< Return to Video

Контрацептивтер қалай жұмыс істейді? - NWHunter

  • 0:07 - 0:11
    Жыныстық қатынастан соң
    жүктілік былай пайда болады.
  • 0:11 - 0:13
    Сперматозоид алдымен қынаптан,
  • 0:13 - 0:14
    жатыр мойын тесігінен өтеді
  • 0:14 - 0:16
    жатыр арқылы жоғары көтеріліп,
  • 0:16 - 0:18
    жатыр түтіктерінің біреуіне кіреді.
  • 0:18 - 0:22
    Егер сол айдағы овуляциядан бөлінген
    жұмыртқа түтікте орналасса
  • 0:22 - 0:26
    бір сперматозоид оны ұрықтандыра алады.
  • 0:26 - 0:28
    Контрацептивтер сол үрдісті
    алдын алу үшін жасалады
  • 0:28 - 0:31
    және ол үш негізгі жолмен жұмыс істейді.
  • 0:31 - 0:33
    Олар сперма қозғалысына кедергі келтіреді,
  • 0:33 - 0:36
    сперманы жатырға жеткізбей сөндіреді
  • 0:36 - 0:39
    немесе овуляцияны тежейді.
  • 0:39 - 0:42
    Кедергі келтіру әдісі - ең оңай әдіс.
  • 0:42 - 0:45
    Ер және әйел мүшеқаптары
    сперманың жатыр қуысымен
  • 0:45 - 0:47
    жанасуына жол бермейді.
  • 0:47 - 0:51
    Бұл әдістің басқаларынан
    айырмашылығы
  • 0:51 - 0:55
    жыныс жолымен берілетін
    аурулардан сақтайды.
  • 0:55 - 1:00
    Сонымен қатар диафрагма,
    мойын қақпашығы және губканы
  • 1:00 - 1:05
    жатыр мойнына қойып сперманың
    кіруіне кедергі келтіруге болады.
  • 1:05 - 1:08
    Бұл әдістерді кейде
    барьер деп атайды,
  • 1:08 - 1:10
    әрі спермицидтермен
    бірге қолданады
  • 1:10 - 1:13
    яғни екінші түрі -
    сөндіру әдісімен қатар.
  • 1:13 - 1:17
    Спермицид - сперматозоидтарды
    қимылсыздандыратын, жоятын химиялық зат.
  • 1:17 - 1:22
    Қазіргі спермицидтер көбік,
    крем, гель, суппозиторий,
  • 1:22 - 1:26
    тіпті қынапта еритін
    түссіз плёнка ретінде жасалады.
  • 1:26 - 1:31
    Бұл өнімдер қосылудың алдында
    тікелей қынапқа енгізіледі
  • 1:31 - 1:34
    немесе қосалқы қорғаныс ретінде
    диафрагма не мүшеқап сияқты
  • 1:34 - 1:36
    кедергі әдістерімен қатар қолдыналады.
  • 1:36 - 1:38
    Жүктіліктен сақтайтын
    үшінші әдіс
  • 1:38 - 1:43
    аналық бездегі жұмыртқаның
    өсуін тежейді.
  • 1:43 - 1:46
    Егер фаллопий түтігінде
    жұмыртқа жоқ болса,
  • 1:46 - 1:49
    онда сперматозоид та
    ештеңені ұрықтандыра алмайды.
  • 1:49 - 1:50
    Гормоналды контрацептивтер
  • 1:50 - 1:54
    соның ішінде таблетка, пластырь,
    депо-провер уколы, қынап сақиналары,
  • 1:54 - 2:00
    прогестерон мен эстрогеннің түрлі
    комбинацияларынан жасалады.
  • 2:00 - 2:03
    Бұндай гормон коктейлі
    жетілмеген жұмыртқаны
  • 2:03 - 2:06
    аналық безде оқшаулап
    овуляцияны тежейді.
  • 2:06 - 2:10
    Синтетикалық прогестеронның
    тағы бір артықшылығы бар:
  • 2:10 - 2:15
    ол мойын шырышын қалың,
    жабысқақ етіп, сперма қозғалысын тежейді.
  • 2:15 - 2:18
    Контрацептивтердің тағы бір түрі
    бірнеше әдісті қатар қолданады.
  • 2:18 - 2:23
    Мысалы, көп ЖІЗ-дердің,
