Неліктен статистиканы жақсы көруіміз керек?
-
0:01 - 0:042013 жылы
-
0:04 - 0:06Ұлыбритания үкіметі сауалнама жүргізді.
-
0:07 - 0:11Сауалнама тұрғындардың
-
0:11 - 0:12сан сауаттылығын тексерді.
-
0:12 - 0:14Нәтижесіне өздері таңғалды.
-
0:14 - 0:17Елдегі ересек 100 адамның
-
0:17 - 0:2047-сі сан сауаттылығының
бірінші деңгейіне жетпеді. -
0:21 - 0:25Сан сауаттылығының 1-деңгейі
GCSE ұпайымен анықталады. -
0:25 - 0:29Бөлу, пайыз анықтау,
ондық сандарды түсіну деген сөз. -
0:29 - 0:33Бұл нәтиже үкіметті
біраз әуреге салды. -
0:33 - 0:35Біраз шешімдер
қабылданып, -
0:35 - 0:37ақша қайта қарастырылып,
-
0:37 - 0:402011 жылы қайтадан
сауалнама жүргізілді. -
0:40 - 0:42Сонымен нәтижесі
қалай өзгерді дейсіз ғой. -
0:44 - 0:45Әлгі сан 49 болды.
-
0:45 - 0:47(Күлкі)
-
0:47 - 0:49Бұл ақпаратты
Financial Times-та бөліскенде, -
0:49 - 0:51бір оқырманымыз:
-
0:51 - 0:55"Бұл ақпарат тұрғынның тек
51 %-ына үрейлі" деп қалжыңдады. -
0:55 - 0:57(Күлкі)
-
0:57 - 1:00Өз басыма мектеп оқушысының
-
1:00 - 1:04осыған қатысты пікірі ұнады.
-
1:04 - 1:05Ол қолын көтеріп,
-
1:05 - 1:08"Бұл мәліметті жинақтаған
адам -
1:08 - 1:0949 %-дың ішіндегі
біреу емес пе?" -
1:09 - 1:11(Күлкі)
-
1:11 - 1:15Сандарды түсіне алмау -
үлкен мәселе, -
1:15 - 1:17себебі сандардың өмірлік
маңызы бар, -
1:17 - 1:21әрі біздің заманымыздағы
негізгі өзгерістер -
1:21 - 1:23сандармен байланысты.
-
1:23 - 1:25Бұл енді тек ағылшын
мәселесі емес. -
1:25 - 1:30ЕҚЫҰ биылғы есебінде
жастар арасындағы сан сауаттылығын -
1:30 - 1:33жариялады, АҚШ көш бастап тұр.
-
1:33 - 1:38Сан сауаттылығы америка жастарының
40 пайызында төменгі деңгейде. -
1:38 - 1:39Англия да осы шамалас.
-
1:39 - 1:44Бірақ ЕҚЫҰ-ның 7 елі
20 %-дан сәл асып тұр. -
1:45 - 1:47Бұл үлкен мәселе,
бұлай болуы адам шошытады. -
1:47 - 1:49Кестенің соңғы жағына көз салсаңыз
-
1:49 - 1:52Нидерланды мен Корея
оқшауланып тұр. -
1:52 - 1:57Сан сауаттылығы аса
өзекті екенін көріп тұрмыз. -
1:58 - 2:00Мұндай зерттеулер
пайдалы болуымен қатар, -
2:00 - 2:06адамдарды білместікпен
екі топқа бөлеміз. -
2:06 - 2:08Адамдардың екі тобы бар:
-
2:08 - 2:12сандарды түсіне алатын, әрі
онымен жұмыс істей алатындар -
2:12 - 2:14және онымен жұмыс істей алмайтындар.
-
2:14 - 2:16Бүгін мен бұл жерде
-
2:16 - 2:19мұндай бөлудің дұрыс еместігін
айтқым келеді. -
2:20 - 2:21Бұлай жіктеу ақылға қонымсыз.
-
2:21 - 2:25Сандарды түсіну үшін,
менің ойымша, -
2:25 - 2:27керемет математик болу
шарт емес. -
2:27 - 2:30Әуелі осыны түсінуден бастайық.
-
2:30 - 2:35Бұл нәрсені ұғу
-
2:35 - 2:36статистиканы түсінуден басталады.
