Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады
-
0:01 - 0:04Мен сізге орындалуы оңай
-
0:04 - 0:06өмірлік әдісті таныстырудан
бастағым келіп тұр, -
0:06 - 0:09Ол үшін сіз екі минутқа
-
0:09 - 0:13дене-тұрысыңызды өзгертуіңіз керек.
-
0:13 - 0:16Бірақ бұны айтпастан бұрын
сіздерден денеңізге -
0:16 - 0:20кішігірім тексеріс жасап, онымен
не істейтініңізді сұрағым келеді. -
0:20 - 0:22Қайсыңыз денеңізді
қусырып кішірейткендей боласыз? -
0:22 - 0:25Бәлкім сіздер бүкірейіп,
аяғыңызды айқастырып, -
0:25 - 0:26оны орап алған боларсыз.
-
0:26 - 0:30Кейде қолдарымызды осылай
кеудемізде ұстаймыз. -
0:30 - 0:33Кейде қолымызды жайып жібереміз. (Күлкі)
-
0:33 - 0:36Сізді көріп тұрмын. (Күлкі)
-
0:36 - 0:38Дәл қазір қылықтарыңызға
назар аудартқым келіп тұр. -
0:38 - 0:40Біз оған бірер минуттан соң ораламыз,
-
0:40 - 0:44Аз да болсын, қылықтарыңызды түзетуді
үйренесіздер деп үміттенемін, -
0:44 - 0:47әрі бұл өміріңізді біраз
өзгертуге септігін тигізер. -
0:47 - 0:52Біз дене "тіліне" өте қайран қаламыз,
-
0:52 - 0:54әсіресе өзге адамдардың
-
0:54 - 0:56"дене тіліне" қызығамыз.
-
0:56 - 1:00Өздеріңіз білесіздер, бізді біраз
нәрсе қызықтырады (Күлкі): -
1:00 - 1:05епсіз жанасу немесе күлкілер,
-
1:05 - 1:09тәкаппар көз салу немесе епсіз көз қысу,
-
1:09 - 1:12тіпті қол алысу секілді
қылықтар да болуы мүмкін. -
1:12 - 1:15Диктор: Олар 10-шы үйге келе жатыр,
қараңыздар, -
1:15 - 1:17мына полицияға АҚШ Президентімен
-
1:17 - 1:20қол алысу сәті бұйырды, ізінен
-
1:20 - 1:25Премьер Министр де...? Жоқ.
(Күлкі) (Қошемет) -
1:25 - 1:27(Күлкі) (Қошемет)
-
1:27 - 1:31Эми Кадди: Қол алысу немесе оның жоқтығы
-
1:31 - 1:34біз үшін бірнеше апта бойы
әңгімеге азық болады. -
1:34 - 1:36Тіпті BBC мен New York Times үшін де.
-
1:36 - 1:40Біздер бейвербалды әрекеттер немесе
дене тілі туралы ойлаған кезде — -
1:40 - 1:43біздер социология ғалымдары ретінде
оны бейвербалика деп атаймыз — -
1:43 - 1:46яғни тіл мен коммуникация
туралы ойлаймыз. -
1:46 - 1:48Коммуникацияны ойлаған кезде
өзара әректтесу туралы ойлаймыз. -
1:49 - 1:51Сіздің денеңіздің тілі маған не айтып тұр?
-
1:51 - 1:54Ал менікі не айтып тұр?
-
1:54 - 1:58Бұл идеяның қисындылығын растайтын
-
1:58 - 2:00көптеген ғылыми дәлелдер бар.
Социологтар біздегі -
2:00 - 2:04немесе өзгелердегі дене тілінің
пайымдамаларға -
2:04 - 2:06әсерін зерттеу үшін көп уақыт жұмсады.
-
2:06 - 2:10Содан біз дене тілінен ауқымды
пайымдамалар мен қорытындыға келеміз. -
2:10 - 2:14Әрі бұл пайымдамалар кімді жалдап,
кімді көтереміз, кімді кездесуге шақырамыз -
2:14 - 2:17деген секілді аса маңызды
өмірлік оқиғаларды болжай алады. -
2:17 - 2:22Мысалы, Туфтс университетінің
зерттеушісі Налини Амбади -
2:22 - 2:27адамдардың дәрігер мен емделуші арасындағы
қатынасты көрсететін 30 секундтық -
2:27 - 2:30дыбыссыз роликті қарау
кезіндегі пайымдамаларын көрсетті, -
2:30 - 2:32яғни бұл дәрігердің сыпайылығы
туралы пайымдамасы -
2:32 - 2:35дәрігердің сотталатынын немесе
сотталмайтынын болжайды. -
2:35 - 2:37Бұл пайымдама дәрігердің біліктілігінен
-
2:37 - 2:39туындаған жоқ, бізге дәрігердің және
-
2:39 - 2:42қарым-қатынасының ұнауынан туындады.
