Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?
-
0:02 - 0:03Он жыл бұрын,
-
0:03 - 0:07өмірімді өзгерткен
телефон қоңырауын қабылдадым. -
0:07 - 0:11Ол кезде UCLA-да кардиолог едім,
-
0:11 - 0:14Кардиология, визуалды технологиялар
бөлімінде жұмыс істедім. -
0:14 - 0:20Телефонды Лос-Анжелес зообағының
ветеренары шалды. -
0:20 - 0:22Кәрі ұрғашы шимпанзе
-
0:22 - 0:25ұйқыдан мимикалық парезбен ояныпты.
-
0:25 - 0:29Ветеринарлар инсульт алды
деп қауіптенді. -
0:29 - 0:32Олар маған зообаққа келіп,
-
0:32 - 0:34жануардың жүрегін тексеріп,
-
0:34 - 0:37себебін анықтауды өтінді.
-
0:37 - 0:41Қате түсінбеңіз,
Солтүстік Америка зообақтары -
0:41 - 0:45қызметкерлерінің
кәсіби деңгейі жоғары. -
0:45 - 0:50Олар өздерінің жануар
пациенттеріне жақсы қарайды. -
0:50 - 0:54Бірақ кейде дәрігерлерге
-
0:54 - 0:58арнайы кеңес алу үшін хабарласады.
-
0:58 - 1:04Мен сондай көмекке шақырылған
бақытты дәрігердің бірі болдым. -
1:04 - 1:11Шимпанзеде инсульт болмағанын дәлелдедім
-
1:11 - 1:17әрі горилланың аортасының жыртылмағанын
тексердім -
1:17 - 1:22бұл макаканы жүрек сылдырына тексердім,
-
1:22 - 1:29Калифорния итбалығының
перикарды қабынбағанына көз жеткіздім. -
1:29 - 1:33Мына суретте арыстанның жүрегін
-
1:33 - 1:37тыңдап жатырмын, бұл ветерианарлар мен
-
1:37 - 1:40дәрігерлердің бірлескен жұмысы барысында,
-
1:40 - 1:44біз жүрек қабынан
-
1:44 - 1:49700 мл. сұйықтықты алып тастадық.
-
1:49 - 1:53Бұл процедураларды көптеген
емделушілеріме де жасаймын, -
1:53 - 2:03олар өте ұқсас,
айырмашылық: мына табан мен құйрықта. -
2:03 - 2:09Қазір көп уақытымды UCLA Медицина
орталығында -
2:09 - 2:14дәрігерлермен жұмыс істеуге,
адам ауруларының симптомдарын, -
2:14 - 2:18емін талқылауға арнаймын,
-
2:18 - 2:21бірақ кей кездері Лос Анджелестегі
хайуанаттар бағындағы -
2:21 - 2:26ветеринарлармен жануар пациенттерінің
-
2:26 - 2:29симптомдары мен диагнозын талқылаймыз.
-
2:29 - 2:34Кейде бір күннің ішінде
-
2:34 - 2:38UCLA Медицина орталығы мен
-
2:38 - 2:41Лос Анджелес хайуанаттар бағына барамын.
-
2:41 - 2:47Мынаған көзім анық жете бастады.
-
2:47 - 2:51Дәрігерлер мен ветеринарлар негізінде
-
2:51 - 2:56адамдар мен жануарларда
болатын ұқсас ауруларды емдейді: -
2:56 - 3:01жүрек аурулары, мидағы ісік,
-
3:01 - 3:09лeйкемия, диабет, артрит,
Шарко ауруы, сүт безінің ісігі, -
3:09 - 3:14тіпті психиатриялық ауру белгілері:
күйзеліс, үрей, -
3:14 - 3:21мания, тәбет бұзылуы және
өзін-өзі жарақаттау да кездеседі. -
3:21 - 3:24Енді мен мұны мойындаймын.
-
3:24 - 3:31Cалыстырмалы физиология
мен эволюциялық биологияны -
3:31 - 3:33бакалавр кезімде университетте оқысам да,
-
3:33 - 3:37тіпті Дарвин теориясы бойынша
диссертация жазсам да, -
3:37 - 3:40адамдар мен жануарлар ауруларының
арасындағы -
3:40 - 3:43ұқсастықтар туралы зерттесем де,
-
3:43 - 3:46бұл мен үшін күтпеген жаңалық
сияқты болды. -
3:49 - 3:53Сөйтіп әртүрлі сұрақтар
мазалады: ұқсастықтар болса да, -
3:53 - 3:58неге осы уақытқа дейін ветеринарлардан
сұрау ойыма келмеген, -
3:58 - 4:01немесе неге мен ветеринарлардың
кітаптарын қарап. -
4:01 - 4:05адам ауруларын емдеуге байланысты
кеңес алмағанмын? -
4:05 - 4:11Неге осыған қатысты кеңес сұраған
дәрігер достарым мен әріптестерім -
4:11 - 4:17ешқашан ветеринарлардың
конференциясына қатыспаған? -
4:18 - 4:24Бұл тұрғыдан алғанда неге мұның
бәрі таңқаларлық нәрсе? -
4:24 - 4:31Қараңызшы, әрбір дәрігер
адамдар мен жануарлар арасындағы -
4:31 - 4:33биологиялық байланысты
мойындайды. -
4:33 - 4:38Біз ұсынатын, өзіміз
қабылдайтын немесе -
4:38 - 4:41отбасы мүшелеріне беретін
әрбір препарат -
4:41 - 4:43алдымен жануарларда
сыналады. -
4:44 - 4:46Бірақ үлкен айырмашылық бар.
