WEBVTT 00:00:00.707 --> 00:00:03.505 Мен сізге орындалуы оңай 00:00:03.505 --> 00:00:06.129 өмірлік әдісті таныстырудан бастағым келіп тұр, 00:00:06.129 --> 00:00:08.750 Ол үшін сіз екі минутқа 00:00:08.750 --> 00:00:12.937 дене-тұрысыңызды өзгертуіңіз керек. 00:00:12.937 --> 00:00:16.361 Бірақ бұны айтпастан бұрын сіздерден денеңізге 00:00:16.361 --> 00:00:19.954 кішігірім тексеріс жасап, онымен не істейтініңізді сұрағым келеді. 00:00:19.954 --> 00:00:22.369 Қайсыңыз денеңізді қусырып кішірейткендей боласыз? 00:00:22.369 --> 00:00:24.680 Бәлкім сіздер бүкірейіп, аяғыңызды айқастырып, 00:00:24.680 --> 00:00:26.014 оны орап алған боларсыз. 00:00:26.014 --> 00:00:29.753 Кейде қолдарымызды осылай кеудемізде ұстаймыз. 00:00:29.753 --> 00:00:33.424 Кейде қолымызды жайып жібереміз. (Күлкі) 00:00:33.424 --> 00:00:35.696 Сізді көріп тұрмын. (Күлкі) 00:00:35.696 --> 00:00:38.211 Дәл қазір қылықтарыңызға назар аудартқым келіп тұр. 00:00:38.211 --> 00:00:40.425 Біз оған бірер минуттан соң ораламыз, 00:00:40.425 --> 00:00:43.817 Аз да болсын, қылықтарыңызды түзетуді үйренесіздер деп үміттенемін, 00:00:43.817 --> 00:00:47.453 әрі бұл өміріңізді біраз өзгертуге септігін тигізер. NOTE Paragraph 00:00:47.453 --> 00:00:51.977 Біз дене "тіліне" өте қайран қаламыз, 00:00:51.977 --> 00:00:53.936 әсіресе өзге адамдардың 00:00:53.936 --> 00:00:55.900 "дене тіліне" қызығамыз. 00:00:55.900 --> 00:01:00.121 Өздеріңіз білесіздер, бізді біраз нәрсе қызықтырады (Күлкі): 00:01:00.121 --> 00:01:04.519 епсіз жанасу немесе күлкілер, 00:01:04.519 --> 00:01:08.751 тәкаппар көз салу немесе епсіз көз қысу, 00:01:08.751 --> 00:01:11.989 тіпті қол алысу секілді қылықтар да болуы мүмкін. NOTE Paragraph 00:01:11.989 --> 00:01:14.667 Диктор: Олар 10-шы үйге келе жатыр, қараңыздар, 00:01:14.667 --> 00:01:17.343 мына полицияға АҚШ Президентімен 00:01:17.343 --> 00:01:19.831 қол алысу сәті бұйырды, ізінен 00:01:19.831 --> 00:01:24.758 Премьер Министр де...? Жоқ. (Күлкі) (Қошемет) 00:01:24.758 --> 00:01:26.846 (Күлкі) (Қошемет) NOTE Paragraph 00:01:26.846 --> 00:01:31.140 Эми Кадди: Қол алысу немесе оның жоқтығы 00:01:31.140 --> 00:01:33.664 біз үшін бірнеше апта бойы әңгімеге азық болады. 00:01:33.664 --> 00:01:35.804 Тіпті BBC мен New York Times үшін де. 00:01:35.804 --> 00:01:39.755 Біздер бейвербалды әрекеттер немесе дене тілі туралы ойлаған кезде — 00:01:39.755 --> 00:01:43.143 біздер социология ғалымдары ретінде оны бейвербалика деп атаймыз — 00:01:43.143 --> 00:01:45.573 яғни тіл мен коммуникация туралы ойлаймыз. 00:01:45.573 --> 00:01:48.450 Коммуникацияны ойлаған кезде өзара әректтесу туралы ойлаймыз. 00:01:48.928 --> 00:01:51.289 Сіздің денеңіздің тілі маған не айтып тұр? 00:01:51.289 --> 00:01:53.555 Ал менікі не айтып тұр? NOTE Paragraph 00:01:53.555 --> 00:01:57.773 Бұл идеяның қисындылығын растайтын 00:01:57.773 --> 00:02:00.308 көптеген ғылыми дәлелдер бар. Социологтар біздегі 00:02:00.308 --> 00:02:03.700 немесе өзгелердегі дене тілінің пайымдамаларға 00:02:03.700 --> 00:02:06.209 әсерін зерттеу үшін көп уақыт жұмсады. 00:02:06.209 --> 00:02:09.648 Содан біз дене тілінен ауқымды пайымдамалар мен қорытындыға келеміз. 00:02:09.648 --> 00:02:13.638 Әрі бұл пайымдамалар кімді жалдап, кімді көтереміз, кімді кездесуге шақырамыз 00:02:13.638 --> 00:02:17.431 деген секілді аса маңызды өмірлік оқиғаларды болжай алады. 00:02:17.431 --> 00:02:22.116 Мысалы, Туфтс университетінің зерттеушісі Налини Амбади 00:02:22.116 --> 00:02:26.588 адамдардың дәрігер мен емделуші арасындағы қатынасты көрсететін 30 секундтық 00:02:26.588 --> 00:02:29.612 дыбыссыз роликті қарау кезіндегі пайымдамаларын көрсетті, 00:02:29.612 --> 00:02:32.445 яғни бұл дәрігердің сыпайылығы туралы пайымдамасы 00:02:32.445 --> 00:02:35.082 дәрігердің сотталатынын немесе сотталмайтынын болжайды. 00:02:35.082 --> 00:02:37.276 Бұл пайымдама дәрігердің біліктілігінен 00:02:37.276 --> 00:02:39.421 туындаған жоқ, бізге дәрігердің және 00:02:39.421 --> 00:02:42.117 қарым-қатынасының ұнауынан туындады. 