Джуди МакДоналд Джонстон: өмірдің жақсы аяқталуына дайындалу
-
0:13 - 0:16Өмірдің жақсы аяқталуы деп нені айтуға
-
0:16 - 0:18болады? Мен ең ақыр аяғын айтып тұрмын.
-
0:18 - 0:23Мен өлім туралы айтып тұрмын.
-
0:23 - 0:26Біздің барлықтарымыз қалай жақсы өмір
-
0:26 - 0:28сүрсек деп ойланамыз. Ал мен өмірді жақсы
-
0:28 - 0:30аяқтау мүмкіндіктері туралы сөз қозғағым
-
0:30 - 0:32келіп тұр. Мен гериатр емеспін. Мен
-
0:32 - 0:35мектепке дейінгі балаларға арнап оқу
-
0:35 - 0:37бағдарламаларын құрастырамын. Бұл тақырып
-
0:37 - 0:39жөнінде барлық білгенім екі адамға қатысты
-
0:39 - 0:41жасалған сапалы зерттеуден келіп шығады.
-
0:41 - 0:43Соңғы бірнеше жылда мен өзімнің екі досыма
-
0:43 - 0:46өмірлерін өздері қалағандай аяқтауына
-
0:46 - 0:46көмектестім.
-
0:46 - 0:49Джим мен Шири Модинилер 68 жыл некеде
-
0:49 - 0:52Сонома Каунти тауларындағы 1700 акрлі
-
0:52 - 0:54ранчодағы автономды үйде тұрған.
-
0:54 - 0:58Олар күн көру үшін мал баққан,
-
0:58 - 1:01ал олардың ранчосының негізгі бөлігі
-
1:01 - 1:04аюлар, арыстандар т.б. жануарлардың
-
1:04 - 1:06баспанасы еді.
-
1:06 - 1:08Бұл олардың арманы болатын. Мен Джим мен
-
1:08 - 1:10Ширлимен олар 80ге келген кезде таныстым.
-
1:10 - 1:12Олар отбасының жалғыз балалары еді, және
-
1:12 - 1:14дүниеге ешқашан бала әкелмейміз деп шешкен
-
1:14 - 1:16Біз достасып, араласып кеткендіктен, мен
-
1:16 - 1:17олардың қамқоршысы мен медициналық
-
1:17 - 1:19көмекшісіне айналдым. Бірақ одан да
-
1:19 - 1:21маңыздысы - мен оларға өмірлерінің соңғы
-
1:21 - 1:23кезеңінде көмекке келген адамға айналдым,
-
1:23 - 1:26және біз өмірді қалай жақсы аяқтауға
-
1:26 - 1:28болатынын түсіндік.
-
1:28 - 1:29Өмірлерінің соңғы жылдары Джим мен Ширли
-
1:29 - 1:32қатерлі ісіктер, сынақтар, инфекциялар мен
-
1:32 - 1:34жүйке жүйесінің ауруларына кезікті. Бұл
-
1:34 - 1:36рас. Өміріміздің соңында біздің дене
-
1:36 - 1:38функцияларымыз әлсірейді, және біреуге
-
1:38 - 1:40тәуелділігіміз артады. Бірақ жаныңызда
-
1:40 - 1:43жоспар мен қажетті адамдарыңыз болса, өмір
-
1:43 - 1:45сапасы жоғары болатынын аңғардық.
-
1:45 - 1:48Сіз өмірден кетейін деп жатқанынызды
-
1:48 - 1:50түсінгенде, соңғы кезең басталады. Джим
-
1:50 - 1:52мен Ширли олар қайтыс болғаннан кейін, өз
-
1:52 - 1:56ранчоларын табиғи қорық ACRға табыстау
-
1:56 - 1:58үшін осы сәтті таңдады.
-
1:58 - 2:00Бұл олардың алға жылжуы үшін оларға жан
-
2:00 - 2:03тыныштығын сыйлады. Бұл ауру болсын, ішкі
-
2:03 - 2:05түйсігіңіз болсын, бірақ бір күні сіз
-
2:05 - 2:07өзіңізге:"Осы нәрсе мені өлтіреді дейтін"
-
2:07 - 2:08боласыз.
-
2:08 - 2:10Джим мен Ширли бұл уақытты өз достарына
-
2:10 - 2:12өлім күні жақындап қалғанын түсіндірумен
-
2:12 - 2:14және де оларда барлығы дұрыс екенін
-
2:14 - 2:15түсіндірумен өткізді.
-
2:15 - 2:17Қатерлі ісіктен
-
2:17 - 2:19қайтыс болу мен жүйке жүйесі ауруларынан
-
2:19 - 2:21көз жұму екі түрлі нәрсе. Қай жағдайда
-
2:21 - 2:24болмасын, соңғы күндері сіздің жаныңыз
-
2:24 - 2:26тыныштықта болуы керек.
