< Return to Video

Африканың көне әліпбиі: шеберлік пен әдемілік

  • 0:01 - 0:05
    15 жыл бұрын үйіме оралдым,
  • 0:05 - 0:07
    20 жыл уақытым АҚШ-та өтті.
  • 0:07 - 0:10
    Африка жатсынбай қабылдады.
  • 0:10 - 0:13
    Өз елімде алғашқылардың бірі болып,
  • 0:13 - 0:16
    Зимбабе Визуалды өнер институты атты
  • 0:16 - 0:21
    сызба-дизайн және жаңа
    медиа технология колледжін аштым.
  • 0:21 - 0:25
    Менің ойым, арманым Баухауза
    сияқты мектеп ашу болатын,
  • 0:25 - 0:29
    онда жаңа идеялар түбегейлі зерттеліп,
  • 0:29 - 0:33
    тексерілер еді,
  • 0:33 - 0:35
    Африка тұрғындарының шығармашылық
    мұрасына негізделген
  • 0:35 - 0:40
    жаңа визуалды тіл пайда болар еді.
  • 0:40 - 0:44
    Біз орта мектепті табысты бітірген
  • 0:44 - 0:48
    талантты студенттерге диплом
  • 0:48 - 0:50
    алу мүмкіндігін ұсынамыз.
  • 0:50 - 0:53
    Типографиялық іске үйрету — курстың
    маңызды бөлігі,
  • 0:53 - 0:58
    студенттерге өз жан дүниесін
    сыртқа шығаруға күш саламыз.
  • 0:58 - 1:00
    Мынау «Білім алу – әркімнің құқығы»
  • 1:00 - 1:04
    тақырыбы аясында студенттердің
    жасаған плакаты.
  • 1:04 - 1:08
    Мыналар - студенттерім әзірлеген
    логотиптер.
  • 1:08 - 1:12
    Африканың көне жазу мұрасы бар,
  • 1:13 - 1:15
    бірақ бұл өте танымал дерек емес,
  • 1:15 - 1:19
    осы туралы
    «Африка әліпбиі» атты кітап жаздым.
  • 1:19 - 1:22
    Африкада жазудың бірнеше түрі бар.
  • 1:22 - 1:24
    Алғашқысы идеографиялық хат болатын,
  • 1:24 - 1:27
    мысалы, Нсибиди —
  • 1:27 - 1:30
    Нигерияның оңтүстігінде тұратын
    Экои халқының
  • 1:30 - 1:33
    жасырын қауымдастығының жазу жүйесі екен.
  • 1:33 - 1:37
    Бұл – ерекше мақсаттарға бағытталған
    жазулар.
  • 1:37 - 1:41
    Гана мен Кот-д’Ивуардан Акан
    этникалық тобы
  • 1:41 - 1:45
    Адинкра символдарын шамамен 400 жыл
    бұрын жасап шығарған.
  • 1:45 - 1:49
    Бұл - мақалдар, тарихи әңгімелер,
  • 1:49 - 1:52
    заттар, жануарлар, өсімдіктер.
  • 1:52 - 1:54
    Менің сүйікті символым Адинкра
  • 1:54 - 1:56
    жоғарғы сол жағында орналасқан.
  • 1:56 - 1:57
    Оны Санкофа дейді
  • 1:57 - 2:03
    Ол «бұрыл да ұста» дегенді білдіреді.
    Өткеннен үйрен.
  • 2:03 - 2:06
    Анголадан Джокве халқының пиктограммасы
  • 2:06 - 2:10
    әлемнің жаратылысы туралы тарихты айтады.
  • 2:10 - 2:15
    Оның шыңында Құдай бар, төменде – адам,
    адам тұқымы,
  • 2:15 - 2:20
    сол жағында – Күн, оң жағында – Ай.
  • 2:20 - 2:24
    Барлық жолдар Құдайдан тарайды және
    соған қайта алып барады.
  • 2:24 - 2:28
    Йоруба діндерін уағыздайтын жасырын
    қауымдастықтар
  • 2:28 - 2:30
    Нигериядағы Конго мен Пало,
  • 2:30 - 2:34
    Конго мен Ангола
  • 2:34 - 2:38
    жазудың күрделі жүйесін құрды,
  • 2:38 - 2:42
    ол әлі күнге дейін Кубада, Бразилияда,
  • 2:42 - 2:48
    Тринидадта және Гаитиде қолданылады.