-
4:46 - 4:53Жануарға дәрі беру мен адам ауруы
-
4:53 - 4:57және жануардағы жүрек жетімсіздігінің
дамуы мен диабет не сүт безінің рагі -
4:57 - 5:03арасында қандай да бір алшақтық жатыр.
-
5:03 - 5:06Мүмкін кейбір таңқалушылығымыз
-
5:06 - 5:10әлеміміздегі алшақтықтың, яғни
қалалық және қалалық еместердің -
5:10 - 5:13бөлінуінің нәтижесінде болып жатқан шығар.
-
5:13 - 5:16Қала баласы "жүн ағашта өседі"
-
5:16 - 5:20немесе "ірімшікті өсімдіктерден алады"
-
5:20 - 5:24деп ойлайтыны туралы
естіген боларсыз. -
5:24 - 5:27Сонымен, қазіргі адам емдейтін
ауруханалар керемет -
5:27 - 5:34технологиялармен қамтамасыз
етілген жерлерге айналуда. -
5:34 - 5:39Ал бұл сол жерде емделіп жатқан
адамдар мен -
5:39 - 5:41мұхиттар мен фермаларда,
джунглиде өмір сүріп жатқан -
5:41 - 5:46жануарлар арасында
-
5:46 - 5:49психологиялық алшақтық орнатады.
-
5:49 - 5:55Бірақ бұл жерде одан да
терең себеп бар деп ойлаймын. -
5:55 - 6:01Дәрігерлер мен ғалымдар, өзімізді
тіршілік иесі ретінде -
6:01 - 6:04Хомо сапиенс, адам - бір түр
-
6:07 - 6:11және басқалардан ерекшелігі жоқ
деп есептейміз. -
6:11 - 6:16Бірақ шын мәнінде
бұған толықтай сенімді емеспіз. -
6:17 - 6:21Өз басым мұны Моцартты тыңдаған кезде
-
6:21 - 6:26не макбукта Марстағы робот суретін
қарағанда сезінемін. -
6:26 - 6:32Бәрібір де адамды ерекше деп сезінемін
-
6:32 - 6:36тіпті ғылыми бөлектенудің маңызын
түсінсем де, өзімізді оқшау -
6:36 - 6:43жоғары түр ретінде қабылдаймыз.
-
6:43 - 6:46Осы күндері басқаша ойлауға
тырысып жүрмін. -
6:46 - 6:49Адам пациентімді қараған кезде,
-
6:52 - 6:55бұл туралы ветеринарлар
не біледі екен деп сұраймын. -
6:55 - 7:01Мүмкін мен адам пациенттеріме
-
7:01 - 7:06жануар пациенттерім сияқты қарасам,
оларға жақсырақ көмектесермін? -
7:08 - 7:12Осындай ойларға жетелеген
-
7:12 - 7:16бірнеше мысал келтірейін.
-
7:16 - 7:19Қорқыныштан туындаған жүрек жетімсіздігі
-
7:19 - 7:212000 жылдың шамасында
кардиологтар жүрек ауруының -
7:21 - 7:29эмоционалды себептер әсер
еткен жүрек жетімсіздігін тапты. -
7:29 - 7:34Бұл өмір бойы жинаған ақшасынан
бір сәтте айырылып қалған әкенің -
7:34 - 7:37күйін сипаттау арқылы жасалды,
сонымен бірге -
7:37 - 7:42той алдындағы қалыңдықты
тастап кеткендегі күйі арқылы сипатталды -
7:42 - 7:46Бірақ бұл "жаңа" диагноз,
шын мәнінде, -
7:46 - 7:51жаңа емес еді, сонымен бірге
тек қана адамға тән емес еді. -
7:51 - 7:57Ветеринарлар жануарларда
эмоционалды себептерден пайда -
7:57 - 8:01болған аурулардың диагнозын қоюмен қатар,
алдын алуды қолға алды. -
8:01 - 8:07Мысалы, маймылдан бастап қоқиқазға дейін,
марал мен қоянда болатын осындай ауруларды -
8:07 - 8:101970 жылдан бері емдеп келеді.
