WEBVTT 00:00:00.771 --> 00:00:04.135 Америкалықтар неден қорқады? 00:00:04.135 --> 00:00:06.973 Қатерлі ісік? Жүрек ұстамасы? Қант диабеті? 00:00:07.603 --> 00:00:09.449 Шындығында бұлардың бірі емес! 00:00:09.449 --> 00:00:11.250 Бұл - Альцгеймер ауруы. 00:00:11.250 --> 00:00:13.276 Әрбір 67 секундта, 00:00:13.276 --> 00:00:16.221 Америкалық азаматқа Альцгеймер диагнозы қойылады. 00:00:16.761 --> 00:00:20.149 2050 жылға қарай Альцгеймер пациенттерінің саны 3 есеге артады, 00:00:20.149 --> 00:00:23.446 оларды күту, сондай-ақ қалған халықтың қартаюы, 00:00:23.446 --> 00:00:26.005 қоғамның міндеті болмақ. NOTE Paragraph 00:00:26.585 --> 00:00:28.465 Отбасым Альцгеймер ауруымен таныс. 00:00:28.465 --> 00:00:30.967 Үлкен күресті басынан өткізді. 00:00:30.967 --> 00:00:33.107 Отбасымдағы өзге немерелерге қарағанда 00:00:33.107 --> 00:00:35.262 мен атама әрқашан жақын болдым. 00:00:35.262 --> 00:00:36.689 4 жасымда, 00:00:36.689 --> 00:00:39.192 атаммен Жапониядағы саябақта жүрген кезде 00:00:39.192 --> 00:00:40.497 ол жоғалып кетті. 00:00:40.497 --> 00:00:43.710 Бұл басымнан өткізген ең қорқынышты сәттің бірі еді, 00:00:43.710 --> 00:00:46.117 атамда Альцгеймер белгісі барының 00:00:46.117 --> 00:00:48.412 алғашқы хабары еді. 00:00:48.682 --> 00:00:52.025 Соңғы 12 жылда, оның жағдайы қатты нашарлап кетті, 00:00:52.025 --> 00:00:55.823 оның жиі адасуы отбасымды көп уайымдатты. 00:00:55.823 --> 00:00:57.302 Әпкем күтушісі болды, 00:00:57.302 --> 00:01:00.349 түнде өзін сергек ұстап, одан көзін айырмады. 00:01:00.349 --> 00:01:03.047 Атамды төсекке таңып ұстау мүмкін болмады. 00:01:03.047 --> 00:01:05.858 Атамның қауіпсіздігіне алаңдағандай, 00:01:05.858 --> 00:01:07.599 әпкем үшін де алаңдай бастадым. 00:01:07.599 --> 00:01:11.130 Отбасыма қалай көмектесе аламын деп көп ойландым. 00:01:11.130 --> 00:01:12.490 Бірақ таба алмадым. NOTE Paragraph 00:01:12.960 --> 00:01:15.693 Сосын екі жыл бұрын түнде, 00:01:15.693 --> 00:01:19.158 атамның күтушісі болып отырғанда оның төсегінен тұрғанын көрдім. 00:01:19.158 --> 00:01:21.150 Оның аяғы еденге тигенде 00:01:21.150 --> 00:01:24.412 "Неге оның аяғына қысым құрылғысын қоймаймын?" деп ойладым. 00:01:24.412 --> 00:01:26.809 Ол жүргенде және төсектен тұрғанда, 00:01:26.809 --> 00:01:30.516 салмақтың есебінен қысымының артқанын байқар едік 00:01:30.516 --> 00:01:33.971 және күтушінің смартфонына хабар жетеді. 00:01:33.971 --> 00:01:36.312 Осылайша, әпкем атама алаңдамай, 00:01:36.312 --> 00:01:39.002 түнде жақсы ұйықтайтын болды. NOTE Paragraph 00:01:39.002 --> 00:01:42.934 Қазір мен шұлықты көрсеткім келеді. 00:01:45.134 --> 00:01:47.802 Сахнаға жасаған үлгімді әкеліңізші. 00:01:48.831 --> 00:01:50.560 Тамаша. 