-
2:42 - 2:45Сонымен қатар одан да зоры
Принстондағы Алекс Тодоров -
2:45 - 2:49саяси үміткерлердің жүздеріне
бір секунд қарағаннан кейін -
2:49 - 2:53туындаған пайымдамалардың АҚШ сенатындағы
-
2:53 - 2:57және губернаторлық орнын
70%-ға болжап бертінін дәлелдеді, -
2:57 - 2:59тіпті виртуал кеңістіктегі
-
2:59 - 3:03онлайн келіссөздерде
орынды қолданылған күлегештер -
3:03 - 3:06біз үшін бұл келіссөздерді одан да
маңыздырақ ете алады. -
3:06 - 3:09Егер оларды нашар қолдансаңыздар,
жаман идея. Солай емес пе? -
3:09 - 3:12Бейвербаликаны ойлағанда
басқаларды қалай бағалайтынымызды, -
3:12 - 3:15олар бізді қалай бағалайтынын және
қандай нәтиже шығатынын ойлаймыз. -
3:15 - 3:17Алайда біз бейвербаликамыздың
басқа адамдарға -
3:17 - 3:21әсер етіп қана қоймай, өзімізге де
ықпал ететінін ұмытуға бейімбіз. -
3:21 - 3:24Бевербаликамыз өзімізге, яғни ойларымызға,
-
3:24 - 3:26сезімдерімізге, психологиямызға
ықпал етеді. -
3:26 - 3:29Сөйтіп қай бейвербалика
жөнінде айтып тұрмын? -
3:29 - 3:32Мен әлеуметтік психологпын.
Соқыр сенімдерді зерттеймін, -
3:32 - 3:35әрі бәсекеге мықты бизнес
мектебінде сабақ беремін, -
3:35 - 3:39сондықтан билік серпініне
қызыға бастайтыным сөзсіз белгілі болды. -
3:39 - 3:43Әсіресе билік пен үстемдіктің
бейвербалды әлпетіне -
3:43 - 3:45қызыға бастадым.
-
3:45 - 3:48Билік пен үстемдіктің
бейвербалды әлпеттері деген не? -
3:48 - 3:50Бұл дегеніміз мінеки.
-
3:50 - 3:53Жануарлар патшалығында
ұлғаюды айтады. -
3:53 - 3:56Сөйтіп, сіз өзіңізді үлкейтесіз,
сіз созыласыз, -
3:56 - 3:59көбірек орын ала бастайсыз,
яғни сіздер ашыласыз. -
3:59 - 4:02Иә, бұл ашылу туралы.
Әрі бұл жануарлар әлеміндегі -
4:02 - 4:06барлығына қатысты рас зат,
жалғыз приматтарға емес. -
4:06 - 4:09Бұны адамдар да қайталайды. (Күлкі)
-
4:09 - 4:13Олар бұл қылықты
бірыңғай билікті сезінгенде, -
4:13 - 4:16сонымен қатар бір сәтте
күшті сезінгенде жасайды. -
4:16 - 4:19Әсіресе мына қылық қызық,
себебі ол бізге шынында -
4:19 - 4:23мына сенімділік әлпетінің қандай
әмбебап, әрі ежелгі екенін көрсетеді. -
4:23 - 4:25Мақтаныш ретінде белгілі мына қимылды
-
4:25 - 4:28Джессика Трейси зерттеп,
-
4:28 - 4:31сау көздерімен туған адамдар да,
-
4:31 - 4:33туғаннан зағип адамдар да
спорт жарысында -
4:33 - 4:36жеңіске жеткен кезде осы
қимылды жасайтынын дәлелдеді. -
4:36 - 4:38Олар мәре сызығын кесіп өтіп,
жеңген кезде -
4:38 - 4:40бұл қимылды ешқашан
көрмегеніне қарамастан -
4:40 - 4:41жасай береді.
-
4:41 - 4:44Қолдары жоғарыда, иегі сәл көтеріңкі.
-
4:44 - 4:47Ал өзімізді әлсіз сезінгенде не істеміз?
Біз дәл солай -
4:47 - 4:51керісінше істейміз. Тасаланамыз.
Өзімізді қолмен орай бастаймыз. -
4:51 - 4:54Өзімізді кішірейтеміз. Қасымыздағы
адаммен соқтығысқымыз келмейді. -
4:54 - 4:57Дәл солай жануарлар да,
адамдар да осы бір қимылды жасайды. -
4:57 - 5:01Ал күшті адам мен әлсіз адамның
-
5:01 - 5:03кездесуі мынадай болады. Сөйтіп,
-
5:03 - 5:07іс күшке тірелгенде біз басқалардың
қимылын толықтыруға бейімбіз. -
5:07 - 5:10Егер біреу шынымен күштірек көрінсе,
-
5:10 - 5:12өздерімізді кішірейтуге бейім боламыз.
-
5:12 - 5:14Оларды қайталамаймыз, керісінше істейміз.
-
5:14 - 5:17Сабақтарымда осы қылықты
-
5:17 - 5:22бақылай жүріп, нені байқадым?
