Бір пеннимен өзімді қалай миллионер сезіндім
-
0:01 - 0:055 жаста болсам да мақтанып тұрмын.
-
0:05 - 0:08Әкем Украинадағы үйіміздің алдына
-
0:08 - 0:11керемет дәретхана салып болды.
-
0:11 - 0:14Ішінен жаман иіс бұрқырағанымен
-
0:14 - 0:18сырты күнге шағылысқан
-
0:18 - 0:22аппақ пластикпен қапталған.
-
0:22 - 0:26Сондықтан да өзімді
бақытты сезініп, -
0:26 - 0:29достарымның арасынан өзімді
басшылыққа сайлап -
0:29 - 0:31оларды жұмсай бастадым.
-
0:31 - 0:34Сонымен біз үй-үйді кезіп,
-
0:34 - 0:37өрмекшінің торына түсіп қалған
шыбындарды тауып -
0:37 - 0:40босатып жүрміз.
-
0:40 - 0:42Бұдан 4 жыл бұрын, бір жасар кезімде
-
0:42 - 0:43Чернобыль апатынан кейін
-
0:43 - 0:46қара нөсер жауыпты. Және
-
0:46 - 0:48әпкемнің шашы уыс-уыс болып түсіп қалыпты.
-
0:48 - 0:50Ал мен 9 ай бойы ауруханада жатыппын.
-
0:50 - 0:52Ешкімді кіргізбеген соң,
-
0:52 - 0:56анам аурухана қызметкеріне ақша беріп,
-
0:56 - 0:59одан медбикенің киімін алып,
-
0:59 - 1:03әр түн сайын жанымда отырыпты.
-
1:03 - 1:06Бірақ 5 жылдан соң жақсы жаңалық жетті.
-
1:06 - 1:10Чернобыльдің шарапатымен біз
АҚШ-тан баспана таптық. -
1:10 - 1:14Үйімізді тастап Америкаға көшкенде
6 жаста едім, содан болар, -
1:14 - 1:15жылай қоймадым.
-
1:15 - 1:19Өйткені, біз баратын жер
банан мен шоколадқа, -
1:19 - 1:23кішкентай мультижапсырмалы
«Базука» сағызы секілді -
1:23 - 1:26түсіме де кіре бермейтін
-
1:26 - 1:30таңғажайып заттарға
тола болар деп ойладым. -
1:30 - 1:33«Базука» сағызын
Украинада жылына 1 рет алатынбыз. -
1:33 - 1:37Cодан кейін бір апта бойы
тастамай шайнап жүретінбіз. -
1:37 - 1:39Біз Нью-Йоркке көшіп келген күні
-
1:39 - 1:41әжем екеуміз отбасымызбен тоқтаған
-
1:41 - 1:42баспанасыздар үйінен 1 пенни
тауып алдық. -
1:45 - 1:46Тек оның үйсіз-күйсіз
-
1:46 - 1:48жүргендердікі екенін білмедік.
-
1:48 - 1:50Бұл жерді біз егеуқұйрық біз
-
1:50 - 1:52егеуқұйрық толған қонақүй деп ойладық.
-
1:52 - 1:54Сонымен, біз пенниді тас еденнен таптық.
-
1:54 - 1:57Оны бай бір адам түсіріп алған болар дедік
-
1:57 - 2:00Өйткені қарапайым адам
ақшасына ықтият болады. -
2:00 - 2:02Уысыма қыса ұстаған пенни
-
2:02 - 2:05тат басқаннан жабысқақ болып қалса да,
-
2:05 - 2:08мен үшін үлкен олжа болып көрінді.
-
2:08 - 2:10Тапқан олжама
-
2:10 - 2:12«Базука» сағызын аламын деп ұйғардым.
-
2:12 - 2:16Сол сәтте өзімді миллионер сезіндім.
-
2:16 - 2:181 жылдан кейін
тағы да осындай сезімге бөлендім. -
2:18 - 2:21Бұл жолы қоқыс жәшігінен
ойыншыққа толы дорба тауып алдық -
2:21 - 2:23Аяқ астынан өмірімде болмаған
-
2:23 - 2:25ойыншықтарға қарық болдым.
-
2:25 - 2:28Бруклиндегі пәтеріміздің есігін
біреу қаққан күні -
2:28 - 2:30осы бақытты қайта сезіндім.
-
2:30 - 2:32Бұл жолы әпкем екеуміз
өзіміз тапсырыс бермеген -
2:32 - 2:35пицца жеткізушіге тап болдық.
-
2:35 - 2:38Біз алғашқы пицамызды ала сала
-
2:38 - 2:41обыға жей бастадық.
