WEBVTT 00:00:00.833 --> 00:00:04.710 Мен - нейрохурургпін, шешім қабылдауды зерттеймін. 00:00:04.710 --> 00:00:07.017 Таңдау жасауға мидағы әртүрлі химикаттардың 00:00:07.017 --> 00:00:10.617 қалай әсер ететінін түсіну үшін тәжірибе жүргіземін. NOTE Paragraph 00:00:10.617 --> 00:00:17.365 Ал қазір сіздерге ірімшікті бутербродтың шешімді дұрыс 00:00:17.365 --> 00:00:19.603 қабылдатудағы құпиясын ашып көрсетемін. 00:00:19.603 --> 00:00:23.263 Нақ өзі. Ғалымдардың пікірінше, ірімшікті бутерброд - 00:00:23.263 --> 00:00:26.885 барлық қиын шешімдерді қабылдаудың кілті. NOTE Paragraph 00:00:26.885 --> 00:00:31.942 Мұны қалай білемін? Дәл осы зерттеуді өзім жүргізгенмін. NOTE Paragraph 00:00:31.942 --> 00:00:34.242 Бірнеше жыл бұрын, әріптестерімізбен 00:00:34.242 --> 00:00:36.535 мидың химиялық қосылысы – серотониннің 00:00:36.535 --> 00:00:39.805 шешім қабылдауға қалай әсер ететінін зерттеп көргіміз келді. 00:00:39.805 --> 00:00:42.900 Әсіресе, әділетсіз қарым-қатынас жасағанда адамдар көңіл-күйіне 00:00:42.900 --> 00:00:46.715 серотониннің қалай әсер ететінін білгіміз келді. NOTE Paragraph 00:00:46.715 --> 00:00:48.253 Осы мақсатта тәжірибе жүргіздік. 00:00:48.253 --> 00:00:51.399 Адамдарға миындағы серотониннің қалыптасуы үшін 00:00:51.399 --> 00:00:56.022 қажетті бастапқы заттекті жоятын, жиіркенішті, дәмі хош иістендірілген 00:00:56.022 --> 00:00:59.654 лимон сусынын беріп, әртүрлі адамның серотонин деңгейіне әсер 00:00:59.654 --> 00:01:00.832 етумен бастадық. 00:01:00.832 --> 00:01:03.809 Бұл - триптофан аминқышқылы. 00:01:03.809 --> 00:01:06.170 Сөйтіп, триптофан аз болғанда, адамдардың 00:01:06.170 --> 00:01:08.622 әділетсіз қарым-қатынас үшін өш алуға 00:01:08.622 --> 00:01:12.170 бейім болатынын анықтадық. NOTE Paragraph 00:01:12.170 --> 00:01:15.993 Осындай зерттеу жүргіздік, ал алдыңғы кейбір мақалалар 00:01:15.993 --> 00:01:18.722 осыдан кейін жарық көрді. NOTE Paragraph 00:01:18.722 --> 00:01:21.217 «Ірімшікті бутерброд—дұрыс шешім қабылдау үшін қажет» NOTE Paragraph 00:01:21.217 --> 00:01:23.312 («Ірімшік — біздің нағыз досымыз») 00:01:23.312 --> 00:01:26.512 (Ірімшік пен ет жеу жақсы) Мүмкін, бірдеңені ұмытты дейсіздер NOTE Paragraph 00:01:26.512 --> 00:01:31.907 (Шоколад күйгелектіктен арылтады) Ірімшік? Шоколад? Олар қайдан пайда болды? 00:01:31.907 --> 00:01:34.040 Мақала атауларын көргенде, ойланып қалдым, 00:01:34.040 --> 00:01:38.285 себебі зерттеуіміздің ірімшік пен шоколадқа ешқандай қатысы болмаған еді. 00:01:38.285 --> 00:01:40.614 Адамдардың триптофан деңгейіне әсер ету үшін 00:01:40.614 --> 00:01:43.816 тек дәмі жиіркенішті сусын бергенбіз. 