-
5:22 - 5:27МБА студенттерінің алуан түрлі
билік қимылдарын көрсететінін байқадым. -
5:27 - 5:29Альфа-арландар сияқты адамдар бар,
-
5:29 - 5:32бөлмеге кіріп, тіпті сабақ
басталмастан дәл бөлменің -
5:32 - 5:36ортасына отырып алады,
мекенді басып алуға ниеттенгендей, -
5:36 - 5:38отырған кезде кең жайғасқандай болады.
-
5:38 - 5:40Қолдарын осылай жоғары көтереді.
-
5:40 - 5:43Жаңағылар кіргенде солып қалардай
болатын адамдар бар. -
5:43 - 5:45Бұны жаңағылар кірген бойда байқайсыз.
-
5:45 - 5:48Бұны олардың өңдерінен,
денелерінен байқайсыз, -
5:48 - 5:50орындығына отырғанда
олар өздерін кішірейтеді, -
5:50 - 5:53әрі олар қолдарын осылайша көтереді.
-
5:53 - 5:55Осындай қылықтардың бірнешеуін байқадым.
-
5:55 - 5:57Біріншісінің, сіздер таң қала қоймайсыз,
-
5:57 - 5:59жынысқа қатысы бар сияқты.
-
5:59 - 6:04Әйелдер осы тектес қылықтарды
ерлерге қарағанда көбірек жасайды. -
6:04 - 6:07Әйелдер әрдайым өздерін
ерлерден әлсіз сезінеді, -
6:07 - 6:11бұның таң қалатыны жоқ.
Бірақ байқаған екінші нәрсем, -
6:11 - 6:14бұндай қылықтың
студенттер белсенділігі -
6:14 - 6:17мен үлгеріміне де қатысы бар секілді.
-
6:17 - 6:20Әрі бұл МБА сабақтарында өте маңызды,
-
6:20 - 6:23себебі бағаның жартысын
оқу белсенділігіе қарап есептейді. -
6:23 - 6:27Бизнес мектептері гендерлік көзқарастағы
қайшылықпен көптен күресіп келеді. -
6:27 - 6:30Бірдей дайындықтан өткен
әйелдер мен ерлер жүре келе -
6:30 - 6:32әр түрлі баға алатынын түсінесіз,
-
6:32 - 6:36әрі бұның бір жағынан олардың
оқу белсенділігіне қатысы бар. -
6:36 - 6:39Ойлана бастадым.
-
6:39 - 6:42Бірдей дайындалған адамдар
келеді де, сабаққа қатысады. -
6:42 - 6:45Адамдарды жалған кейіп танытып,
олардың сабаққа көбірек -
6:45 - 6:47қатысуына әсер ете алуымыз мүмкін бе?
-
6:47 - 6:51Берклидегі серіктес авторым
Дана Карни екеуміз -
6:51 - 6:55жалған кейіп таныта
аласыз ба, соны қатты білгіміз келді. -
6:55 - 6:58Азғантай уақытқа жалған кейіп танытып,
-
6:58 - 7:02сенімділік пен күш беретіндей
нәтижеге қол жеткізе аласыз ба? -
7:02 - 7:05Сөйтіп, бейвербаликаларымыз
адамдардың біз туралы қалай ойлайтынына -
7:05 - 7:07әсер ететінін білеміз. Оған дәлел көп.
-
7:07 - 7:10Бірақ негізгі сұрағымыз бейвербаликамыздың
-
7:10 - 7:13өзіміз туралы қалай ойлайтынымызға
қалай әсер етуі болды. -
7:13 - 7:16Оның қалай әсер ететінің дәлелдері бар.
-
7:16 - 7:21Мысалы, өзімізді бақытты
сезінгенде күлеміз. -
7:21 - 7:23Сонымен қатар қаламды осылай тіске қойып,
-
7:23 - 7:27өзімізді күштеп жымитсақ, ол өзімізді
бақытты сезінуге мәжбүрлейді. -
7:27 - 7:30Сөйтіп, бұл құбылыс
қос бағытқа да әсер етеді. -
7:30 - 7:35Күшке де қатысты солай.
Билікті сезінген кезіңізде -
7:35 - 7:39сіз көбірек осылай істеуге бейімсіз, бірақ
-
7:39 - 7:44сіз күшті адамның кейпін танытқан
кезде де шын мәнінде өзіңізді -
7:44 - 7:47күштірек сезінуге бейім болуыңыз мүмкін.
-
7:47 - 7:50Екінші қызықтырған сұрақ: санамыздың
-
7:50 - 7:53іс-қимылымызды
өзгертетінін бәріміз білеміз, -
7:53 - 7:57бірақ іс-қимылымыз
санамызды өзгерте ала ма? -
7:57 - 8:00Сана дегенде сенімділік сезімі жағдайында
-
8:00 - 8:01не туралы айтып тұрмын?