-
2:41 - 2:44Жеткізуші табалдырықта
таңғалып қарап тұрды. -
2:44 - 2:47Ол ақша сұрайды, ал
біз ағылшынша сөйлей алмаймыз. -
2:47 - 2:50Анам шығып еді, одан да
ақшасын сұрады -
2:50 - 2:51Анамның ақшасы
жетпей қалды. -
2:51 - 2:54Ол күнде жұмысына
жаяу барып жаяу қайтады. -
2:54 - 2:57Ондағысы автобус
ақшасын үнемдейтін. -
2:57 - 2:59Сосын көрші әйел шығып,
-
2:59 - 3:01ашудан қып-қызыл
болып кетті. -
3:01 - 3:04Себебі төменгі қабаттағы эмигранттар
-
3:04 - 3:08оның пиццасын жеп қойыппыз.
-
3:08 - 3:09Біз ыңғайсызданып қалдық.
-
3:09 - 3:13Бірақ пицца керемет екен.
-
3:13 - 3:19Тұрмысымыздың ауыр екендігін
бір жылдан соң ғана түсіндім. -
3:19 - 3:21АҚШ-та тұрғанымызға он жыл болғанда
-
3:21 - 3:23өзіміз алғаш тұрған қонақүйді
-
3:24 - 3:26жалдамақ болып шештік.
-
3:26 - 3:29Есікті ашқан жігіт күлді де:
-
3:29 - 3:32«Сіздер оны жалдай алмайсыздар.
Ол үйсіздерге арналған»,-деді -
3:32 - 3:34Біз аң-таңбыз.
-
3:34 - 3:38Менің жолдасым Брайан да
балалық шағын үйсіз өткізген. -
3:38 - 3:4111 жасқа келгенде отбасы
дымсыз қалады да, әкесі екеуі -
3:41 - 3:44ақысын төлегенше қолда барын
-
3:44 - 3:47тартып алып бермей қоятын қонақүйлерді
-
3:47 - 3:50сағалауларына тура келген.
-
3:50 - 3:52Бір күні «Фростед Флэйкс»
таңғы ас қорабынан -
3:52 - 3:56сатып алса,
оның ішінен тарақандар шығады. -
3:56 - 3:58Жалғыз жұбанышы бар еді.
-
3:58 - 4:01Ылғи өзімен бірге аяқкиім
қорапшасы болатын. -
4:01 - 4:03Ішінде оның бар қазынасы –
-
4:03 - 4:06Г.И.Джостың тоғыз күлдіргі кітабы
spider-man бейнесіне боялған -
4:06 - 4:09екі жауынгер, бес Gobot
трансформері жататын. -
4:09 - 4:12Бұл оны анашадан, қылмыскер қарақшылардан
-
4:12 - 4:14және өз армандарын ұмытудан сақтайтын
-
4:15 - 4:17өз қаһармандарының жинағы еді.
-
4:17 - 4:18Отбасымыздың тағы бір
-
4:18 - 4:21панасызы жайында айтпақпын.
-
4:21 - 4:23Ол - Скарлетт.
-
4:23 - 4:26Скарлетт бір кездері
ит-таласқа тұзақжем болатын. -
4:26 - 4:28Оның аяғын байлап, рингке лақтыратын.
Жабайы иттер -
4:28 - 4:32өлермен шайқас алдындағы
тағылығын оятатын. -
4:32 - 4:37Қазір ол биоазықтармен қоректеніп,
-
4:37 - 4:39өз аты жазылған ортопедиялы
төсекте ұйықтайды. -
4:39 - 4:44Ыдысына су құйған кезімізде
-
4:44 - 4:48бізге құрметпен қарап алғыс ретінде
құйрығын бұлғаңдатады. -
4:48 - 4:51Кейде Брайан екеуміз Скарлетті
саябаққа апарамыз. -
4:51 - 4:53Көгалда емін-еркін
-
4:53 - 4:56аунақ салғанына қараймыз да,
-
4:56 - 4:57бір-бірімізге қарап шүкір етеміз.
-
5:01 - 5:05Біз барлық азабымызды,
-
5:05 - 5:07жұпыны тірлігімізге түңілуді ұмытып,
-
5:07 - 5:10өзімізді миллионердей сезінеміз.
-
5:10 - 5:11Рақмет.
-
5:11 - 5:15(Қол соғу)
- Title:
- Бір пеннимен өзімді қалай миллионер сезіндім
- Speaker:
- Таня Луна
- Description:
-
Таня Луна бала кезінде Украинаның Чернобыль қаласынан АҚШ-қа қоныс аударды. Бір күні Нью-Йорктегі баспанасыздар үйінде отбасымен тұрып жатқан ол пенни тауып алады. Ол өзін сол кездегідей ешқашан бай сезінген емес. Бұл видеода өзінің балалық шағынан есте қалған қиын да қызықты сәттерімен бөліседі.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 05:31
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen accepted Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for How a penny made me feel like a millionaire |