-
2:26 - 2:29Джим бірінші болып көз жұмды. Ақыр аяғына
-
2:29 - 2:31дейін ол ес түсін білді, тек соңғы күні
-
2:31 - 2:33ғана сөйлей алмады. Оның көздеріне қарап,
-
2:33 - 2:36оның қайтадан "Барлығы жақсы болады, Джим.
-
2:36 - 2:38Біз осында ранчода Ширлиге күтім жасаймыз
-
2:38 - 2:40ал ACR әрқашан ранчоны қорғайтын болады"
-
2:40 - 2:42деген сөздерді естігісі келгенін көрдік.
-
2:42 - 2:44Мен осы тәжірибемнен алған 5 бөліммен
-
2:44 - 2:46бөліскім келіп отыр. Мен бұл ақпаратты
-
2:46 - 2:47онлайн шығардым, қаласаңыз өз өміріңіздің
-
2:47 - 2:49соңын жоспарлауыңызға болады.
-
2:49 - 2:51Барлығы жоспарлаудан басталады. Көптеген
-
2:51 - 2:54адамдар "Мен үйде қайтыс болсам екен"дейді
-
2:54 - 2:56Бірақ американдықтардың 80% емханаларда
-
2:56 - 2:58немесе қарттар үйінде көз жұмады.
-
2:58 - 3:00"Мен үйде қайтыс болғым келеді" деу жоспар
-
3:00 - 3:02емес. Көптеген адамдар былай дейді:
-
3:02 - 3:04"Егер мен өз өзіме күтім жасай алмасам,
-
3:04 - 3:05мені атып тастаңдар" дейді.
-
3:05 - 3:07Бұл да жоспар емес, бұл заңсыз.
-
3:07 - 3:11[күлкі]
-
3:11 - 3:13Жоспар дегеніміз өмірден қалай кеткіңіз
-
3:13 - 3:16келетіні жөнінде қарапайым сұрақтарға
-
3:16 - 3:17жауап беру. Біреуге тәуелді болып қалған
-
3:17 - 3:19кезіңізде қайда болғыңыз келеді?
-
3:19 - 3:21Медициналық араласуға қалай қарайсыз? Және
-
3:21 - 3:23жоспарыңыз орындалып жатқанын кім
-
3:23 - 3:24қадағалайтын болады?
-
3:24 - 3:26Сізге көмекшілер қажет болады. Егер олар
-
3:26 - 3:27көп болса, ол сіздің өміріңізді
-
3:27 - 3:29қалағаныңыздай аяқтауға деген
-
3:29 - 3:31мүмкіндіктеріңізді арттырады. Дұрыс таңдау
-
3:31 - 3:33бұл жұбайыңыз не балаңыз деп ойламаңыз.
-
3:33 - 3:34Сізге жаныңызда болатын,
-
3:34 - 3:36бұл жұмысты жақсы атқару үшін уақыты бар,
-
3:36 - 3:37қысымды және үнемі өзгеріп отыратын
-
3:37 - 3:39жағдайларда адамдармен жұмыс істеуге
-
3:39 - 3:40қабілетті адам қажет.
-
3:40 - 3:42Сізді ауруханаға жатқызған кезде де
-
3:42 - 3:44дайындалып қою қажет. Сізді жедел жәрдем
-
3:44 - 3:45бөліміне жатқызады, сондықтан барлығын
-
3:45 - 3:47ескеріп қоюыңыз кажет. Дәрі дәрмектер
-
3:47 - 3:49тізімі мен емдеуші дәрігеріңіз туралы
-
3:49 - 3:51ақпаратпен қоса, өз сырқатыңыздың бір
-
3:51 - 3:53беттік қысқаша тарихын дайындап қойыңыз.
-
3:53 - 3:54Оны ашық түсті конвертке сақтандыру
-
3:54 - 3:56көшірмесімен, өсиетхатпен, реанимациядан
-
3:56 - 3:58бас тарту жөніндегі бұйрық қағазбен бірге
-
3:58 - 3:59салып қойыңыз.
-
3:59 - 4:01Көмекшілеріңіз осы құжаттардың бір данасын
-
4:01 - 4:03өз көліктерінде сақтап қойсын. Тағы бір
-
4:03 - 4:05данасын тоңазытқышқа жабыстырып қойыңыз.
-
4:05 - 4:07Егер сіз жедел жәрдем бөлімшесіне осы
-
4:07 - 4:09құжаттармен бірге түссеңіз, сізді қабылдау
-
4:09 - 4:10елеулі түрде жеңілдетіледі.
-
4:10 - 4:12Сізге күтім қажет болады. Қарттар үйіне
-
4:12 - 4:14көшу қажет пе, не үйде қалған жөн бе соны
-
4:14 - 4:17анықтау үшін сіз өз артықшылықтарыңыз бен
-
4:17 - 4:20қаржы жағдайыңызға баға беруіңіз қажет.
