Контрацептивтер қалай жұмыс істейді? - NWHunter
-
0:07 - 0:11Жыныстық қатынастан соң
жүктілік былай пайда болады. -
0:11 - 0:13Сперматозоид алдымен қынаптан,
-
0:13 - 0:14жатыр мойын тесігінен өтеді
-
0:14 - 0:16жатыр арқылы жоғары көтеріліп,
-
0:16 - 0:18жатыр түтіктерінің біреуіне кіреді.
-
0:18 - 0:22Егер сол айдағы овуляциядан бөлінген
жұмыртқа түтікте орналасса -
0:22 - 0:26бір сперматозоид оны ұрықтандыра алады.
-
0:26 - 0:28Контрацептивтер сол үрдісті
алдын алу үшін жасалады -
0:28 - 0:31және ол үш негізгі жолмен жұмыс істейді.
-
0:31 - 0:33Олар сперма қозғалысына кедергі келтіреді,
-
0:33 - 0:36сперманы жатырға жеткізбей сөндіреді
-
0:36 - 0:39немесе овуляцияны тежейді.
-
0:39 - 0:42Кедергі келтіру әдісі - ең оңай әдіс.
-
0:42 - 0:45Ер және әйел мүшеқаптары
сперманың жатыр қуысымен -
0:45 - 0:47жанасуына жол бермейді.
-
0:47 - 0:51Бұл әдістің басқаларынан
айырмашылығы -
0:51 - 0:55жыныс жолымен берілетін
аурулардан сақтайды. -
0:55 - 1:00Сонымен қатар диафрагма,
мойын қақпашығы және губканы -
1:00 - 1:05жатыр мойнына қойып сперманың
кіруіне кедергі келтіруге болады. -
1:05 - 1:08Бұл әдістерді кейде
барьер деп атайды, -
1:08 - 1:10әрі спермицидтермен
бірге қолданады -
1:10 - 1:13яғни екінші түрі -
сөндіру әдісімен қатар. -
1:13 - 1:17Спермицид - сперматозоидтарды
қимылсыздандыратын, жоятын химиялық зат. -
1:17 - 1:22Қазіргі спермицидтер көбік,
крем, гель, суппозиторий, -
1:22 - 1:26тіпті қынапта еритін
түссіз плёнка ретінде жасалады. -
1:26 - 1:31Бұл өнімдер қосылудың алдында
тікелей қынапқа енгізіледі -
1:31 - 1:34немесе қосалқы қорғаныс ретінде
диафрагма не мүшеқап сияқты -
1:34 - 1:36кедергі әдістерімен қатар қолдыналады.
-
1:36 - 1:38Жүктіліктен сақтайтын
үшінші әдіс -
1:38 - 1:43аналық бездегі жұмыртқаның
өсуін тежейді. -
1:43 - 1:46Егер фаллопий түтігінде
жұмыртқа жоқ болса, -
1:46 - 1:49онда сперматозоид та
ештеңені ұрықтандыра алмайды. -
1:49 - 1:50Гормоналды контрацептивтер
-
1:50 - 1:54соның ішінде таблетка, пластырь,
депо-провер уколы, қынап сақиналары, -
1:54 - 2:00прогестерон мен эстрогеннің түрлі
комбинацияларынан жасалады. -
2:00 - 2:03Бұндай гормон коктейлі
жетілмеген жұмыртқаны -
2:03 - 2:06аналық безде оқшаулап
овуляцияны тежейді. -
2:06 - 2:10Синтетикалық прогестеронның
тағы бір артықшылығы бар: -
2:10 - 2:15ол мойын шырышын қалың,
жабысқақ етіп, сперма қозғалысын тежейді. -
2:15 - 2:18Контрацептивтердің тағы бір түрі
бірнеше әдісті қатар қолданады. -
2:18 - 2:23Мысалы, көп ЖІЗ-дердің,
яғни, жатырішіліқ заттардың -
2:23 - 2:26құрамында овуляцияны тежейтін
синтетикалық гормондар бар. -
2:26 - 2:28Кейбіреулерінің құрамында мыс бар,
-
2:28 - 2:33ол, сперманы сөндіріп, жұмыртқаның
жатырға түсуін қиындатады. -
2:33 - 2:35Кедергі, сөндіру,немесе тежеу:
-
2:35 - 2:38бұлардың бір-бірінен артықшылығы бар ма?