00:02:42.117 --> 00:02:45.052 Сонымен қатар одан да зоры Принстондағы Алекс Тодоров 00:02:45.052 --> 00:02:48.729 саяси үміткерлердің жүздеріне бір секунд қарағаннан кейін 00:02:48.729 --> 00:02:53.316 туындаған пайымдамалардың АҚШ сенатындағы 00:02:53.316 --> 00:02:56.547 және губернаторлық орнын 70%-ға болжап бертінін дәлелдеді, 00:02:56.547 --> 00:02:58.769 тіпті виртуал кеңістіктегі 00:02:58.769 --> 00:03:02.914 онлайн келіссөздерде орынды қолданылған күлегештер 00:03:02.914 --> 00:03:05.746 біз үшін бұл келіссөздерді одан да маңыздырақ ете алады. 00:03:05.746 --> 00:03:08.969 Егер оларды нашар қолдансаңыздар, жаман идея. Солай емес пе? 00:03:08.969 --> 00:03:11.746 Бейвербаликаны ойлағанда басқаларды қалай бағалайтынымызды, 00:03:11.746 --> 00:03:14.968 олар бізді қалай бағалайтынын және қандай нәтиже шығатынын ойлаймыз. 00:03:14.968 --> 00:03:17.168 Алайда біз бейвербаликамыздың басқа адамдарға 00:03:17.168 --> 00:03:20.523 әсер етіп қана қоймай, өзімізге де ықпал ететінін ұмытуға бейімбіз. NOTE Paragraph 00:03:20.523 --> 00:03:23.736 Бевербаликамыз өзімізге, яғни ойларымызға, 00:03:23.736 --> 00:03:26.099 сезімдерімізге, психологиямызға ықпал етеді. 00:03:26.099 --> 00:03:29.162 Сөйтіп қай бейвербалика жөнінде айтып тұрмын? 00:03:29.162 --> 00:03:32.105 Мен әлеуметтік психологпын. Соқыр сенімдерді зерттеймін, 00:03:32.105 --> 00:03:34.832 әрі бәсекеге мықты бизнес мектебінде сабақ беремін, 00:03:34.832 --> 00:03:39.316 сондықтан билік серпініне қызыға бастайтыным сөзсіз белгілі болды. 00:03:39.316 --> 00:03:43.128 Әсіресе билік пен үстемдіктің бейвербалды әлпетіне 00:03:43.128 --> 00:03:45.131 қызыға бастадым. NOTE Paragraph 00:03:45.131 --> 00:03:47.789 Билік пен үстемдіктің бейвербалды әлпеттері деген не? 00:03:47.789 --> 00:03:49.953 Бұл дегеніміз мінеки. 00:03:49.953 --> 00:03:52.831 Жануарлар патшалығында ұлғаюды айтады. 00:03:52.831 --> 00:03:55.841 Сөйтіп, сіз өзіңізді үлкейтесіз, сіз созыласыз, 00:03:55.841 --> 00:03:58.782 көбірек орын ала бастайсыз, яғни сіздер ашыласыз. 00:03:58.782 --> 00:04:01.772 Иә, бұл ашылу туралы. Әрі бұл жануарлар әлеміндегі 00:04:01.772 --> 00:04:05.532 барлығына қатысты рас зат, жалғыз приматтарға емес. 00:04:05.532 --> 00:04:08.952 Бұны адамдар да қайталайды. (Күлкі) 00:04:08.952 --> 00:04:12.663 Олар бұл қылықты бірыңғай билікті сезінгенде, 00:04:12.663 --> 00:04:15.664 сонымен қатар бір сәтте күшті сезінгенде жасайды. 00:04:15.664 --> 00:04:18.569 Әсіресе мына қылық қызық, себебі ол бізге шынында 00:04:18.569 --> 00:04:22.758 мына сенімділік әлпетінің қандай әмбебап, әрі ежелгі екенін көрсетеді. 00:04:22.758 --> 00:04:25.357 Мақтаныш ретінде белгілі мына қимылды 00:04:25.357 --> 00:04:28.405 Джессика Трейси зерттеп, 00:04:28.405 --> 00:04:30.517 сау көздерімен туған адамдар да, 00:04:30.517 --> 00:04:33.068 туғаннан зағип адамдар да спорт жарысында 00:04:33.068 --> 00:04:35.772 жеңіске жеткен кезде осы қимылды жасайтынын дәлелдеді. 00:04:35.772 --> 00:04:37.745 Олар мәре сызығын кесіп өтіп, жеңген кезде 00:04:37.745 --> 00:04:39.861 бұл қимылды ешқашан көрмегеніне қарамастан 00:04:39.861 --> 00:04:40.947 жасай береді. 00:04:40.947 --> 00:04:44.390 Қолдары жоғарыда, иегі сәл көтеріңкі. 00:04:44.390 --> 00:04:47.314 Ал өзімізді әлсіз сезінгенде не істеміз? Біз дәл солай 00:04:47.314 --> 00:04:50.984 керісінше істейміз. Тасаланамыз. Өзімізді қолмен орай бастаймыз. 00:04:50.984 --> 00:04:54.448 Өзімізді кішірейтеміз. Қасымыздағы адаммен соқтығысқымыз келмейді. 00:04:54.448 --> 00:04:57.489 Дәл солай жануарлар да, адамдар да осы бір қимылды жасайды. 00:04:57.489 --> 00:05:00.569 Ал күшті адам мен әлсіз адамның 00:05:00.569 --> 00:05:02.880 кездесуі мынадай болады. Сөйтіп, 00:05:02.880 --> 00:05:07.248 іс күшке тірелгенде біз басқалардың қимылын толықтыруға бейімбіз. 00:05:07.248 --> 00:05:09.679 Егер біреу шынымен күштірек көрінсе, 00:05:09.679 --> 00:05:11.504 өздерімізді кішірейтуге бейім боламыз. 