Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар
-
0:04 - 0:05Намаскар.
-
0:06 - 0:08Мен кино жұлдызымын, жасым 51-де,
-
0:10 - 0:12әзірге ботокс қолданбаймын.
-
0:12 - 0:13(Күлкі)
-
0:13 - 0:17Мен тазамын, өзімді киноларымдағы
21 жасар адамдай ұстаймын. -
0:18 - 0:20Иә, солай істеймін.
-
0:20 - 0:25Мен армандарды сатамын, Үндістандағы
миллиондаған адамдарға махаббат ұсынамын, -
0:25 - 0:27олар мені әлемдегі ең керемет
көңілдес дейді. -
0:27 - 0:29(Күлкі)
-
0:30 - 0:33Ешкімге айтпасаңыздар,
сіздерге олай емес дегім келеді, -
0:33 - 0:35бірақ болжамды ешқашан
жоққа шығармадым. -
0:35 - 0:36(Күлкі)
-
0:36 - 0:37Сонымен бірге бұл жерде
-
0:37 - 0:40менің жұмыстарымды көрмегендер
көп екенін түсінемін, -
0:40 - 0:41сіздер үшін уайымдаймын.
-
0:41 - 0:44(Күлкі)
-
0:44 - 0:46(Қол шапалақтау)
-
0:49 - 0:52Мен өзімді жақсы көретінімді
жасырмаймын, -
0:52 - 0:53әрбір кино жұлдызы сияқты.
-
0:53 - 0:55(Күлкі)
-
0:55 - 0:58Менің достарым Крис пен
Джульет мені болашақ туралы -
0:58 - 1:00сөйлеуге шақырды.
-
1:00 - 1:03Шындығында мен қазіргі
өзім туралы айтамын. -
1:03 - 1:05(Күлкі)
-
1:07 - 1:10Мен шынымен адамзаттың
өзім сияқты екеніне сенемін. -
1:10 - 1:11(Күлкі)
-
1:11 - 1:13Солай. Солай.
-
1:13 - 1:14Қартайып жатқан жұлдыз
-
1:15 - 1:18айналасында болып жатқан
жаңалықтарды алып, -
1:18 - 1:21бірінші кезекте бұл құқықты
алғанына таңғалып, -
1:21 - 1:23әлі де жол тапқысы келіп
-
1:23 - 1:25ешнәрсеге қарамай тырысып жатыр.
-
1:26 - 1:29Үндістанның астанасы Нью-Делиде
қашқындар колониясында дүниеге келдім. -
1:30 - 1:32Менің әкем бостандық үшін күресті.
-
1:32 - 1:35Анам, басқа аналар сияқты жай ғана
күрескер еді. -
1:38 - 1:41Басқа да адамдар сияқты
-
1:41 - 1:42күн көріс үшін күрестік.
-
1:43 - 1:45Жиырмаға шығар жасымда
-
1:45 - 1:47ата-анамнан айырылдым,
-
1:47 - 1:50қазір мойындауым керек
уайымсыз сияқты көрінемін, -
1:50 - 1:51бірақ --
-
1:52 - 1:55(Күлкі)
-
1:57 - 1:59әкем қайтыс болған күн есімде,
-
1:59 - 2:04бізді ауруханаға апарған
көрші жүргізуші есімде. -
2:04 - 2:07Ол "өлген адамдар шайпұл бермейді"
деп міңгірлеп -
2:07 - 2:08қараңғыға сүңгіп жоқ болды.
-
2:09 - 2:11Мен 14 жаста едім,
-
2:11 - 2:14әкемнің денесін машинаның артқы
орындығына қойдым, -
2:14 - 2:16анам қасымда,
-
2:16 - 2:18ауруханадан үйге қарай
машинаны айдап келдім. -
2:18 - 2:22Жайлап жылап отырып анам
маған қарады да былай деді: -
2:22 - 2:24"Ұлым, қашан машина айдап үйрендің?!
-
2:26 - 2:29Сол туралы ойлап, түсіндім де,
анама былай дедім: -
2:29 - 2:31"Дәл қазір, анашым."