  • 2:48 - 2:51
    Конго Демократиялық Республикасының
    тропик ормандарында,
  • 2:51 - 2:54
    Итури аймағында,
  • 2:54 - 2:58
    ер адамдар ағаштың ерекше түрінен
    маталар әзірлейді,
  • 2:58 - 3:01
    ал әйелдер дәстүрлі әндер орындап,
  • 3:01 - 3:04
    өз әндерінде қолданатын
  • 3:04 - 3:06
    көп дауыспен үндесіп жататын,
  • 3:06 - 3:11
    өрілген оюлар салады.
  • 3:11 - 3:15
    Бұл өз ретінде партитура сияқты, егер
    осылай атауға болар болса.
  • 3:15 - 3:18
    Солтүстік Африкада
    Ндебеле халқының әйелдері
  • 3:18 - 3:21
    өз үйлерін ашық түстермен сәндеу үшін,
  • 3:21 - 3:25
    осы және басқа геометриялық оюларды
    пайдаланады.
  • 3:25 - 3:28
    Зулу халқының әйелдері бисермен білезік,
  • 3:28 - 3:29
    моншақ тоқу кезінде осы
  • 3:29 - 3:32
    символдарға қарайды.
  • 3:33 - 3:37
    Эфиопияның
  • 3:37 - 3:39
    Эфиопия тілінен бастау алатын,
  • 3:39 - 3:41
    б. э. д. 4 ғасырда пайда болған
  • 3:41 - 3:43
    көне жазу хаттары
  • 3:43 - 3:47
    қазіргі кезде 24 миллион адам қолданатын
    амхар тілінің негізі.
  • 3:47 - 3:51
    Сұлтан Ибраһим Нджойя, Камерундағы
    Бамум хандығының көсемі,
  • 3:51 - 3:55
    25 жасында бамум тілі жазуын құрастырған.
  • 3:55 - 3:57
    Бамум жазуы —
  • 3:57 - 4:00
    жазудың әліппелік емес, буындық
    жазу үлгісі.
  • 4:00 - 4:03
    Бұл жерде біз 30 жылға жалғасқан,
  • 4:03 - 4:08
    үш даму сатысын көреміз.
  • 4:08 - 4:13
    Либерияның Ван халқының 1800 жылғы
    еуропалықтармен
  • 4:13 - 4:17
    таныстығына дейін көне сауаты болған.
  • 4:17 - 4:22
    Бұл – сөздерді оңнан солға қарай жазатын
    буындық хат.
  • 4:22 - 4:25
    Сьерра-Леонедегі Менде халқы да
  • 4:25 - 4:27
    буындық жазуды ойлап тапқан,
  • 4:27 - 4:31
    бірақ ол солдан оңға қарай оқылады.
  • 4:31 - 4:34
    Африканың көне дизайн дәстүрі бар,
  • 4:34 - 4:38
    дизайнның үздік бейнелері сипатталған.
  • 4:38 - 4:40
    Бұндағы мәселе
  • 4:40 - 4:43
    қазіргі уақытта африка дизайнерлерінің
  • 4:43 - 4:46
    барлық үлгілерінде
    қиындықтар кездесуінде,
  • 4:46 - 4:50
    яғни олар рух пен шабытты
  • 4:50 - 4:53
    сырттан іздейді.
  • 4:53 - 4:57
    Африканың шығармашылық бастамалары,
  • 4:57 - 5:00
    шығармашылық дәстүрлері үнемі
    тартымды және
  • 5:00 - 5:04
    дизайнерлер осыны көре білсе жеткілікті.
  • 5:04 - 5:07
    Мынау эфиопиялық айқыш белгі
  • 5:07 - 5:09
    доктор Рон Иглаштың ерекшелігін көрсетеді:
  • 5:09 - 5:13
    Африка информатика мен математикаға
  • 5:13 - 5:19
    өзінің фракталды сезімді түсінуі
    арқасында көп нәрсе бере алады.
  • 5:19 - 5:23
    Көне африкалықтар өркениетті құраған,
  • 5:23 - 5:26
    сол кезден қалған ескерткіштер әлі күнге
  • 5:26 - 5:30
    олардың айбындарының куәсі.
  • 5:30 - 5:34
    Адам жеткен жетістіктерінің ең
    ұлыларының бірі,
  • 5:34 - 5:37
    мүмкін, бұл біздің э.д. 1600 жылы
