Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері
-
0:00 - 0:03Мен жетіде, ал қарындасым бес жасында болған кезімізде,
-
0:03 - 0:06бірге екі қабатты төсектің үстіңгі жағында ойнап отырдық.
-
0:06 - 0:08Сол кезде қарындасымнан екі жас ұлы болғанмын –
-
0:08 - 0:11енді, қазіргі уақытта да арамыз 2 жас –
-
0:11 - 0:14бірақ сол кездегі арамыздағы жас айырмашылығымыз мен қалаған барлық нәрсені ол бұлжытпай орындауы тиіс екендігін білдіретін,
-
0:14 - 0:16ал мен дәл сол уақытта соғыс ойынын ойнағым келді.
-
0:16 - 0:18Екеуіміз төсектің екінші қабатында отырмыз.
-
0:18 - 0:20Төсектің бір жағына
-
0:20 - 0:22ойыншық әскерлер мен соғыс техникасын орналастырып қойдым.
-
0:22 - 0:25Ал арғы бетінде кавалериялық шабуылына дайын
-
0:25 - 0:27қарындасымның аттары тұрды.
-
0:27 - 0:29Сол күнде болған оқиғаның бірнеше нұсқасы бар,
-
0:29 - 0:32бірақ бүгін қарындасым осында болмағандықтан
-
0:32 - 0:34мен шындықты айтып беремін -
-
0:34 - 0:36(Күлкі) -
-
0:36 - 0:38қарындасым біраз ебедейсіз.
-
0:38 - 0:41Мен оған еш тиіспесем де, итермесем де,
-
0:41 - 0:43бір уақытта төсектен
-
0:43 - 0:45еденге қарай құлай түсті.
-
0:45 - 0:47Қарындасыма ештеңе болмағанына көзімді жеткізу үшін,
-
0:47 - 0:50астыға қарай қорқынышпен қарасам,
-
0:50 - 0:52оның жерге төрт аяқтап
-
0:52 - 0:54қонғанын көрдім.
-
0:54 - 0:56Тұла бойымды қорқыныш билегеннің себебі
-
0:56 - 0:58әке-шешеміз бізге өте абай және
-
0:58 - 1:01тыныш ойнауымызды айтып кеткен.
-
1:01 - 1:04Бұның себебі, абайсызда мен Эминің қолын сындырып алғанмын
-
1:04 - 1:06бір апта бұрын...
-
1:06 - 1:10(күлкі)
-
1:10 - 1:12... ойын кезінде оны батырлықпен шетке қарай итеріп,
-
1:12 - 1:15өтірік снайпер оғынан құтқарып алдым.
-
1:15 - 1:17(күлкі)
-
1:17 - 1:19Содан кейін тіпті маған деген алғысын айтты.
-
1:19 - 1:21Бүкіл күшімді салдым –
-
1:21 - 1:23қарындасым ол оқты тіпті көрмеген –
-
1:23 - 1:25бүкіл ынтаммен өзімді жақсы ұстауға тырыстым.
-
1:25 - 1:27Қарындасымның ыза мен ауырудан кейпін кеткенін байқадым.
-
1:27 - 1:29Ол айқай салып жылап бастауға дайын тұрды,
-
1:29 - 1:31және сол жылауын тыныш ұйықтап жатқан ата-анамыз
-
1:31 - 1:34естіп қоюлары мүмкін болды,
-
1:34 - 1:36сол себептен ойыма бірінші келген нәрсені істедім.
-
1:36 - 1:39Менің 7 жасар миім осы оқиғаға шешім тапты.
-
1:39 - 1:41Егер бала-шағаңыз бар болса, осы секілді жағдайларды жиі көретін шығарсыздар.
-
1:41 - 1:43«Эми, күте тұр! Жылама!
-
1:43 - 1:45Қалай құлағаныңды көрдің бе?
-
1:45 - 1:48Бір де адам төрт аяқтап жерге қона алмайды.
-
1:48 - 1:51Эми, мүмкін, сен – жалғыз мүйізсің!»- дедім.