00:01:43.816 --> 00:01:47.497 Алайда триптофанның ірімшік пен шоколад 00:01:47.497 --> 00:01:50.298 құрамында да бар екені рас. 00:01:50.298 --> 00:01:52.608 Әрине, ғалымдар ірімшік пен шоколад дәйекті шешім 00:01:52.608 --> 00:01:56.689 қабылдауға көмектесcе, міндетті түрде назар аудартатыны сөзсіз. 00:01:56.689 --> 00:01:58.656 Ендеше мақала тақырыбының 00:01:58.656 --> 00:02:02.163 өзгергенін көреміз. NOTE Paragraph 00:02:02.163 --> 00:02:04.505 Осы оқиға болған кезде, ең әуелі: 00:02:04.505 --> 00:02:06.509 «жарайды, ештеңе етпес» деп ойладым. 00:02:06.509 --> 00:02:10.388 Бұқаралық ақпарат құралдары біршама жеңілдетіп берді, шындығында, 00:02:10.388 --> 00:02:12.464 бұл тек мақала ғана. 00:02:12.464 --> 00:02:15.817 Көп ғалымдардың ойы да осындай деп ойлаймын. 00:02:15.817 --> 00:02:19.714 Дегенмен мәселенің түйіні мынада: үнемі осындай болады және бұл жаңалықтар 00:02:19.714 --> 00:02:22.841 шолуларында ғана сөз етіліп қойылмайды, 00:02:22.841 --> 00:02:25.620 дүкен сөрелеріндегі азық-түлікке де әсерін тигізеді. 00:02:25.620 --> 00:02:28.287 Осындай тақырыпты мақалалардан соң, 00:02:28.287 --> 00:02:31.113 маған маркетологтар хабарласты. 00:02:31.113 --> 00:02:34.332 Бөтелкедегі көңіл-күйді көтеретін судың әрекетін 00:02:34.332 --> 00:02:37.593 ғылыми тұрғыдан растап немесе телевизияға барып, 00:02:37.593 --> 00:02:39.737 адамдар алдында, аудиторияда 00:02:39.737 --> 00:02:40.762 дәмді тағамның 00:02:40.762 --> 00:02:44.361 шынымен де көңіл-күйді жақсартатынын көрсете аламын ба? 00:02:44.361 --> 00:02:48.322 Бұл адамдар жақсы нәрсе болғанын қалайды деп ойлаймын, алайда, 00:02:48.322 --> 00:02:50.696 егер олардың ұсынысын қабылдасам, ғылым шеңберінен 00:02:50.696 --> 00:02:53.953 шығып кетер едім, ал нағыз ғалымдар бұлай істемейді. NOTE Paragraph 00:02:53.953 --> 00:02:58.321 Одан қала берді, ми зерттеуін маркетингте өте көп қолданады. 00:02:58.321 --> 00:03:00.881 Бір мысал: «Ми шаттығын» өз ішіне 00:03:00.881 --> 00:03:04.122 қамтитын азық-түліктер қатарындағы миға арналған сусындар. 00:03:04.122 --> 00:03:07.023 Сусын сытртындағы жазуына қарағанда, күйзелісті төмендетіп, 00:03:07.023 --> 00:03:10.449 көңіл-күйді көтереді, зейінді арттырып, 00:03:10.449 --> 00:03:13.137 өмірге дұрыс көзқарас қалыптастырады. 00:03:13.137 --> 00:03:17.762 Керемет естіледі, иә? (Күлкі) 00:03:17.762 --> 00:03:21.638 10 минут бұрын оны рақаттанып тұрып іштім. 00:03:21.638 --> 00:03:25.068 Осы сусындар біздің жақтағы дүкенге түскенде, шындығында, 00:03:25.068 --> 00:03:28.617 қандай зерттеулер сусынның осы қасиетін растайтынын білгім келді. 00:03:28.617 --> 00:03:31.543 Осы компанияның сайтына кірдім, ондағы ойым осы өнімдердің 00:03:31.543 --> 00:03:34.969 бақыланған клиникалық зерттеулер нәтижесін табу болатын. 