1 00:00:00,786 --> 00:00:04,757 5 жаста болсам да мақтанып тұрмын. 2 00:00:04,781 --> 00:00:08,316 Әкем Украинадағы үйіміздің алдына 3 00:00:08,340 --> 00:00:10,906 керемет дәретхана салып болды. 4 00:00:10,930 --> 00:00:14,455 Ішінен жаман иіс бұрқырағанымен 5 00:00:14,479 --> 00:00:18,461 сырты күнге шағылысқан 6 00:00:18,485 --> 00:00:22,089 аппақ пластикпен қапталған. 7 00:00:22,113 --> 00:00:25,646 Сондықтан да өзімді бақытты сезініп, 8 00:00:25,670 --> 00:00:28,686 достарымның арасынан өзімді басшылыққа сайлап 9 00:00:28,710 --> 00:00:31,466 оларды жұмсай бастадым. 10 00:00:31,490 --> 00:00:33,779 Сонымен біз үй-үйді кезіп, 11 00:00:33,803 --> 00:00:37,146 өрмекшінің торына түсіп қалған шыбындарды тауып 12 00:00:37,170 --> 00:00:39,533 босатып жүрміз. 13 00:00:39,557 --> 00:00:41,841 Бұдан 4 жыл бұрын, бір жасар кезімде 14 00:00:41,865 --> 00:00:43,286 Чернобыль апатынан кейін 15 00:00:43,310 --> 00:00:45,617 қара нөсер жауыпты. Және 16 00:00:45,641 --> 00:00:47,817 әпкемнің шашы уыс-уыс болып түсіп қалыпты. 17 00:00:47,841 --> 00:00:50,374 Ал мен 9 ай бойы ауруханада жатыппын. 18 00:00:50,398 --> 00:00:51,926 Ешкімді кіргізбеген соң, 19 00:00:51,950 --> 00:00:55,938 анам аурухана қызметкеріне ақша беріп, 20 00:00:55,962 --> 00:00:58,669 одан медбикенің киімін алып, 21 00:00:58,693 --> 00:01:03,014 әр түн сайын жанымда отырыпты. 22 00:01:03,038 --> 00:01:06,074 Бірақ 5 жылдан соң жақсы жаңалық жетті. 23 00:01:06,098 --> 00:01:10,176 Чернобыльдің шарапатымен біз АҚШ-тан баспана таптық. 24 00:01:10,200 --> 00:01:14,395 Үйімізді тастап Америкаға көшкенде 6 жаста едім, содан болар, 25 00:01:14,419 --> 00:01:15,446 жылай қоймадым. 26 00:01:15,470 --> 00:01:19,194 Өйткені, біз баратын жер банан мен шоколадқа, 27 00:01:19,218 --> 00:01:23,374 кішкентай мультижапсырмалы «Базука» сағызы секілді 28 00:01:23,398 --> 00:01:25,815 түсіме де кіре бермейтін 29 00:01:25,839 --> 00:01:29,908 таңғажайып заттарға тола болар деп ойладым. 30 00:01:29,932 --> 00:01:33,025 «Базука» сағызын Украинада жылына 1 рет алатынбыз. 31 00:01:33,049 --> 00:01:37,061 Cодан кейін бір апта бойы тастамай шайнап жүретінбіз. 32 00:01:37,085 --> 00:01:38,867 Біз Нью-Йоркке көшіп келген күні 33 00:01:38,891 --> 00:01:41,100 әжем екеуміз отбасымызбен тоқтаған 34 00:01:41,124 --> 00:01:42,371 баспанасыздар үйінен 1 пенни тауып алдық. 35 00:01:44,867 --> 00:01:45,867 Тек оның үйсіз-күйсіз 36 00:01:45,867 --> 00:01:47,935 жүргендердікі екенін білмедік. 