-
1:51 - 1:54(күлкі)
-
1:54 - 1:57Мен өтірік соқтым, өйткені қарындасымның ең қатты қалаған нәрсесі
-
1:57 - 1:59қолы сынған бес жасар Эмиден ғажайып әлеміндегі
-
1:59 - 2:01жалғыз мүйіз Эмиге айналуы еді.
-
2:01 - 2:04Бұрын мұндай таңдауы жоқ болатын.
-
2:04 - 2:07Ал енді болса байғұс Эми
-
2:07 - 2:09қайшылықпен қарсыласты;
-
2:09 - 2:11шын әрі қатты ауыру мен
-
2:11 - 2:13ыза сезімдерін,
-
2:13 - 2:15әлде жалғыз мүйізге айналуының қуанышын таңдау азабында қалды.
-
2:15 - 2:17Соңында екінші таңдауда тоқталды.
-
2:17 - 2:19Жылап бастап, ойынды тоқтатып,
-
2:19 - 2:21барып ата-аналарымызды оятудың орнына,
-
2:21 - 2:23ол күлімсіреп
-
2:23 - 2:25жаңа туған жалғыз мүйіздің сәнділігі мен
-
2:25 - 2:28сынған аяғымен қайтадан төсекке мінді.
-
2:28 - 2:30сынған аяғымен қайтадан төсекке мінді.
-
2:30 - 2:32(күлкі)
-
2:32 - 2:34Сол кезде,
-
2:34 - 2:36нәзік жастарымызда,
-
2:36 - 2:38нәзік жастарымызда,
-
2:38 - 2:4120 жылдан кейін адам психикасына көзқарасымызды өзгертіп,
-
2:41 - 2:44ғылымның озат ойы болып шыға келетін идеяны тапқанымызды түсінбедік.
-
2:44 - 2:47Біз позитивтік психологияның басты ойын таптық.
-
2:47 - 2:49Бұл жерде тұрғанымның да,
-
2:49 - 2:51әр күн сайын оянғанымның да себебі сол.
-
2:51 - 2:53Осы зерттеу жөнінде
-
2:53 - 2:55әртүрлі мектептер мен компаниялардың өкілдерінің алдында айтқан кезімде,
-
2:55 - 2:57ең басынан презентацияны график кестесімен
-
2:57 - 2:59бастамауымды талап етті.
-
2:59 - 3:01Қазір презентациямды графикпен бастаймын.
-
3:01 - 3:03Бұл график зеріктіретін сияқты көрінгенімен,
-
3:03 - 3:05ар атқан таңымда ол мені сергітіп, қайран қалдырады.
-
3:05 - 3:07Бұл графиктің мүлдем мағынасы жоқ тіпті мәліметтер ойдан шығарылған.
-
3:07 - 3:09Шығарған түйініміз:
-
3:09 - 3:13(күлкі)
-
3:13 - 3:16егер қазір сіздерді тестілеуден өткізгеннен кейін осы мәліметтер дәлелденсе, мен өте қуанышты боламын.
-
3:16 - 3:18Осылайша олар қоғамдағы орын алған өзгерістердің дәлелі бола алады
-
3:18 - 3:20және менің жұмысым баспадан шығуы мүмкін.
-
3:20 - 3:22және менің жұмысым баспадан шығуы мүмкін.
-
3:22 - 3:24Мені уайымдататын жалғыз нәрсе де осы. Қисық сызықтың төбесіндегі оғаш қызыл нүктені көріп тұрсыздар ма?
-
3:24 - 3:26Ол осы залда отырған бір оғаш адам –
-
3:26 - 3:29сізді кім екеніңізді білемін, мен сізді баяғыда байқадым.
-
3:29 - 3:31Бұл нүкте онша маңызды рөлді атқармайды.
-
3:31 - 3:33Жалғыз нүкте мүлдем маңызды рөл атқармайды,
-
3:33 - 3:35оны өшіріп тастасақ та болады.
-
3:35 - 3:37Мен оны өшіріп тастасам болады, өйткені анығымен бұл өлшеуде кеткен қателік.
-
3:37 - 3:39Бұл өлшеуде кеткен қателік екенін
-
3:39 - 3:42оның берілген мәліметтеріме қайшы тұрғанынан білеміз.