-
8:11 - 8:14Егер ветеринарлар білімі мен тәжірибесі
-
8:14 - 8:18жедел жәрдем дәрігерлері мен кардиологтар
құжаттарына енгізілсе, -
8:18 - 8:22қаншама адамның өмірі сақталып
қалғанын ойлап көріңізші? -
8:23 - 8:26Өзін-өзі жарақаттау.
-
8:26 - 8:30Кейбір адамдар өзін-өзі
жарақаттайды. -
8:30 - 8:33Кейбіреулері шаштарын жұлады,
-
8:33 - 8:36басқалары өзін-өзі кеседі.
-
8:38 - 8:42Кейбір жануарлар да өзін жарақаттайды.
-
8:42 - 8:46Өзінің қауырсындарын жұлып тастайтын
құстар бар. -
8:46 - 8:53Кейбір айғырлар өздерін қан болғанша
тістеп тастайды. -
8:53 - 8:58Бірақ ветерианарлар мұны шешудің
арнайы және өте ыңғайлы -
8:58 - 9:03жолын біледі, яғни өзін-өзі жарақаттаудың
-
9:03 - 9:07алдын алатын шараларды біледі.
-
9:07 - 9:10Ветеринарлардың осы білімі
-
9:10 - 9:13психотерапевттер мен ата-аналарға
өзін-өзі жарақаттаудың -
9:13 - 9:16алдын алуы үшін берілуі керек пе?
-
9:17 - 9:22Бала туғаннан кейінгі депрессия
мен психоз. -
9:22 - 9:25Кейде, босанғаннан кейін
-
9:25 - 9:28кейбір әйелдер күйзеліске ұшырайды,
-
9:28 - 9:32кейде бұл депрессия ушығып, тіпті
психозға дейін барады. -
9:32 - 9:35Олар жаңа туған нәрестеге қарамай,
-
9:35 - 9:37кей кездері оларды
-
9:37 - 9:40жаралауға дейін барады.
-
9:40 - 9:44Жылқыны қарайтын ветеринарлар
-
9:44 - 9:47биенің құлындағаннан кейін
-
9:47 - 9:51құлыншаққа қарамай қоятын
кездерін біледі, -
9:51 - 9:56кейбір кездері олар құлындарын
теуіп тастайды, өлтіріп тастайтыны да бар -
9:57 - 10:00Бірақ ветеринарлар биенің
-
10:00 - 10:05құлыннан бас тарту синдромының
алдын алу үшін -
10:05 - 10:10биедегі окситоцин көлемін көбейту
керектігін біледі. -
10:10 - 10:13Окситоцин - байланыстыратын гармон,
-
10:13 - 10:16ол биенің құлынына деген қызығушылығын,
-
10:16 - 10:19мейірімін оятады.
-
10:19 - 10:21Бұл ақпаратты
-
10:21 - 10:24бала туғаннан кейінгі
депрессиямен күресудегі -
10:24 - 10:28пациенттер мен отбасы дәрігерлерінің
-
10:28 - 10:33қолына беруіміз керек пе?
-
10:35 - 10:38Осындай мүмкіншіліктерге қарамастан
-
10:38 - 10:45екі саланың арасында үлкен
алшақтық жатыр. -
10:45 - 10:51Мұны түсіндіру үшін, өкінішке қарай,
өзімізді сынауым керек. -
10:51 - 10:55Кейбір дәрігерлер шынымен де тәкаппар,
-
10:55 - 10:58олар доктор атағы жоқ
әріптестерін менсінбейді. -
10:58 - 11:04Мен тіс дәрігерлері, оптик,
психологтар туралы айтып тұрмын, -
11:04 - 11:08жануарларды емдейтін ветеринарларды
айрықша жақтырмайды. -
11:08 - 11:12Әрине, көптеген дәрігерлер ветеринар
оқуының медицинада оқитындарға -
11:12 - 11:16қарағанда қиын екенін көздеріне
елестете алмайды, -
11:16 - 11:19біз медицина мектебіне барып
-
11:19 - 11:21үйренетініміздің бәрі тек қана
-
11:21 - 11:24бір тіршілік иесіне, адамға
ғана байланысты, -
11:24 - 11:29ал ветеринарлар болса сүтқоректілер,
амфибиялар, рептилиялар, -
11:29 - 11:34балықтар мен құстардың денсаулығы
мен ауруы туралы оқуы керек. -
11:34 - 11:38Сондықтан ветеринарлардың
дәрігерлердің өздерінше болуына -
11:38 - 11:44ашулануына еш ренжімеймін.