-
2:36 - 2:40Менің ойымша,
статистиканың өз кезегінде -
2:40 - 2:41бейнеленуі дұрыс емес.
-
2:41 - 2:42(Күлкі)
-
2:42 - 2:44Бұл математиканың бір бөлігі
-
2:44 - 2:47болса да,
математиктер ұнатпайды. -
2:47 - 2:51Себебі математика дәлдік пен
нақтылықты ұнатады. -
2:51 - 2:53Статистика - бұған қарама-қарсы.
-
2:54 - 2:58Өз басым, статистикаға
кештеу ден қойдым. -
2:58 - 3:01Университеттегі профессорымнан
-
3:01 - 3:05менің ең жек көретін
екі сабағымды сұрасаңыздар -
3:05 - 3:08"статистика мен
бағдарламалау" деп айтар еді. -
3:08 - 3:11Енді алдарыңызда
статистика кестесін көрсетіп тұрмын. -
3:11 - 3:12Өзім жасадым.
-
3:13 - 3:14Менің өзгеруіме не әсер етті?
-
3:15 - 3:18Статистика қызық
деп ойлауға не түрткі болды? -
3:18 - 3:20Себебі статистика түптеп келгенде
өзіміз екен. -
3:21 - 3:23Статистика сөзінің
төркініне үңілсек, -
3:23 - 3:26деректер туралы ғылым.
-
3:26 - 3:29Өзіміз өмір сүретін
қоғамның деректері. -
3:29 - 3:32Статистика бізді топ ретінде
қарастырады, -
3:32 - 3:34жеке адам ретінде емес.
-
3:34 - 3:35Тіршілік иесі ретінде,
-
3:35 - 3:39біз жеке тұлға ретінде
топқа, қасымыздағыларға -
3:39 - 3:40қалай әсер ететініміз қызық.
-
3:41 - 3:44Статистика осы тұрғыдан алғанда
бізге таңғаларлық -
3:44 - 3:45дерек ұсынады.
-
3:45 - 3:49Соңғы жылдары Ipsos MORI тарапынан
-
3:49 - 3:50өте керемет сауалнама жүргізілді.
-
3:50 - 3:53Ұлыбританиядағы
1000 ересектен -
3:53 - 3:57"100 адамға шаққанда
Англия мен Уэльсте -
3:57 - 3:59қанша мұсылман бар?"
деп сұралды. -
3:59 - 4:02Мынау сауалнаманың
орташа көрсеткіші, -
4:02 - 4:05жалпы тұрғынның
пікірі 24 болды. -
4:05 - 4:09Бұл көпшіліктің ойы.
-
4:09 - 4:12Британдықтар 100 адамға шаққанда
елде 24 мұсылман бар деп есептейді. -
4:12 - 4:17Ресми мәлімет бойынша,
бестен артық емес. -
4:18 - 4:22Біздің ойымыз бен қабылдауымыздың
арасында үлкен айырмашылық бар. -
4:22 - 4:24Оны статистика нақты
көрсете алады. -
4:24 - 4:25Осы нәрсе қызық.
-
4:25 - 4:29Бұл түсінбестіктің сыры неде?
-
4:29 - 4:31Осыны түсінгім келді.
-
4:31 - 4:35Кейбір сауалдарды
презентацияда қолдана бастадым. -
4:35 - 4:36Сөйтіп мына презентация
-
4:36 - 4:38Хамерсмит қыздар мектебінде
дайындалды. -
4:38 - 4:40Тыңдармандарым осы
секілді болды. -
4:40 - 4:44Тек бәрі алтыншы
сынып қыздары еді. -
4:44 - 4:47"Қыздар, – дедім,
-
4:48 - 4:52Британия халқының пікірінше
қанша жасөспірім қыздың -
4:52 - 4:54аяғы ауыр деп ойлайсыңдар?"
-
4:54 - 4:57Британдықтар 100 жасөспірім
қызға шаққанда әрбір -
4:57 - 5:0115 қыздың аяғы ауыр дегенді
естігенде -
5:01 - 5:03ызаланып кетті.
-
5:03 - 5:06Ашулануға негіз де бар еді.
-
5:06 - 5:08Себебі шындығында
бұл нөл де 200-ге жуық -
5:08 - 5:10мәлімет еді.
