Он жыл бұрын, өмірімді өзгерткен телефон қоңырауын қабылдадым. Ол кезде UCLA-да кардиолог едім, Кардиология, визуалды технологиялар бөлімінде жұмыс істедім. Телефонды Лос-Анжелес зообағының ветеренары шалды. Кәрі ұрғашы шимпанзе ұйқыдан мимикалық парезбен ояныпты. Ветеринарлар инсульт алды деп қауіптенді. Олар маған зообаққа келіп, жануардың жүрегін тексеріп, себебін анықтауды өтінді. Қате түсінбеңіз, Солтүстік Америка зообақтары қызметкерлерінің кәсіби деңгейі жоғары. Олар өздерінің жануар пациенттеріне жақсы қарайды. Бірақ кейде дәрігерлерге арнайы кеңес алу үшін хабарласады. Мен сондай көмекке шақырылған бақытты дәрігердің бірі болдым. Шимпанзеде инсульт болмағанын дәлелдедім әрі горилланың аортасының жыртылмағанын тексердім бұл макаканы жүрек сылдырына тексердім, Калифорния итбалығының перикарды қабынбағанына көз жеткіздім. Мына суретте арыстанның жүрегін тыңдап жатырмын, бұл ветерианарлар мен дәрігерлердің бірлескен жұмысы барысында, біз жүрек қабынан 700 мл. сұйықтықты алып тастадық. Бұл процедураларды көптеген емделушілеріме де жасаймын, олар өте ұқсас, айырмашылық: мына табан мен құйрықта. Қазір көп уақытымды UCLA Медицина орталығында дәрігерлермен жұмыс істеуге, адам ауруларының симптомдарын, емін талқылауға арнаймын, бірақ кей кездері Лос Анджелестегі хайуанаттар бағындағы ветеринарлармен жануар пациенттерінің симптомдары мен диагнозын талқылаймыз. Кейде бір күннің ішінде UCLA Медицина орталығы мен Лос Анджелес хайуанаттар бағына барамын. Мынаған көзім анық жете бастады. Дәрігерлер мен ветеринарлар негізінде адамдар мен жануарларда болатын ұқсас ауруларды емдейді: жүрек аурулары, мидағы ісік, лeйкемия, диабет, артрит, Шарко ауруы, сүт безінің ісігі, тіпті психиатриялық ауру белгілері: күйзеліс, үрей, мания, тәбет бұзылуы және өзін-өзі жарақаттау да кездеседі. Енді мен мұны мойындаймын. Cалыстырмалы физиология мен эволюциялық биологияны бакалавр кезімде университетте оқысам да, тіпті Дарвин теориясы бойынша диссертация жазсам да, адамдар мен жануарлар ауруларының арасындағы ұқсастықтар туралы зерттесем де, бұл мен үшін күтпеген жаңалық сияқты болды. Сөйтіп әртүрлі сұрақтар мазалады: ұқсастықтар болса да, неге осы уақытқа дейін ветеринарлардан сұрау ойыма келмеген, немесе неге мен ветеринарлардың кітаптарын қарап. адам ауруларын емдеуге байланысты кеңес алмағанмын? Неге осыған қатысты кеңес сұраған дәрігер достарым мен әріптестерім ешқашан ветеринарлардың конференциясына қатыспаған? Бұл тұрғыдан алғанда неге мұның бәрі таңқаларлық нәрсе? Қараңызшы, әрбір дәрігер адамдар мен жануарлар арасындағы биологиялық байланысты мойындайды. Біз ұсынатын, өзіміз қабылдайтын немесе отбасы мүшелеріне беретін әрбір препарат алдымен жануарларда сыналады. Бірақ үлкен айырмашылық бар. Жануарға дәрі беру мен адам ауруы және жануардағы жүрек жетімсіздігінің дамуы мен диабет не сүт безінің рагі арасында қандай да бір алшақтық жатыр. Мүмкін кейбір таңқалушылығымыз әлеміміздегі