-
3:42 - 3:44Экономика, статистика, бизнес және психологияның алғашқы сабақтарынан бастап
-
3:44 - 3:47адамдарға статистикалық жолына негізделген шараларды қолдана отырып
-
3:47 - 3:50ерсілігі бар адамдардан құтылуды үйретеміз.
-
3:50 - 3:52Графикте сызық түзу және сәнді болуы үшін,
-
3:52 - 3:54статистикалық ерекшеліктерді қалай алып тастау керек?
-
3:54 - 3:56Таңқаларлық факт
-
3:56 - 3:59"орташа" адамның Адвил дәрісінен нешеу қабылдау керек екенін сұрасақ, екеу деген жауап беріледі.
-
3:59 - 4:01Бірақ егер,мысалы, сіздің потенциалыңыз,
-
4:01 - 4:03қуаныш немесе нәтижелілік,
-
4:03 - 4:05қуат деңгейіңіз қызықтырса,
-
4:05 - 4:07ешкім маған жауап бере алмайды. Ғылым "орташа" адамның түсінігіне табындырды.
-
4:07 - 4:09Егер мен:
-
4:09 - 4:11« Бала сыныпта қай уақыттың ішінде оқып үйрене алады?» –деп сұрасам,
-
4:11 - 4:13ғалымдар маған: «Орташа» бала сыныпта қай уақыттың ішінде оқып үйрене алады?»
-
4:13 - 4:15– деген сұраққа жауап берер еді.
-
4:15 - 4:17Содан соң біз бүкіл сыныпты орташа деңгеймен бірдей теңгереміз.
-
4:17 - 4:19Егер сіздердің мәліметтеріңіз орта сызықтан төмен болса,
-
4:19 - 4:21психологтардың қуанышына шек болмайтын еді,
-
4:21 - 4:24өйткені бұл депрессия немесе жүйке жүйелерінің бұзылуы, немесе,
-
4:24 - 4:26одан да жақсы, екеуі бірге сізде бар екенін білдіреді.
-
4:26 - 4:28Психологтардың бизнесінің негізі және мақсаты :
-
4:28 - 4:30егер тұтынушы сеансқа бір мәселемен келсе,
-
4:30 - 4:32сеанстан кейін мәселелердің саны 10 екеніне сеніп,
-
4:32 - 4:34оның қайта-қайта жаңа сеанстарға келуі.
-
4:34 - 4:36Керек болса оларды балалық шағынан тауып шығамыз.
-
4:36 - 4:38Қорыта келгенде біздің мақсатымыз – сізді дұрыс кейпіңізге келтіру.
-
4:38 - 4:40Алайда әдеттегі дұрыс адам дегеніміз – «орташа» адамды білдіреді.
-
4:40 - 4:42Позитивтік психология шеңберінде егер
-
4:42 - 4:44біз тек «орташа» адамдардың зерттеуімен шектелсек,
-
4:44 - 4:46дамусыз тек орта деңгейде қаламыз.
-
4:46 - 4:48Сол сәтті ерекшеліктерді шығарудың орнына
-
4:48 - 4:50олардың үйіне қонаққа барып:
-
4:50 - 4:52Осы нәтижеге
-
4:52 - 4:54қалай жеттіңіз ?
-
4:54 - 4:56Ақыл,қуат, музыкалық қабілетіңіз,
-
4:56 - 4:58мінез қайраттылығыңыз,стресске қарсы тұрақтылығыңыз,
-
4:58 - 5:00мысқыл сезіміңіз осы жоғары дәрежеге қалай жетті?.
-
5:00 - 5:03Сізді зерттегім келіп тұр,
-
5:03 - 5:05себебі айтып берер әңгімеңізден
-
5:05 - 5:07адам психикасын орта деңгейіне дейін қалай жеткізуді ғана емес,
-
5:07 - 5:10бүкіл дүниежүзіндегі офис пен мектептердің орта деңгейін қалай көтеруге болатынын біле аламыз.»
-
5:10 - 5:12- деп айтуымыз керек.
-
5:12 - 5:14Бұл график мен үшін өте маңызды,
-
5:14 - 5:16себебі жаңалықтар бағдарламасын ашқан кезде,
-
5:16 - 5:18олардың дені көрерменге жағымсыз эмоцияларды жеткізетінін көремін.