00:01:52.170 --> 00:01:55.950 Пациенттің еденде жасаған бір қадамы -- 00:01:55.950 --> 00:01:57.510 ( Дабыл қағылады) -- 00:01:57.510 --> 00:02:00.182 Күтуші смартфонына хабарлама кетті. NOTE Paragraph 00:02:04.571 --> 00:02:06.057 Рақмет. (қол шапалақтау) NOTE Paragraph 00:02:06.057 --> 00:02:09.225 Көрсеткеніңізе рақмет. NOTE Paragraph 00:02:12.045 --> 00:02:14.649 Бұл алдын ала жасаған жобалама суретім. NOTE Paragraph 00:02:15.819 --> 00:02:18.441 Сезгіш-технология жасауға деген ықыласым 00:02:18.441 --> 00:02:21.969 бәлкім, құрылғылар мен технологияларға деген махаббатымнан пайда болды. 00:02:21.979 --> 00:02:23.465 Мен 6 жаста болғанда, 00:02:23.465 --> 00:02:25.795 үйдегі қонағымыз жуынатын бөлмеде құлап қалды 00:02:25.795 --> 00:02:27.505 және ауыр жарақат алды. 00:02:27.505 --> 00:02:29.606 Өз ата-әжем үшін алаңдай бастадым 00:02:29.606 --> 00:02:31.958 және "ақылды жүйе" ойлап табуды ұйғардым. 00:02:31.958 --> 00:02:35.566 Еден плиткаларына сенсор орнатылады. 00:02:35.566 --> 00:02:39.404 Егде жастағы науқас құлағанда бірден хабар береді. 00:02:39.404 --> 00:02:41.416 Ол кезде 6 жаста болғандықтан 00:02:41.416 --> 00:02:43.739 балабақшаны да аяқтамағандықтан 00:02:43.739 --> 00:02:48.073 өз идеямды жүзеге асырудың жөн-жөбасын білмедім. 00:02:48.073 --> 00:02:50.706 соған қарамастан қарттарған көмектесу үшін 00:02:50.706 --> 00:02:54.957 сенсор қолдану керектігін санама мықтап түйіп алдым. 00:02:54.957 --> 00:02:59.573 Сенсорлар қарттардың өмірін жақсартатынына сенемін. NOTE Paragraph 00:03:00.944 --> 00:03:04.425 Жоспарымды жасау барысында , үш түрлі қиындық болатынын білдім: 00:03:04.425 --> 00:03:06.194 біріншісі -сенсор құрастыру 00:03:06.194 --> 00:03:07.773 екіншісі - сұлбасын әзірлеу 00:03:07.773 --> 00:03:09.519 және смартфон қосымшасын кодтау. 00:03:09.519 --> 00:03:12.927 Бұдан жобамның мен ойлағандай 00:03:12.927 --> 00:03:14.982 оңай емес екінін түсіндім. NOTE Paragraph 00:03:14.982 --> 00:03:18.476 Біріншіден, науқастың аяғына жеңіл киілетін 00:03:18.476 --> 00:03:21.237 жұқа және икемді сенсор құрастыруым керек. 00:03:21.237 --> 00:03:24.656 Резеңке тәрізді әртүрлі материалдарды ұзақ тексеріп, 00:03:24.656 --> 00:03:28.191 олардың кию үшін өте қалың екенін байқадым. 00:03:28.191 --> 00:03:29.758 Сондықтан пленка тәрізді 00:03:29.758 --> 00:03:32.660 сенсорды басып шығарып, қысымды анықтайтын сия қостым. 00:03:32.660 --> 00:03:36.236 Қысым пайда болғанда бөлшектер арасында байланыс үдейді 00:03:36.236 --> 00:03:39.200 Осылайша, қысымды өлшейтін электр кедергі арқылы 00:03:39.200 --> 00:03:40.967 қысым өлшеу сұлбасын жасадым. NOTE Paragraph 00:03:41.267 --> 00:03:44.026 Енді, оны сымсыз әрі киілетін етіп ойластыруым керек. 00:03:44.026 --> 00:03:47.338 Бірақ сымсыз сигнал болу үшін көп тоқ керек 00:03:47.338 --> 00:03:49.101 әрі батареялар қосу керек болды. 