00:03:34.969 --> 00:03:36.646 Бірақ ол жайлы ештеңе таба алмадым. NOTE Paragraph 00:03:36.646 --> 00:03:40.384 Ал осы мәлімет тура этикетканың ортасында бейнеленген 00:03:40.384 --> 00:03:44.346 мидың дәл қасында орналасқан. 00:03:44.346 --> 00:03:50.049 Ал, шындығында, мидың суреті ерекше қасиетке ие екен. 00:03:50.049 --> 00:03:52.511 Екі зерттеуші жүзден аса адамнан ғылыми мақаланы 00:03:52.511 --> 00:03:55.202 оқып шығуды өтінді. 00:03:55.202 --> 00:03:58.529 Олардың жартысына ұсынылған мақалада мидың суреті салынған, ал екінші 00:03:58.529 --> 00:04:00.392 жартысына берілген мақалалар мазмұны 00:04:00.392 --> 00:04:03.096 дәл сол, бірақ ми суреті берілмеген. 00:04:03.096 --> 00:04:04.728 Мұның нәтижесін көресіздер- 00:04:04.728 --> 00:04:06.838 адамдардан 00:04:06.838 --> 00:04:10.160 "мақаладағы тұжырымдармен келісесіз бе?" деп сұрады. 00:04:10.160 --> 00:04:12.433 Міне, мақаламен келісетіндігін білдірген адамдар 00:04:12.433 --> 00:04:14.346 Бұл-мидың суретінсіз мақаланы оқығандар. 00:04:14.346 --> 00:04:17.993 Ал бұл мақала тұжырымдарымен келісетін, 00:04:17.993 --> 00:04:20.760 мидың суреті берілген мақаланы оқыған адамдар саны. 00:04:20.760 --> 00:04:22.709 Міне, осы зерттеудің негізгі қорытындысы: 00:04:22.709 --> 00:04:27.616 егер бірнәрсе сатқыңыз келсе, оған мидың суретін салдырыңыз. NOTE Paragraph 00:04:27.616 --> 00:04:29.729 Енді тақырыптан ауытқып, соңғы онжылдықта 00:04:29.729 --> 00:04:33.427 миды зерттеуде үлкен істер атқарылғандығын айтуға рұқсат етіңіздер 00:04:33.427 --> 00:04:35.880 және мұнымен тоқталмай, үнемі ми туралы таңғажайып 00:04:35.880 --> 00:04:37.153 жаңалықтар ашудамыз. 00:04:37.153 --> 00:04:40.297 Мысалы, бірнеше апта бұрын МТИ зерттеушілері мидың белгілі бір 00:04:40.297 --> 00:04:43.097 бөлігіндегі нейрондардың белсенділігін бақылай отырып, 00:04:43.097 --> 00:04:47.090 егеуқұйрықтардың дағдыларын қалай қойдыруға болатындығын анықтады. 00:04:47.090 --> 00:04:48.680 Бұл тамаша жайт! 00:04:48.680 --> 00:04:51.973 Алайда миды зерттеумен байланысты күтілген үміт 00:04:51.973 --> 00:04:57.209 жалған нәтижелерге және негізделмеген мәлімдемелер жасауға әкелуде. NOTE Paragraph 00:04:57.209 --> 00:05:00.248 Сондықтан сіздерге мимен байланысты дәйексіз мәлімдемелерді: 00:05:00.248 --> 00:05:03.794 бос сөздерді, сандырақтарды ( жақсы көретін сөзім) 00:05:03.794 --> 00:05:06.590 немесе шатпақ сөздерді 00:05:06.590 --> 00:05:12.282 анықтаудың бірнеше классикалық әдістерін көрсеткім келеді. NOTE Paragraph 00:05:12.282 --> 00:05:16.620 Бірінші дәйексіз мәлімдеме: миының суреті бойынша адамдардың ойын оқуға 00:05:16.620 --> 00:05:20.532 және эмоциясын анықтауға болады. 