< Return to Video

Бір пеннимен өзімді қалай миллионер сезіндім

  • 0:01 - 0:05
    5 жаста болсам да мақтанып тұрмын.
  • 0:05 - 0:08
    Әкем Украинадағы үйіміздің алдына
  • 0:08 - 0:11
    керемет дәретхана салып болды.
  • 0:11 - 0:14
    Ішінен жаман иіс бұрқырағанымен
  • 0:14 - 0:18
    сырты күнге шағылысқан
  • 0:18 - 0:22
    аппақ пластикпен қапталған.
  • 0:22 - 0:26
    Сондықтан да өзімді
    бақытты сезініп,
  • 0:26 - 0:29
    достарымның арасынан өзімді
    басшылыққа сайлап
  • 0:29 - 0:31
    оларды жұмсай бастадым.
  • 0:31 - 0:34
    Сонымен біз үй-үйді кезіп,
  • 0:34 - 0:37
    өрмекшінің торына түсіп қалған
    шыбындарды тауып
  • 0:37 - 0:40
    босатып жүрміз.
  • 0:40 - 0:42
    Бұдан 4 жыл бұрын, бір жасар кезімде
  • 0:42 - 0:43
    Чернобыль апатынан кейін
  • 0:43 - 0:46
    қара нөсер жауыпты. Және
  • 0:46 - 0:48
    әпкемнің шашы уыс-уыс болып түсіп қалыпты.
  • 0:48 - 0:50
    Ал мен 9 ай бойы ауруханада жатыппын.
  • 0:50 - 0:52
    Ешкімді кіргізбеген соң,
  • 0:52 - 0:56
    анам аурухана қызметкеріне ақша беріп,
  • 0:56 - 0:59
    одан медбикенің киімін алып,
  • 0:59 - 1:03
    әр түн сайын жанымда отырыпты.
  • 1:03 - 1:06
    Бірақ 5 жылдан соң жақсы жаңалық жетті.
  • 1:06 - 1:10
    Чернобыльдің шарапатымен біз
    АҚШ-тан баспана таптық.
  • 1:10 - 1:14
    Үйімізді тастап Америкаға көшкенде
    6 жаста едім, содан болар,
  • 1:14 - 1:15
    жылай қоймадым.
  • 1:15 - 1:19
    Өйткені, біз баратын жер
    банан мен шоколадқа,
  • 1:19 - 1:23
    кішкентай мультижапсырмалы
    «Базука» сағызы секілді
  • 1:23 - 1:26
    түсіме де кіре бермейтін
  • 1:26 - 1:30
    таңғажайып заттарға
    тола болар деп ойладым.
  • 1:30 - 1:33
    «Базука» сағызын
    Украинада жылына 1 рет алатынбыз.
  • 1:33 - 1:37
    Cодан кейін бір апта бойы
    тастамай шайнап жүретінбіз.
  • 1:37 - 1:39
    Біз Нью-Йоркке көшіп келген күні
  • 1:39 - 1:41
    әжем екеуміз отбасымызбен тоқтаған
  • 1:41 - 1:42
    баспанасыздар үйінен 1 пенни
    тауып алдық.
  • 1:45 - 1:46
    Тек оның үйсіз-күйсіз
  • 1:46 - 1:48
    жүргендердікі екенін білмедік.
  • 1:48 - 1:50
    Бұл жерді біз егеуқұйрық біз
  • 1:50 - 1:52
    егеуқұйрық толған қонақүй деп ойладық.
  • 1:52 - 1:54
    Сонымен, біз пенниді тас еденнен таптық.
  • 1:54 - 1:57
    Оны бай бір адам түсіріп алған болар дедік
  • 1:57 - 2:00
    Өйткені қарапайым адам
    ақшасына ықтият болады.
  • 2:00 - 2:02
    Уысыма қыса ұстаған пенни
  • 2:02 - 2:05
    тат басқаннан жабысқақ болып қалса да,
  • 2:05 - 2:08
    мен үшін үлкен олжа болып көрінді.
  • 2:08 - 2:10
    Тапқан олжама
  • 2:10 - 2:12
    «Базука» сағызын аламын деп ұйғардым.
  • 2:12 - 2:16
    Сол сәтте өзімді миллионер сезіндім.
  • 2:16 - 2:18
    1 жылдан кейін
    тағы да осындай сезімге бөлендім.
  • 2:18 - 2:21
    Бұл жолы қоқыс жәшігінен
    ойыншыққа толы дорба тауып алдық
  • 2:21 - 2:23
    Аяқ астынан өмірімде болмаған
  • 2:23 - 2:25
    ойыншықтарға қарық болдым.
  • 2:25 - 2:28
    Бруклиндегі пәтеріміздің есігін
    біреу қаққан күні
  • 2:28 - 2:30
    осы бақытты қайта сезіндім.
  • 2:30 - 2:32
    Бұл жолы әпкем екеуміз
    өзіміз тапсырыс бермеген
  • 2:32 - 2:35
    пицца жеткізушіге тап болдық.
  • 2:35 - 2:38
    Біз алғашқы пицамызды ала сала
  • 2:38 - 2:41
    обыға жей бастадық.
  • 2:41 - 2:44
    Жеткізуші табалдырықта
    таңғалып қарап тұрды.
  • 2:44 - 2:47
    Ол ақша сұрайды, ал