37 00:01:47,935 --> 00:01:49,973 Бұл жерді біз егеуқұйрық біз 38 00:01:49,973 --> 00:01:52,012 егеуқұйрық толған қонақүй деп ойладық. 39 00:01:52,012 --> 00:01:54,051 Сонымен, біз пенниді тас еденнен таптық. 40 00:01:54,075 --> 00:01:57,047 Оны бай бір адам түсіріп алған болар дедік 41 00:01:57,071 --> 00:01:59,541 Өйткені қарапайым адам ақшасына ықтият болады. 42 00:01:59,565 --> 00:02:02,098 Уысыма қыса ұстаған пенни 43 00:02:02,122 --> 00:02:04,760 тат басқаннан жабысқақ болып қалса да, 44 00:02:04,784 --> 00:02:07,791 мен үшін үлкен олжа болып көрінді. 45 00:02:07,815 --> 00:02:10,101 Тапқан олжама 46 00:02:10,125 --> 00:02:11,916 «Базука» сағызын аламын деп ұйғардым. 47 00:02:11,940 --> 00:02:15,901 Сол сәтте өзімді миллионер сезіндім. 48 00:02:15,925 --> 00:02:18,211 1 жылдан кейін тағы да осындай сезімге бөлендім. 49 00:02:18,235 --> 00:02:20,970 Бұл жолы қоқыс жәшігінен ойыншыққа толы дорба тауып алдық 50 00:02:20,994 --> 00:02:22,701 Аяқ астынан өмірімде болмаған 51 00:02:22,725 --> 00:02:25,445 ойыншықтарға қарық болдым. 52 00:02:25,469 --> 00:02:27,830 Бруклиндегі пәтеріміздің есігін біреу қаққан күні 53 00:02:27,854 --> 00:02:29,807 осы бақытты қайта сезіндім. 54 00:02:29,831 --> 00:02:32,116 Бұл жолы әпкем екеуміз өзіміз тапсырыс бермеген 55 00:02:32,140 --> 00:02:34,669 пицца жеткізушіге тап болдық. 56 00:02:34,693 --> 00:02:37,858 Біз алғашқы пицамызды ала сала 57 00:02:37,882 --> 00:02:40,697 обыға жей бастадық. 58 00:02:40,721 --> 00:02:44,086 Жеткізуші табалдырықта таңғалып қарап тұрды. 59 00:02:44,110 --> 00:02:47,086 Ол ақша сұрайды, ал біз ағылшынша сөйлей алмаймыз. 60 00:02:47,110 --> 00:02:49,514 Анам шығып еді, одан да ақшасын сұрады 61 00:02:49,538 --> 00:02:50,872 Анамның ақшасы жетпей қалды. 62 00:02:50,896 --> 00:02:54,224 Ол күнде жұмысына жаяу барып жаяу қайтады. 63 00:02:54,248 --> 00:02:56,893 Ондағысы автобус ақшасын үнемдейтін. 64 00:02:56,917 --> 00:02:58,759 Сосын көрші әйел шығып, 65 00:02:58,783 --> 00:03:01,349 ашудан қып-қызыл болып кетті. 66 00:03:01,373 --> 00:03:03,695 Себебі төменгі қабаттағы эмигранттар 67 00:03:03,719 --> 00:03:07,704 оның пиццасын жеп қойыппыз. 68 00:03:07,728 --> 00:03:09,260 Біз ыңғайсызданып қалдық. 69 00:03:09,284 --> 00:03:13,101 Бірақ пицца керемет екен. 70 00:03:13,125 --> 00:03:19,062 Тұрмысымыздың ауыр екендігін бір жылдан соң ғана түсіндім. 71 00:03:19,086 --> 00:03:21,376 АҚШ-та тұрғанымызға он жыл болғанда 72 00:03:21,400 --> 00:03:23,484 өзіміз алғаш тұрған қонақүйді 73 00:03:23,508 --> 00:03:26,366 жалдамақ болып шештік. 