-
8:01 - 8:04Мен ой мен сезім туралы,
сондай-ақ ойымыз бен сезімдерімізді -
8:04 - 8:07туғызатын физиологиялық
құбылыстар туралы айтып тұрмын. -
8:07 - 8:10Менің жағдайымда бұлар – гормондар.
Мен гормондарды зерттеймін. -
8:10 - 8:13Күштілердің саналары
әлсіздердікімен салыстырғанда -
8:13 - 8:14неге ұқсайды?
-
8:14 - 8:19Күшті адамдар өте қайсар,
әрі өзіне өте сенімді, -
8:19 - 8:23оптимист екені таңқаларлық емес.
-
8:23 - 8:26Олар тіпті құмар ойында
жеңемін деп ойлайды. -
8:26 - 8:30Сондай-ақ олар көбірек
абстрактілі ойлауға бейім. -
8:30 - 8:33Сондықтан көп айырмашылығы бар.
Олар көп тәуекелшіл. -
8:33 - 8:35Күшті мен әлсіздердің
арасында айырмашылық көп. -
8:35 - 8:39Олардың физиологиялық жағынан
да айырмашылығы бар, -
8:39 - 8:43яғни гормондары: тестостерон –
үстемшілдік гормоны, -
8:43 - 8:46кортизол – күйзеліс гормоны.
-
8:46 - 8:49Приматтардың иерархиясындағы
-
8:49 - 8:52ең күшті альфа-еркектің бойында
-
8:52 - 8:57тестостерон мөлшері көптігін,
кортизолы аз екендігін анықтадық. -
8:57 - 9:00Күшті, әрі ықпалды басшылардың да
-
9:00 - 9:03тестостероны көп, кортизолы
аз болады екен. -
9:03 - 9:05Бұл нені білдіреді?
Күш туралы ойлаған кезде -
9:05 - 9:07адамдар тек тестостерон
туралы ойлауға бейім болған, -
9:07 - 9:09себебі ол үстемдікті білдірген.
-
9:09 - 9:13Бірақ шынында күш біздің күйзеліске
қалай үн қататынымызға әсер етеді. -
9:13 - 9:16Сөйтіп, сіздер ықпалды, үстемшіл,
тестостероны көп, -
9:16 - 9:18бірақ күйзеліске тұрақсыз
басшыны қалар ма едіңіз? -
9:18 - 9:21Қаламайсыз ғой? Сіз ықпалды,
-
9:21 - 9:23сенімді, әрі үстемшіл, сондай-ақ байсалды
-
9:23 - 9:27адамды қалайсыз ғой,
күйзеліске тұрақсыз адамды емес. -
9:27 - 9:33Егер альфа-еркек
немесе қатардағы примат -
9:33 - 9:37күтпеген жерден басшылықты
басып алғысы келсе, -
9:37 - 9:39бұдан біраз күн бұрын оның бойындағы
-
9:39 - 9:42тестостерон мөлшері айтарлықтай өсіп,
-
9:42 - 9:46кортизол мөлшері түсіп кетеді.
-
9:46 - 9:49Бұның бізде дәлелі бар, яғни тән сананы,
-
9:49 - 9:51кем дегенде әлпетін қалыптастыра алады.
-
9:51 - 9:55Сондай-ақ рөлдің өзгеруі де
сананы қалыптастырады. -
9:55 - 9:58Сөйтіп, рөлімізді өзгерттік делік,
-
9:58 - 10:01яғни қылықтарымызға,
іс-қимылдарымызға сәл-пәл -
10:01 - 10:03осылай өзгертулер
енгізген кезде не болар екен? -
10:03 - 10:06Былай дейсіз: «Екі минутқа осылай тұрсам,
-
10:06 - 10:09бұл мені бұрынғыдан да сенімдірек етеді».
-
10:09 - 10:13Былай істедік. Адамдарды
лабораторияға шақыртып, -
10:13 - 10:16шағын ғылыми тәжірибе жасауға бел будық.
-
10:16 - 10:20Бұл адамдар екі минутқа не сенімді кейіп,
-
10:20 - 10:24не сенімсіз кейіп танытуы тиіс болатын.
Сізге бес кейіп түрін -
10:24 - 10:27көрсетпекпін, алайда қатысушылар
олардың тек екеуін ғана істеді. -
10:27 - 10:29Бұл – біріншісі.
-
10:29 - 10:31Тағы екеуі.
-
10:31 - 10:34Бұны «Ғажайып әйел» деп атап кеткен
-
10:34 - 10:37БАҚ өкілдері.
-
10:37 - 10:38Мінеки, тағы бірнешеуі.
-
10:38 - 10:40Не отырған күйде,
не тұрған күйде бола аласыз. -
10:40 - 10:42Ал мыналар – әлсіздің кейіптері.
-
10:42 - 10:46Бүрісіп, өзіңізді кішірейтіп тұрсыз.
-
10:46 - 10:48Мынау – өте әлсіздердің кейпі.