-
5:10 - 5:13Әрі бұл - ресми мәлімет.
-
5:13 - 5:16Сан сауатсыздығы -
бұл тек ағылшындардың мәселесі емес. -
5:16 - 5:21Ipsos MORI зерттеуін басқа
елдерде де жалғастырды. -
5:21 - 5:24Сөйтіп Сауд Арабияда
сауалнама жүргізді. -
5:24 - 5:26100 адамға шаққанда
қаншасы -
5:26 - 5:29семіздікке шалдыққан?
-
5:31 - 5:36Сауд арабиялықтардың дені
ширекке жуығы деген. -
5:36 - 5:38Мынау олардың ойы.
-
5:38 - 5:40Ересектердің төрттен бірі
семіздікпен ауырады. -
5:40 - 5:45Ресми мәлімет болса,
үштен бірі дейді. -
5:45 - 5:46(Күлкі)
-
5:47 - 5:49Үлкен алшақтықты
көріп отырмыз. -
5:49 - 5:53Мынауысы қызық:
Жапондардан -
5:53 - 5:55әрбір 100 жапонды
алсақ, -
5:55 - 5:58қаншасы ауылда тұрады?
-
5:59 - 6:03Орташа есеппен
50 де 50 деп санайды. -
6:03 - 6:08100-ден 56-сы
ауылда тұрады дейді. -
6:08 - 6:09Ресми мәлімет бойынша -
жетеу. -
6:10 - 6:15Осынша алшақтық
адамды таңғалдырады. -
6:15 - 6:17Бірақ Даниел Кахмен
кітабын оқығандар -
6:17 - 6:22үшін бұл таңғаларлық жағдай емес.
-
6:22 - 6:27Әріптесі Амос Тверский
екеуі адамдардың -
6:27 - 6:30қабылдауы мен ойлауы
арасындағы алшақтықты зерттеген. -
6:30 - 6:34Адамдар статистикалық болжам
жасағанда көп жаңылысады. -
6:34 - 6:35Оның бірнеше себебі бар.
-
6:35 - 6:39Өз басымыздан кешкенімізге
қарап бағалаймыз. -
6:39 - 6:43Сонымен қатар медиадағы
ақпарат та әсер етеді. -
6:43 - 6:44Сөйтіп шындықтан алшақтаймыз.
-
6:45 - 6:47Кахнеман бұл жайтты
былай түсіндіреді. -
6:47 - 6:49"Шынайы нәрсені көргенде
соқырмыз" дейді. -
6:49 - 6:51Біз сандарды қате ұғыппыз.
-
6:51 - 6:53"соқыр болғандықтан
соқырлығымызды да білмейміз" -
6:53 - 6:56Шешім қабылдауда бұның
әсері зор. -
6:56 - 6:59Статистика кеңсемізде осыны
талқылағанда -
6:59 - 7:01мұның бәрі маған қызық болды.
-
7:01 - 7:03Бұл ғаламдық мәселе
деген тоқтамға келдім. -
7:03 - 7:06Бірақ география да
бұл орайда әсер еткен болар. -
7:06 - 7:10Сауалдар "өз еліңді
қаншалықты жақсы білесің" -
7:10 - 7:14дегенге саяды. Бірақ
64 млн. адамды танисың ба? -
7:14 - 7:16Көпшілігіміз білмейміз.
Мысалы, мен білмеймін. -
7:16 - 7:18Содан мынадай ой келді.
-
7:18 - 7:21Тура осы мәселені
енді -
7:21 - 7:23жергілікті деңгейде қарастырсақ.
-
7:23 - 7:24Бұл жергілікті ме?
-
7:24 - 7:26"Сен өз ауылыңды қаншалықты
-
7:26 - 7:28жақсы білесің" десек ше?
-
7:28 - 7:30Болжамың аз да болса нақты болады ма?
-
7:32 - 7:34Сөйтіп сауалнама жасадым:
-
7:34 - 7:35Өз тұратын жеріңді
жақсы білесің бе? -
7:36 - 7:38Қарапайым бағдарлама.
-
7:38 - 7:40Индексіңді жазасың.
-
7:40 - 7:42Ұлттық санақ нәтижесінде
сенің өлкең туралы -
7:42 - 7:44сұрақтар қояды.