-
2:31 - 2:33(Күлкі)
-
2:33 - 2:34Сол түннен бастап менде
-
2:34 - 2:37адамзатқа деген сүйіспеншілік оянды,
-
2:37 - 2:41аман қалудың барлық жолдарын үйрендім.
-
2:41 - 2:45Шынын айтсам ол кезде өмірдің мәні
өте қарапайым еді. -
2:45 - 2:48Сен қолыңда бар нәрсені жейсің,
-
2:48 - 2:50істе деген нәрсені жасайсың.
-
2:50 - 2:53Мен целиакия – көкөніс,
-
2:53 - 2:58ал "Жұлдызды жолдағы" Спокстың досы
веган екен деп ойладым. -
2:58 - 2:59(Күлкі)
-
2:59 - 3:02Кездесуге бірінші шақырған қызға
үйленесің, -
3:02 - 3:06машинаңның карбюраторын жөндей
алсаң, технар боп шығасың. -
3:07 - 3:11Мен, шынымен де, "гей" ағылшын тіліндегі
күрделі сөз деп ойладым. -
3:12 - 3:15Ал "Лесбиан", әрине, Португалия
астанасы, бәріңіз білетіндей. -
3:15 - 3:16(Күлкі)
-
3:16 - 3:18Мен қайда болдым?
-
3:21 - 3:23Біз жүйеге сендік,
-
3:23 - 3:27ол бір ұрпақтың құрбандығы мен
еңбегінен құралды, бірақ бізді -
3:27 - 3:28қорғауға тиіс болатын,
-
3:28 - 3:32мемлекет біздің игілігіміз үшін
бәрін жасайды деп ойлайтынбыз. -
3:32 - 3:34Ғылым қарапайым және қисынды еді,
-
3:34 - 3:36Apple - әлі де алма еді,
-
3:37 - 3:39алдымен Ева, содан кейін
Ньютон -
3:39 - 3:42иелік еткен, Стив Джобс емес.
-
3:42 - 3:43Сен көшеде жалаңаш жүгіріп
-
3:43 - 3:46өткің келгенде,
"Эврика" деп айқайлайсың -
3:46 - 3:50Өмір саған қандай жұмыс ұсынса,
соны істейсің, -
3:50 - 3:52көп жағдайда, адамдар саған
тілектес болады. -
3:53 - 3:55Миграция термині
-
3:55 - 3:57адамдарға емес, Сібір
пойыздарына айтылатын. -
3:58 - 4:01Ең бастысы – сен кім болсаң, сол едің,
-
4:01 - 4:03ойлаған нәрсеңді айтатынсың.
-
4:03 - 4:05Жасым жиырмадан асқанда
-
4:05 - 4:08мен дамып жатқан мегаполис
Мумбаиға көшіп кеттім, -
4:08 - 4:10менің шегарам
-
4:10 - 4:13жаңа индустриалды армандаған
адамгершілік сияқты, -
4:13 - 4:14кеңейе бастады.
-
4:15 - 4:18Қаланың қарбаласында күн көріс
жағдайы да өзгерді, -
4:18 - 4:20көп нәрсе басқаша көріне бастады.
-
4:20 - 4:23Мен әлемнің әр түкпірінен келген
көп адамды кездестірдім, -
4:24 - 4:27олардың бет әлпеті, нәсілі, жынысы,
несиесі әртүрлі еді. -
4:27 - 4:30Түсініктер де барынша екіұшты
бола бастады. -
4:30 - 4:33Жұмыс сізді
-
4:33 - 4:36тобырмен бірдей ететіндей еді,
-
4:36 - 4:39бүкіл жүйе сізге арналмағандай еді
-
4:39 - 4:42олар сізді, адамзаттың түрлілігін
-
4:42 - 4:44қолдау үшін жаралмағандай,
-
4:44 - 4:46адам өзі дамып, өзі өсуі керек.
-
4:48 - 4:50Идеялар тез әрі жылдам таралады.
-
4:51 - 4:57Мен инновацияның кереметі мен
адамдардың өзара әрекетін сездім, -
4:57 - 4:58өзімнің шығармашыл екенімді
-
4:58 - 5:03сездім, ұжымдық жігердің қолдауын
алып -
5:03 - 5:05мен супер жұлдызға айналдым.