00:05:11.504 --> 00:05:13.937 Оларды қайталамаймыз, керісінше істейміз. NOTE Paragraph 00:05:13.937 --> 00:05:17.136 Сабақтарымда осы қылықты 00:05:17.136 --> 00:05:22.222 бақылай жүріп, нені байқадым? 00:05:22.222 --> 00:05:26.926 МБА студенттерінің алуан түрлі билік қимылдарын көрсететінін байқадым. 00:05:26.926 --> 00:05:29.394 Альфа-арландар сияқты адамдар бар, 00:05:29.394 --> 00:05:32.384 бөлмеге кіріп, тіпті сабақ басталмастан дәл бөлменің 00:05:32.384 --> 00:05:36.316 ортасына отырып алады, мекенді басып алуға ниеттенгендей, 00:05:36.316 --> 00:05:38.205 отырған кезде кең жайғасқандай болады. 00:05:38.205 --> 00:05:40.337 Қолдарын осылай жоғары көтереді. 00:05:40.337 --> 00:05:42.972 Жаңағылар кіргенде солып қалардай болатын адамдар бар. 00:05:42.972 --> 00:05:45.296 Бұны жаңағылар кірген бойда байқайсыз. 00:05:45.296 --> 00:05:47.644 Бұны олардың өңдерінен, денелерінен байқайсыз, 00:05:47.644 --> 00:05:49.860 орындығына отырғанда олар өздерін кішірейтеді, 00:05:49.860 --> 00:05:52.759 әрі олар қолдарын осылайша көтереді. 00:05:52.759 --> 00:05:54.716 Осындай қылықтардың бірнешеуін байқадым. 00:05:54.716 --> 00:05:56.623 Біріншісінің, сіздер таң қала қоймайсыз, 00:05:56.623 --> 00:05:58.727 жынысқа қатысы бар сияқты. 00:05:58.727 --> 00:06:04.192 Әйелдер осы тектес қылықтарды ерлерге қарағанда көбірек жасайды. 00:06:04.192 --> 00:06:06.778 Әйелдер әрдайым өздерін ерлерден әлсіз сезінеді, 00:06:06.778 --> 00:06:10.733 бұның таң қалатыны жоқ. Бірақ байқаған екінші нәрсем, 00:06:10.733 --> 00:06:13.578 бұндай қылықтың студенттер белсенділігі 00:06:13.578 --> 00:06:17.259 мен үлгеріміне де қатысы бар секілді. 00:06:17.259 --> 00:06:19.811 Әрі бұл МБА сабақтарында өте маңызды, 00:06:19.811 --> 00:06:22.522 себебі бағаның жартысын оқу белсенділігіе қарап есептейді. NOTE Paragraph 00:06:22.522 --> 00:06:26.995 Бизнес мектептері гендерлік көзқарастағы қайшылықпен көптен күресіп келеді. 00:06:26.995 --> 00:06:30.267 Бірдей дайындықтан өткен әйелдер мен ерлер жүре келе 00:06:30.267 --> 00:06:32.163 әр түрлі баға алатынын түсінесіз, 00:06:32.163 --> 00:06:35.523 әрі бұның бір жағынан олардың оқу белсенділігіне қатысы бар. 00:06:35.523 --> 00:06:38.546 Ойлана бастадым. 00:06:38.546 --> 00:06:41.700 Бірдей дайындалған адамдар келеді де, сабаққа қатысады. 00:06:41.700 --> 00:06:44.741 Адамдарды жалған кейіп танытып, олардың сабаққа көбірек 00:06:44.741 --> 00:06:46.713 қатысуына әсер ете алуымыз мүмкін бе? NOTE Paragraph 00:06:46.713 --> 00:06:50.908 Берклидегі серіктес авторым Дана Карни екеуміз 00:06:50.908 --> 00:06:54.933 жалған кейіп таныта аласыз ба, соны қатты білгіміз келді. 00:06:54.933 --> 00:06:57.963 Азғантай уақытқа жалған кейіп танытып, 00:06:57.963 --> 00:07:01.786 сенімділік пен күш беретіндей нәтижеге қол жеткізе аласыз ба? 00:07:01.786 --> 00:07:05.188 Сөйтіп, бейвербаликаларымыз адамдардың біз туралы қалай ойлайтынына 00:07:05.188 --> 00:07:07.031 әсер ететінін білеміз. Оған дәлел көп. 00:07:07.031 --> 00:07:10.143 Бірақ негізгі сұрағымыз бейвербаликамыздың 00:07:10.143 --> 00:07:13.253 өзіміз туралы қалай ойлайтынымызға қалай әсер етуі болды. NOTE Paragraph 00:07:13.253 --> 00:07:15.943 Оның қалай әсер ететінің дәлелдері бар. 00:07:15.943 --> 00:07:20.579 Мысалы, өзімізді бақытты сезінгенде күлеміз. 00:07:20.579 --> 00:07:22.757 Сонымен қатар қаламды осылай тіске қойып, 00:07:22.757 --> 00:07:27.172 өзімізді күштеп жымитсақ, ол өзімізді бақытты сезінуге мәжбүрлейді. 00:07:27.172 --> 00:07:30.253 Сөйтіп, бұл құбылыс қос бағытқа да әсер етеді. 00:07:30.253 --> 00:07:35.468 Күшке де қатысты солай. Билікті сезінген кезіңізде 00:07:35.468 --> 00:07:38.854 сіз көбірек осылай істеуге бейімсіз, бірақ 00:07:38.854 --> 00:07:44.460 сіз күшті адамның кейпін танытқан кезде де шын мәнінде өзіңізді 00:07:44.460 --> 00:07:46.888 күштірек сезінуге бейім болуыңыз мүмкін. NOTE Paragraph 00:07:46.888 --> 00:07:49.948 Екінші қызықтырған сұрақ: санамыздың 00:07:49.948 --> 00:07:52.531 іс-қимылымызды өзгертетінін бәріміз білеміз, 00:07:52.531 --> 00:07:56.948 бірақ іс-қимылымыз санамызды өзгерте ала ма? 00:07:56.948 --> 00:07:59.675 Сана дегенде сенімділік сезімі жағдайында 00:07:59.675 --> 00:08:01.047 не туралы айтып тұрмын? 