-
5:18 - 5:21Олар өлтірушілік,жемқорлық, ауру-сырқаулар мен табиғи ақаулар жөнінде баяндайды.
-
5:21 - 5:23Сол себептен
-
5:23 - 5:25мен әлемдегі жақсы мен жаманның нақты қатынасын осылай қабылдауға өте тез үйреніп қаламын.
-
5:25 - 5:27Яғни жаңалықтар
-
5:27 - 5:29«медик студенттің синдромы» атты нұсқамасын туғызады.
-
5:29 - 5:31Оның мағынасын түсіндіре кетсек,
-
5:31 - 5:33алғашқы оқу жылында медицина саласындағы студент
-
5:33 - 5:35әртүрлі сырқаттардың бүкіл белгілерін оқып алып,
-
5:35 - 5:37олардың барлығын өз бойында тауып алатынын білдіреді.
-
5:37 - 5:40. Менің күйеу балам Бобо – мүлдем басқа жағдай десек болады.
-
5:40 - 5:43Бобо Эми-жалғыз мүйізге үйленді.
-
5:43 - 5:46Бір күні
-
5:46 - 5:49ол маған Иель университетінің медицина факультетінен
-
5:49 - 5:51телефон соғып: ”Шон, менде алапес бар»-, деді.
-
5:51 - 5:53(күлкі)
-
5:53 - 5:55Бұл өте сирек кездесетін ауру, тіпті Иелде.
-
5:55 - 5:58Бірақ Бобоны қалай жұбатарымды білмедім,
-
5:58 - 6:00өйткені біраз уақыт бұрын ол бір апталық менопаузаны басынан өткізді.
-
6:00 - 6:02(күлкі)
-
6:02 - 6:05Демек біздің дүниеге деген көзқарасымыз айналамыздағы әлем арқылы емес,
-
6:05 - 6:08бізге берілген нұсқамалар арқылы қалыптасады,
-
6:08 - 6:11және сол нұсқамаларды өзгертсек тек бақытты емес,
-
6:11 - 6:14бірақ оған қоса бизнес пен білім алуда да жемісті бола аламыз.
-
6:14 - 6:16Мен Гарвардқа арыз бердім, бірақ өтерімді ойламадым.
-
6:16 - 6:19Отбасымыздың мені сол жақта оқытуға қаражаты болмаған.
-
6:19 - 6:21Бірақ екі аптаның ішінде маған әскери шәкіртақысы берілді, және маған сол жаққа оқуыма мүмкіндік туылды.
-
6:21 - 6:24Бұрын мүмкінсіз болып көрінген нәрсе кәзір шындық болып шыға келді.
-
6:24 - 6:27Басқа студенттер де осындай беделді оқу орнында оқуды
-
6:27 - 6:29абырой деп санайды деп ойлайтынмын.
-
6:29 - 6:31Тіпті тобыңда барлығы сенен ақылды болса да,
-
6:31 - 6:33сол жақта болудың өзі ғана үлкен бақыт.
-
6:33 - 6:35Бірақ тапқаным,
-
6:35 - 6:37оған қуанатынын кейбір ғана студенттер екенін көрдім.
-
6:37 - 6:39Төрт жылдан ішінде оқуымды бітіргеннен кейін
-
6:39 - 6:41Гарвардта тағы 8 жыл, әкімшілік өтініші бойынша, студенттермен бірге тұрдым –
-
6:41 - 6:44дұрыс түсінбей қалмаңыз!
-
6:44 - 6:48(күлкі)
-
6:48 - 6:51Мен студенттерге олардың оқуларының 4 жылында консультация бердім.
-
6:51 - 6:53Оларды бақылай отырып, мына бір жайтты байқадым:
-
6:53 - 6:55олар өздерінің көрсетілімдеріне қатты қуанғанымен,
-
6:55 - 6:58екі аптадан кейін
-
6:58 - 7:01олар өздеріне көрсетілген құрметті
-
7:01 - 7:03немесе философия және физиканы емес,
-
7:03 - 7:05олар бәсекені, оқудағы міндеттемені, қиындықтарды -
-
7:05 - 7:07қайғыны, шағымдар туралы жайттарды ойлай бастады.
