Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым
-
0:01 - 0:04Америкалықтар неден
қорқады? -
0:04 - 0:07Қатерлі ісік?
Жүрек ұстамасы? Қант диабеті? -
0:08 - 0:09Шындығында бұлардың бірі емес!
-
0:09 - 0:11Бұл - Альцгеймер ауруы.
-
0:11 - 0:13Әрбір 67 секундта,
-
0:13 - 0:16Америкалық азаматқа
Альцгеймер диагнозы қойылады. -
0:17 - 0:202050 жылға қарай Альцгеймер
пациенттерінің саны 3 есеге артады, -
0:20 - 0:23оларды күту, сондай-ақ
қалған халықтың қартаюы, -
0:23 - 0:26қоғамның міндеті болмақ.
-
0:27 - 0:28Отбасым Альцгеймер ауруымен таныс.
-
0:28 - 0:31Үлкен күресті басынан өткізді.
-
0:31 - 0:33Отбасымдағы өзге немерелерге қарағанда
-
0:33 - 0:35мен атама әрқашан жақын болдым.
-
0:35 - 0:374 жасымда,
-
0:37 - 0:39атаммен
Жапониядағы саябақта жүрген кезде -
0:39 - 0:40ол жоғалып кетті.
-
0:40 - 0:44Бұл басымнан өткізген
ең қорқынышты сәттің бірі еді, -
0:44 - 0:46атамда Альцгеймер
белгісі барының -
0:46 - 0:48алғашқы хабары еді.
-
0:49 - 0:52Соңғы 12 жылда,
оның жағдайы қатты нашарлап кетті, -
0:52 - 0:56оның жиі адасуы
отбасымды көп уайымдатты. -
0:56 - 0:57Әпкем күтушісі болды,
-
0:57 - 1:00түнде өзін сергек ұстап,
одан көзін айырмады. -
1:00 - 1:03Атамды төсекке таңып ұстау мүмкін болмады.
-
1:03 - 1:06Атамның
қауіпсіздігіне алаңдағандай, -
1:06 - 1:08әпкем үшін де алаңдай бастадым.
-
1:08 - 1:11Отбасыма қалай көмектесе аламын
деп көп ойландым. -
1:11 - 1:12Бірақ таба алмадым.
-
1:13 - 1:16Сосын екі жыл бұрын түнде,
-
1:16 - 1:19атамның күтушісі болып отырғанда
оның төсегінен тұрғанын көрдім. -
1:19 - 1:21Оның аяғы еденге тигенде
-
1:21 - 1:24"Неге оның аяғына қысым
құрылғысын қоймаймын?" деп ойладым. -
1:24 - 1:27Ол жүргенде және төсектен тұрғанда,
-
1:27 - 1:31салмақтың есебінен
қысымының артқанын байқар едік -
1:31 - 1:34және күтушінің смартфонына
хабар жетеді. -
1:34 - 1:36Осылайша, әпкем атама алаңдамай,
-
1:36 - 1:39түнде жақсы ұйықтайтын болды.
-
1:39 - 1:43Қазір мен шұлықты көрсеткім келеді.
-
1:45 - 1:48Сахнаға жасаған үлгімді әкеліңізші.
-
1:49 - 1:51Тамаша.
-
1:52 - 1:56Пациенттің еденде жасаған
бір қадамы -- -
1:56 - 1:58( Дабыл қағылады) --
-
1:58 - 2:00Күтуші смартфонына хабарлама кетті.
-
2:05 - 2:06Рақмет. (қол шапалақтау)
-
2:06 - 2:09Көрсеткеніңізе рақмет.
-
2:12 - 2:15Бұл алдын ала жасаған
жобалама суретім. -
2:16 - 2:18Сезгіш-технология
жасауға деген ықыласым -
2:18 - 2:22бәлкім, құрылғылар мен технологияларға
деген махаббатымнан пайда болды. -
2:22 - 2:23Мен 6 жаста болғанда,
-
2:23 - 2:26үйдегі қонағымыз жуынатын
бөлмеде құлап қалды -
2:26 - 2:28және ауыр жарақат алды.
-
2:28 - 2:30Өз ата-әжем үшін алаңдай бастадым
-
2:30 - 2:32және "ақылды жүйе" ойлап табуды ұйғардым.
-
2:32 - 2:36Еден плиткаларына сенсор орнатылады.
-
2:36 - 2:39Егде жастағы науқас құлағанда
бірден хабар береді. -
2:39 - 2:41Ол кезде 6 жаста болғандықтан
-
2:41 - 2:44балабақшаны да аяқтамағандықтан
-
2:44 - 2:48өз идеямды жүзеге асырудың
жөн-жөбасын білмедім. -
2:48 - 2:51соған қарамастан
қарттарған көмектесу үшін -
2:51 - 2:55сенсор қолдану керектігін
санама мықтап түйіп алдым. -
2:55 - 3:00Сенсорлар қарттардың
өмірін жақсартатынына сенемін. -
3:01 - 3:04Жоспарымды жасау барысында ,
үш түрлі қиындық болатынын білдім: -
3:04 - 3:06біріншісі -сенсор құрастыру
-
3:06 - 3:08екіншісі - сұлбасын әзірлеу
-
3:08 - 3:10және смартфон қосымшасын кодтау.