00:05:20.532 --> 00:05:23.579 Міне, мынау, бір топ зерттеушілер жариялаған 00:05:23.579 --> 00:05:26.412 The New York Times бас мақаласы. 00:05:26.412 --> 00:05:30.657 «iPhone-ыңызды жақсы көресіз. Шындық!» деген тақырыпта. 00:05:30.657 --> 00:05:35.107 Бұл мақала аз уақытта, сайтта жиі бөлісетін мақала болды. NOTE Paragraph 00:05:35.107 --> 00:05:37.276 Зерттеушілер мұны қалай тапты? 00:05:37.276 --> 00:05:40.304 Олар 16 адамның миын сканерден өткізіп және сол кезде оларға 00:05:40.304 --> 00:05:43.586 қоңырау шалып жатқан өз iPhone-дарының бейнежазбасын көрсетеді. 00:05:43.586 --> 00:05:47.048 Ми суреті, олар өздері айтатындай, махаббат 00:05:47.048 --> 00:05:49.700 және қайғы сезімдерімен байланысты мидағы 00:05:49.700 --> 00:05:53.484 «инсула» деп аталатын аймақта белсенділіктің артқанын көрсетеді. 00:05:53.484 --> 00:05:57.144 Олар инсула белсенділігінің артуы тәжірибеге қатысушылардың 00:05:57.144 --> 00:06:01.431 өз iPhone-дарын жақсы көретіндігін білдіреді деген тұжырым жасайды. 00:06:01.431 --> 00:06:03.575 Дегенмен, бұл логикада бір мәселе бар: 00:06:03.575 --> 00:06:07.091 шындығында, инсуланың қызметі өте көп. 00:06:07.091 --> 00:06:09.396 Иә, ол оң әсерлерге, махабббат және 00:06:09.396 --> 00:06:11.738 қайғы секілді көңіл-күйлеріне қатысты. 00:06:11.738 --> 00:06:14.411 Алайда ол, сонымен бірге, жад, тіл, зейін, ашу, 00:06:14.411 --> 00:06:17.484 жиіркену,ауырсынумен байланысты өзге де 00:06:17.484 --> 00:06:21.520 көп үдерістерге қатысады. 00:06:21.520 --> 00:06:25.983 Ендеше осы логикаға сүйенер болсақ, мұндай сәтті тәжірибеге байланысты 00:06:25.983 --> 00:06:28.436 «өз iPhone-ыңызды жек көресіз деп еркін айта аламын. 00:06:28.436 --> 00:06:31.280 Мәселе мынада: инсуланың белсенділігі артқанын көргенде, 00:06:31.280 --> 00:06:34.306 осы тізімдегі қажетті түсіндірмені таңдап, 00:06:34.306 --> 00:06:38.972 ала салуға болмайды, себебі тізім өте ұзақ. 00:06:38.972 --> 00:06:41.306 Әріптестерім Таль Яркони мен Расс Полдрэк 00:06:41.306 --> 00:06:44.428 инсуланың осы кезге дейін жарияланған ми туралы 00:06:44.428 --> 00:06:49.164 зерттеулердің үштен бірінде дерлік ескерілетінін көрсетті. 00:06:49.164 --> 00:06:50.678 Ендеше инсулаңыздың дәл қазір 00:06:50.678 --> 00:06:53.804 «белсену» жағдайында болуы әбден мүмкін, бірақ бұл 00:06:53.804 --> 00:06:55.426 мені жақсы көретіндіктеріңіздің 00:06:55.426 --> 00:06:59.103 белгісі деп өз-өзімді алдағым келмейді. NOTE Paragraph 00:06:59.103 --> 00:07:02.010 Айтпақшы, махаббат пен ми туралы 00:07:02.010 --> 00:07:05.875 айтып тұрып, «ғалымдар, махаббаттың қайнар көзі мен 00:07:05.875 --> 00:07:09.360 өркендеудің қоғамды біріктіретіндігін тапты» деп жар салған, 00:07:09.360 --> 00:07:12.007 «Махаббат докторы» ретінде танымал зерттеуші 00:07:12.007 --> 00:07:15.783 есіме түсіп кетті. 