-
7:07 - 7:09Осы жерге келе саласымен, асханада мені күтіп отырған,
-
7:09 - 7:12менің туған жерім Вакодан, Техас -
-
7:12 - 7:14араларыңызда бұл жерді естігендер бар, келген бірінші курстағы достарыма жүгірдім.
-
7:14 - 7:16. Олар менің хал-жағдайымды білуге келгендер етін.
-
7:16 - 7:18Араларында бірі айналаға көз жүгіртіп, аузына сөз алды:
-
7:18 - 7:20"Мына асхана "Гарри Поттердағы" Хогвартс асханасы секілді!"
-
7:20 - 7:22Мына жер - Хогвартс, ал мына жер - Гарвард.
-
7:22 - 7:24Басқалары бұны байқаған кезде
-
7:24 - 7:26маған сұрақтарын жаудыртты: "Шон, неге сен бақытты іздеп - зерттеп әлек болудасың?
-
7:26 - 7:28Гарвардта білім алатын адам
-
7:28 - 7:30қалай бақытсыз бола алады?"
-
7:30 - 7:32Егер бұл сұраққа үңіліп қарасақ,
-
7:32 - 7:34бақыт сөзінің нені меңзеп отырғанын байқаса болады.
-
7:34 - 7:36Себебі, бұл сұрақ жобалап
-
7:36 - 7:39бақыттың дәрежесі сыртқы әлемге тәуелді екенін түсіндіреді.
-
7:39 - 7:41Шындығына келетін болсақ,
-
7:41 - 7:44бақытты болуымызға сыртқы әлемнің тигізетін үлесі тек қана 10.
-
7:44 - 7:46Ал оның 90 пайызы сыртқы емес,
-
7:46 - 7:48біздің ішкі қабылдау
-
7:48 - 7:50түйсігімізге байланысты.
-
7:50 - 7:52Егер де біз оны,
-
7:52 - 7:54бақыт пен сәттілік формуласын, өзіміздің көз қарасымызды өзгертетін болсақ,
-
7:54 - 7:56ол кезде
-
7:56 - 7:58айналамыздағы нәрселерде өзгеріске ұшырайды.
-
7:58 - 8:00Біз табыстың тек 25% ақыл -
-
8:00 - 8:02парасаттың көмегімен,
-
8:02 - 8:04ал қалған 75%-ы
-
8:04 - 8:07өмірге үмітпен қарай білудің, жаныңдағылардың демеулерінің,
-
8:07 - 8:10қиыншылықтарды өзіне қауіп ретінде емес, шақыру, ынталандыру ретінде қабылдай білуде екенін түсіндік.
-
8:10 - 8:13Мен Жаңа Англияның ең беделді жеке меншік мектептің бастығымен әңгіме құрған етінмін.
-
8:13 - 8:15Ол: "Біз бұл жағдайды жақсы білеміз.
-
8:15 - 8:18Әр жыл сайын денсаулық аптасын өткізіп тұрамыз.
-
8:18 - 8:21Дүйсенбі күні бізге беделді сарапшы келеді,
-
8:21 - 8:23жасөспірімдердің арасындағы жабығу тақырыбында айтады.
-
8:23 - 8:25Сейсенбі күні мектептегі қатыгездік мәселелерін турасында талқылаймыз.
-
8:25 - 8:27Сәрсенбі күні тамақ мәселесі талқыланады.
-
8:27 - 8:29Ал бейсенбі - нашақорды қалай тани аламыз.
-
8:29 - 8:32Жұма күні қауіпті жыныстық қатынас пен бақыттың арасында таңдау жүргіземіз".
-
8:32 - 8:35(Күлкі)
-
8:35 - 8:37Мен: "Бұл таңдауды жұма күні бәрі жасайды" деп тіл қаттым.
-
8:37 - 8:40(Күлкі)
-
8:40 - 8:43(Қол шапалақтаулар)
-
8:43 - 8:45Менің әзілім сіздерге ұнағанына қуаныштымын, алайда олар бұған ренжіп қалды.
-
8:45 - 8:47алайда олар бұған ренжіп қалды.