    ойлап табылған,
  • 5:37 - 5:40
    месопотамдық сына жазумен байланысты
    деп саналған
  • 5:40 - 5:45
    әліпбиді ойлап табу болар;
  • 5:45 - 5:49
    бұдан ары мысыр иероглифтері пайда
    болды
  • 5:49 - 5:54
    және бұл тарихи дерек ретінде тасқа
    қашалып, тарихқа өшпес із қалдырды.
  • 5:54 - 5:57
    Йель профессоры
    Джон Колеман Дарнелл
  • 5:57 - 6:02
    Фиваид шөлінде батыс Египеттің
  • 6:02 - 6:06
    әкті жартастарында осы жазуларды
    байқағанға дейін,
  • 6:06 - 6:09
    яғни 1998 жылға дейін осылай болған еді.
  • 6:09 - 6:15
    Олар біздің э.д.
    1800-1900 жылдар аралығы деп белгіленген,
  • 6:15 - 6:18
    Месопотамияға дейінгі көптеген ғасырлар.
  • 6:18 - 6:21
    Бұл жазулар
    Уәди-Әл-Хол деп,
  • 6:21 - 6:24
    олар табылған орын атымен аталды.
  • 6:24 - 6:28
    Зерттеулер әлі де жалғасып жатыр,
  • 6:28 - 6:31
    олардың біразының ғана құпиясы ашылды.
  • 6:31 - 6:33
    Ғалымдар, шындығында,
  • 6:33 - 6:38
    бұл адамзаттың алғашқы әліпбиі деген
    оймен келіседі.
  • 6:38 - 6:41
    Сіздер бұл жерден
    палеографиялық картаны шифрланған түрінде
  • 6:41 - 6:45
    көріп отырсыздар, жоғарыдан төмен қарай
  • 6:45 - 6:48
    А ālep әріпінен,
  • 6:48 - 6:52
    басталып, bêt-пен жалғасатын, одар ары
    солай кете береді.
  • 6:52 - 6:55
    Қазіргі уақытта африка
    дизайнер-студенттері
  • 6:55 - 6:59
    сенегалдық Шейх Анта Диоп сияқты
  • 6:59 - 7:02
    адамдардың кітабын оқуы керек,
  • 7:02 - 7:05
    олардың Мысырдағы жемісті еңбектері
  • 7:05 - 7:08
    осы жәдігерлермен дәлелденді.
  • 7:08 - 7:11
    Соңғы сөз Ямайлық көшбасшы
  • 7:11 - 7:13
    Маркусом Гарви мен
  • 7:13 - 7:16
    Ганалық Акан халқының
  • 7:16 - 7:18
    Санкофа символында,
  • 7:18 - 7:21
    Бұл біздің қазіргі кезімізді
    еске салуы үшін,
  • 7:21 - 7:23
    кейін қарай бұрылуымызға және өзіміз бен
  • 7:23 - 7:27
    балаларымыздың болашағы үшін
    түрткі болады.
  • 7:27 - 7:32
    Бұл да африка дизайнерлері
  • 7:32 - 7:34
    сыртқа қарауды тоқтататын уақыт.
  • 7:34 - 7:37
    Олар сыртқы әлемге өте ұзақ қарады,
  • 7:37 - 7:39
    ал олардың іздегендері алыста емес,
  • 7:39 - 7:44
    әрқашан жандарында болған еді.
  • 7:44 - 7:46
    Үлкен рақмет.
  • 7:46 - 7:53
    (Қол соғу)
Title:
Африканың көне әліпбиі: шеберлік пен әдемілік
Speaker:
Саки Мафундиква
Description:

Саки Мафундиква атты графикалық дизайнер Африканың әліпбиден бастап, символдар жүйесіне дейінгі жазу жүйесіне үлкен құрметпен қарайды. Ол жазу мен символдарға айналып кеткен тарихи мұраның құнын көрсетеді. Африка дизайнерлерін көне графикалық формалардан шабыт іздеуге шақырады. Ол сөзін өзінің жақсы көретін — Санкофа — «бұрыл да түсін» немесе «өткеннен үлгі ал» мағыналарын беретін символы туралы айтып аяқтайды.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
08:10

Kazakh subtitles

Revisions