-
10:48 - 10:50Мойныңызды осылай
қолмен ұстаған кезде -
10:50 - 10:52өзіңізді шынында қорғап
тұрғандай боласыз. -
10:52 - 10:55Не болатынын көріңіз. Олар кіреді де,
-
10:55 - 10:56тексеру үшін
арнайы ыдысқа түкіреді. -
10:56 - 10:59Екі минутқа қандай да
бір кейіпті танытуын сұраймыз. -
10:59 - 11:02Олар бұл кейіп суреттерін
көрмейді. Олардың күш -
11:02 - 11:05бейнесін алдын ала білгенін қаламаймыз.
Күшті сезінгенін қалаймыз. -
11:05 - 11:07Олар бұны екі минут бойы жасайды.
-
11:07 - 11:10Сосын біз оларға күшті қалай сезінгендері
туралы бірнеше сұрақ қоямыз, -
11:10 - 11:13әрі құмар ойын ойнатамыз.
-
11:13 - 11:16Сосын тағы да сілекей үлгілерін аламыз.
-
11:16 - 11:17Болды. Ғылыми тәжірибеміз осындай.
-
11:17 - 11:21Мынаны анықтадық: сенімді
кейіптегі адамдардың -
11:21 - 11:2486 пайызы тәуекелшіл болады екен,
-
11:24 - 11:27яғни құмар ойындарын
ойнауға бейім келеді екен. -
11:27 - 11:29Ал әлсіз кейіптегілердің
-
11:29 - 11:3360 пайызы ғана сондай болады,
бұл дегенің әжептәуір үлкен айырмашылық. -
11:33 - 11:36Мынау – тестостерон
талдауының қорытындысы. -
11:36 - 11:39Сенімді кейіп танытқандардың
тестостерон мөлшері -
11:39 - 11:42әдеттегіден шамамен 20 пайызға өсіп,
-
11:42 - 11:46әлсіз кейіп танытқандардың тестостероны
шамамен 10 пайызға түскен. -
11:46 - 11:49Екі-ақ минутта осындай
өзгерістерге қол жеткіздіңіз. -
11:49 - 11:52Ал мынау кортизолдың өзгерісі:
сенімді кейіптегілердің -
11:52 - 11:55кортизолы шамамен 25 пайызға түсіп,
-
11:55 - 11:59әлсіз кейіптегілердікі
шамамен 15 пайызға өскен. -
11:59 - 12:02Екі-ақ минут миыңыздағы қайсар,
-
12:02 - 12:07сенімділік, ыңғайлылық сезімін немесе
-
12:07 - 12:09сабырсыздық, тұйықтану сезімін тудыратын
-
12:09 - 12:12гормондық өзгерістерге алып келеді.
-
12:12 - 12:16Бәрімізге таныс жағдай емес пе?
-
12:16 - 12:19Сөйтіп, бейвербаликаларымыз
біздің өзіміз туралы -
12:19 - 12:21ойлау мен сезіну салтын белгілейді.
-
12:21 - 12:23Олар тек өзгелерге тәуелді
болып қана, өзімізге де тәуелді. -
12:23 - 12:26Сонымен қатар денеміз
санымызды да өзгертеді. -
12:26 - 12:28Бірақ әрине мынадай сұрақ туындайды:
-
12:28 - 12:30бірнеше минуттық сенімді кейіп таныту
-
12:30 - 12:32өміріңізді мағыналы түрде өзгерте ала ма?
-
12:32 - 12:35Мынау – лабораторияның іші.
Екі минутқа созылған -
12:35 - 12:37бұл тапсырмамен сіздер
таныссыздар. Бұны біз шынында -
12:37 - 12:40қай жерде қолдана аламыз?
Әрине, маңызды жағдайда. -
12:40 - 12:44Менің ойымша бұл әдісті
әлеуметтік қорқыныш -
12:44 - 12:47секілді жағдайларда қолдана аласыз,
-
12:47 - 12:50яғни сізді мысалға достарыңыз
бағалайтын жағдайда. -
12:50 - 12:54Бұндай жағдай жасөспірімдер арасында
асхана үстелінде кездесіп жатады. -
12:54 - 12:56Бұл кейбір адамдар үшін
мектеп жиналыстарында -
12:56 - 12:59халық алдында сөз айтатын
кезінде керек болуы мүмкін. -
12:59 - 13:02Ол тіпті бәлкім жұмысқа кіру
-
13:02 - 13:05үшін сұхбат жүргізгенде керек болар.
-
13:05 - 13:07Көптеген адамдарды осы
қызықтырады деген ойға келдік, -
13:07 - 13:08себебі бұндай жағдай
-
13:08 - 13:10бәрінің басынан өткен.
-
13:10 - 13:14Осы анықталған деректерді жариялай
салысымен барлық БАҚ өкілдері -
13:14 - 13:16бұны қызу талқылай бастады.