-
8:47 - 8:49Содан соң мен былай дедім: "Мен сіздердің мектептеріңізде қуана сөз сөйлер едім,
-
8:49 - 8:52бірақ ол кезде денсаулық аптасының орнына ауру апталығы болады.
-
8:52 - 8:54Сіздер тек болып қалу мүмкін деген бүкіл жаман жағдайлар туралы сөз қозғайсыздар,
-
8:54 - 8:56бір жақсы жағдайды мүлде айтпайсыздар."
-
8:56 - 8:58Аурудың болмауы - деннің сау дегені емес.
-
8:58 - 9:00Деніміз сау болуымыз үшін,
-
9:00 - 9:03бақыт пен сәттілік формуласына үңілу керек.
-
9:03 - 9:05Соңғы үш жылда 45 елден болып қайттым,
-
9:05 - 9:07әртүрлі мектептерде
-
9:07 - 9:09және дағдарысқа ұшыраған көптеген компанияларда болып қайттым.
-
9:09 - 9:11Сол кезде байқағаным, серіктестіктер мен мектептердің көбісі
-
9:11 - 9:13келесі жетістік формуласын қолданады екен:
-
9:13 - 9:15Қаншалықты тынымсыз еңбек етсең, соншалықты жетістікке жетесін.
-
9:15 - 9:18Адам қаншалықты табысты болса, соншалықты ол бақытты.
-
9:18 - 9:20Бұл біздің тәрбиеміз бен басқаруымыздың,
-
9:20 - 9:22сонымен қатар өзіміздің жігерлендіруміздің іргетасы болып келеді.
-
9:22 - 9:25Бірақ бұл ақиқат екі себеппен дұрыс емес:
-
9:25 - 9:28Біріншіден, әрқашан сіз бір жетістікке қол жеткізген сайын
-
9:28 - 9:30сізде жаңа мақсаттар пайда болады.
-
9:30 - 9:32Жақсы баға алсаңыз, одан күштісін алғыңыз келеді,
-
9:32 - 9:34жақсы мектепте білім алсаңыз, одан керемет мектепті армандайсыз,
-
9:34 - 9:36жақсы жерде жұмыс істей отырып, одан да жоғарысын қалайсыз,
-
9:36 - 9:38сауда нысанына қол жеткізген соң, одан жоғарысына ұмтыласыз.
-
9:38 - 9:41Егер бақыт жетістіктің артында болса ешқашан да бақытты болмайсыз.
-
9:41 - 9:43Біздің қауым бақыт деген ұғымды
-
9:43 - 9:46әрқашан ой өрістерінен алшақтатып келеді.
-
9:46 - 9:48Біз "алдымен жетістікке жету керек
-
9:48 - 9:50сосын біз бақытты бола аламыз" деп ойлаймыз.
-
9:50 - 9:52Негізінде бәрі керісінше.
-
9:52 - 9:55Егер біз бақытты болсақ,
-
9:55 - 9:58біздің санамыз жағымды қуатқа еге болады,
-
9:58 - 10:00айтайын дегенім, егер сіз өзіңізді бақытты сезінсеңіз,
-
10:00 - 10:02онда жаман немесе алаңдаулы күйден
-
10:02 - 10:04керісінше жақсы жұмыс істей бастайсыз.
-
10:04 - 10:07Ақыл-ой, шығармашылық және қуат көрсеткіштері көтеріледі.
-
10:07 - 10:09Оған қоса
-
10:09 - 10:11бүкіл карьералық көрсеткіштердің де көтерілуін байқадық.
-
10:11 - 10:13Бақытты адам жаман,байсалды немесе мазасыз көңіл күйіндегі адамнан
-
10:13 - 10:1631% артық табысты жұмыс істейді.
-
10:16 - 10:1831% артық табысты жұмыс істейді.
-
10:18 - 10:20Бақытты дәрігерлер мазасыз
-
10:20 - 10:22немесе байсалды әріптестеріне қарағанда 19%- ға жылдам жұмыс істейді,
-
10:22 - 10:24әрі нақтырақ диагноз қояды.
-
10:24 - 10:26Демек біз жетістіктің формуласын өзгерте аламыз.