-
11:44 - 11:47Мынау ветеринарлардың жиі айтатын әзілі:
-
11:47 - 11:51Бір ғана тіршілік иесіне көмек көрсете
-
11:51 - 11:56алатын ветеринарды қалай атайды?
-
11:56 - 12:00Терапевт (Күлкі)
-
12:00 - 12:06Арадағы алшақтықтықты азайту
менің негізгі мақсатыма айналды, -
12:06 - 12:09мен оны UCLA-ның Darwin at Rounds
-
12:09 - 12:12сияқты бағдарламасы аясында жасап келемін,
-
12:12 - 12:17біз жұмысымызға жануар эксперттері мен
биологтарды тарттық және -
12:17 - 12:21оларды өзіміздің
топтарымызға қостық, -
12:21 - 12:25ол топтарда интерндеріміз және
резиденттеріміз жұмыс істейді. -
12:25 - 12:29Zoobiquity конференциясы арқылы
-
12:29 - 12:33медициналық және ветеринарлық
мектептерді бірге жинап -
12:33 - 12:35бірлескен пікірталастар ұйымдастырып
-
12:35 - 12:38адамдар мен жануарларға ортақ
-
12:38 - 12:42аурулар мен сырқаттарды талқылаймыз.
-
12:42 - 12:45Zoobiquity конференциясында
-
12:45 - 12:51қатысушылар жолбарыстың кеуде
ісігін емдеу жолдары -
12:51 - 12:54балабақша мұғаліміндегі осындай
-
12:54 - 12:57ауруды емдеудің тиімді жолдарын
табуға көмектесетінін үйренді; -
12:57 - 13:02Голштейн сиыры аналық безі
поликистозының емделуін түсіну -
13:02 - 13:04би жетекшісіне етеккір кезінде
-
13:04 - 13:09ауыруына дұрыс көмек бере
алуымызға көмектеседі; -
13:09 - 13:13айырылысумен байланысты үрей ауруын
жақсырақ түсіну үшін -
13:13 - 13:16сезімтал понидегі дерт кішкентай баланың
-
13:16 - 13:23мектепке барғандағы қорқу сезімін
қалай жеңетінін түсінуге көмектесті. -
13:23 - 13:28АҚШ-та және дүние жүзінде
Zoobiquity конференциясында -
13:28 - 13:35дәрігерлер мен ветеринарлар
қарым-қатынастары мен қате түсініктерін -
13:35 - 13:41ысырып, әріптес ретінде
-
13:41 - 13:47дәрігер ретінде қарастырады.
-
13:47 - 13:52Шындығын айтсақ, адамдар да жануар ғой,
-
13:52 - 13:56осы уақытты дәрігерлер
-
13:56 - 14:00пациенттерімізді және өзіміздің жануар
болмысымызды қамту үшін -
14:00 - 14:03және ветеринарлардың
денсаулық сақтау үшін -
14:03 - 14:08түрлерді қамтитын тәсіліне қосылу
үшін пайдалануы керек. -
14:08 - 14:10Өйткені адамдарға арналған
медицинаның ең жақсы -
14:10 - 14:15мысалдарын пациенттері адамдар
-
14:15 - 14:20емес дәрігерлер жасағаны белгілі.
-
14:20 - 14:24Адамдардың денсаулығын сақтаудың
-
14:24 - 14:29бірден бір жақсы жолы әлемдегі басқа
-
14:29 - 14:33тіршілік иелерінің қалай өмір сүріп,
-
14:33 - 14:39өсіп, ауырып және
жазылатынына көңіл бөлу. -
14:39 - 14:42Рақмет.
-
14:42 - 14:44(Қол шапалақтау)
- Title:
- Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?
- Speaker:
- Барбара Наттерсон-Хороуитс
- Description:
-
Бір ғана түрді емдейтін ветеринарды қалай атаймыз? Терапевт. Барбара Наттерсон-Хороуитс денсаулық сақтауда "Түрлерді қамтитын тәсіл" арқылы адамдарға көрсететін медициналық көмекті жетілдіруде жануарларды емдеу тәсілдерін қолдануға болатынын баяндайды.
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 14:57
![]() |
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Zhan Kar accepted Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't | |
![]() |
Zhan Kar edited Kazakh subtitles for What veterinarians know that physicians don't |
Zhan Kar
even as I recognize the
осы жерін қайта жөндеу керек, дұрыс ашылмаған, келтіре алмадым, қайта жөндей алмай қалдым неге екенін
Zhan Kar
Heart failure бас жағында жетімсіздігі деп аударып, аяқ жағына қарай талма деп жазғам, но все таки жетімсіздігі дұрыс екен, медик достардан сұрасам. Heart seizure- талма болад екен, ал failure жүрек жетімсіздігі