-
5:05 - 5:08Мен өзімді тапқанымды сезіндім,
-
5:08 - 5:11жасым қырыққа таяғанда, мен өзімді
шынымен ұшып жүргендей сезіндім. -
5:11 - 5:12Мен барлық жерде едім.
-
5:12 - 5:14Білесіз бе? 50 фильмге түстім,
-
5:14 - 5:16200 ән орындадым,
-
5:17 - 5:19малайзиялықтар "батыр" атағын берді,
-
5:19 - 5:22Француз үкіметі маған жоғарғы
азаматтық марапат ұсынды, -
5:22 - 5:26бірақ оның атауын қазірге дейін
айта алмаймын. -
5:26 - 5:27(Күлкі)
-
5:27 - 5:30Осы үшін Франциядан кешірім
сұраймын және рахмет айтамын. -
5:30 - 5:34Бірақ ең бастысы мен
Анжелина Джолиді көрдім -- -
5:34 - 5:36(Күлкі)
-
5:36 - 5:38екі жарым секунд қана.
-
5:38 - 5:39(Күлкі)
-
5:39 - 5:42Оның да мені бір жерде көргені
есінде болар деп сенемін. -
5:42 - 5:43Мүмкін есінде жоқ шығар.
-
5:43 - 5:47Мен түскі ас кезінде Ханна Монтананың
қасында отырдым, -
5:47 - 5:49ол маған арқасымен
отырғаны маңызды емес. -
5:50 - 5:52Жоғарыда айтқанымдай,
мен Майлиден Джолиге, -
5:53 - 5:56менімен бірге адамгершілік те
қалықтап жүрді. -
5:56 - 5:59Екеуміз де төменге құлдырауға
дайын едік. Содан кейін -
5:59 - 6:01не болғанын барлығыңыз білесіз.
-
6:02 - 6:03Интернет пайда болды.
-
6:04 - 6:06Мен елуге таяп қалдым,
-
6:06 - 6:08тордағы шымшық сияқты
сайрай бастадым да, -
6:09 - 6:12менің әлеміме келген адамдар
-
6:12 - 6:14таңырқайды деп ойладым,
-
6:14 - 6:16мен осы ғажапқа сендім.
-
6:16 - 6:18Адамгершілік екеумізді
басқа нәрсе күтіп тұрды. -
6:19 - 6:24Байланыс құралдарының тарауымен
идеяларымыз бен армандарымыз -
6:24 - 6:26да бүкіл әлемге таралады деп ойладық.
-
6:27 - 6:34Біз ойдың бесігі ретінде
ауылға сүйенбедік, -
6:35 - 6:37пайым мен ұғым
-
6:37 - 6:39пайда болған жерде
-
6:39 - 6:41бостандық пен революция
пайда болды. -
6:43 - 6:44Барлығында жаңа мән пайда болды.
-
6:45 - 6:47Не істесем де - жақсы,
жаман, сұмдық - -
6:48 - 6:51бәрі талқыланды және бағаланды.
-
6:51 - 6:54Мен не айтсам да, не істесем де
-
6:55 - 6:56осы жағдайға түсті.
-
6:57 - 6:58Төрт жыл бұрын
-
6:59 - 7:03әйелім Гаури екеуміз үшінші
баланы дүниеге әкелгіміз келді. -
7:04 - 7:06Интернетте мынадай өсек шықты
-
7:07 - 7:09дүниеге келген бала
-
7:09 - 7:10бірінші ұлымыздың баласы,
-
7:11 - 7:12ал ол 15 жаста еді.
-
7:13 - 7:16Мүмкін ол ақымақтық жасаған,
-
7:16 - 7:18Румыниядан машинамен
қызымен келе жатқанда. -
7:19 - 7:21Жаңалыққа өтірік видео да
қосылған еді. -
7:22 - 7:23Отбасым әуре-сарсаңға түсті.
-
7:23 - 7:25Ұлым, қазір 19 жаста,
-
7:25 - 7:27қазірге дейін амандасқан әрбір адамға
-
7:27 - 7:28жан-жағына қарап, былай дейді:
-
7:28 - 7:31«Менің тіпті еуропалық
жүргізуші куәлігім де жоқ». -
7:31 - 7:33(Күлкі)
-
7:33 - 7:35Иә.