-
10:26 - 10:29Егер біз бақытты бола алсақ,
-
10:29 - 10:31еңбегіміздің жемістері табыстырақ болады,
-
10:31 - 10:34өйткені біз бұрынғыдан да жылдам,зейінді және ақылды боламыз.
-
10:34 - 10:37Керегі тек формуланы өзгертуіміз,
-
10:37 - 10:39сонда біз нағыз қолымыз неге келетінін көреміз.
-
10:39 - 10:41Сіз бақытты болған кезіңізде миыңызда допамин өндіріледі.
-
10:41 - 10:43Ол екі функция атқарады.
-
10:43 - 10:45. Сізді тек бақытты қылып қоймай,
-
10:45 - 10:47мидың үйрену орталығын жандандырып,
-
10:47 - 10:50жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіншілік туғызады.
-
10:50 - 10:52Бақытты болу әдетін қалыптастыру үшін
-
10:52 - 10:54миға арналған жаттығулар таптық.
-
10:54 - 10:57Үш апта бойы екі минуттың ішінде
-
10:57 - 10:59біз миыңызды басқа райға ауыстырып,
-
10:59 - 11:01жұмысын оптимисттік
-
11:01 - 11:03әрі табысты қыла аламыз.
-
11:03 - 11:05Осы жаттығуларды бірге жұмыс істеген
-
11:05 - 11:07компанияларда тестілеуден өткіздік-
-
11:07 - 11:09адамдар үш апта бойы әр күн сайын
-
11:09 - 11:11ризашылығын білдірген 3 оқиға жазып отырды.
-
11:11 - 11:13Осы кезеңнің аяғына қарай әлемдегі жаман емес,қайта жақсы нәрселерді көру әдеті қалыптаса бастайды.
-
11:13 - 11:15Жетістіктеріңіздің күнделікті жазылып тұрғаны
-
11:15 - 11:18олардың есіңізде жандануына себеп болады.
-
11:18 - 11:20Жаттығу сіздердің Қылықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыз
-
11:20 - 11:22көңіл күйіңізге тікелей әсер тигізетінін көрсетеді.
-
11:22 - 11:25көңіл күйіңізге тікелей әсер тигізетінін көрсетеді.
-
11:25 - 11:27Медитация бір уақытта
-
11:27 - 11:30бірнеше тапсырмаларды орындауға
-
11:30 - 11:32тырысқанымыздың себебінен туған көңіл немесе ілтипат жетіспеушілік синдромын жеңуге көмектеседі.
-
11:32 - 11:35Ол дәл сол уақыттағы тапсырмаға көңіліңізді толығымен бөлуге көмектеседі.
-
11:35 - 11:37Мейрімділіктің спонтанды көрсетілуі өте маңызды.
-
11:37 - 11:39Біз адамдардан әр күн сайын
-
11:39 - 11:41өз араларындағы біреулерге арналған алғысын, ризашылығын
-
11:41 - 11:43білдіретін хатты жазуды өтіндік.
-
11:43 - 11:45Осы әрекеттер мен жаттығуларды орындай отырып,
-
11:45 - 11:47бақыт пен жетістіктің қатынасының жаңа формуласын шығарып,
-
11:47 - 11:50бақыт сезімін жай ғана кездейсоқ,
-
11:50 - 11:53уақытша оқиға емес екенін білдіріп,
-
11:53 - 11:55сана сезіміміздегі түсініктерді түбегейлі өзгерте аламыз.
-
11:55 - 11:57Назарларыңыз үшін үлкен рахмет.
-
11:57 - 12:00(қол шапалақтау)
- Title:
- Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері
- Speaker:
- Шон Ачор
- Description:
-
Қаншалықты тынымсыз еңбек етсең, соншалықты жетістікке жетесін деген дұрыс па? TEDxBloomington сақынасында, психология маманы, Шон Ачордың айтуы бойынша "Жақсы көңіл-күй- нәтижелі жұмыстың басты себебі".
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 12:00
Dimitra Papageorgiou edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
Dimitra Papageorgiou edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
Dimitra Papageorgiou approved Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
Islam Talapbayev accepted Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
Islam Talapbayev commented on Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
Islam Talapbayev edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work | ||
TEDtalks-KZ TEDtalks-KZ edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work |
Islam Talapbayev
Жақсы