-
7:44 - 7:46Әзірлеу барысында
нәтижесіне алаңдадым. -
7:46 - 7:51Мүмкіндігінше
әртүрлі адамдар жауап берсе, -
7:51 - 7:53сандарды түсінетін
49 пайыз ғана емес. -
7:53 - 7:55Көпшіліктің сауалнамасы
болса дедім. -
7:55 - 7:57Сауалнама дизайны үшін
-
7:57 - 8:00Отто Неураттың
1920-30 жылғы -
8:00 - 8:03изотобын қолдандым.
-
8:03 - 8:07Сонымен бұл -
ұқсас символдар - -
8:07 - 8:09сандарды бейнелейтін
әдіс. -
8:10 - 8:13Сандар символдың
ар жағына жасырынған. -
8:13 - 8:16Санды бейнелеудің
тамаша тәсілі. -
8:16 - 8:19Яғни, пайыз деген
сөзді қолданып, шатастырмаймыз. -
8:19 - 8:20Бөлігі, қатынасы
да жоқ. -
8:20 - 8:22Мінекей сауалнамамыз.
-
8:22 - 8:24Түсінуге оңай,
-
8:24 - 8:27сол жақтағы жақтауда
қайталанатын икона бар. -
8:27 - 8:30Картада өлкеңе
қатысты сұрақтар -
8:30 - 8:31оң жақтан көрінеді.
-
8:31 - 8:32Жеті сұрақ қойылады.
-
8:32 - 8:36Әр сұраққа
0 мен 100 арасында -
8:36 - 8:38жауап берсеңіз болады.
-
8:38 - 8:41Соңында нөл мен
жүз ортасында жауап шығады. -
8:41 - 8:43Біз TEDxExeter-де отырғандықтан
-
8:43 - 8:45сіздерге мына сауалнама
қызық болар деймін. -
8:45 - 8:48Эксетерге байланысты
сауалдар. -
8:48 - 8:49Бірінші сауалымыз былай:
-
8:49 - 8:52Әрбір 100 адамға шаққанда
қаншасы 16 жастан төмен. -
8:53 - 8:56Эксетер туралы білерім аз,
сондықтан болжауым керек. -
8:56 - 8:59Сөйтіп сауалнама
қалай әзірленгенін ұғасыз. -
8:59 - 9:03Слайдермен иконаны
белгілейсіз. -
9:03 - 9:05Сосын "Жіберу"
батырмасын басасыз. -
9:05 - 9:09Шынайы жауап пен
сіздің жауап арасындағы -
9:09 - 9:13айырманы көрсетеміз.
Сөйтсек, бес екен. -
9:13 - 9:15Келесі сұраққа
қалай қарайсыз? -
9:15 - 9:17Бұл орташа жаспен байланысты.
-
9:17 - 9:19Тұрғынның жартысы
қаншалықты жас, -
9:19 - 9:21қаншалықты кәрі деп ойлайсыз?
-
9:21 - 9:2435 деп айтсам, қателеспеспін,
орташа жас қой. -
9:24 - 9:26(Күлкі)
-
9:28 - 9:30Сөйтсек, Эксетер
өте жас екен. -
9:30 - 9:35Бұл жердегі университеттің
маңызын ескермеппін. -
9:35 - 9:37Сұрақтар барған сайын
күрделенеді. -
9:37 - 9:39Мынауысы жеке үйі
барлар туралы. -
9:40 - 9:44100 адамға шаққанда
қаншасында ипотека бар? -
9:44 - 9:45Менің болжамым мынау,
-
9:45 - 9:48Жауаптан 50 ден
көп қателескім келмеді. -
9:48 - 9:50(Күлкі)
-
9:50 - 9:53Мынауысы одан қиын.
-
9:53 - 9:55Себебі тұратын жеріңде
-
9:56 - 10:01адамның жасына
қатысты бір белгілер бар. -
10:01 - 10:03Айналаңа қарап
болжайсың. -
10:03 - 10:07Бірақ үйі бар адамдарды
бірден анықтай алмайсың. -
10:07 - 10:09Сөйтіп, долбарға
сүйенесің, -
10:09 - 10:14іштей қанша адамның
жеке үйі барын ойлайсың. -
10:14 - 10:17Бір қызығы,
сауалнаманы жариялағанда -
10:17 - 10:21деректер бірнеше жылғы
санақтан алынды. -
10:21 - 10:24Онлайн бағдарлама арқылы
индексті жазып, -
10:25 - 10:27ескі деректі де көре аласың.