-
7:35 - 7:37Бұл жаңа әлемде
-
7:37 - 7:40ақиқат өмір виртуалды, ал
виртуал өмір — ақиқатқа айналып, -
7:40 - 7:42жатқанда, мен өзім
-
7:42 - 7:45қалаған адам бола алмайтынымды,
қалағанымды айта алмайтынымды түсіндім, -
7:45 - 7:47дәл осы сәтте адамгершілік
-
7:48 - 7:50толығымен маған ұқсайды.
-
7:50 - 7:53Екеуміз де орта жастың дағдарысынан
өтіп жатырмыз, -
7:54 - 7:58адамгершілік те мен сияқты
примодоннаға айналды. -
7:58 - 8:00Мен барлығын сата бастадым,
-
8:00 - 8:03шаш майынан бастап
дизель генераторына дейін. -
8:03 - 8:05Адамгершілік бәрін сатып алды:
-
8:05 - 8:07тазаланбаған мұнайдан
ядролық реакторға дейін. -
8:08 - 8:11Мен тіпті суперқаһарманның киіміне
сиюға тырыстым, -
8:12 - 8:14ол өзімді өзгерту үшін жасалды.
-
8:14 - 8:16Шынын айтсам, жолым болмады.
-
8:17 - 8:22Барлық Бэтмен, Спайдермен,
-
8:22 - 8:24Супермендердің атынан айтқым келеді,
-
8:24 - 8:26сіздер оларға рахмет айтуларыңыз керек,
-
8:26 - 8:29өйткені олардың киімдерінде
шабыңыз қатты ауырады. -
8:29 - 8:30(Күлкі)
-
8:30 - 8:32Мен сіздерге адалмын.
Бұны айтуым керек еді. -
8:34 - 8:35Шынымен.
-
8:35 - 8:39Айтпақшы, жаңа би түрін
ойлап таптым, -
8:39 - 8:41бәрін еліктірмегенше,
ол туралы ойламадым. -
8:41 - 8:42Бәрі дұрыс,
-
8:42 - 8:45маған ыңғайсыз болса да,
сіздерге көрсетейін. -
8:45 - 8:47Бұл би лунги денс деп аталады.
-
8:47 - 8:50Рұқсат болса көрсетейін.
Мен талантпын ғой. -
8:50 - 8:51(Мақұлдаған дауыстар)
-
8:51 - 8:53Мен шамамен былай істеймін.
-
8:54 - 8:56Лунги-денс. Лунги-денс.
Лунги-денс. Лунги-денс. -
8:56 - 8:59Лунги-денс. Лунги-денс.
Лунги-денс. Лунги-денс. -
8:59 - 9:01Лунги-денс. Лунги-денс.
Лунги-денс. Лунги. -
9:01 - 9:03Осылай барлығын еліктірді.
-
9:03 - 9:04(Мақұлдаған дауыстар)
-
9:04 - 9:06Шынымен осылай болды.
-
9:08 - 9:12Сезгендеріңіздей, ешкім не
болғанын түсінбеді, менен басқасы, -
9:12 - 9:13бірақ маған бәрібір еді,
-
9:13 - 9:15өйткені бүкіл әлем және
адамгершілік мен сияқты -
9:16 - 9:17абыржыған және адасқандай еді.
-
9:19 - 9:20Бірақ мен берілмедім.
-
9:20 - 9:23Әлеуметтік желілерде өз тұлғамды
жаңадан жасауға тырыстым, -
9:23 - 9:24барлығы жасап жатқандай.
-
9:24 - 9:27Егер мен философиялық твиттер
жарияласам, адамдар -
9:27 - 9:28мен осы ойларға қосыламын
-
9:28 - 9:31деп ойлайды, бірақ алған кейбір
жауаптарда -
9:31 - 9:34маған түсініксіз күрделі
акронимдар көп болды. Сізге ше? -
9:34 - 9:36ROFL, LOL.