00:07:15.783 --> 00:07:17.972 Бұл ретте ірімшікті бутерброд емес. 00:07:17.972 --> 00:07:21.829 Жоқ, бұл окситоцин деп аталатын гормон. 00:07:21.829 --> 00:07:23.696 Бұл жайлы естіген боларсыз?! 00:07:23.696 --> 00:07:26.588 «Махаббат докторы» тұжырымдарын, окситоцин деңгейінің 00:07:26.588 --> 00:07:29.533 көтерілуі, қайғыға ортақ болу, сенімнің және адамдар 00:07:29.533 --> 00:07:33.706 арасында әріптестіктің артуын тудырады деген зерттеу қорытындыларына негіздейді. 00:07:33.706 --> 00:07:37.786 Сондықтан да ол окситоцинді «мораль молекуласы» деп атайды. NOTE Paragraph 00:07:37.786 --> 00:07:40.628 Бұл зерттеулер ғылыми негізделген 00:07:40.628 --> 00:07:44.764 және олар іске де асқан, алайда барлығы емес. 00:07:44.764 --> 00:07:47.477 Басқа зерттеулер окситоцин деңгейінің көтерілуі 00:07:47.477 --> 00:07:52.220 қызғаныш пен табалаушылық сезімін көтеретіндігін көрсетті. 00:07:52.220 --> 00:07:55.536 Окситоцин адамдардың өзге топтардан өз тобы пайдасына 00:07:55.536 --> 00:07:58.628 бұра тартушылық қасиетіне ие болуына әсер етуі мүмкін. 00:07:58.628 --> 00:08:02.880 Ал кейбір жағдайларда окситоцин әріптестікті әлсіретуі де мүмкін. 00:08:02.880 --> 00:08:06.700 Осы зерттеулерді негіздей отырып, окситоцин – «бимроальдық молекула» және 00:08:06.700 --> 00:08:11.451 өзімді «Махаббатсыз доктор» деп атауға негіз бар деп. 00:08:11.451 --> 00:08:14.811 (Күлкі) NOTE Paragraph 00:08:14.811 --> 00:08:18.921 Ми туралы бос сөздер газеттерде көп жарияланатынын көріп отырмыз. 00:08:18.921 --> 00:08:21.699 Мұны супермаркеттерде және кітап мұқабаларынан байқаймыз. 00:08:21.699 --> 00:08:24.370 Ал медицина мекемелерінде ше? NOTE Paragraph 00:08:24.370 --> 00:08:27.785 Бір фотонды эмиссионды компьютерлік томография — бұл, мидағы қанауға 00:08:27.785 --> 00:08:29.854 бейім аймақты зерделеу үшін 00:08:29.854 --> 00:08:32.894 радиоактивті индикаторды пайдаланатын сканерлеу әдісі. 00:08:32.894 --> 00:08:35.978 АҚШ-та қолайлы бағаға – 00:08:35.978 --> 00:08:40.096 бірнеше мың долларға осындай сканерлеуді 00:08:40.096 --> 00:08:43.549 атқаратын және алынған бейнені диагностикаға пайдаланатын 00:08:43.549 --> 00:08:46.186 клиникалар бар. 00:08:46.186 --> 00:08:48.715 Олар мұндай сканерлеудің Альцгеймер ауруының 00:08:48.715 --> 00:08:51.617 алдын алуға, артық салмақ, есірткіге құмарлық мәселесін шешуге 00:08:51.617 --> 00:08:54.081 және жұбайлық кикілжіңдердің басылуына, 00:08:54.081 --> 00:08:56.753 сондай-ақ, әрине, әртүрлі: күйзелістен, 00:08:56.753 --> 00:08:59.903 гиперактивті зейін тапшылығы синдромына дейінгі 00:08:59.903 --> 00:09:03.482 үрейленуден болатын психикалық ауруларды емдеуге көмектеседі дейді. 