00:03:49.101 --> 00:03:52.728 Бір жақсысы, аз энергия тұтынатын блутуз технология тауып алдым. 00:03:52.728 --> 00:03:56.251 Ол көлемі тиындай болатын батареядан қуат алып, жұмыс істейді. 00:03:56.251 --> 00:03:59.880 Осының арқасында біздің жүйе түн ортасында істен шығып қалмайтын болды. NOTE Paragraph 00:03:59.880 --> 00:04:03.343 Ең соңында, смартфон қосымшасын кодтауым керек. 00:04:03.343 --> 00:04:05.821 Ол күтішуге қашықтықтан белгі бере алуы тиіс. 00:04:05.821 --> 00:04:09.497 Бұл үшін Java мен XCode туралы білімімді кеңейту керек болды. 00:04:09.497 --> 00:04:12.984 Әрі Блутуз үшін қалай кодтау керектігін үйренуім керек болды. 00:04:12.984 --> 00:04:15.860 Youtube-тағы әртүрлі сабақтар мен кітаптарды көп қарадым. NOTE Paragraph 00:04:17.230 --> 00:04:21.019 Осының бәрінің басын қосып, екі түрлі нұсқасын жасап шықтым. 00:04:21.019 --> 00:04:23.347 Біреуінде сенсор шұлықтың ішіне жабыстырылды 00:04:23.347 --> 00:04:25.743 Екіншісінде, сенсорды 00:04:25.743 --> 00:04:27.949 табаннан жететін белгіні қабылдай алатын 00:04:27.949 --> 00:04:29.782 әртүрлі жерге жабыстыруға болады. 00:04:29.782 --> 00:04:32.682 Мен құрылғыны атамда 1 жылдай тексердім, 00:04:32.682 --> 00:04:34.593 әрі жүз пайыз сәтті болды. 00:04:34.593 --> 00:04:38.089 Атам кезіп кеткен барлық 900 жағдайда дәл хабар берді. 00:04:38.629 --> 00:04:41.052 Өткен жазда Калифорниядағы қамқорлық 00:04:41.052 --> 00:04:43.598 нысандарындағы тұрғындарды тексеруден өткіздім, 00:04:43.598 --> 00:04:45.770 қазір сын-пікірлерді ескеріп толықтырудамын 00:04:45.770 --> 00:04:48.733 сөйтіп оны нарыққа шығарсам деймін. 00:04:48.733 --> 00:04:50.841 Құрылғыны бірнеше науқаста сынау арқылы 00:04:50.841 --> 00:04:53.350 түнде нәски киіп ұйықтағысы келмейтіндер үшін 00:04:53.350 --> 00:04:56.235 басқа бір шешім табу керектігін ұқтырды. NOTE Paragraph 00:04:56.805 --> 00:04:59.630 Көптеген науқастардан жиналған сенсор мәліметі 00:04:59.630 --> 00:05:01.959 науқастарға күтім жасауда пайдалы болуы мүмкін 00:05:01.959 --> 00:05:04.777 Әрі түбінде бұл аурудың емін табуға септесер. 00:05:04.777 --> 00:05:06.620 Мысалы, қазіргі уақытта 00:05:06.620 --> 00:05:09.848 науқастың түнде кезіп кету жиілігі және олардың күнделікті 00:05:09.848 --> 00:05:12.714 белсенділігі мен диеталарының арақатынасын зерттеудемін. NOTE Paragraph 00:05:13.854 --> 00:05:16.615 Ешқашан ұмытпайтын нәрсе, құрылғымның алғаш рет 00:05:16.615 --> 00:05:18.833 атам түнде кезіп жүргенін тапқаны. 00:05:18.833 --> 00:05:21.784 Сол сәтте технология күшімен өмірімізді жақсартуға 00:05:21.784 --> 00:05:23.761 болатынына көзім жетті. 00:05:24.011 --> 00:05:26.131 Адамдардың дені сау, бақытты болуы 00:05:26.131 --> 00:05:28.156 менің ең үлкен арманым. NOTE Paragraph 00:05:28.156 --> 00:05:30.216 Көп рақмет. NOTE Paragraph 00:05:30.216 --> 00:05:33.526 (қол шапалақтау)