алшақтықтың, яғни қалалық және қалалық еместердің бөлінуінің нәтижесінде болып жатқан шығар. Қала баласы "жүн ағашта өседі" немесе "ірімшікті өсімдіктерден алады" деп ойлайтыны туралы естіген боларсыз. Сонымен, қазіргі адам емдейтін ауруханалар керемет технологиялармен қамтамасыз етілген жерлерге айналуда. Ал бұл сол жерде емделіп жатқан адамдар мен мұхиттар мен фермаларда, джунглиде өмір сүріп жатқан жануарлар арасында психологиялық алшақтық орнатады. Бірақ бұл жерде одан да терең себеп бар деп ойлаймын. Дәрігерлер мен ғалымдар, өзімізді тіршілік иесі ретінде Хомо сапиенс, адам - бір түр және басқалардан ерекшелігі жоқ деп есептейміз. Бірақ шын мәнінде бұған толықтай сенімді емеспіз. Өз басым мұны Моцартты тыңдаған кезде не макбукта Марстағы робот суретін қарағанда сезінемін. Бәрібір де адамды ерекше деп сезінемін тіпті ғылыми бөлектенудің маңызын түсінсем де, өзімізді оқшау жоғары түр ретінде қабылдаймыз. Осы күндері басқаша ойлауға тырысып жүрмін. Адам пациентімді қараған кезде, бұл туралы ветеринарлар не біледі екен деп сұраймын. Мүмкін мен адам пациенттеріме жануар пациенттерім сияқты қарасам, оларға жақсырақ көмектесермін? Осындай ойларға жетелеген бірнеше мысал келтірейін. Қорқыныштан туындаған жүрек жетімсіздігі 2000 жылдың шамасында кардиологтар жүрек ауруының эмоционалды себептер әсер еткен жүрек жетімсіздігін тапты. Бұл өмір бойы жинаған ақшасынан бір сәтте айырылып қалған әкенің күйін сипаттау арқылы жасалды, сонымен бірге той алдындағы қалыңдықты тастап кеткендегі күйі арқылы сипатталды Бірақ бұл "жаңа" диагноз, шын мәнінде, жаңа емес еді, сонымен бірге тек қана адамға тән емес еді. Ветеринарлар жануарларда эмоционалды себептерден пайда болған аурулардың диагнозын қоюмен қатар, алдын алуды қолға алды. Мысалы, маймылдан бастап қоқиқазға дейін, марал мен қоянда болатын осындай ауруларды 1970 жылдан бері емдеп келеді. Егер ветеринарлар білімі мен тәжірибесі жедел жәрдем дәрігерлері мен кардиологтар құжаттарына енгізілсе, қаншама адамның өмірі сақталып қалғанын ойлап көріңізші? Өзін-өзі жарақаттау. Кейбір адамдар өзін-өзі жарақаттайды. Кейбіреулері шаштарын жұлады, басқалары өзін-өзі кеседі. Кейбір жануарлар да өзін жарақаттайды. Өзінің қауырсындарын жұлып тастайтын құстар бар. Кейбір айғырлар өздерін қан болғанша тістеп тастайды. Бірақ ветерианарлар мұны шешудің арнайы және өте ыңғайлы жолын біледі, яғни өзін-өзі жарақаттаудың алдын алатын шараларды біледі. Ветеринарлардың осы білімі психотерапевттер мен ата-аналарға өзін-өзі жарақаттаудың алдын алуы үшін берілуі керек пе? Бала туғаннан кейінгі депрессия мен психоз. Кейде, босанғаннан кейін кейбір әйелдер күйзеліске ұшырайды, кейде бұл депрессия ушығып, тіпті психозға дейін барады. Олар жаңа туған нәрестеге қарамай, кей кездері оларды жаралауға дейін барады. Жылқыны қарайтын ветеринарлар биенің құлындағаннан кейін құлыншаққа қарамай қоятын кездерін біледі, кейбір кездері олар құлындарын теуіп тастайды, өлтіріп тастайтыны