00:08:01.047 --> 00:08:03.983 Мен ой мен сезім туралы, сондай-ақ ойымыз бен сезімдерімізді 00:08:03.983 --> 00:08:06.668 туғызатын физиологиялық құбылыстар туралы айтып тұрмын. 00:08:06.668 --> 00:08:09.876 Менің жағдайымда бұлар – гормондар. Мен гормондарды зерттеймін. 00:08:09.876 --> 00:08:12.979 Күштілердің саналары әлсіздердікімен салыстырғанда 00:08:12.979 --> 00:08:14.210 неге ұқсайды? 00:08:14.210 --> 00:08:18.506 Күшті адамдар өте қайсар, әрі өзіне өте сенімді, 00:08:18.506 --> 00:08:22.730 оптимист екені таңқаларлық емес. 00:08:22.730 --> 00:08:25.729 Олар тіпті құмар ойында жеңемін деп ойлайды. 00:08:25.729 --> 00:08:29.908 Сондай-ақ олар көбірек абстрактілі ойлауға бейім. 00:08:29.908 --> 00:08:32.514 Сондықтан көп айырмашылығы бар. Олар көп тәуекелшіл. 00:08:32.514 --> 00:08:35.367 Күшті мен әлсіздердің арасында айырмашылық көп. 00:08:35.367 --> 00:08:38.659 Олардың физиологиялық жағынан да айырмашылығы бар, 00:08:38.659 --> 00:08:42.724 яғни гормондары: тестостерон – үстемшілдік гормоны, 00:08:42.724 --> 00:08:46.387 кортизол – күйзеліс гормоны. 00:08:46.387 --> 00:08:49.074 Приматтардың иерархиясындағы 00:08:49.074 --> 00:08:52.123 ең күшті альфа-еркектің бойында 00:08:52.123 --> 00:08:56.761 тестостерон мөлшері көптігін, кортизолы аз екендігін анықтадық. 00:08:56.761 --> 00:09:00.287 Күшті, әрі ықпалды басшылардың да 00:09:00.287 --> 00:09:02.542 тестостероны көп, кортизолы аз болады екен. 00:09:02.542 --> 00:09:04.845 Бұл нені білдіреді? Күш туралы ойлаған кезде 00:09:04.845 --> 00:09:07.270 адамдар тек тестостерон туралы ойлауға бейім болған, 00:09:07.270 --> 00:09:09.058 себебі ол үстемдікті білдірген. 00:09:09.058 --> 00:09:12.528 Бірақ шынында күш біздің күйзеліске қалай үн қататынымызға әсер етеді. 00:09:12.528 --> 00:09:15.657 Сөйтіп, сіздер ықпалды, үстемшіл, тестостероны көп, 00:09:15.657 --> 00:09:18.399 бірақ күйзеліске тұрақсыз басшыны қалар ма едіңіз? 00:09:18.399 --> 00:09:20.734 Қаламайсыз ғой? Сіз ықпалды, 00:09:20.734 --> 00:09:23.018 сенімді, әрі үстемшіл, сондай-ақ байсалды 00:09:23.018 --> 00:09:26.706 адамды қалайсыз ғой, күйзеліске тұрақсыз адамды емес. NOTE Paragraph 00:09:26.706 --> 00:09:32.938 Егер альфа-еркек немесе қатардағы примат 00:09:32.938 --> 00:09:36.629 күтпеген жерден басшылықты басып алғысы келсе, 00:09:36.629 --> 00:09:39.186 бұдан біраз күн бұрын оның бойындағы 00:09:39.186 --> 00:09:42.297 тестостерон мөлшері айтарлықтай өсіп, 00:09:42.297 --> 00:09:45.802 кортизол мөлшері түсіп кетеді. 00:09:45.802 --> 00:09:48.843 Бұның бізде дәлелі бар, яғни тән сананы, 00:09:48.843 --> 00:09:51.209 кем дегенде әлпетін қалыптастыра алады. 00:09:51.209 --> 00:09:55.338 Сондай-ақ рөлдің өзгеруі де сананы қалыптастырады. 00:09:55.338 --> 00:09:58.120 Сөйтіп, рөлімізді өзгерттік делік, 00:09:58.120 --> 00:10:00.704 яғни қылықтарымызға, іс-қимылдарымызға сәл-пәл 00:10:00.704 --> 00:10:03.117 осылай өзгертулер енгізген кезде не болар екен? 00:10:03.117 --> 00:10:05.768 Былай дейсіз: «Екі минутқа осылай тұрсам, 00:10:05.768 --> 00:10:08.551 бұл мені бұрынғыдан да сенімдірек етеді». NOTE Paragraph 00:10:08.551 --> 00:10:13.026 Былай істедік. Адамдарды лабораторияға шақыртып, 00:10:13.026 --> 00:10:16.039 шағын ғылыми тәжірибе жасауға бел будық. 00:10:16.039 --> 00:10:20.078 Бұл адамдар екі минутқа не сенімді кейіп, 00:10:20.078 --> 00:10:23.587 не сенімсіз кейіп танытуы тиіс болатын. Сізге бес кейіп түрін 00:10:23.587 --> 00:10:26.879 көрсетпекпін, алайда қатысушылар олардың тек екеуін ғана істеді. 00:10:26.879 --> 00:10:29.359 Бұл – біріншісі. 00:10:29.359 --> 00:10:31.453 Тағы екеуі. 00:10:31.453 --> 00:10:34.271 Бұны «Ғажайып әйел» деп атап кеткен 00:10:34.271 --> 00:10:36.646 БАҚ өкілдері. 00:10:36.646 --> 00:10:37.968 Мінеки, тағы бірнешеуі. 