-
4:20 - 4:22Қалай болғанда да, қол үзбеңіз.
-
4:23 - 4:25Біз тамаша топ болмай тұрып, бізде түрлі
-
4:25 - 4:27лайықты емес күтушілер жұмыс істеді.
-
4:27 - 4:31Ал қазір біздің тобымызды Марша басқарады,
-
4:31 - 4:33ол сіз ауыр жағдайда болғандықтан
-
4:33 - 4:36бингода ұттырып бермесе де,
-
4:36 - 4:40ранчоңызға барып, оны видеоға түсіріп,
-
4:40 - 4:42барлық қажетті нәрселерді жасайды.
-
4:42 - 4:45Және де Кентлин сізге таңғы жаттығу
-
4:45 - 4:47жасатпаса да, сіздің жұбайыңыздың жағдайы
-
4:47 - 4:49жақсы екенін естігіңіз келгенде,
-
4:49 - 4:50жаныңыздан табылады.
-
4:50 - 4:53Ал енді соңғы бөлім. Сіз өлім алдында не
-
4:53 - 4:56естігіңіз келеді, және оны кімнің аузынан
-
4:56 - 4:58естіңіз келеді? Мен өз тәжірибеме сүйенсем
-
4:58 - 5:01"сіз уайымдайтын барлық нәрселер ретімен
-
5:01 - 5:03жүріп жатқанын" естігіңіз келетін болады.
-
5:03 - 5:06Сіз барлығы жақсы екенін, және сол сәт
-
5:06 - 5:08келіп қалғанын білетін боласыз.
-
5:08 - 5:12Бұл тақырып әдетте үрей мен терістеуді
-
5:12 - 5:15тудырады. Бірақ менің түсінгенім, бұл егер
-
5:15 - 5:17біз өміріміздің соңын жоспарлауға біраз
-
5:17 - 5:20уақыт жұмсайтын болсақ, өз өміріміздің
-
5:20 - 5:22сапасын жақсартуға деген барлық
-
5:22 - 5:23мүмкіндіктеріміз болады.
-
5:23 - 5:25Бұл Джим мен Ширли өз ранчоларына кім
-
5:25 - 5:27күтім жасайтынын шешкеннен кейінгі суреті.
-
5:27 - 5:31Мынау Джим, өлімінен бірнеше апта бұрын,
-
5:31 - 5:35өзі күтпеген туған күнін тойлап жатқаны.
-
5:35 - 5:37Ал мынау Ширли, өлімінен бірнеше күн бұрын
-
5:37 - 5:40сол күні газетте басылған "Модинилер
-
5:40 - 5:42ранчосындағы қорықтың маңыздылығы" туралы
-
5:42 - 5:44мақаланы оқып жатқаны.
-
5:44 - 5:48Джим мен Ширли өз өмірлерін жақсы аяқтады,
-
5:48 - 5:50және осы оқиғаны сіздермен бөлісе отырып,
-
5:50 - 5:52сіздің осылай жасауға деген
-
5:52 - 5:54мүмкіндіктеріңізді арттыруға үміттенемін.
-
5:54 - 5:55Рахмет!
- Title:
- Джуди МакДоналд Джонстон: өмірдің жақсы аяқталуына дайындалу
- Description:
-
Өлім туралы ойлау қорқынышты, бірақ алдын ала жоспарлау пайдалы, және ол өмірдің соңғы күндерін тыныштықта өткізуге жағдай жасайды. Салтанатты да ойластырылған әңгіме барысында, Джуди МакДоналд Джонстон өмірдің жақсы соңын жоспарлаудың бес тәжірибесімен бөліседі.
TEDTalks TED конференциясынан алынатын ең жақсы әңгімелері мен қойылымдарының күнделікті видео подкасты, онда әлемнің алдыңғы қатарлы ойшылдары 18 (немесе одан аз) минутта өздерінің өмірлері туралы айтады. Технология, көңіл көтеру, дизайн, сонымен қоса ғылым, бизнес, жаһандық мәселелер, өнер, т.б. туралы іздеңіз.
Жабық көрсетілімдерді және көп тілдерде аударылған субтитрларды http://www.ted.com/translate сайтынан табыңыз.
TED жаңалықтарын Twitterдан қараңыз: http://www.twitter.com/tednews
TED фэйсбук парақшасы: https://www.facebook.com/TED
Біздің каналымызға жазылыңыз: http://www.youtube.com/user/TEDtalksDirector - Video Language:
- English
- Duration:
- 06:04
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life | |
![]() |
Gulnar Bakytzhanova edited Kazakh subtitles for Judy MacDonald Johnston: Prepare for a good end of life |