Return to Video

Star Wars with Blockly - Hour of Code: Introduction

  • Not Synced
    Сәлем, мен Кэтлин Кеннедимін және мен «Жұлдызды жауынгер: Күштің Оянуы» фильмінің продюсерімін. Бүгін сіз біздің жұлдыздарымыздың бірі ВВ-8-бен жұмыс істейсіз. ВВ-8 – сфералық дроид. Оның істегенінің бәрі және әрбір жасаған қимылы бағдарламалық жасақтамамен басқарылады. Информатика ғылымы фильмнің әр саласына, маркетингтен бастап денсаулық сақтауға дейін ықпал етеді. Шынында, «Күштің Оянуы» секілді фильмді жасау үшін жүздеген компьютерлік инженерлер бірігіп жұмыс істеді.
  • Not Synced
    Сәлем, мен Рэйчел Роузбін, мен ILM зерттеу және әзірлеу бойынша бас инженерімін және мен анимация және креатура әзірлеушілер тобын басқарамын. Фильмде мен суретшілерге кейіпкердің қозғалатын бөлшектері болып табылатын қондырғыларын әзірлеуге көмек үшін жауаптымын, бұл кейіпкерге алыс-алыс галактикада шынайы болып көрінуге мүмкіндік береді.
  • Not Synced
    Келесі сағат бойы біз өзіміздің жеке Star Wars ойынын жасамақшымыз. Біз сізге бағдарламалаудың негізгі түсініктерін үйретеміз. Әдетте бағдарламалау түгел мәтіннен тұрады, бірақ біз бұл жерде блоктарды қолданамыз, сондықтан бағдарламаларды жылжытып қойып жаза аламыз. Астарында сіз бұрынғыша код құрасыз. Блок негіздерін байқап көргеннен кейін, біз сізді интернеттегі ең танымал бағдарламалау тілінің бірі JavaScript-ке ауыстырамыз.
  • Not Synced
    Алдымен, біз Реймен бірге ВВ-8-ді сынық бөліктерін жинауға бағдарламалаймыз. Сіздің экраныңыз үш бөлікке бөлінген. Сол жағында Star Wars ойынының кеңістігі орналасқан, мұнда код орындалады. Әр деңгей үшін нұсқаулар ойын кеңістігінің астында жазылған. Ортасындағы бұл аймақ құралдар жинақтамасы және осы блоктардың әрқайсысы ВВ-8 түсіне алатын команда болып табылады. Оң жақтағы бос аймақ жұмыс аймағы деп аталады және осы жерде біз өз бағдарламамызды құрамыз.
  • Not Synced
    Егер мен солға жүру блогын біздің жұмыс аймағымызға тастап, орындауды бассам, не болады? ВВ-8 торда бір блок солға жылжиды. Ал егер мен ВВ-8 солға жылжығаннан кейін тағы бір нәрсе істегенін қаласам ше? Мен біздің бағдарламаға басқа блок қоса аламын. Мен жоғарыға жүру блогын таңдамақшымын және мен оны солға жүру блогының астына белгіленген аймақ пайда болғанша ұстап жылжытамын. Мен оны тастаймын және екі блок бірігеді.
  • Not Synced
    Мен орындауды қайта басқан кезде, ВВ-8 біздің жұмыс аймағындағы жоғарыдан төменге қарай орналасқан командаларды орындайды. Егер сіз блокты жойғыңыз келсе, оны дестеден алып тастап құралдар жинақтамасына қайта тастасаңыз болғаны. Орындауды басқаннан кейін, ВВ-8-ді бастапқы күйге қайта келтіру үшін сіз әрдайым түсіру батырмасын баса аласыз. Енді қыдырайық!
Title:
Star Wars with Blockly - Hour of Code: Introduction
Description:

more » « less
Video Language:
English
Team:
Code.org
Project:
Hour of Code
Duration:
02:40

Kazakh subtitles

Revisions Compare revisions