байқаймыз. -
8:22 - 8:24Ал медицина мекемелерінде ше?
-
8:24 - 8:28Бір фотонды эмиссионды компьютерлік
томография — бұл, мидағы қанауға -
8:28 - 8:30бейім аймақты зерделеу үшін
-
8:30 - 8:33радиоактивті индикаторды пайдаланатын
сканерлеу әдісі. -
8:33 - 8:36АҚШ-та қолайлы бағаға –
-
8:36 - 8:40бірнеше мың долларға осындай сканерлеуді
-
8:40 - 8:44атқаратын және алынған бейнені
диагностикаға пайдаланатын -
8:44 - 8:46клиникалар бар.
-
8:46 - 8:49Олар мұндай сканерлеудің
Альцгеймер ауруының -
8:49 - 8:52алдын алуға, артық салмақ,
есірткіге құмарлық мәселесін шешуге -
8:52 - 8:54және жұбайлық
кикілжіңдердің басылуына, -
8:54 - 8:57сондай-ақ, әрине, әртүрлі: күйзелістен,
-
8:57 - 9:00гиперактивті зейін тапшылығы синдромына
дейінгі -
9:00 - 9:03үрейленуден болатын психикалық
ауруларды емдеуге көмектеседі дейді. -
9:03 - 9:06Қызығарлықтай естіледі
және көбі мұнымен келіседі де. -
9:06 - 9:08Кейбір клиникалар осымен-ақ
-
9:08 - 9:12жылына ондаған миллион доллар табады.
-
9:12 - 9:14Тек бір мәселе бар.
-
9:14 - 9:16Неврологияда жалпыға ортақ келісім
бар: қазірше, -
9:16 - 9:19тек миды сканерлеудің бір
қорытындысы негізінде -
9:19 - 9:22психикалық ауруларға диагностика
жасау мүмкін емес. -
9:22 - 9:24Дегенмен, осы клиникалардан
-
9:24 - 9:27дәл осы кезеңге дейін
он мыңдаған адам -
9:27 - 9:29тексерістен өтті, оның көбі балалар.
-
9:29 - 9:32Ал енді осылай сканерлеу салдарынан
радиоактивті заттек бөлінеді де, -
9:32 - 9:38адамдар зиян келтірерлік радиация
әсеріне ұшырайды. -
9:38 - 9:41Миды зерттеуші ретінде, басқалар тәрізді,
психикалық -
9:41 - 9:46ауруларды емдеу үшін де,
тіпті жетілу, ақылды бола түсу үшін де -
9:46 - 9:50ғылым жетістіктерін пайдаланғым келеді.
-
9:50 - 9:53Тамаша, бір күнде ірімшік пен шоколад
-
9:53 - 9:57дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі
дей аламыз. Маған сенсеңіздер болады. -
9:57 - 10:00Бірақ бүгін емес.
-
10:00 - 10:04Мидағы «сатып ал» деп
айтатын түймені әзірге таппадық. -
10:04 - 10:07Адам миының суретіне қарап тұрып,
оның өтірік айтып тұрғанын, -
10:07 - 10:11не жақсы көріп қалғанын анықтай алмаймыз.
-
10:11 - 10:15Біз гормондар көмегімен күнәһарды
әулиеге айналдыра алмаймыз. -
10:15 - 10:17Мүмкін, бірігіп мұны
жасай алармыз, алайда оған -
10:17 - 10:20өте сақ болуымыз керек және көп уақыт
талап ететін -
10:20 - 10:23нағыз ғылымнан ресурстар мен адам
зейінін дәйексіз мәлімдемелердің -
10:23 - 10:27бұрып алып кетуіне
мүмкіндік бермеуіміз керек. -
10:27 - 10:30Сонымен, осылайша әрекет етуіміз керек.
-
10:30 - 10:33Егер сізге мидың суреті салынған
бірдеңені сатуға тырысса, -
10:33 - 10:36ешбір сөзіне сенбеңіз.
-
10:36 - 10:39Қиын сұрақтар қойыңыз.
Дәлел талап етіңіз. -
10:39 - 10:43Жасырып тұрғанын айтқызуға тырысыңыз.
-
10:43 - 10:48Жауаптар қарапайым болуы тиіс емес,себебі
миды қарапайым деуге мүлдем болмайды. -
10:48 - 10:52Бірақ бұл - оны түсінуге тырысуға тиіс
емеспіз деген сөз емес. -
10:52 - 10:56Рақмет. (Қол соғу)
- Title:
- Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз
- Speaker:
- Молли Крокетт
- Description:
-
Маркетингте ми туралы үнемі айтылады. Газеттердегі мақалалар ірімшікті бутерброд дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, ал сусын мидағы ауырлықты азайтады деп жарнамалайды. «Бұл арада тек бір ғана мәселе бар», - дейді нейропсихолог Молли Крокетт – «миға көмектесушілердің» барлығының әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген». Ол миды зерттеу жұмысын талдаудағы ерекшеліктер туралы баяндайды және мұны неліктен біздің білуіміз қажет екендігін түсіндіреді.
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 11:18
![]() |
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Beware neuro-bunk |