< Return to Video

Ана сүті туралы нені білмейміз?

  • 0:01 - 0:04
    «Бала емізу – тегін» деген сөзді
    әйтеуір бір естіген боларсыз?
  • 0:05 - 0:06
    (Күлкі)
  • 0:06 - 0:09
    Иә, бұл өте күлкілі,
  • 0:09 - 0:14
    әйелдің уақыты мен энергиясын
    бағаламаса, сүтке ақы төленбейді.
  • 0:15 - 0:20
    Әрбір ана бойын иітіп,
    кеудесіндегі нәр сүтке айналуы үшін
  • 0:20 - 0:22
    қанша уақыт және энергия кеткенін
  • 0:22 - 0:24
    тәптіштеп айтып бере алады.
  • 0:24 - 0:26
    (Күлкі)
  • 0:26 - 0:29
    Өйткені ол "іштен шыққан
    шұбар жыланды" асырайды ғой.
  • 0:29 - 0:31
    ( күлкі )
  • 0:31 - 0:34
    Сүттің арқасында
    сүтқоректілер емуді біледі.
  • 0:35 - 0:37
    Аризона штаты университетіндегі
  • 0:37 - 0:39
    Салыстырмалы Лактация зертханасында
  • 0:39 - 0:42
    ана сүтінің маңызын білу үшін,
  • 0:42 - 0:45
    оның бала дамуына қалай ықпал ететінін
  • 0:45 - 0:47
    түсіну үшін ана сүтінің құрамын талдадым.
  • 0:49 - 0:51
    Көзім жеткен маңызды дерек –
    ана мен балаға
  • 0:52 - 0:57
    қолдау көрсете алмайды екенбіз.
  • 0:58 - 1:00
    Ана мен баланы қорғамасақ,
  • 1:00 - 1:03
    оларды ерекше жақсы көретін жақындарын:
  • 1:04 - 1:07
    әкесін, әжесін, атасын, тәтесін,
  • 1:07 - 1:11
    достар мен туыстарын ұмытамыз.
  • 1:12 - 1:17
    Қарапайым шешімдер мен
    ұрандардан бас тартып,
  • 1:17 - 1:19
    мәселенің мәнін ұғатын уақыт келді.
  • 1:20 - 1:22
    Жолым болған шығар,
  • 1:22 - 1:25
    сұхбат берген алғашқы сәттен бастап
  • 1:25 - 1:28
    осы мәселені ертерек түсіндім.
  • 1:29 - 1:30
    Журналист менен:
  • 1:30 - 1:33
    «Анасы баласын қанша уақыт емізуі керек?»
    деп сұрағанда,
  • 1:36 - 1:40
    «керек» деген сөз ұнамады.
  • 1:41 - 1:45
    Себебі әйелдің тәніне қатысты
    істеуің «керек» деген сөзге қарсымын.
  • 1:47 - 1:49
    Нәресте ана сүті арқылы
    аман қалады,
  • 1:49 - 1:53
    cебебі, ана сүті балаға
    қорек, дәрі-дәрмек және белгі береді.
  • 1:53 - 1:54
    Кішкентай нәрестеге
  • 1:55 - 1:56
    ана сүті күш-қуат сыйлайды,
  • 1:56 - 1:59
    миын қалыптастырады,
  • 1:59 - 2:00
    тұтас ағзаға қажет
  • 2:00 - 2:03
    рационмен қамтамасыз етеді.
  • 2:03 - 2:06
    Ана сүті сәбидің
    асқазан-ішек жолындағы
  • 2:06 - 2:08
    микроорганизмдерге де қуат береді.
  • 2:09 - 2:11
    Аналар екі адам үшін емес,
  • 2:11 - 2:13
    триллиондарды нәрлендіру үшін тамақтанады.
  • 2:15 - 2:18
    Ана сүті ауру қоздырғышпен күресетін
    иммунофакторлармен қамтамасыз етеді.
  • 2:19 - 2:24
    Баланың тәніне белгі беретін гормондар да
    ананың сүті арқылы сіңеді.
