< Return to Video

Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым

  • 0:01 - 0:04
    Америкалықтар неден
    қорқады?
  • 0:04 - 0:07
    Қатерлі ісік?
    Жүрек ұстамасы? Қант диабеті?
  • 0:08 - 0:09
    Шындығында бұлардың бірі емес!
  • 0:09 - 0:11
    Бұл - Альцгеймер ауруы.
  • 0:11 - 0:13
    Әрбір 67 секундта,
  • 0:13 - 0:16
    Америкалық азаматқа
    Альцгеймер диагнозы қойылады.
  • 0:17 - 0:20
    2050 жылға қарай Альцгеймер
    пациенттерінің саны 3 есеге артады,
  • 0:20 - 0:23
    оларды күту, сондай-ақ
    қалған халықтың қартаюы,
  • 0:23 - 0:26
    қоғамның міндеті болмақ.
  • 0:27 - 0:28
    Отбасым Альцгеймер ауруымен таныс.
  • 0:28 - 0:31
    Үлкен күресті басынан өткізді.
  • 0:31 - 0:33
    Отбасымдағы өзге немерелерге қарағанда
  • 0:33 - 0:35
    мен атама әрқашан жақын болдым.
  • 0:35 - 0:37
    4 жасымда,
  • 0:37 - 0:39
    атаммен
    Жапониядағы саябақта жүрген кезде
  • 0:39 - 0:40
    ол жоғалып кетті.
  • 0:40 - 0:44
    Бұл басымнан өткізген
    ең қорқынышты сәттің бірі еді,
  • 0:44 - 0:46
    атамда Альцгеймер
    белгісі барының
  • 0:46 - 0:48
    алғашқы хабары еді.
  • 0:49 - 0:52
    Соңғы 12 жылда,
    оның жағдайы қатты нашарлап кетті,
  • 0:52 - 0:56
    оның жиі адасуы
    отбасымды көп уайымдатты.
  • 0:56 - 0:57
    Әпкем күтушісі болды,
  • 0:57 - 1:00
    түнде өзін сергек ұстап,
    одан көзін айырмады.
  • 1:00 - 1:03
    Атамды төсекке таңып ұстау мүмкін болмады.
  • 1:03 - 1:06
    Атамның
    қауіпсіздігіне алаңдағандай,
  • 1:06 - 1:08
    әпкем үшін де алаңдай бастадым.
  • 1:08 - 1:11
    Отбасыма қалай көмектесе аламын
    деп көп ойландым.
  • 1:11 - 1:12
    Бірақ таба алмадым.
  • 1:13 - 1:16
    Сосын екі жыл бұрын түнде,
  • 1:16 - 1:19
    атамның күтушісі болып отырғанда
    оның төсегінен тұрғанын көрдім.
  • 1:19 - 1:21
    Оның аяғы еденге тигенде
  • 1:21 - 1:24
    "Неге оның аяғына қысым
    құрылғысын қоймаймын?" деп ойладым.
  • 1:24 - 1:27
    Ол жүргенде және төсектен тұрғанда,
  • 1:27 - 1:31
    салмақтың есебінен
    қысымының артқанын байқар едік
  • 1:31 - 1:34
    және күтушінің смартфонына
    хабар жетеді.
  • 1:34 - 1:36
    Осылайша, әпкем атама алаңдамай,
  • 1:36 - 1:39
    түнде жақсы ұйықтайтын болды.
  • 1:39 - 1:43
    Қазір мен шұлықты көрсеткім келеді.
  • 1:45 - 1:48
    Сахнаға жасаған үлгімді әкеліңізші.
  • 1:49 - 1:51
    Тамаша.
  • 1:52 - 1:56
    Пациенттің еденде жасаған
    бір қадамы --
  • 1:56 - 1:58
    ( Дабыл қағылады) --
  • 1:58 - 2:00
    Күтуші смартфонына хабарлама кетті.
  • 2:05 - 2:06
    Рақмет. (қол шапалақтау)
  • 2:06 - 2:09
    Көрсеткеніңізе рақмет.
  • 2:12 - 2:15
    Бұл алдын ала жасаған
    жобалама суретім.
  • 2:16 - 2:18
    Сезгіш-технология
    жасауға деген ықыласым
  • 2:18 - 2:22
    бәлкім, құрылғылар мен технологияларға
    деген махаббатымнан пайда болды.
  • 2:22 - 2:23
    Мен 6 жаста болғанда,
  • 2:23 - 2:26
    үйдегі қонағымыз жуынатын
    бөлмеде құлап қалды
  • 2:26 - 2:28
    және ауыр жарақат алды.
  • 2:28 - 2:30
    Өз ата-әжем үшін алаңдай бастадым
  • 2:30 - 2:32
    және "ақылды жүйе" ойлап табуды ұйғардым.
  • 2:32 - 2:36
    Еден плиткаларына сенсор орнатылады.
  • 2:36 - 2:39
    Егде жастағы науқас құлағанда
    бірден хабар береді.
  • 2:39 - 2:41
    Ол кезде 6 жаста болғандықтан
  • 2:41 - 2:44
    балабақшаны да аяқтамағандықтан
  • 2:44 - 2:48
    өз идеямды жүзеге асырудың
    жөн-жөбасын білмедім.
  • 2:48 - 2:51
    соған қарамастан
    қарттарған көмектесу үшін
  • 2:51 - 2:55
    сенсор қолдану керектігін
    санама мықтап түйіп алдым.
  • 2:55 - 3:00
    Сенсорлар қарттардың
    өмірін жақсартатынына сенемін.
  • 3:01 - 3:04
    Жоспарымды жасау барысында ,
    үш түрлі қиындық болатынын білдім:
  • 3:04 - 3:06
    біріншісі -сенсор құрастыру
  • 3:06 - 3:08
    екіншісі - сұлбасын әзірлеу
  • 3:08 - 3:10
    және смартфон қосымшасын кодтау.
  • 3:10 - 3:13
    Бұдан жобамның мен ойлағандай
  • 3:13 - 3:15