00:10:37.968 --> 00:10:40.322 Не отырған күйде, не тұрған күйде бола аласыз. 00:10:40.322 --> 00:10:42.307 Ал мыналар – әлсіздің кейіптері. 00:10:42.307 --> 00:10:46.370 Бүрісіп, өзіңізді кішірейтіп тұрсыз. 00:10:46.370 --> 00:10:48.109 Мынау – өте әлсіздердің кейпі. 00:10:48.109 --> 00:10:49.976 Мойныңызды осылай қолмен ұстаған кезде 00:10:49.976 --> 00:10:52.092 өзіңізді шынында қорғап тұрғандай боласыз. 00:10:52.092 --> 00:10:54.677 Не болатынын көріңіз. Олар кіреді де, 00:10:54.677 --> 00:10:56.437 тексеру үшін арнайы ыдысқа түкіреді. 00:10:56.437 --> 00:10:59.410 Екі минутқа қандай да бір кейіпті танытуын сұраймыз. 00:10:59.410 --> 00:11:01.613 Олар бұл кейіп суреттерін көрмейді. Олардың күш 00:11:01.613 --> 00:11:04.783 бейнесін алдын ала білгенін қаламаймыз. Күшті сезінгенін қалаймыз. 00:11:04.783 --> 00:11:06.842 Олар бұны екі минут бойы жасайды. 00:11:06.842 --> 00:11:10.151 Сосын біз оларға күшті қалай сезінгендері туралы бірнеше сұрақ қоямыз, 00:11:10.151 --> 00:11:12.818 әрі құмар ойын ойнатамыз. 00:11:12.818 --> 00:11:15.523 Сосын тағы да сілекей үлгілерін аламыз. 00:11:15.523 --> 00:11:17.148 Болды. Ғылыми тәжірибеміз осындай. NOTE Paragraph 00:11:17.148 --> 00:11:20.854 Мынаны анықтадық: сенімді кейіптегі адамдардың 00:11:20.854 --> 00:11:23.752 86 пайызы тәуекелшіл болады екен, 00:11:23.752 --> 00:11:27.250 яғни құмар ойындарын ойнауға бейім келеді екен. 00:11:27.250 --> 00:11:29.195 Ал әлсіз кейіптегілердің 00:11:29.195 --> 00:11:33.370 60 пайызы ғана сондай болады, бұл дегенің әжептәуір үлкен айырмашылық. 00:11:33.370 --> 00:11:35.850 Мынау – тестостерон талдауының қорытындысы. 00:11:35.850 --> 00:11:39.355 Сенімді кейіп танытқандардың тестостерон мөлшері 00:11:39.355 --> 00:11:41.717 әдеттегіден шамамен 20 пайызға өсіп, 00:11:41.717 --> 00:11:46.338 әлсіз кейіп танытқандардың тестостероны шамамен 10 пайызға түскен. 00:11:46.338 --> 00:11:49.155 Екі-ақ минутта осындай өзгерістерге қол жеткіздіңіз. 00:11:49.155 --> 00:11:51.907 Ал мынау кортизолдың өзгерісі: сенімді кейіптегілердің 00:11:51.907 --> 00:11:54.954 кортизолы шамамен 25 пайызға түсіп, 00:11:54.954 --> 00:11:59.086 әлсіз кейіптегілердікі шамамен 15 пайызға өскен. 00:11:59.086 --> 00:12:02.328 Екі-ақ минут миыңыздағы қайсар, 00:12:02.328 --> 00:12:06.515 сенімділік, ыңғайлылық сезімін немесе 00:12:06.515 --> 00:12:09.383 сабырсыздық, тұйықтану сезімін тудыратын 00:12:09.383 --> 00:12:12.361 гормондық өзгерістерге алып келеді. 00:12:12.361 --> 00:12:15.627 Бәрімізге таныс жағдай емес пе? 00:12:15.627 --> 00:12:18.514 Сөйтіп, бейвербаликаларымыз біздің өзіміз туралы 00:12:18.514 --> 00:12:20.505 ойлау мен сезіну салтын белгілейді. 00:12:20.505 --> 00:12:23.291 Олар тек өзгелерге тәуелді болып қана, өзімізге де тәуелді. 00:12:23.291 --> 00:12:25.718 Сонымен қатар денеміз санымызды да өзгертеді. NOTE Paragraph 00:12:25.718 --> 00:12:28.124 Бірақ әрине мынадай сұрақ туындайды: 00:12:28.124 --> 00:12:29.898 бірнеше минуттық сенімді кейіп таныту 00:12:29.898 --> 00:12:31.929 өміріңізді мағыналы түрде өзгерте ала ма? 00:12:31.929 --> 00:12:34.575 Мынау – лабораторияның іші. Екі минутқа созылған 00:12:34.575 --> 00:12:37.171 бұл тапсырмамен сіздер таныссыздар. Бұны біз шынында 00:12:37.171 --> 00:12:39.946 қай жерде қолдана аламыз? Әрине, маңызды жағдайда. 00:12:39.946 --> 00:12:44.123 Менің ойымша бұл әдісті әлеуметтік қорқыныш 00:12:44.123 --> 00:12:46.711 секілді жағдайларда қолдана аласыз, 00:12:46.711 --> 00:12:50.164 яғни сізді мысалға достарыңыз бағалайтын жағдайда. 00:12:50.164 --> 00:12:53.848 Бұндай жағдай жасөспірімдер арасында асхана үстелінде кездесіп жатады. 00:12:53.848 --> 00:12:56.053 Бұл кейбір адамдар үшін мектеп жиналыстарында 00:12:56.053 --> 00:12:59.077 халық алдында сөз айтатын кезінде керек болуы мүмкін. 00:12:59.077 --> 00:13:01.934 Ол тіпті бәлкім жұмысқа кіру 00:13:01.934 --> 00:13:04.732 үшін сұхбат жүргізгенде керек болар. 