-
10:27 - 10:28Сондықтан кейбір кездері
-
10:28 - 10:31бұлар ескі болғандықтан
маңызды болмауы мүмкін. -
10:31 - 10:35Бірақ адамдардың
бұған қалай қарайтыны -
10:35 - 10:38қызық еді. Датаны ойнату
арқылы -
10:38 - 10:39адамдарға өздерінің
-
10:39 - 10:43ішкі пайымдары барын көрсету еді.
-
10:44 - 10:47Сөйтсек, бұл туралы
-
10:48 - 10:50адамдар көп ойланады екен.
-
10:50 - 10:54Көпшілікке қызық болған
статистикалық сайт -
10:54 - 10:55құлап қалды.
-
10:55 - 10:57(Күлкі)
-
10:57 - 11:00Мында "сатистика", "үкімет",
"Ұлыбритания" сөздері бар. -
11:00 - 11:04Адамдар ең аз қолданатын
сөздер екен. -
11:04 - 11:08Сайтты кешкі сағат
10-ға 15 қалғанда -
11:08 - 11:10іске қостық.
-
11:10 - 11:13Адамдар қалағанынша
-
11:13 - 11:15деректермен жұмыс істесін
дедік. -
11:15 - 11:17Бұған жеке уақыттарын
арнасын дедік. -
11:17 - 11:19Бір қызығы
-
11:19 - 11:23250 мыңдай адам
-
11:23 - 11:26сайт іске қосылған 48
сағатта сауалнаманы тексерді. -
11:26 - 11:30Интернетте бұл
біраз талқыланды, -
11:30 - 11:32себебі көпшілік
-
11:32 - 11:36өздерінің ішкі түйсіктері
туралы айтты -
11:36 - 11:39Бұлай болар деп
ойламап едім. -
11:39 - 11:40Шын айтамын.
-
11:41 - 11:44Сонымен қатар
адамдар саясаткерлерге жібере бастады. -
11:44 - 11:46Өзіңіз сайланған аймағыңыз туралы
не білесіз? -
11:46 - 11:48(Күлкі)
-
11:48 - 11:49Сөзімнің соңына қарай
-
11:50 - 11:52екі түрлі адамдарға қайта оралайын.
-
11:52 - 11:55Сандарды жақсы түсінетіндер
-
11:55 - 11:57сауалнамаға қалай жауап
берер екен деп ойладым. -
11:57 - 12:00Англия мен Уэльстің
ұлттық санақшысы -
12:01 - 12:03Джон Пуллер эксперт қой.
-
12:04 - 12:06Ол өз аймағы туралы
сауалнамадан 44 ұпай алды. -
12:06 - 12:08(Күлкі)
-
12:08 - 12:13Бір стақан шарап ішіп, жауап берген
Джереми Паксман - 36. -
12:14 - 12:16Өте нашар.
-
12:16 - 12:19Сандар бәрімізді
қызықтыратынын білеміз. -
12:19 - 12:20Бәрімізді таңғалдырады.
-
12:20 - 12:22Әдетте статистиканы
-
12:22 - 12:24күмәнді ғылым дейміз.
-
12:24 - 12:26Өз кезегінде менің ойымша:
-
12:26 - 12:29Статистика - өзіміз туралы ғылым.
-
12:29 - 12:32Сол себепті сандарды
жақсы көруіміз керек. -
12:32 - 12:33Көп рақмет.
-
12:33 - 12:37(Қол соғу)
- Title:
- Неліктен статистиканы жақсы көруіміз керек?
- Speaker:
- Алан Смит
- Description:
-
Статистика болжамын жасағанды жақсы көресің бе? Өзімізді математикадан жақсы немесе нашар сезінсек те, сандарды түсінуге қатысты қабілетіміз шектеулі. Дата визуализация маманы Алан Смиттің тұжырымы осындай. Өзінің баяндамасында ол біздің білгеніміз бен ойлағанымыздың арасындағы сәйкессіздікті түсіндіреді.
- Video Language:
- English
- Team:
closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 12:49
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Baubek Sagyndyk accepted Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Baubek Sagyndyk edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics | |
![]() |
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why we're so bad at statistics |