Табиғаттың жасырын ғажайыптары
-
0:01 - 0:04Технология, өнер және ғылымды
-
0:04 - 0:07байланыстыратын не?
-
0:07 - 0:09Әуестік пен қызығушылық,
-
0:09 - 0:12өйткені бұл бізді зерттеуге жетелейді,
-
0:12 - 0:15өйткені бізді көзге көрінбейтін
нәрселер қоршап жатыр. -
0:15 - 0:17Фильм түсіруді жақсы көремін,
-
0:17 - 0:19уақыт пен кеңістік порталынан өтіп,
-
0:19 - 0:21саяхат жасау үшін,
-
0:21 - 0:23көрінбейтінді көрсету үшін.
-
0:23 - 0:25Бұл фильмдер
-
0:25 - 0:27мүмкіндігімізді арттырып,
-
0:27 - 0:29түйсігімізді түрлендіреді,
-
0:29 - 0:32ой-өрісімізді кеңейтіп,
-
0:32 - 0:34жүрегімізге жетеді.
-
0:34 - 0:36Мінеки, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары"
-
0:36 - 0:37деп аталатын менің 3D IMAX
-
0:37 - 0:40фильмімнен алынған кейбір көріністер,
-
0:40 - 0:42(Музыка)
-
0:42 - 0:44Байқауға шамамыз жете бермейтін
-
0:44 - 0:46өте баяу қимыл-қозғалыстар бар,
-
0:46 - 0:49жылдамдатылған кадрлық уақыт
өмір туралы көзқарасымызды -
0:49 - 0:52айқындап, кеңейтуге мүмкіндік береді.
-
0:52 - 0:55Біз организмдердің
қалай пайда болып, дамитынын, -
0:55 - 1:00жүзім сабағының күн шуағына жету үшін
орман ағашына өрмелеу арқылы -
1:00 - 1:03өмірге талпынысын көре аламыз.
-
1:04 - 1:06Үлкен масштабта
-
1:06 - 1:11жылдамдатылған кадрлық уақыт қозғалыстағы
планетамызды көруге мүмкіндік береді. -
1:11 - 1:14Табиғаттың ұланғайыр
аумағын көріп қана қоймай, -
1:14 - 1:17адамзаттың дамылсыз қозғалыстарын да
тамашалай аламыз. -
1:17 - 1:21Әрбір ұшып бара жатқан нүкте
жолаушылар ұшағын білдіреді. -
1:21 - 1:22Егер әуе тасымалы деректерін алып,
-
1:22 - 1:24кадрды жылдамдатсақ,
-
1:24 - 1:27төбемізде тұрақты бірнәрсе
бар екеніне көз жеткіземіз, -
1:27 - 1:28бірақ көрінбейді:
-
1:28 - 1:34АҚШ төбесіндегі шексіз әуежолдар желісі.
-
1:34 - 1:37Осыны теңіздегі кемелерге де жасай аламыз.
-
1:37 - 1:40Біз қозғалыстағы ғаламдық
экономика көрінісін -
1:40 - 1:44уақытты жылдамдату арқылы бейнелей аламыз.
-
1:50 - 1:51Он жылда жиналған деректер
-
1:51 - 1:54бізге бүкіл планетамызды бір организм ретінде
-
1:54 - 1:55келесі көріністерді көрсетеді:
-
1:55 - 1:58барлық мұхиттарды
шарлап өтетін ағыстар мен -
1:58 - 2:03атмосфераны айналып жатқан бұлттар
арқылы үздіксіз жалғасып жатқан, -
2:03 - 2:05жарқылдаған найзағайлар мен
-
2:05 - 2:08солтүстік шұғыладан тәж кигендей.
-
2:08 - 2:12Бұл жердің жылдамдатылған түпкі көрінісі:
-
2:12 - 2:16Жердің жанданған анатомиясы.