00:13:04.732 --> 00:13:07.224 Көптеген адамдарды осы қызықтырады деген ойға келдік, 00:13:07.224 --> 00:13:08.461 себебі бұндай жағдай 00:13:08.461 --> 00:13:09.843 бәрінің басынан өткен. NOTE Paragraph 00:13:09.843 --> 00:13:13.796 Осы анықталған деректерді жариялай салысымен барлық БАҚ өкілдері 00:13:13.796 --> 00:13:16.390 бұны қызу талқылай бастады. Яғни олар: «Жұмыс сұхбатына 00:13:16.390 --> 00:13:19.590 барған кезде осылай істейсіз бе?» деді. (Күлкі) 00:13:19.590 --> 00:13:21.541 Содан біз, әлбетте, шошып кетіп: 00:13:21.541 --> 00:13:24.326 «Құдайым-ай, жоқ, жоқ, біздің айтқымыз келгені ол емес, 00:13:24.326 --> 00:13:26.941 бірнеше себептерге орай олай істемеңдер» дедік. 00:13:26.941 --> 00:13:29.342 Әңгіме сіздің адамдармен қалай сөйлесуіңізде емес. 00:13:29.342 --> 00:13:31.391 Әңгіме сіздің өзіңізбен қалай сөйлесуіңізде. 00:13:31.391 --> 00:13:33.730 Сұхбаттаспас бұрын не істейсіз? Осылай істейсіз, 00:13:33.730 --> 00:13:36.896 солай емес пе? Отырасыз да, ешнәрсені ұмытпауға тырысып айфоныңызға 00:13:36.896 --> 00:13:38.752 немесе андройдыңызға үңілесіз. 00:13:38.752 --> 00:13:40.946 Естеліктеріңізге қарап, 00:13:40.946 --> 00:13:42.866 бүкірейіп, өзіңізді кішірейте бастайсыз, 00:13:42.866 --> 00:13:45.068 шын мәнінде шомылатын бөлмеде осылай істеудің 00:13:45.068 --> 00:13:48.484 орнына, солай ма? Солай істеңіз. Екі минутыңызды бөліңіз. 00:13:48.484 --> 00:13:49.904 Біз осыны талдадық. 00:13:49.904 --> 00:13:52.088 Лабораторияға адамдарды шақырдық та, 00:13:52.088 --> 00:13:55.465 олар қайтадан не сенімді, не сенімсіз кейіп танытып, 00:13:55.465 --> 00:13:58.097 ауыр жұмыс сұхбатынан өтті. 00:13:58.097 --> 00:14:01.713 Сұхбаттың ұзақтығы – бес минут, әрі олар жазылып алынды. 00:14:01.713 --> 00:14:04.224 Олар сондай-ақ қазылар тарапынан бағаланып отырды, 00:14:04.224 --> 00:14:08.199 қазылар ешқандай бейвербалика көрсетпеуге машықтанған, 00:14:08.199 --> 00:14:09.326 әрі түрлері осындай. 00:14:09.326 --> 00:14:12.090 Осындай адам сізбен сұхбаттасып тұрғанын елестетіп көріңіз. 00:14:12.090 --> 00:14:16.713 Бес минут осылай, ешқандай эмоция жоқ, бұл дегенің шытырман сұрақтар қойғаннан бетер. 00:14:16.713 --> 00:14:20.026 Адамдар бұны жек көреді. Марианна ЛаФранс бұны 00:14:20.026 --> 00:14:22.117 «әлеуметтік батпаққа бату» деп атайды. 00:14:22.117 --> 00:14:23.926 Кортизолды өсіретін дәл осы жағдай. 00:14:23.926 --> 00:14:25.838 Мынау олар өткен жұмысқа тұру сұхбаты, 00:14:25.838 --> 00:14:28.457 біз не болатынын қатты көргіміз келді. 00:14:28.457 --> 00:14:31.564 Сосын мамандарға осы төрт видеожазбаны көрсетеміз. 00:14:31.564 --> 00:14:34.736 Олардың ешқандай тәжірибе гипотезасынан, шарттарынан хабары жоқ. 00:14:34.736 --> 00:14:37.521 Ешқайсысы кімнің қандай кейіпте болғанын білмейді. 00:14:37.521 --> 00:14:41.051 Олар видеоларды көріп болып, 00:14:41.051 --> 00:14:44.313 сенімді кейіп танытқандарды меңзей отырып: 00:14:44.313 --> 00:14:48.105 «Осы адамдарды жұмысқа алғымыз келеді» дейді, «мына адамдарды алғымыз келмейді. 00:14:48.105 --> 00:14:50.890 Алдыңғы адамдар көбірек позитивті болды.» 00:14:50.890 --> 00:14:55.626 Бірақ бұған не әсер етті? Ол әңгіменің мазмұнында емес. 00:14:55.626 --> 00:14:58.502 Үміткерлердің әңгіме кезінде өздерін қалай сезінуінде. 00:14:58.502 --> 00:15:00.981 Сондай-ақ олардың біліктілігін бағаладық. 00:15:00.981 --> 00:15:04.312 Олар әңгімесін қалай, қаншалықты жақсы құрастырады. 00:15:04.312 --> 00:15:06.418 Біліктілігі қалай? 00:15:06.418 --> 00:15:09.274 Бұл көрсеткіштер ешқандай әсер берген жоқ. 00:15:09.274 --> 00:15:12.753 Жұмыс берушілердің ойына адамдардың өздерін қалай көрсетуі әсер етті. 00:15:12.753 --> 00:15:14.626 Өздерін көрсету керек қой. 00:15:14.626 --> 00:15:16.849 Олар идеяларын береді, бірақ идеясына 00:15:16.849 --> 00:15:19.385 өздері қызықпайды, құмартпайды. 00:15:19.385 --> 00:15:24.316 Дәл осы көрсеткіштер жұмыс берушінің шешіміне әсер етеді. NOTE Paragraph 00:15:24.316 --> 00:15:27.684 Адамдарға осы туралы айтқанымда, 00:15:27.684 --> 00:15:30.433 яғни тәніміз санамызды, санамыз қылықтарымызды, 00:15:30.433 --> 00:15:33.539 қылықтарымыз оқиға нәтижесін өзгертетінін айтқан кезде олар маған: 00:15:33.539 --> 00:15:35.496 «Сеніңкіремеймін, жалған көрінеді» дейді. 