-
Код жазу Сағатына қош келдіңіз...
-
Сәлем, мен Кэтлин Кеннеди. Мен «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фильмінің продюсерімін. Бүгін сіз біздің
-
жұлдыздарымыздың бірі ВВ-8-бен жұмыс істейсіз. ВВ-8 – сфералық дроид. Оның әрeкеттері
-
және әрбір жасаған қимылы бағдарламалық жасақтамамен басқарылады. Информатика ғылымы
-
фильмнің әр саласына, маркетингтен бастап денсаулық сақтауға дейін ықпал етеді.
-
Шынында, «Күштің Оянуы» секілді фильм жасау үшін жүздеген компьютерлік инженерлер бірігіп жұмыс істеді.
-
Сәлем, мен Рэйчел Роуз, ILM зерттеу және әзірлеу бойынша бас инженермін. Анимация және креатура
-
әзірлеушілер тобын басқарамын. Фильмде мен суретшілерге кейіпкердің
-
қозғалатын бөлшектері болып табылатын қондырғыларын әзірлеуге көмек үшін жауаптымын.
-
Бұл кейіпкерге алыс-алыс галактикада
шынайы болып көрінуге мүмкіндік береді.Келесі сағат
-
бойы біз өзіміздің жеке Жұлдызды соғыстар ойынын жасамақшымыз. Біз сізге бағдарламалаудың негізгі түсініктерін үйретеміз.
-
Әдетте бағдарламалау мәтіннен тұрады, бірақ біз бағдарламаларды блоктар қолданып жазамыз.
-
Алдымен, біз Реймен бірге ВВ-8-ді сынық бөліктерін жинауға
-
бағдарламалаймыз. Сіздің экраныңыз үш бөлікке бөлінген.
-
Сол жағында Жұлдызды соғыстар: ойынының кеңістігі орналасқан, мұнда код орындалады. Әр деңгей үшін нұсқаулар
-
ойын кеңістігінің астында жазылған. Ортасындағы бұл аймақ құралдар жинақтамасы және осы блоктардың әрқайсысы
-
ВВ-8 түсіне алатын команда болып табылады. Оң жақтағы бос аймақ жұмыс аймағы деп аталады
-
және осы жерде біз өз бағдарламамызды құрамыз.
-
Егер мен солға жүру блогын біздің жұмыс аймағымызға тастап, орындауды бассам, не болады? ВВ-8 торда бір блок солға жылжиды.
-
Ал егер мен ВВ-8 солға жылжығаннан кейін тағы бір нәрсе істегенін қаласам ше?
-
Мен біздің бағдарламаға басқа блок қоса аламын.Мен жоғарыға жүру блогын таңдамақшымын
-
және оны солға жүру блогының астына белгіленген аймақ пайда болғанша ұстап жылжытамын.
-
Оны тастаймын және екі блок бірігеді. Орындауды қайта басқан кезде,
-
ВВ-8 біздің жұмыс аймағындағы жоғарыдан төменге қарай орналасқан командаларды орындайды. Егер сіз блокты жойғыңыз келсе
-
оны дестеден алып тастап құралдар жинақтамасына қайта тастасаңыз болғаны. Орындауды басқаннан кейін,
-
ВВ-8-ді бастапқы күйге қайта келтіру үшін сіз әрдайым түсіру батырмасын баса аласыз. Енді жұмысқа кірісейік!