-
2:19 - 2:21Сонымен қатар
-
2:21 - 2:25көзіміз байқап үлгермейтін
өте жылдам нәрселер бар, -
2:25 - 2:27бұндай әлемді де көруге
-
2:27 - 2:30мүмкіндік беретін технологиямыз бар.
-
2:32 - 2:33Жоғары жылдамдықты камерамен
-
2:33 - 2:35кадрлар жылдамдығын баяулата аламыз .
-
2:35 - 2:37Бейнелерді көзімізден мың есе жоғары
-
2:37 - 2:41жылдамдықпен түсіре аламыз.
-
2:41 - 2:45Табиғаттың данышпан механизмдерінің
қалай жұмыс істейтінін көре аламыз, -
2:45 - 2:48бәлкім тіпті олардың көшірмесін де
жасай алармыз. -
2:50 - 2:53Жаныңыздан инелік ұшып бара жатқан кезде
-
2:53 - 2:54оның табиғаттағы
-
2:54 - 2:57ең асқан шебер ұшқыш екенін
білмейтін шығарсыз. -
2:57 - 3:01Ол бір орында қалықтап,
артқа қарап, -
3:01 - 3:04тіпті төңкеріліп те ұша алады.
-
3:04 - 3:08Қанаттарының салған ізіне қарап,
-
3:08 - 3:11жасалған ауа қозғалысын көре аламыз.
-
3:11 - 3:13Ешкім бұл құпияны білген жоқ.
-
3:13 - 3:15Бірақ жоғары жылдамдық
инеліктің бір уақытта -
3:15 - 3:17барлық қанаттарын әр түрлі бағытта
-
3:17 - 3:20қозғалтатынын көрсетеді.
-
3:20 - 3:21Бұл білім бізді
-
3:21 - 3:23маңызды, әрі алыс жерлерді
-
3:23 - 3:25зерттеу мүмкіндігімізді арттыратын
-
3:25 - 3:31жаңа ұшқыш роботтар
түріне алып келеді. -
3:32 - 3:34Біз - алыппыз және көзімізге көрінбейтін
-
3:34 - 3:37кіп-кішкентай нәрселердің барын білмейміз.
-
3:37 - 3:40Электронды микроскоп заттарды
-
3:40 - 3:41миллион есе үлкейте отырып,
-
3:41 - 3:43суретке түсіретін
-
3:43 - 3:45электрондарды атқылайды.
-
3:45 - 3:49Мынау — көбелектің жұмыртқасы.
-
3:49 - 3:53Денемізде өмір сүретін көзге
көрінбейтін жаратылыстар. -
3:53 - 3:54Соның ішіне кенелер кіреді.
-
3:54 - 3:57Бүкіл өмірін кірпігіңізде өткізіп,
-
3:57 - 4:01түнде теріңізде өрмелеп жүреді.
-
4:01 - 4:04Мынаның не екенін аңғара аласыз ба?
-
4:04 - 4:06Акула терісі.
-
4:08 - 4:11Жұлдызқұрт тұмсығы.
-
4:12 - 4:15Шыбын көзі.
-
4:17 - 4:20Жұмыртқа қабығы.
-
4:22 - 4:25Бүрге.
-
4:27 - 4:31Ұлу тілі.
-
4:32 - 4:34Біз жануарлар әлемінің басым бөлігін
білеміз деп ойлаймыз. -
4:34 - 4:37бірақ ашылуын күтіп тұрған миллиондаған
-
4:37 - 4:41кіп-кішкентай организмдер болуы мүмкін.
-
4:43 - 4:46Өрмекшінің де ұлы құпиялары бар.
-
4:46 - 4:48Өйткені оның өрмегі
-
4:48 - 4:50болаттан да мықты,
-
4:50 - 4:52оның үстіне бүтіндей созылғыш келеді.
-
4:52 - 4:54Бұл саяхат бізді нано әлеміне
-
4:54 - 4:56алып келеді.
-
4:56 - 4:59Өрмекшінің өрмегі адам шашынан
-
4:59 - 5:02жүз есе жұқа.