74 00:03:26,390 --> 00:03:28,785 Есікті ашқан жігіт күлді де: 75 00:03:28,809 --> 00:03:31,667 «Сіздер оны жалдай алмайсыздар. Ол үйсіздерге арналған»,-деді 76 00:03:31,691 --> 00:03:33,804 Біз аң-таңбыз. 77 00:03:33,828 --> 00:03:37,810 Менің жолдасым Брайан да балалық шағын үйсіз өткізген. 78 00:03:37,834 --> 00:03:40,900 11 жасқа келгенде отбасы дымсыз қалады да, әкесі екеуі 79 00:03:40,924 --> 00:03:43,653 ақысын төлегенше қолда барын 80 00:03:43,677 --> 00:03:46,586 тартып алып бермей қоятын қонақүйлерді 81 00:03:46,610 --> 00:03:50,266 сағалауларына тура келген. 82 00:03:50,290 --> 00:03:52,471 Бір күні «Фростед Флэйкс» таңғы ас қорабынан 83 00:03:52,495 --> 00:03:56,067 сатып алса, оның ішінен тарақандар шығады. 84 00:03:56,091 --> 00:03:57,983 Жалғыз жұбанышы бар еді. 85 00:03:58,007 --> 00:04:00,627 Ылғи өзімен бірге аяқкиім қорапшасы болатын. 86 00:04:00,651 --> 00:04:03,090 Ішінде оның бар қазынасы – 87 00:04:03,114 --> 00:04:06,236 Г.И.Джостың тоғыз күлдіргі кітабы spider-man бейнесіне боялған 88 00:04:06,260 --> 00:04:09,299 екі жауынгер, бес Gobot трансформері жататын. 89 00:04:09,323 --> 00:04:12,294 Бұл оны анашадан, қылмыскер қарақшылардан 90 00:04:12,318 --> 00:04:14,497 және өз армандарын ұмытудан сақтайтын 91 00:04:14,521 --> 00:04:17,293 өз қаһармандарының жинағы еді. 92 00:04:17,317 --> 00:04:18,341 Отбасымыздың тағы бір 93 00:04:18,365 --> 00:04:21,132 панасызы жайында айтпақпын. 94 00:04:21,156 --> 00:04:22,831 Ол - Скарлетт. 95 00:04:22,855 --> 00:04:25,900 Скарлетт бір кездері ит-таласқа тұзақжем болатын. 96 00:04:25,924 --> 00:04:28,316 Оның аяғын байлап, рингке лақтыратын. Жабайы иттер 97 00:04:28,340 --> 00:04:32,352 өлермен шайқас алдындағы тағылығын оятатын. 98 00:04:32,376 --> 00:04:36,592 Қазір ол биоазықтармен қоректеніп, 99 00:04:36,616 --> 00:04:39,283 өз аты жазылған ортопедиялы төсекте ұйықтайды. 100 00:04:39,307 --> 00:04:43,535 Ыдысына су құйған кезімізде 101 00:04:43,559 --> 00:04:47,524 бізге құрметпен қарап алғыс ретінде құйрығын бұлғаңдатады. 102 00:04:47,548 --> 00:04:50,742 Кейде Брайан екеуміз Скарлетті саябаққа апарамыз. 103 00:04:50,766 --> 00:04:53,161 Көгалда емін-еркін 104 00:04:53,185 --> 00:04:55,562 аунақ салғанына қараймыз да, 105 00:04:55,586 --> 00:04:57,382 бір-бірімізге қарап шүкір етеміз. 106 00:05:01,413 --> 00:05:05,020 Біз барлық азабымызды, 107 00:05:05,044 --> 00:05:06,895 жұпыны тірлігімізге түңілуді ұмытып, 108 00:05:06,919 --> 00:05:09,579 өзімізді миллионердей сезінеміз. 109 00:05:09,603 --> 00:05:10,729 Рақмет. 110 00:05:10,753 --> 00:05:14,746 (Қол соғу)