00:09:03.482 --> 00:09:06.052 Қызығарлықтай естіледі және көбі мұнымен келіседі де. 00:09:06.052 --> 00:09:08.218 Кейбір клиникалар осымен-ақ 00:09:08.218 --> 00:09:11.522 жылына ондаған миллион доллар табады. NOTE Paragraph 00:09:11.522 --> 00:09:13.606 Тек бір мәселе бар. 00:09:13.606 --> 00:09:16.283 Неврологияда жалпыға ортақ келісім бар: қазірше, 00:09:16.283 --> 00:09:19.468 тек миды сканерлеудің бір қорытындысы негізінде 00:09:19.468 --> 00:09:22.251 психикалық ауруларға диагностика жасау мүмкін емес. 00:09:22.251 --> 00:09:24.482 Дегенмен, осы клиникалардан 00:09:24.482 --> 00:09:26.922 дәл осы кезеңге дейін он мыңдаған адам 00:09:26.922 --> 00:09:28.684 тексерістен өтті, оның көбі балалар. 00:09:28.684 --> 00:09:32.162 Ал енді осылай сканерлеу салдарынан радиоактивті заттек бөлінеді де, 00:09:32.162 --> 00:09:38.159 адамдар зиян келтірерлік радиация әсеріне ұшырайды. NOTE Paragraph 00:09:38.159 --> 00:09:41.273 Миды зерттеуші ретінде, басқалар тәрізді, психикалық 00:09:41.273 --> 00:09:45.554 ауруларды емдеу үшін де, тіпті жетілу, ақылды бола түсу үшін де 00:09:45.554 --> 00:09:50.278 ғылым жетістіктерін пайдаланғым келеді. 00:09:50.278 --> 00:09:52.978 Тамаша, бір күнде ірімшік пен шоколад 00:09:52.978 --> 00:09:57.282 дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі дей аламыз. Маған сенсеңіздер болады. 00:09:57.282 --> 00:09:59.858 Бірақ бүгін емес. 00:09:59.858 --> 00:10:03.593 Мидағы «сатып ал» деп айтатын түймені әзірге таппадық. 00:10:03.593 --> 00:10:07.291 Адам миының суретіне қарап тұрып, оның өтірік айтып тұрғанын, 00:10:07.291 --> 00:10:10.674 не жақсы көріп қалғанын анықтай алмаймыз. 00:10:10.674 --> 00:10:14.938 Біз гормондар көмегімен күнәһарды әулиеге айналдыра алмаймыз. 00:10:14.938 --> 00:10:17.142 Мүмкін, бірігіп мұны жасай алармыз, алайда оған 00:10:17.142 --> 00:10:19.985 өте сақ болуымыз керек және көп уақыт талап ететін 00:10:19.985 --> 00:10:23.371 нағыз ғылымнан ресурстар мен адам зейінін дәйексіз мәлімдемелердің 00:10:23.371 --> 00:10:27.130 бұрып алып кетуіне мүмкіндік бермеуіміз керек. NOTE Paragraph 00:10:27.130 --> 00:10:29.568 Сонымен, осылайша әрекет етуіміз керек. 00:10:29.568 --> 00:10:32.739 Егер сізге мидың суреті салынған бірдеңені сатуға тырысса, 00:10:32.739 --> 00:10:35.618 ешбір сөзіне сенбеңіз. 00:10:35.618 --> 00:10:38.864 Қиын сұрақтар қойыңыз. Дәлел талап етіңіз. 00:10:38.864 --> 00:10:42.762 Жасырып тұрғанын айтқызуға тырысыңыз. 00:10:42.762 --> 00:10:47.850 Жауаптар қарапайым болуы тиіс емес,себебі миды қарапайым деуге мүлдем болмайды. 00:10:47.850 --> 00:10:52.345 Бірақ бұл - оны түсінуге тырысуға тиіс емеспіз деген сөз емес. NOTE Paragraph 00:10:52.345 --> 00:10:56.345 Рақмет. (Қол соғу)