  • 2:25 - 2:26
    Бірақ соңғы уақытта
  • 2:26 - 2:28
    ана сүтіне бей-жай
    қарайтын болдық.
  • 2:28 - 2:31
    Бәріне белгілі дүниені
    елеуден қалдық.
  • 2:31 - 2:37
    Ана сүтін стандартталған,
    гомогенделген, пастерленген,
  • 2:37 - 2:40
    қораптағы, ұнтақ, хош істі,
    рецеппен жасалған зат санаймыз.
  • 2:41 - 2:43
    Ана сүтінен ерікті түрде бас тартып,
  • 2:43 - 2:45
    тамақты басқа жақтан
    іздейтін болдық.
  • 2:47 - 2:48
    Вашингтондағы
  • 2:48 - 2:50
    Ұлттық денсаулық сақтау институты,
  • 2:50 - 2:52
    Ұлттық медициналық кітапханасында
  • 2:53 - 2:55
    25 миллионнан аса мақала бар.
  • 2:55 - 3:00
    Бұл жер биомедициналық зерттеулердің,
  • 3:00 - 3:03
    медициналық-биологиялық ғылым
    әлемінің орталығы.
  • 3:03 - 3:05
    Кілт сөзбен іздесек,
  • 3:05 - 3:08
    жүктілік туралы
    миллиондаған мақала алдымыздан шығады.
  • 3:09 - 3:12
    Алайда емізу мен ана сүті туралы
    мақала аз.
  • 3:13 - 3:17
    Ал ол мақалалардан
    ана сүті туралы дерек іздесек,
  • 3:17 - 3:22
    кофе, шарап немесе қызанақ туралы
    көбірек білетінімізді мойындаймыз.
  • 3:22 - 3:23
    (Күлкі).
  • 3:25 - 3:28
    Тіпті қозу қызметінің бұзылуы
    туралы білетініміз екі есе көп.
  • 3:28 - 3:30
    (Күлкі).
  • 3:32 - 3:35
    Олар жайлы ештеңе білмеуіміз
    керек демеймін.
  • 3:35 - 3:38
    Ғалым болғандықтан, жан-жақты
    болған жөн деп ойлаймын.
  • 3:38 - 3:40
    Бірақ ана сүті туралы білімсіздігімізге,
  • 3:40 - 3:42
    (Күлкі)
  • 3:42 - 3:43
    дүниеге жаңа келген
  • 3:43 - 3:46
    сүтқоректі еметін
    сүт туралы хабарсыздығымызға
  • 3:46 - 3:47
    күйінуіміз керек қой.
  • 3:48 - 3:52
    Дүниежүзінде әрбір он әйелдің тоғызы
    ең болмаса бір сәбиді дүниеге әкеледі.
  • 3:52 - 3:57
    Демек жыл сайын
    130 миллионға жуық бала өмірге келеді.
  • 3:57 - 4:00
    Аналар мен балалар
    ғылымның назарынан тыс қалмауы керек.
  • 4:01 - 4:05
    Соңғы зерттеулер ана сүті
    ағзаның дамуы үшін пайдалы екенін
  • 4:05 - 4:08
    жүйке-психикалық мінез-құлықты
    қалыптастыратынын дәлелдеді.
  • 4:09 - 4:12
    2015 жылы жүргізілген зерттеу
    мынаны дәлелдеді:
  • 4:12 - 4:15
    ана сүті мен
    баланың сілекейі,
  • 4:15 - 4:17
    иә, баланың сілекейі араласып,
  • 4:17 - 4:21
    химиялық реакция түзіп,
    сутегінің тотығы бөлініп,
  • 4:21 - 4:23
    стафилококкты,
    сальмонелланы жояды.
  • 4:24 - 4:26
    Адамдар және сүтқоректілерді зерттегенде
  • 4:26 - 4:29
    сүттің биологиялық құрамы
  • 4:30 - 4:33
    дүниеге қыздың әлде ұлдың
    келетініне тәуелді болатынын анықтадық.