-
9:36 - 9:41Менің твит-ойларыма біреу
"Adidas" деп жазды, -
9:41 - 9:43неге маған кроссовканың
атауын жазды деп ойландым, -
9:43 - 9:46"кроссовканың атауын неге жаздың?"
мағынасында айтып тұрмын. -
9:46 - 9:4916 жасар қызымнан сұрағанда
ол былай жауап берді. -
9:49 - 9:52Қазір бұл "Күні бойы секс туралы
ойлаймын" дегенді білдіреді. -
9:52 - 9:55(Күлкі)
-
9:55 - 9:56Шынымен.
-
9:56 - 9:57Сіз мұны білетін бе едіңіз?
-
9:57 - 10:02Сондықтан Адидас мырзаға
«WTF» деп жауап бердім, -
10:02 - 10:06ойша кейбір акронимдердің
мағынасының өзгермейтініне қуандым. -
10:07 - 10:08WTF.
-
10:10 - 10:12Қазір осы жердеміз.
-
10:12 - 10:14Менің жасым 51-де,
-
10:14 - 10:18түсініксіз акронимдерге қарамастан,
-
10:18 - 10:19мынаны айтқым келеді,
-
10:19 - 10:22адамгершілікті көрсетуге қолайлы
сәт қажет болса, -
10:22 - 10:24бұл – осы сәт,
-
10:24 - 10:26өйткені қазіргі сіздер – батылсыздар.
-
10:27 - 10:29Қазіргі сіз – оптимистсіз.
-
10:29 - 10:32Қазіргі сіз – жаңашыл және
өнертапқышсыз, -
10:32 - 10:35оған қоса, қазіргі сіз ашуланғыш
әрі-сәрі жағдайдағы адамсыз. -
10:36 - 10:38Бұл сиқырда
-
10:39 - 10:41аяқталмаған шынайы өмір сәтінде
-
10:41 - 10:43осында келер алдында
батылдықты сезініп -
10:43 - 10:46мен өз жүзіме көз алмай
қарағым келді. -
10:48 - 10:51Мен өзіме қарап тұрып
Мадам Тюссо музейіндегі -
10:51 - 10:54балауыз мүсінге ұқсап
бара жатқанымды түсіндім -
10:54 - 10:56(Күлкі)
-
10:56 - 10:59Осыны ұғынған сәтте
-
10:59 - 11:03өзіме және адамгершілікке
мына сұрақты қойдым: -
11:04 - 11:06"Пластикалық операция
жасауым керек пе?" -
11:07 - 11:11Шынымен. Мен әртіспін,
-
11:11 - 11:14шығармашылықтың қазіргі көрінісімін.
-
11:14 - 11:16Менің туған жерім
-
11:16 - 11:21түсіндіруі қиын, бірақ қарапайым
руханияттың бесігі. -
11:22 - 11:24Өзінің шексіз жомарттығында
-
11:24 - 11:27Үндістан мына мені
-
11:27 - 11:31мұсылман және еркіндікті
аңсаған күрескердің ұлын, -
11:31 - 11:35армандарды сату бизнесіне
кездейсоқ келген мені -
11:36 - 11:40мелодрама патшасы
-
11:41 - 11:43«Бадшах Болливуд» жасады,
-
11:44 - 11:47бұрын соңды болмаған
ең керемет көңілдес деді -
11:48 - 11:49мені мына жүзіммен.
-
11:49 - 11:50Иә.
-
11:50 - 11:52(Күлкі)
-
11:52 - 11:54Алма-кезек бетім көріксіз, кейде
ерекше деп сипатталады, -
11:55 - 11:56оған қоса аса шоколадты емес екен.
-
11:56 - 11:59(Күлкі)
-
12:02 - 12:04Бұл ежелгі елдің тұрғындары
-
12:04 - 12:06мені шексіз махаббатына орады,
-
12:06 - 12:08мен олардан
-
12:09 - 12:11билік те, кедейлік те,
-
12:12 - 12:14өміріңді сиқырлырақ немесе қатал
-
12:14 - 12:15жасай алмайтынын ұқтым.