Яғни олар: «Жұмыс сұхбатына -
13:16 - 13:20барған кезде осылай
істейсіз бе?» деді. (Күлкі) -
13:20 - 13:22Содан біз, әлбетте, шошып кетіп:
-
13:22 - 13:24«Құдайым-ай, жоқ, жоқ, біздің
айтқымыз келгені ол емес, -
13:24 - 13:27бірнеше себептерге орай
олай істемеңдер» дедік. -
13:27 - 13:29Әңгіме сіздің адамдармен
қалай сөйлесуіңізде емес. -
13:29 - 13:31Әңгіме сіздің өзіңізбен
қалай сөйлесуіңізде. -
13:31 - 13:34Сұхбаттаспас бұрын не істейсіз?
Осылай істейсіз, -
13:34 - 13:37солай емес пе? Отырасыз да, ешнәрсені
ұмытпауға тырысып айфоныңызға -
13:37 - 13:39немесе андройдыңызға үңілесіз.
-
13:39 - 13:41Естеліктеріңізге қарап,
-
13:41 - 13:43бүкірейіп, өзіңізді кішірейте бастайсыз,
-
13:43 - 13:45шын мәнінде шомылатын
бөлмеде осылай істеудің -
13:45 - 13:48орнына, солай ма? Солай істеңіз.
Екі минутыңызды бөліңіз. -
13:48 - 13:50Біз осыны талдадық.
-
13:50 - 13:52Лабораторияға адамдарды шақырдық та,
-
13:52 - 13:55олар қайтадан не сенімді,
не сенімсіз кейіп танытып, -
13:55 - 13:58ауыр жұмыс сұхбатынан өтті.
-
13:58 - 14:02Сұхбаттың ұзақтығы – бес минут,
әрі олар жазылып алынды. -
14:02 - 14:04Олар сондай-ақ қазылар
тарапынан бағаланып отырды, -
14:04 - 14:08қазылар ешқандай бейвербалика
көрсетпеуге машықтанған, -
14:08 - 14:09әрі түрлері осындай.
-
14:09 - 14:12Осындай адам сізбен сұхбаттасып
тұрғанын елестетіп көріңіз. -
14:12 - 14:17Бес минут осылай, ешқандай эмоция жоқ, бұл
дегенің шытырман сұрақтар қойғаннан бетер. -
14:17 - 14:20Адамдар бұны жек көреді.
Марианна ЛаФранс бұны -
14:20 - 14:22«әлеуметтік батпаққа бату» деп атайды.
-
14:22 - 14:24Кортизолды өсіретін дәл осы жағдай.
-
14:24 - 14:26Мынау олар өткен жұмысқа тұру сұхбаты,
-
14:26 - 14:28біз не болатынын қатты көргіміз келді.
-
14:28 - 14:32Сосын мамандарға осы
төрт видеожазбаны көрсетеміз. -
14:32 - 14:35Олардың ешқандай тәжірибе гипотезасынан,
шарттарынан хабары жоқ. -
14:35 - 14:38Ешқайсысы кімнің қандай
кейіпте болғанын білмейді. -
14:38 - 14:41Олар видеоларды көріп болып,
-
14:41 - 14:44сенімді кейіп танытқандарды меңзей отырып:
-
14:44 - 14:48«Осы адамдарды жұмысқа алғымыз келеді»
дейді, «мына адамдарды алғымыз келмейді. -
14:48 - 14:51Алдыңғы адамдар көбірек позитивті болды.»
-
14:51 - 14:56Бірақ бұған не әсер етті?
Ол әңгіменің мазмұнында емес. -
14:56 - 14:59Үміткерлердің әңгіме кезінде
өздерін қалай сезінуінде. -
14:59 - 15:01Сондай-ақ олардың
біліктілігін бағаладық. -
15:01 - 15:04Олар әңгімесін қалай,
қаншалықты жақсы құрастырады. -
15:04 - 15:06Біліктілігі қалай?
-
15:06 - 15:09Бұл көрсеткіштер ешқандай әсер берген жоқ.
-
15:09 - 15:13Жұмыс берушілердің ойына адамдардың
өздерін қалай көрсетуі әсер етті. -
15:13 - 15:15Өздерін көрсету керек қой.
-
15:15 - 15:17Олар идеяларын береді, бірақ идеясына
-
15:17 - 15:19өздері қызықпайды, құмартпайды.
-
15:19 - 15:24Дәл осы көрсеткіштер жұмыс
берушінің шешіміне әсер етеді. -
15:24 - 15:28Адамдарға осы туралы айтқанымда,
-
15:28 - 15:30яғни тәніміз санамызды,
санамыз қылықтарымызды, -
15:30 - 15:34қылықтарымыз оқиға нәтижесін
өзгертетінін айтқан кезде олар маған: -
15:34 - 15:35«Сеніңкіремеймін, жалған көрінеді» дейді.