    оңай емес екінін түсіндім.
  • 3:15 - 3:18
    Біріншіден, науқастың
    аяғына жеңіл киілетін
  • 3:18 - 3:21
    жұқа және икемді
    сенсор құрастыруым керек.
  • 3:21 - 3:25
    Резеңке тәрізді әртүрлі
    материалдарды ұзақ тексеріп,
  • 3:25 - 3:28
    олардың кию үшін өте
    қалың екенін байқадым.
  • 3:28 - 3:30
    Сондықтан пленка тәрізді
  • 3:30 - 3:33
    сенсорды басып шығарып,
    қысымды анықтайтын сия қостым.
  • 3:33 - 3:36
    Қысым пайда болғанда
    бөлшектер арасында байланыс үдейді
  • 3:36 - 3:39
    Осылайша, қысымды өлшейтін
    электр кедергі арқылы
  • 3:39 - 3:41
    қысым өлшеу сұлбасын жасадым.
  • 3:41 - 3:44
    Енді, оны сымсыз әрі киілетін етіп
    ойластыруым керек.
  • 3:44 - 3:47
    Бірақ сымсыз сигнал болу үшін
    көп тоқ керек
  • 3:47 - 3:49
    әрі батареялар
    қосу керек болды.
  • 3:49 - 3:53
    Бір жақсысы, аз энергия тұтынатын блутуз
    технология тауып алдым.
  • 3:53 - 3:56
    Ол көлемі тиындай болатын
    батареядан қуат алып, жұмыс істейді.
  • 3:56 - 4:00
    Осының арқасында біздің жүйе
    түн ортасында істен шығып қалмайтын болды.
  • 4:00 - 4:03
    Ең соңында, смартфон қосымшасын
    кодтауым керек.
  • 4:03 - 4:06
    Ол күтішуге қашықтықтан
    белгі бере алуы тиіс.
  • 4:06 - 4:09
    Бұл үшін Java мен XCode туралы
    білімімді кеңейту керек болды.
  • 4:09 - 4:13
    Әрі Блутуз үшін қалай кодтау керектігін
    үйренуім керек болды.
  • 4:13 - 4:16
    Youtube-тағы әртүрлі сабақтар мен
    кітаптарды көп қарадым.
  • 4:17 - 4:21
    Осының бәрінің басын қосып,
    екі түрлі нұсқасын жасап шықтым.
  • 4:21 - 4:23
    Біреуінде сенсор шұлықтың ішіне
    жабыстырылды
  • 4:23 - 4:26
    Екіншісінде, сенсорды
  • 4:26 - 4:28
    табаннан жететін белгіні
    қабылдай алатын
  • 4:28 - 4:30
    әртүрлі жерге жабыстыруға
    болады.
  • 4:30 - 4:33
    Мен құрылғыны атамда 1 жылдай тексердім,
  • 4:33 - 4:35
    әрі жүз пайыз сәтті болды.
  • 4:35 - 4:38
    Атам кезіп кеткен барлық
    900 жағдайда дәл хабар берді.
  • 4:39 - 4:41
    Өткен жазда
    Калифорниядағы қамқорлық
  • 4:41 - 4:44
    нысандарындағы тұрғындарды
    тексеруден өткіздім,
  • 4:44 - 4:46
    қазір сын-пікірлерді
    ескеріп толықтырудамын
  • 4:46 - 4:49
    сөйтіп оны нарыққа
    шығарсам деймін.
  • 4:49 - 4:51
    Құрылғыны бірнеше науқаста сынау арқылы
  • 4:51 - 4:53
    түнде нәски киіп ұйықтағысы
    келмейтіндер үшін
  • 4:53 - 4:56
    басқа бір шешім табу керектігін
    ұқтырды.
  • 4:57 - 5:00
    Көптеген науқастардан жиналған
    сенсор мәліметі
  • 5:00 - 5:02
    науқастарға күтім жасауда
    пайдалы болуы мүмкін
  • 5:02 - 5:05
    Әрі түбінде бұл аурудың
    емін табуға септесер.
  • 5:05 - 5:07
    Мысалы, қазіргі уақытта
  • 5:07 - 5:10
    науқастың түнде кезіп кету
    жиілігі және олардың күнделікті
  • 5:10 - 5:13
    белсенділігі мен диеталарының
    арақатынасын зерттеудемін.
  • 5:14 - 5:17
    Ешқашан ұмытпайтын нәрсе,
    құрылғымның алғаш рет
  • 5:17 - 5:19
    атам түнде кезіп жүргенін тапқаны.
  • 5:19 - 5:22
    Сол сәтте технология күшімен
    өмірімізді жақсартуға
  • 5:22 - 5:24
    болатынына көзім жетті.
  • 5:24 - 5:26
    Адамдардың дені сау, бақытты болуы
  • 5:26 - 5:28
    менің ең үлкен арманым.
  • 5:28 - 5:30
    Көп рақмет.
  • 5:30 - 5:34
    (қол шапалақтау)
Title:
Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым
Speaker:
Кенет Шинозука
Description:

Деменциейден жапа шегіп жүрген 60% адам медқызметшілер үшін өте алаңдатарлық мәселе. Бұл видеодан өнертапқыш жасөспірім Кеннет Шинозуканың түнде адасқан атасы мен оны күтіп жүрген әпкесіне қалай көмектескенін және басқа Альцгеймер ауруымен ауратындарға қалай көмектескенін тыңдайсыз.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
05:46

Kazakh subtitles

Revisions