-
12:16 - 12:19Өз елімнің халқынан мен
мынаны үйрендім: -
12:19 - 12:21өмірдің абыройы,
-
12:21 - 12:24адамның, мәдениеттің, діннің,
елдің абыройы -
12:25 - 12:27негізінде өзіңнің мейірімділік пен
-
12:28 - 12:30аяушылық білдіру қабілетіңде.
-
12:31 - 12:33Сені алға жылжытатын,
-
12:33 - 12:36жасауға, құруға итермелейтін,
-
12:36 - 12:38құлаудан сақтандыратын,
-
12:38 - 12:40аман қалуға көмектесетін
-
12:40 - 12:44адамзатқа таныс ең көне және
қарапайым күй - -
12:44 - 12:46махаббат екенін түсіндім.
-
12:48 - 12:50Елімнің танымал ақыны былай дейді ...
-
12:50 - 12:52(Хинди тілінде өлең)
-
13:01 - 13:03(Өлеңнің соңы)
-
13:03 - 13:05Еркін аудармада бұл --
-
13:05 - 13:07иә, егер сіз хиндише білсеңіз,
шапалақтаңыз. -
13:07 - 13:09(Қол шапалақтау)
-
13:09 - 13:10Өлеңді еске сақтау оңай емес.
-
13:11 - 13:14Еркін аудармадағы мағынасы:
-
13:14 - 13:16кітаптардағы сіз оқитын
бар білім -
13:17 - 13:19сонан соң осы білімді басқаларға
беруі керек, -
13:19 - 13:23инновация, шығармашылық,
ғылым арқылы, -
13:23 - 13:26бірақ адамзат өзінің болашағын
біле алмайды, ал білу үшін, -
13:26 - 13:32жақынына деген махаббат пен аяушылық
сезімімен ұштастыруы керек. -
13:33 - 13:36«प्रेम» сөзіндегі екі жарым әріп
-
13:36 - 13:38"махаббат" дегенді білдіреді,
-
13:38 - 13:40егер сіз мұны түсінуге, өзіңізден
-
13:40 - 13:41өткізуге қабілетті болсаңыз,
-
13:41 - 13:44онда мұның өзі адамзат
ағартушылығына жеткілікті. -
13:45 - 13:47Сондықтан болашақтағы "сіз"
-
13:48 - 13:50махаббатқа толы болуыңыз керек.
-
13:51 - 13:53Басқаша болса өркендемейді.
-
13:54 - 13:57Ол өзімшілдіктен шыға алмай өледі.
-
13:59 - 14:00Сіз энергияңызды
-
14:01 - 14:02қабырға соғып
-
14:02 - 14:04адамдарды кіргізбеу үшін
-
14:05 - 14:09немесе бөгеттерді бұзып
ішке кіргізуге жұмсауыңызға болады. -
14:10 - 14:12Сіз өз сеніміңізді
-
14:12 - 14:13адамдарды қорқыту үшін,
-
14:14 - 14:16бағындыру үшін қолданып немесе
-
14:17 - 14:20оның көмегімен батыл болуға
итермелеуіңізге болады, -
14:20 - 14:23соның арқасында олар танымның
жоғарғы шыңына шығады. -
14:23 - 14:25Сіз өз энергияңызды
-
14:25 - 14:29ядролық қару жасап айналаны
қараңғылық ойранына түсіруге жұмсай, -
14:29 - 14:33не миллиондарға жарық сәулесін
жеткізуге қолдана аласыз. -
14:34 - 14:38Сіз мұхиттарды ластап, барлық
ормандарды шауып тастай аласыз. -
14:38 - 14:40Экологияны құрта аласыз
-
14:40 - 14:42немесе сүйіспеншілікпен қарап
-
14:42 - 14:44су мен ағашты қалпына
келтіре аласыз. -
14:45 - 14:47Марсқа ұшып барып,
-
14:47 - 14:49қарулы қамалдар соғуыңызға болады,
-
14:51 - 14:56не зерттеу және сыйлау үшін өмірдің жаңа
түрі мен формаларын іздей аласыз. -
14:56 - 15:00Сонымен бірге барлық ақшаңызды
-
15:00 - 15:02мәнсіз соғысқа құрта аласыз,
-
15:03 - 15:06балалардың қолына қару беріп
-
15:06 - 15:07бір-бірін өлтіртуге болады,
-
15:08 - 15:10не оның бәрін
-
15:10 - 15:12балалардың тамағына
-
15:12 - 15:14жұмсауға болады.