    яғни, жатырішіліқ заттардың
  • 2:23 - 2:26
    құрамында овуляцияны тежейтін
    синтетикалық гормондар бар.
  • 2:26 - 2:28
    Кейбіреулерінің құрамында мыс бар,
  • 2:28 - 2:33
    ол, сперманы сөндіріп, жұмыртқаның
    жатырға түсуін қиындатады.
  • 2:33 - 2:35
    Кедергі, сөндіру,немесе тежеу:
  • 2:35 - 2:38
    бұлардың бір-бірінен артықшылығы бар ма?
  • 2:38 - 2:41
    Бұлардың айырмашылығы бар,
    бірақ әр контрацептив қолайлы
  • 2:41 - 2:44
    және оңай қолдануымен ерекшеленеді.
  • 2:44 - 2:48
    Мысалы, ер мүшеқаптары
    дұрыс қолданса,
  • 2:48 - 2:50
    98%-да тиімді.
  • 2:50 - 2:55
    Бұл 98% деген, егер жылына
    100 жұп мұшеқапты дұрыс қолданса,
  • 2:55 - 2:57
    екі әйел жүкті болып қалады деген сөз.
  • 2:57 - 3:03
    Бірақ бәрі оны дұрыс қолданбайды,
    сондықтан өмірде тек 82%-да тиімді.
  • 3:03 - 3:07
    Басқа әдістер, мысалы пластырь
    не таблетка 99% тиімді болады
  • 3:07 - 3:09
    егер оны да мінсіз қолданса.
  • 3:09 - 3:12
    Бірақ тәжірибеде, ол 91%.
  • 3:12 - 3:16
    Спермицидтер тек 85% тиімді,
    тіпті мінсіз дұрыс қолданса да,
  • 3:16 - 3:19
    бірақ көп жағдайда тек 71% тиімді.
  • 3:19 - 3:24
    Контрацептивтерді таңдаудағы тағы бір
    назар аударарлығы - қарсы көрсеткіштер,
  • 3:24 - 3:27
    бұл кезде ерлерге қарағанда
    әйелдер көп зардап шегеді.
  • 3:27 - 3:31
    Гормондық әдістерден келетін
    зияндар: бас ауыру,
  • 3:31 - 3:31
    жүрек айну,
  • 3:31 - 3:33
    жоғары қан қысымы.
  • 3:33 - 3:35
    Бірақ әр әйелдің реакциясы әртүрлі.
  • 3:35 - 3:39
    Сондықтан әдісті таңдағанда
    дәрігерден кеңес алу қажет.
  • 3:39 - 3:41
    Контрацептив әдістерін
    әр адамға жеке таңдау керек
  • 3:41 - 3:45
    және қазір жақсы әсер еткені
    келесі жолы әсер етпеуі мүмкін.
  • 3:45 - 3:47
    Ғалымдар тағы басқа жаңа
    әдістерді іздестіруде,
  • 3:47 - 3:51
    мысалы, сперма түзілуін
    тежейтін ерлер таблеткалары.
  • 3:51 - 3:54
    Қазіргі таңда,
    мынандай заттар бар:
  • 3:54 - 3:55
    сперманы тосқауылдайтын,
  • 3:55 - 3:56
    оларды сөндіретін,
  • 3:56 - 3:59
    не жұмыртқаны дамуын тежейтін.
Title:
Контрацептивтер қалай жұмыс істейді? - NWHunter
Speaker:
NWHunter
Description:

Толық дәрісті қараңыз: http://ed.ted.com/lessons/how-do-contraceptives-work-nwhunter

Контрацептивтер жүктіліктен 3 негізгі жолмен сақтау үшін жасалған: сперманы тоқтатады, сперманы жатырға жеткізбей белсенділігін жояды, овуляцияны тежейді. Бірақ қай жол жақсырақ? Әрі олардың әрқайсысы қалай жұмыс істейді? NWHunter контрацептивтердің әр түрінің механизмдерін түсіндіреді.

Дәріс: NWHunter, анимация: Draško Ivezić.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TED-Ed
Duration:
04:21
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work?
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work?

Kazakh subtitles

Revisions