    біз ағылшынша сөйлей алмаймыз.
  • 2:47 - 2:50
    Анам шығып еді, одан да
    ақшасын сұрады
  • 2:50 - 2:51
    Анамның ақшасы
    жетпей қалды.
  • 2:51 - 2:54
    Ол күнде жұмысына
    жаяу барып жаяу қайтады.
  • 2:54 - 2:57
    Ондағысы автобус
    ақшасын үнемдейтін.
  • 2:57 - 2:59
    Сосын көрші әйел шығып,
  • 2:59 - 3:01
    ашудан қып-қызыл
    болып кетті.
  • 3:01 - 3:04
    Себебі төменгі қабаттағы эмигранттар
  • 3:04 - 3:08
    оның пиццасын жеп қойыппыз.
  • 3:08 - 3:09
    Біз ыңғайсызданып қалдық.
  • 3:09 - 3:13
    Бірақ пицца керемет екен.
  • 3:13 - 3:19
    Тұрмысымыздың ауыр екендігін
    бір жылдан соң ғана түсіндім.
  • 3:19 - 3:21
    АҚШ-та тұрғанымызға он жыл болғанда
  • 3:21 - 3:23
    өзіміз алғаш тұрған қонақүйді
  • 3:24 - 3:26
    жалдамақ болып шештік.
  • 3:26 - 3:29
    Есікті ашқан жігіт күлді де:
  • 3:29 - 3:32
    «Сіздер оны жалдай алмайсыздар.
    Ол үйсіздерге арналған»,-деді
  • 3:32 - 3:34
    Біз аң-таңбыз.
  • 3:34 - 3:38
    Менің жолдасым Брайан да
    балалық шағын үйсіз өткізген.
  • 3:38 - 3:41
    11 жасқа келгенде отбасы
    дымсыз қалады да, әкесі екеуі
  • 3:41 - 3:44
    ақысын төлегенше қолда барын
  • 3:44 - 3:47
    тартып алып бермей қоятын қонақүйлерді
  • 3:47 - 3:50
    сағалауларына тура келген.
  • 3:50 - 3:52
    Бір күні «Фростед Флэйкс»
    таңғы ас қорабынан
  • 3:52 - 3:56
    сатып алса,
    оның ішінен тарақандар шығады.
  • 3:56 - 3:58
    Жалғыз жұбанышы бар еді.
  • 3:58 - 4:01
    Ылғи өзімен бірге аяқкиім
    қорапшасы болатын.
  • 4:01 - 4:03
    Ішінде оның бар қазынасы –
  • 4:03 - 4:06
    Г.И.Джостың тоғыз күлдіргі кітабы
    spider-man бейнесіне боялған
  • 4:06 - 4:09
    екі жауынгер, бес Gobot
    трансформері жататын.
  • 4:09 - 4:12
    Бұл оны анашадан, қылмыскер қарақшылардан
  • 4:12 - 4:14
    және өз армандарын ұмытудан сақтайтын
  • 4:15 - 4:17
    өз қаһармандарының жинағы еді.
  • 4:17 - 4:18
    Отбасымыздың тағы бір
  • 4:18 - 4:21
    панасызы жайында айтпақпын.
  • 4:21 - 4:23
    Ол - Скарлетт.
  • 4:23 - 4:26
    Скарлетт бір кездері
    ит-таласқа тұзақжем болатын.
  • 4:26 - 4:28
    Оның аяғын байлап, рингке лақтыратын.
    Жабайы иттер
  • 4:28 - 4:32
    өлермен шайқас алдындағы
    тағылығын оятатын.
  • 4:32 - 4:37
    Қазір ол биоазықтармен қоректеніп,
  • 4:37 - 4:39
    өз аты жазылған ортопедиялы
    төсекте ұйықтайды.
  • 4:39 - 4:44
    Ыдысына су құйған кезімізде
  • 4:44 - 4:48
    бізге құрметпен қарап алғыс ретінде
    құйрығын бұлғаңдатады.
  • 4:48 - 4:51
    Кейде Брайан екеуміз Скарлетті
    саябаққа апарамыз.
  • 4:51 - 4:53
    Көгалда емін-еркін
  • 4:53 - 4:56
    аунақ салғанына қараймыз да,
  • 4:56 - 4:57
    бір-бірімізге қарап шүкір етеміз.
  • 5:01 - 5:05
    Біз барлық азабымызды,
  • 5:05 - 5:07
    жұпыны тірлігімізге түңілуді ұмытып,
  • 5:07 - 5:10
    өзімізді миллионердей сезінеміз.
  • 5:10 - 5:11
    Рақмет.
  • 5:11 - 5:15
    (Қол соғу)
Title:
Бір пеннимен өзімді қалай миллионер сезіндім
Speaker:
Таня Луна
Description:

Таня Луна бала кезінде Украинаның Чернобыль қаласынан АҚШ-қа қоныс аударды. Бір күні Нью-Йорктегі баспанасыздар үйінде отбасымен тұрып жатқан ол пенни тауып алады. Ол өзін сол кездегідей ешқашан бай сезінген емес. Бұл видеода өзінің балалық шағынан есте қалған қиын да қызықты сәттерімен бөліседі.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
05:31

Kazakh subtitles

Revisions