-
5:02 - 5:05Өрмектің үстінде бактерия бар,
-
5:05 - 5:08ал оның жанында одан 10 есе кіші
-
5:08 - 5:11вирус бар.
-
5:11 - 5:15Вирустың іщінде одан 10 есе кіші
-
5:15 - 5:18ДНҚ-ның үш жолағы бар.
-
5:18 - 5:21Ең қуатты микроскоптарымыздың көре алатын
мүмкіндігінің шегіне жақындай, -
5:21 - 5:26жалғыз көміртек атомын көреміз.
-
5:26 - 5:28Қуатты микроскоптың көмегімен
-
5:28 - 5:30атомдарды жылжытып,
-
5:30 - 5:36таңғажайып нано құрылғыларын
жасауды бастай аламыз. -
5:36 - 5:38Олардың кейбірі денемізді
-
5:38 - 5:40барлық дерттің түрлерінен күзетіп,
-
5:40 - 5:44бітелген артерияларды тазалай алады.
-
5:44 - 5:47Бәлкім болашақтың кішкентай
химиялық машиналары -
5:47 - 5:51бір күні ДНҚ-ны жөндей алатын шығар.
-
5:51 - 5:54Біз өмірдің жұмбақтарын ашу
талпынысымыздан туған -
5:54 - 5:56ерекше жетістіктердің
-
5:56 - 6:00босағасында тұрмыз.
-
6:01 - 6:04Сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар
ағыны әсерінен -
6:04 - 6:06ауа кеңістігі тозаңдарға,
микробриллианттарға, -
6:06 - 6:09өзге планетадан келген және
супернова жұлдыздарының -
6:09 - 6:11жарылыстарынан туған асылтастарға толуда.
-
6:11 - 6:13Адамдар көрінбейтін жаратылыстардың
-
6:13 - 6:18арасында өмір сүріп жатыр.
-
6:18 - 6:20Айналамызды көзіміз көре алатын
көп нәрсенің -
6:20 - 6:22барын біле отырып,
-
6:22 - 6:25олар әлемді түсіну көзқарасымызды
мәңгіге өзгертеді. -
6:25 - 6:27Көзге көрінбейтін дүниеге қарай отырып,
-
6:27 - 6:29тірі ғаламда бар екенімізді мойындаймыз,
-
6:29 - 6:32бұндай жаңа көзғарас бізді әуестендіріп,
-
6:32 - 6:35өз ауламызда зерттеуші болуға
-
6:35 - 6:38шабыттандырады.
-
6:38 - 6:41Кім біледі, көрінуге талпынып тұрған
нелер бар, -
6:41 - 6:45әрі өмірімізді түрлендірер
қандай жаңа кереметтер бар? -
6:45 - 6:50Тірі болсақ, көре жатармыз.
-
6:50 - 6:55(Қол шапалақ)
-
6:55 - 7:02Рахмет. (Қол шапалақ)
- Title:
- Табиғаттың жасырын ғажайыптары
- Speaker:
- Луи Шварцберг
- Description:
-
Біз көрінбейтін сұлулық әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Сезімталдығы мен нәзіктігі сонша, адам көзі оны байқай бермейді. Көзге көрінер-көрінбес осы әлемді жарыққа шығару үшін кинорежиссер Луи Шварцберг жоғары жылдамдықты видеокамера, баяулатылған кино түсіру мен микроскоптар арқылы уақыт межесі мен кеңістікті икемге көндіреді. TED2014-те ол өзінің ең соңғы жобасы, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" деп аталатын 3D-фильмінде уақыт жылдамдығын өсіріп-баяулату арқылы, сонымен қатар табиғаттың таңғажайып керметтерін ұлғайтып көрсету арқылы ерекше сәттерін таныстырады.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 07:24
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Asqat Yerkimbay commented on Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world | ||
Sandibek Rysbay edited Kazakh subtitles for Hidden miracles of the natural world |
Asqat Yerkimbay
Бәрекелді. Аудармаң тамаша шығыпты. Өте ұнады! Рахмет, Сәндібек!