-
15:15 - 15:16Елім мені мынаған үйретті,
-
15:16 - 15:21адамның сүйе білу қабілеті
құдайға сыйынумен пара-пар. -
15:22 - 15:26Махаббат
-
15:26 - 15:31дамуы шарықтап кеткен елдерде
қанат жаяды. -
15:33 - 15:35Соңғы 1-2 күнде
керемет адамдар сахнаға -
15:35 - 15:37шығып сөз сөйледі,
-
15:37 - 15:41олар жеке жетістіктері, инновация,
технология, ғылым туралы айтты, -
15:41 - 15:44осы жерде алып жатқан біліміміз
-
15:44 - 15:47TED дәрістерін тыңдап отырған
бәріміз үшін -
15:47 - 15:50болашақтағы "бізді" құрметтеу
үшін жеткілікті. -
15:50 - 15:51Бірақ бұл құрметтеуде
-
15:52 - 15:56махаббат пен аяушылық қабілетімізді
жетілдіру талпынысымызда -
15:57 - 16:00жауапкершілік алу,
жауапкершілік алу, -
16:01 - 16:03тең дәрежеде қажет.
-
16:04 - 16:06Мен болашақтағы "сізге" сенемін
-
16:07 - 16:08бұл шексіз сізсіз.
-
16:09 - 16:12Үндістанда бұл чакра деп аталады,
шеңбер сияқты. -
16:13 - 16:16Ол басталған жерінде аяқталады.
-
16:17 - 16:21Уақыт пен кеңістікті әрбір адам
өзінше қабылдайды, -
16:21 - 16:22өзінің
-
16:25 - 16:28адам сенгісіз және
-
16:30 - 16:32фантастикалық маңыздылығын сезінеді,
-
16:32 - 16:38сонымен бірге, бүкіл әлем аясында
өзінің мардымсыз екенін түсінеді. -
16:39 - 16:40Негізіне қайтқан әрбір адам
-
16:41 - 16:43адамзаттың пәктігіне,
-
16:43 - 16:45жүрегінің түбінен шыққан махабатымен,
-
16:46 - 16:48ақиқаттың көзімен қарайтын
-
16:49 - 16:55арманы таза және адал болады.
-
16:56 - 16:58Болашағы "Сіз"
-
16:59 - 17:00қартайған жұлдыз сияқтысыз,
-
17:01 - 17:04толығымен өзімшіл
-
17:04 - 17:07әлемде,
-
17:07 - 17:10өзіне ғана ғашық болған әлемде
-
17:10 - 17:11мүмкіндік барына сенетін.
-
17:12 - 17:15Әлем – ол сізсіз,
-
17:15 - 17:17сіз әлемді жасайсыз
-
17:17 - 17:19ол сіздің ең жақын ғашығыңыз.
-
17:20 - 17:22Ханымдар мен мырзалар,
-
17:22 - 17:23осы "сіздің" болашағыңыз.
-
17:23 - 17:25Көп рақмет.
-
17:25 - 17:26Шукриа.
-
17:26 - 17:28(Қол шапалақтау)
-
17:28 - 17:30Рақмет.
-
17:30 - 17:32(Қол шапалақтау)
-
17:33 - 17:34Рақмет.
-
17:34 - 17:36(Қол шапалақтау)
- Title:
- Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар
- Speaker:
- Шах Рукх Кхан
- Description:
-
«Мен армандарды және миллиондаған адамдарға махаббатты сатамын», - дейді Болливудтың ең танымал жұлдызы Шах Рукх Кхан. Еліктіріп алып кететін және күлкілі сөзінде Кхан тағдыры туралы айтады, танымал би қозғалысын көрсетіп, қалт етпей бақылауда өткен өмірінің қиындықпен келген даналығымен бөліседі.
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 17:49
![]() |
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Jannur Bakhyt accepted Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love | |
![]() |
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Thoughts on humanity, fame and love |