-
3:10 - 3:13Бұдан жобамның мен ойлағандай
-
3:13 - 3:15
оңай емес екінін түсіндім. -
3:15 - 3:18Біріншіден, науқастың
аяғына жеңіл киілетін -
3:18 - 3:21жұқа және икемді
сенсор құрастыруым керек. -
3:21 - 3:25Резеңке тәрізді әртүрлі
материалдарды ұзақ тексеріп, -
3:25 - 3:28олардың кию үшін өте
қалың екенін байқадым. -
3:28 - 3:30Сондықтан пленка тәрізді
-
3:30 - 3:33сенсорды басып шығарып,
қысымды анықтайтын сия қостым. -
3:33 - 3:36Қысым пайда болғанда
бөлшектер арасында байланыс үдейді -
3:36 - 3:39Осылайша, қысымды өлшейтін
электр кедергі арқылы -
3:39 - 3:41қысым өлшеу сұлбасын жасадым.
-
3:41 - 3:44Енді, оны сымсыз әрі киілетін етіп
ойластыруым керек. -
3:44 - 3:47Бірақ сымсыз сигнал болу үшін
көп тоқ керек -
3:47 - 3:49әрі батареялар
қосу керек болды. -
3:49 - 3:53Бір жақсысы, аз энергия тұтынатын блутуз
технология тауып алдым. -
3:53 - 3:56Ол көлемі тиындай болатын
батареядан қуат алып, жұмыс істейді. -
3:56 - 4:00Осының арқасында біздің жүйе
түн ортасында істен шығып қалмайтын болды. -
4:00 - 4:03Ең соңында, смартфон қосымшасын
кодтауым керек. -
4:03 - 4:06Ол күтішуге қашықтықтан
белгі бере алуы тиіс. -
4:06 - 4:09Бұл үшін Java мен XCode туралы
білімімді кеңейту керек болды. -
4:09 - 4:13Әрі Блутуз үшін қалай кодтау керектігін
үйренуім керек болды. -
4:13 - 4:16Youtube-тағы әртүрлі сабақтар мен
кітаптарды көп қарадым. -
4:17 - 4:21Осының бәрінің басын қосып,
екі түрлі нұсқасын жасап шықтым. -
4:21 - 4:23Біреуінде сенсор шұлықтың ішіне
жабыстырылды -
4:23 - 4:26Екіншісінде, сенсорды
-
4:26 - 4:28табаннан жететін белгіні
қабылдай алатын -
4:28 - 4:30әртүрлі жерге жабыстыруға
болады. -
4:30 - 4:33Мен құрылғыны атамда 1 жылдай тексердім,
-
4:33 - 4:35әрі жүз пайыз сәтті болды.
-
4:35 - 4:38Атам кезіп кеткен барлық
900 жағдайда дәл хабар берді. -
4:39 - 4:41Өткен жазда
Калифорниядағы қамқорлық -
4:41 - 4:44нысандарындағы тұрғындарды
тексеруден өткіздім, -
4:44 - 4:46қазір сын-пікірлерді
ескеріп толықтырудамын -
4:46 - 4:49сөйтіп оны нарыққа
шығарсам деймін. -
4:49 - 4:51Құрылғыны бірнеше науқаста сынау арқылы
-
4:51 - 4:53түнде нәски киіп ұйықтағысы
келмейтіндер үшін -
4:53 - 4:56басқа бір шешім табу керектігін
ұқтырды. -
4:57 - 5:00Көптеген науқастардан жиналған
сенсор мәліметі -
5:00 - 5:02науқастарға күтім жасауда
пайдалы болуы мүмкін -
5:02 - 5:05Әрі түбінде бұл аурудың
емін табуға септесер. -
5:05 - 5:07Мысалы, қазіргі уақытта
-
5:07 - 5:10науқастың түнде кезіп кету
жиілігі және олардың күнделікті -
5:10 - 5:13белсенділігі мен диеталарының
арақатынасын зерттеудемін. -
5:14 - 5:17Ешқашан ұмытпайтын нәрсе,
құрылғымның алғаш рет -
5:17 - 5:19атам түнде кезіп жүргенін тапқаны.
-
5:19 - 5:22Сол сәтте технология күшімен
өмірімізді жақсартуға -
5:22 - 5:24болатынына көзім жетті.
-
5:24 - 5:26Адамдардың дені сау, бақытты болуы
-
5:26 - 5:28менің ең үлкен арманым.
-
5:28 - 5:30Көп рақмет.
-
5:30 - 5:34(қол шапалақтау)
- Title:
- Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым
- Speaker:
- Кенет Шинозука
- Description:
-
Деменциейден жапа шегіп жүрген 60% адам медқызметшілер үшін өте алаңдатарлық мәселе. Бұл видеодан өнертапқыш жасөспірім Кеннет Шинозуканың түнде адасқан атасы мен оны күтіп жүрген әпкесіне қалай көмектескенін және басқа Альцгеймер ауруымен ауратындарға қалай көмектескенін тыңдайсыз.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 05:46
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for My simple invention, designed to keep my grandfather safe |