-
15:35 - 15:39Содан мен: «қолыңнан келгенше кейіп таныт»
дедім. «Жоқ, бұл мен емес қой, -
15:39 - 15:42Ол жаққа барып, өзімді
алаяқ сезінгім келмейді. -
15:42 - 15:44жалған болғым келмейді,
-
15:44 - 15:48өзімді сол жерде болмауым тиіс деп сезіну
үшін ғана ол жерге барғым келмейді». -
15:48 - 15:50Менде бұл соған үндес ой туғызды,
-
15:50 - 15:53сіздерге жалған болуым туралы, сол жерде
-
15:53 - 15:56болмауым тиіс деп сезінуім туралы
шағын оқиға айтып бермекпін. -
15:56 - 15:5919 жасымда мен өте ауыр
көлік апатына ұшырадым. -
15:59 - 16:02Көліктен ұшып түсіп,
бірнеше рет аударылдым. -
16:02 - 16:06Мені көліктен ұшып түстім.
Бас сүйек зақымы палатасында -
16:06 - 16:09ояндым, колледжден кетуге мәжбүр болдым.
-
16:09 - 16:15IQ-імнің екі стандартты ауытқуға
төмендегенін білдім. -
16:15 - 16:18Бұл маған өте ауыр соққы болды.
-
16:18 - 16:21IQ-ім жоғары болатұғын, себебі
мені кішкентайымнан ақылды, -
16:21 - 16:23әрі дарынды деп есептеген.
-
16:23 - 16:26Мені колледжден шығарып жіберді,
қайтып келуге тырыстым. -
16:26 - 16:28Олар: «Колледжді бітіре алмайсың.
-
16:28 - 16:30Айналысуға болатын
басқа істер таба аласың, -
16:30 - 16:32ал бұл сенің қолыңнан келмейді» - деді.
-
16:32 - 16:36Мен осымен қатты күрестім. Айтуым тиіс:
-
16:36 - 16:39Адам өз тұлғасының өзегінен айрылса,
-
16:39 - 16:41яғни мен үшін бұл – ақыл-ойым,
-
16:41 - 16:45ол өзінің күш нәрінен айрылады да,
ең әлсіз адамға айналады. -
16:45 - 16:48Мен өзімді тұтастай әлсіз сезіндім,
бірақ тынбастан жұмыстандым. -
16:48 - 16:51Жұмыстандым да, дегеніме қол жеткіздім.
-
16:51 - 16:53Ақырында колледжді бітіріп шықтым.
-
16:53 - 16:55Қатарластарымнан 4 жыл көп оқыппын,
-
16:55 - 17:00әрі біреуді мені Пристонға
алуын көндірдім. -
17:00 - 17:03Ол менің кеңесші періштем –
Сюзан Фиске болатын. -
17:03 - 17:05Бірақ мен бұл менің жерім емес,
-
17:05 - 17:07мен өтірікшімін деп ойлай бердім.
-
17:07 - 17:08Ең алғаш сөз сөйлеу алды түні,
-
17:08 - 17:11Принстонда 20 адамның алдында 20 минуттық
-
17:11 - 17:13сөз сөйлеу алды түні
-
17:13 - 17:16ұсталып қалам деп қорыққаным сонша,
-
17:16 - 17:19Сюзанға телефон соғып:
«Университеттен кетемін», - дедім. -
17:19 - 17:21Ол: «Кетпейсің,
-
17:21 - 17:23себебі бұл сенің қолыңнан
келетініне бәс тіктім. -
17:23 - 17:25Сен қаласың да, былай істейсің:
-
17:25 - 17:27жалған кейіп танытасың.
-
17:27 - 17:31Олар сұраған әрбір
баяндаманы айтып бересің. -
17:31 - 17:32Тіпті қорқып, тұлай бойың өзіңе
-
17:32 - 17:35бағынбаса да, айтқандарын істей бересің.
-
17:35 - 17:38«Құдай-ай, қолымнан келіп жатыр,
-
17:38 - 17:41соған айналып барам, шынымен
қолымнан келіп жатыр» -
17:41 - 17:44демейінше солай істей бересің», - деді.
-
17:44 - 17:46Айтқаныдай жасадым.
Бес жыл аспирантура дегенің -
17:46 - 17:48Солтүстік-батыс университеті үшін аз.
-
17:48 - 17:51Содан Гарвардқа түстім.
Мен Гарвардтамын. Бұдан былай -
17:51 - 17:54жаман ойлауды қойдым, бірақ бұған
дейін: «Бұл менің жерім емес, -
17:54 - 17:56бұл жерде болмауым тиіс»
деп ойлай беретінмін. -
17:56 - 17:59Гарвардтағы алғашқы жылымның аяғында
-
17:59 - 18:03бүкіл семестр бойы сөз сөйлемеген
студент қыз кабинетіме келді. -
18:03 - 18:07Оған бұрын «Сабақта белсендірек болуың
тиіс, әйтпесе оқудан шығарып жібереді» -
18:07 - 18:09дегенмін. Оны мүлдем танымайтынмын.
-
18:09 - 18:13Ол маған қайғы басқан түрімен:
-
18:13 - 18:19«Мен бұл жерде болмауым тиіс», - деді.