00:15:35.496 --> 00:15:39.185 Содан мен: «қолыңнан келгенше кейіп таныт» дедім. «Жоқ, бұл мен емес қой, 00:15:39.185 --> 00:15:42.360 Ол жаққа барып, өзімді алаяқ сезінгім келмейді. 00:15:42.360 --> 00:15:43.879 жалған болғым келмейді, 00:15:43.879 --> 00:15:48.291 өзімді сол жерде болмауым тиіс деп сезіну үшін ғана ол жерге барғым келмейді». 00:15:48.291 --> 00:15:50.478 Менде бұл соған үндес ой туғызды, 00:15:50.478 --> 00:15:52.536 сіздерге жалған болуым туралы, сол жерде 00:15:52.536 --> 00:15:55.946 болмауым тиіс деп сезінуім туралы шағын оқиға айтып бермекпін. NOTE Paragraph 00:15:55.946 --> 00:15:58.887 19 жасымда мен өте ауыр көлік апатына ұшырадым. 00:15:58.887 --> 00:16:02.292 Көліктен ұшып түсіп, бірнеше рет аударылдым. 00:16:02.292 --> 00:16:05.803 Мені көліктен ұшып түстім. Бас сүйек зақымы палатасында 00:16:05.803 --> 00:16:09.395 ояндым, колледжден кетуге мәжбүр болдым. 00:16:09.395 --> 00:16:15.107 IQ-імнің екі стандартты ауытқуға төмендегенін білдім. 00:16:15.107 --> 00:16:17.695 Бұл маған өте ауыр соққы болды. 00:16:17.695 --> 00:16:20.566 IQ-ім жоғары болатұғын, себебі мені кішкентайымнан ақылды, 00:16:20.566 --> 00:16:22.578 әрі дарынды деп есептеген. 00:16:22.578 --> 00:16:25.778 Мені колледжден шығарып жіберді, қайтып келуге тырыстым. 00:16:25.778 --> 00:16:27.502 Олар: «Колледжді бітіре алмайсың. 00:16:27.502 --> 00:16:30.379 Айналысуға болатын басқа істер таба аласың, 00:16:30.379 --> 00:16:32.277 ал бұл сенің қолыңнан келмейді» - деді. 00:16:32.277 --> 00:16:36.161 Мен осымен қатты күрестім. Айтуым тиіс: 00:16:36.161 --> 00:16:38.935 Адам өз тұлғасының өзегінен айрылса, 00:16:38.935 --> 00:16:40.794 яғни мен үшін бұл – ақыл-ойым, 00:16:40.794 --> 00:16:45.203 ол өзінің күш нәрінен айрылады да, ең әлсіз адамға айналады. 00:16:45.203 --> 00:16:48.245 Мен өзімді тұтастай әлсіз сезіндім, бірақ тынбастан жұмыстандым. 00:16:48.245 --> 00:16:50.939 Жұмыстандым да, дегеніме қол жеткіздім. NOTE Paragraph 00:16:50.939 --> 00:16:53.391 Ақырында колледжді бітіріп шықтым. 00:16:53.391 --> 00:16:55.198 Қатарластарымнан 4 жыл көп оқыппын, 00:16:55.198 --> 00:16:59.756 әрі біреуді мені Пристонға алуын көндірдім. 00:16:59.756 --> 00:17:02.700 Ол менің кеңесші періштем – Сюзан Фиске болатын. 00:17:02.700 --> 00:17:05.171 Бірақ мен бұл менің жерім емес, 00:17:05.171 --> 00:17:06.845 мен өтірікшімін деп ойлай бердім. 00:17:06.845 --> 00:17:08.426 Ең алғаш сөз сөйлеу алды түні, 00:17:08.426 --> 00:17:11.064 Принстонда 20 адамның алдында 20 минуттық 00:17:11.064 --> 00:17:13.099 сөз сөйлеу алды түні 00:17:13.099 --> 00:17:15.986 ұсталып қалам деп қорыққаным сонша, 00:17:15.986 --> 00:17:18.799 Сюзанға телефон соғып: «Университеттен кетемін», - дедім. 00:17:18.799 --> 00:17:20.655 Ол: «Кетпейсің, 00:17:20.655 --> 00:17:23.213 себебі бұл сенің қолыңнан келетініне бәс тіктім. 00:17:23.213 --> 00:17:25.404 Сен қаласың да, былай істейсің: 00:17:25.404 --> 00:17:26.761 жалған кейіп танытасың. 00:17:26.761 --> 00:17:30.541 Олар сұраған әрбір баяндаманы айтып бересің. 00:17:30.541 --> 00:17:32.280 Тіпті қорқып, тұлай бойың өзіңе 00:17:32.280 --> 00:17:35.249 бағынбаса да, айтқандарын істей бересің. 00:17:35.249 --> 00:17:37.827 «Құдай-ай, қолымнан келіп жатыр, 00:17:37.827 --> 00:17:40.992 соған айналып барам, шынымен қолымнан келіп жатыр» 00:17:40.992 --> 00:17:43.958 демейінше солай істей бересің», - деді. 00:17:43.958 --> 00:17:46.178 Айтқаныдай жасадым. Бес жыл аспирантура дегенің 00:17:46.178 --> 00:17:48.139 Солтүстік-батыс университеті үшін аз. 00:17:48.139 --> 00:17:50.696 Содан Гарвардқа түстім. Мен Гарвардтамын. Бұдан былай 00:17:50.696 --> 00:17:54.196 жаман ойлауды қойдым, бірақ бұған дейін: «Бұл менің жерім емес, 00:17:54.196 --> 00:17:56.500 бұл жерде болмауым тиіс» деп ойлай беретінмін. NOTE Paragraph 00:17:56.500 --> 00:17:58.978 Гарвардтағы алғашқы жылымның аяғында 00:17:58.978 --> 00:18:03.264 бүкіл семестр бойы сөз сөйлемеген студент қыз кабинетіме келді. 