да бар Бірақ ветеринарлар биенің құлыннан бас тарту синдромының алдын алу үшін биедегі окситоцин көлемін көбейту керектігін біледі. Окситоцин - байланыстыратын гармон, ол биенің құлынына деген қызығушылығын, мейірімін оятады. Бұл ақпаратты бала туғаннан кейінгі депрессиямен күресудегі пациенттер мен отбасы дәрігерлерінің қолына беруіміз керек пе? Осындай мүмкіншіліктерге қарамастан екі саланың арасында үлкен алшақтық жатыр. Мұны түсіндіру үшін, өкінішке қарай, өзімізді сынауым керек. Кейбір дәрігерлер шынымен де тәкаппар, олар доктор атағы жоқ әріптестерін менсінбейді. Мен тіс дәрігерлері, оптик, психологтар туралы айтып тұрмын, жануарларды емдейтін ветеринарларды айрықша жақтырмайды. Әрине, көптеген дәрігерлер ветеринар оқуының медицинада оқитындарға қарағанда қиын екенін көздеріне елестете алмайды, біз медицина мектебіне барып үйренетініміздің бәрі тек қана бір тіршілік иесіне, адамға ғана байланысты, ал ветеринарлар болса сүтқоректілер, амфибиялар, рептилиялар, балықтар мен құстардың денсаулығы мен ауруы туралы оқуы керек. Сондықтан ветеринарлардың дәрігерлердің өздерінше болуына ашулануына еш ренжімеймін. Мынау ветеринарлардың жиі айтатын әзілі: Бір ғана тіршілік иесіне көмек көрсете алатын ветеринарды қалай атайды? Терапевт (Күлкі) Арадағы алшақтықтықты азайту менің негізгі мақсатыма айналды, мен оны UCLA-ның Darwin at Rounds сияқты бағдарламасы аясында жасап келемін, біз жұмысымызға жануар эксперттері мен биологтарды тарттық және оларды өзіміздің топтарымызға қостық, ол топтарда интерндеріміз және резиденттеріміз жұмыс істейді. Zoobiquity конференциясы арқылы медициналық және ветеринарлық мектептерді бірге жинап бірлескен пікірталастар ұйымдастырып адамдар мен жануарларға ортақ аурулар мен сырқаттарды талқылаймыз. Zoobiquity конференциясында қатысушылар жолбарыстың кеуде ісігін емдеу жолдары балабақша мұғаліміндегі осындай ауруды емдеудің тиімді жолдарын табуға көмектесетінін үйренді; Голштейн сиыры аналық безі поликистозының емделуін түсіну би жетекшісіне етеккір кезінде ауыруына дұрыс көмек бере алуымызға көмектеседі; айырылысумен байланысты үрей ауруын жақсырақ түсіну үшін сезімтал понидегі дерт кішкентай баланың мектепке барғандағы қорқу сезімін қалай жеңетінін түсінуге көмектесті. АҚШ-та және дүние жүзінде Zoobiquity конференциясында дәрігерлер мен ветеринарлар қарым-қатынастары мен қате түсініктерін ысырып, әріптес ретінде дәрігер ретінде қарастырады. Шындығын айтсақ, адамдар да жануар ғой, осы уақытты дәрігерлер пациенттерімізді және өзіміздің жануар болмысымызды қамту үшін және ветеринарлардың денсаулық сақтау үшін түрлерді қамтитын тәсіліне қосылу үшін пайдалануы керек. Өйткені адамдарға арналған медицинаның ең жақсы мысалдарын пациенттері адамдар емес дәрігерлер жасағаны белгілі. Адамдардың денсаулығын сақтаудың бірден бір жақсы жолы әлемдегі басқа тіршілік иелерінің қалай өмір сүріп, өсіп, ауырып және жазылатынына көңіл бөлу. Рақмет. (Қол шапалақтау)