-
18:19 - 18:23Сол сәтте менде екі нәрсе болды.
-
18:23 - 18:25Біріншіден, құдайым-ай,
-
18:25 - 18:27мені енді мұндай ойлар мазаламайды.
-
18:27 - 18:31Менде енді мұндай сезім жоқ, ал бұл қызда
бар, әрі мен оның жағдайын түсінемі. -
18:31 - 18:33Екіншіден, ол бұл жерде болуы тиіс!
-
18:33 - 18:35Ол қолынан келгенше
кейіп таныта алады ғой. -
18:35 - 18:39Мен: «Жоқ, бұл сенің жерің, Қалуың тиіс.
-
18:39 - 18:40Ертең барасың да, сенімді кейіп
-
18:40 - 18:43танытып, өзіңе сенімді боласың.
-
18:43 - 18:47Сен...» (Қошемет)
-
18:47 - 18:49(Қошемет)
-
18:49 - 18:53«Аудиторияға кіресің де,
-
18:53 - 18:55тамаша сөз сөйлеп шығасың» дедім.
-
18:55 - 18:58Білесіздер ме? Ол тамаша сөйлеп шықты.
-
18:58 - 19:00Адамдар бұрылып қарады да:
-
19:00 - 19:03«Мәссаған, оның осы жерде отыратынын
еш байқамаппыз» деді. (Күлкі) -
19:03 - 19:06Ол айлар өткен соң маған келді,
мен түсіндім: -
19:06 - 19:08ол жай ғана қолынан келгенше
кейіп танытқан жоқ, -
19:08 - 19:11ол соған айналғанша кейіп танытты.
-
19:11 - 19:12Ол өзгерді.
-
19:12 - 19:17Сол үшін мен сіздерге қолыңыздан
келгенше кейіп танытпаңыздар, -
19:17 - 19:19соған айналғанша кейіп
танытыңыздар дегім келеді. -
19:19 - 19:23Бұл өзгерістер кәдімгідей бөлшегіңізге
айналғанша істей беріңіздер. -
19:23 - 19:26Соңғы айтарым бар.
-
19:26 - 19:30Кішкентай қулықтар үлкен
өзгерістерге алып келе алады. -
19:30 - 19:33Жаңағы екі минут.
-
19:33 - 19:34Екі минут, екі минут, екі минут.
-
19:34 - 19:38Бағаланатын, әрі күйзелтетін
жағдаймен бетпе-бет келмес бұрын -
19:38 - 19:40екі минут осылай
жасауға тырысыңыздар: -
19:40 - 19:44лифтте, жуынатын бөлме кабинасында, жабық
есік артындағы үстеліңіздің жанында. -
19:44 - 19:45Осылай істеулеріңіз тиіс:
-
19:45 - 19:48миыңызға жақсы нәрсе болуын үгіттеңіз.
-
19:48 - 19:51Тестестероныңызды өсіріп,
кортизолыңызды түсіріңіз. -
19:51 - 19:55"Өз-өзімді еш көрсете алмадым"
деген кірбің ойлар қалмасын. -
19:55 - 19:56Өзіңізге "қазір барамын да,
-
19:56 - 19:59өзімнің кім екенімді көрсетемін"
деп үгіттеңіз. -
19:59 - 20:01Сөйтіп, мен сізден біріншіден сенімді
-
20:01 - 20:05кейіп танытуыңыздан бөлек
-
20:05 - 20:07осы тәжірибелеріңізбен
-
20:07 - 20:10бөлісе отыруларыңызды сұраймын,
өйткені бұл қиын емес қой. -
20:10 - 20:12Бұл эгома тиіп кетпейді. (Күлкі)
-
20:12 - 20:14Адамдармен бөлісіңіздер, себебі
-
20:14 - 20:16бұны қажет ететін көптеген адамдар бар,
-
20:16 - 20:20олардың құралы, технологиясы, әрі статусы
-
20:20 - 20:23мен билігі болмауы мүмкін.
Оларға осы мүмкіндікті беріңіздер, -
20:23 - 20:25себебі олар екі минутқа
-
20:25 - 20:27денесімен жалғыз қалуы керек.
-
20:27 - 20:30сонда өмірін айтарлықтай өзгерте алады.
-
20:30 - 20:35Рақмет. (Қошемет)
-
20:35 - 20:42(Қошемет)
- Title:
- Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады
- Speaker:
- Эми Кадди
- Description:
-
Дене "тілі" басқалардың біз туралы ойына әсер етеді, алайда ол сондай-ақ өзіміз туралы көзқарасымызды да өзгертуі мүмкін. Әлеуметтік психолог Эми Кадди "билік позасы", яғни тіпті сенімсіздік сезімі кезінде де сенімді келбеттегі тұрыстың мидағы тестестерон мен кортизолдың деңгейіне қалай әсер ететінін, тіпті жетістігімізге түрткі бола алатынын көрсетеді.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 21:02
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Bizhan Galymzhan accepted Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for Your body language may shape who you are |