-
2:38 - 2:41Бұлардың айырмашылығы бар,
бірақ әр контрацептив қолайлы -
2:41 - 2:44және оңай қолдануымен ерекшеленеді.
-
2:44 - 2:48Мысалы, ер мүшеқаптары
дұрыс қолданса, -
2:48 - 2:5098%-да тиімді.
-
2:50 - 2:55Бұл 98% деген, егер жылына
100 жұп мұшеқапты дұрыс қолданса, -
2:55 - 2:57екі әйел жүкті болып қалады деген сөз.
-
2:57 - 3:03Бірақ бәрі оны дұрыс қолданбайды,
сондықтан өмірде тек 82%-да тиімді. -
3:03 - 3:07Басқа әдістер, мысалы пластырь
не таблетка 99% тиімді болады -
3:07 - 3:09егер оны да мінсіз қолданса.
-
3:09 - 3:12Бірақ тәжірибеде, ол 91%.
-
3:12 - 3:16Спермицидтер тек 85% тиімді,
тіпті мінсіз дұрыс қолданса да, -
3:16 - 3:19бірақ көп жағдайда тек 71% тиімді.
-
3:19 - 3:24Контрацептивтерді таңдаудағы тағы бір
назар аударарлығы - қарсы көрсеткіштер, -
3:24 - 3:27бұл кезде ерлерге қарағанда
әйелдер көп зардап шегеді. -
3:27 - 3:31Гормондық әдістерден келетін
зияндар: бас ауыру, -
3:31 - 3:31жүрек айну,
-
3:31 - 3:33жоғары қан қысымы.
-
3:33 - 3:35Бірақ әр әйелдің реакциясы әртүрлі.
-
3:35 - 3:39Сондықтан әдісті таңдағанда
дәрігерден кеңес алу қажет. -
3:39 - 3:41Контрацептив әдістерін
әр адамға жеке таңдау керек -
3:41 - 3:45және қазір жақсы әсер еткені
келесі жолы әсер етпеуі мүмкін. -
3:45 - 3:47Ғалымдар тағы басқа жаңа
әдістерді іздестіруде, -
3:47 - 3:51мысалы, сперма түзілуін
тежейтін ерлер таблеткалары. -
3:51 - 3:54Қазіргі таңда,
мынандай заттар бар: -
3:54 - 3:55сперманы тосқауылдайтын,
-
3:55 - 3:56оларды сөндіретін,
-
3:56 - 3:59не жұмыртқаны дамуын тежейтін.
- Title:
- Контрацептивтер қалай жұмыс істейді? - NWHunter
- Speaker:
- NWHunter
- Description:
-
Толық дәрісті қараңыз: http://ed.ted.com/lessons/how-do-contraceptives-work-nwhunter
Контрацептивтер жүктіліктен 3 негізгі жолмен сақтау үшін жасалған: сперманы тоқтатады, сперманы жатырға жеткізбей белсенділігін жояды, овуляцияны тежейді. Бірақ қай жол жақсырақ? Әрі олардың әрқайсысы қалай жұмыс істейді? NWHunter контрацептивтердің әр түрінің механизмдерін түсіндіреді.
Дәріс: NWHunter, анимация: Draško Ivezić.
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TED-Ed
- Duration:
- 04:21
![]() |
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work? | |
![]() |
Eldar Zhumanov edited Kazakh subtitles for How do contraceptives work? |