00:18:03.264 --> 00:18:06.891 Оған бұрын «Сабақта белсендірек болуың тиіс, әйтпесе оқудан шығарып жібереді» 00:18:06.891 --> 00:18:09.253 дегенмін. Оны мүлдем танымайтынмын. 00:18:09.253 --> 00:18:13.235 Ол маған қайғы басқан түрімен: 00:18:13.235 --> 00:18:19.280 «Мен бұл жерде болмауым тиіс», - деді. 00:18:19.280 --> 00:18:23.408 Сол сәтте менде екі нәрсе болды. 00:18:23.408 --> 00:18:24.902 Біріншіден, құдайым-ай, 00:18:24.902 --> 00:18:27.146 мені енді мұндай ойлар мазаламайды. 00:18:27.146 --> 00:18:30.888 Менде енді мұндай сезім жоқ, ал бұл қызда бар, әрі мен оның жағдайын түсінемі. 00:18:30.888 --> 00:18:33.245 Екіншіден, ол бұл жерде болуы тиіс! 00:18:33.245 --> 00:18:35.259 Ол қолынан келгенше кейіп таныта алады ғой. 00:18:35.259 --> 00:18:38.999 Мен: «Жоқ, бұл сенің жерің, Қалуың тиіс. 00:18:38.999 --> 00:18:40.434 Ертең барасың да, сенімді кейіп 00:18:40.434 --> 00:18:43.498 танытып, өзіңе сенімді боласың. 00:18:43.498 --> 00:18:46.521 Сен...» (Қошемет) 00:18:46.521 --> 00:18:48.560 (Қошемет) 00:18:48.560 --> 00:18:52.993 «Аудиторияға кіресің де, 00:18:52.993 --> 00:18:55.417 тамаша сөз сөйлеп шығасың» дедім. 00:18:55.417 --> 00:18:58.422 Білесіздер ме? Ол тамаша сөйлеп шықты. 00:18:58.422 --> 00:18:59.665 Адамдар бұрылып қарады да: 00:18:59.665 --> 00:19:02.919 «Мәссаған, оның осы жерде отыратынын еш байқамаппыз» деді. (Күлкі) NOTE Paragraph 00:19:02.919 --> 00:19:05.600 Ол айлар өткен соң маған келді, мен түсіндім: 00:19:05.600 --> 00:19:07.884 ол жай ғана қолынан келгенше кейіп танытқан жоқ, 00:19:07.884 --> 00:19:10.608 ол соған айналғанша кейіп танытты. 00:19:10.608 --> 00:19:12.431 Ол өзгерді. 00:19:12.431 --> 00:19:16.515 Сол үшін мен сіздерге қолыңыздан келгенше кейіп танытпаңыздар, 00:19:16.515 --> 00:19:19.312 соған айналғанша кейіп танытыңыздар дегім келеді. 00:19:19.312 --> 00:19:22.953 Бұл өзгерістер кәдімгідей бөлшегіңізге айналғанша істей беріңіздер. NOTE Paragraph 00:19:22.953 --> 00:19:25.608 Соңғы айтарым бар. 00:19:25.608 --> 00:19:30.080 Кішкентай қулықтар үлкен өзгерістерге алып келе алады. 00:19:30.080 --> 00:19:32.577 Жаңағы екі минут. 00:19:32.577 --> 00:19:34.313 Екі минут, екі минут, екі минут. 00:19:34.313 --> 00:19:37.559 Бағаланатын, әрі күйзелтетін жағдаймен бетпе-бет келмес бұрын 00:19:37.559 --> 00:19:39.785 екі минут осылай жасауға тырысыңыздар: 00:19:39.785 --> 00:19:43.504 лифтте, жуынатын бөлме кабинасында, жабық есік артындағы үстеліңіздің жанында. 00:19:43.504 --> 00:19:45.404 Осылай істеулеріңіз тиіс: 00:19:45.404 --> 00:19:47.766 миыңызға жақсы нәрсе болуын үгіттеңіз. 00:19:47.766 --> 00:19:50.731 Тестестероныңызды өсіріп, кортизолыңызды түсіріңіз. 00:19:50.731 --> 00:19:54.697 "Өз-өзімді еш көрсете алмадым" деген кірбің ойлар қалмасын. 00:19:54.697 --> 00:19:56.359 Өзіңізге "қазір барамын да, 00:19:56.359 --> 00:19:58.885 өзімнің кім екенімді көрсетемін" деп үгіттеңіз. NOTE Paragraph 00:19:58.885 --> 00:20:01.427 Сөйтіп, мен сізден біріншіден сенімді 00:20:01.427 --> 00:20:05.208 кейіп танытуыңыздан бөлек 00:20:05.208 --> 00:20:07.094 осы тәжірибелеріңізбен 00:20:07.094 --> 00:20:10.322 бөлісе отыруларыңызды сұраймын, өйткені бұл қиын емес қой. 00:20:10.322 --> 00:20:12.199 Бұл эгома тиіп кетпейді. (Күлкі) 00:20:12.199 --> 00:20:13.896 Адамдармен бөлісіңіздер, себебі 00:20:13.896 --> 00:20:15.947 бұны қажет ететін көптеген адамдар бар, 00:20:15.947 --> 00:20:20.105 олардың құралы, технологиясы, әрі статусы 00:20:20.105 --> 00:20:23.231 мен билігі болмауы мүмкін. Оларға осы мүмкіндікті беріңіздер, 00:20:23.231 --> 00:20:24.514 себебі олар екі минутқа 00:20:24.514 --> 00:20:27.343 денесімен жалғыз қалуы керек. 00:20:27.343 --> 00:20:30.493 сонда өмірін айтарлықтай өзгерте алады. 00:20:30.493 --> 00:20:34.679 Рақмет. (Қошемет) 00:20:34.679 --> 00:20:41.569 (Қошемет)