  • 4:34 - 4:37
    Жаңа туған балаларға арналған
    донорлық ана сүті
  • 4:37 - 4:39
    немесе дүкендегі сүттің
  • 4:39 - 4:42
    құрамы стандартталған.
  • 4:42 - 4:46
    Ұлдарымыз бен қыздарымыз
    әртүрлі жолмен жетіліп,
  • 4:46 - 4:47
    дамитынын ескермейміз.
  • 4:47 - 4:49
    Сүттің маңызын да ойламаймыз.
  • 4:50 - 4:52
    Аналар мұның
    маңызды екенін біледі.
  • 4:52 - 4:56
    Сондықтан олардың көпшілігі
    баланы өз сүтімен өсіруге тырысқанымен,
  • 4:56 - 4:58
    шамасы келмей жататын кездер көп.
  • 5:00 - 5:02
    Бұл олардың емес,
  • 5:02 - 5:03
    біздің кінәміз.
  • 5:04 - 5:08
    Семіздік, эндокриндік аурулар,
    кесер тілігі, мерзімінен бұрын босану
  • 5:08 - 5:10
    мәселелері көп.
  • 5:10 - 5:13
    Мұның бәрі лактацияның
    биологиялық механизмін бұзады.
  • 5:13 - 5:17
    Әйелдердің көпшілігі сапалы клиникалық
    мекемеде емделе де алмайды.
  • 5:18 - 5:19
    25 жыл бұрын
  • 5:19 - 5:23
    ДДҰ мен ЮНИСЕФ
    балаларды емізу үшін
  • 5:23 - 5:25
    бала мен ананың байланысын
    қолдау мақсатында
  • 5:25 - 5:29
    емізуге жағдай жасайтын
    ауруханаларға арнап
  • 5:29 - 5:31
    критерийлер енгізген еді.
  • 5:31 - 5:35
    Бүгін АҚШ-тағы осындай ауруханаларда
  • 5:35 - 5:37
    бес баланың біреуі ғана дүниеге келеді.
  • 5:39 - 5:40
    Бұл үлкен мәселе,
  • 5:40 - 5:43
    себебі, бала өмірге келген
    минутта, сағатта, күнде, аптада
  • 5:43 - 5:47
    аналар көптеген тосын жағдайға тап келеді.
  • 5:47 - 5:50
    Олар сүттің жетіспеуі,
  • 5:50 - 5:51
    емізудегі ауырсыну,
  • 5:51 - 5:52
    сүт мөлшерін білмеу
  • 5:52 - 5:54
    сияқты мәселелерге кезігеді.
  • 5:55 - 5:59
    Бұл аналар осы процесті жақсы түсінетін
  • 6:00 - 6:02
    кәсіби дәрігерлердің көмегіне әбден зәру.
  • 6:02 - 6:06
    Мұндай мәселеге кездескен
    әйелдердің көпшілігі
  • 6:07 - 6:09
    көзін жасқа бұлап, былай дейді:
  • 6:11 - 6:13
    «Қолымнан келмейді.
  • 6:13 - 6:16
    Ешкім үйретпей-ақ
    бала емізуді білуім керек қой.
  • 6:16 - 6:17
    Неге емізе алмаймын?»
  • 6:18 - 6:21
    Болмысымыздағы дүниені
  • 6:22 - 6:25
    білу міндетті емес.
  • 6:26 - 6:28
    Адам пайда болғалы бар
    әрекетті білесіздер ме?
  • 6:28 - 6:31
    (Күлкі)
  • 6:32 - 6:33
    Жыныстық қатынас.
  • 6:34 - 6:36
    Алайда, алғаш жақындасқан сәтте
    ешкім де бәрін біліп алмайды.
  • 6:36 - 6:39
    (Күлкі).
  • 6:39 - 6:44
    Лактация мен емізуді
  • 6:44 - 6:46
    қалай қолдау керегін,
  • 6:46 - 6:49
    сапалы күтімді
    дәрігерлер қамтамасыз етеді.
  • 6:50 - 6:52
    Оларды оқыту үшін
  • 6:52 - 6:54
    биология, әлеуметтанудағы
    үздік зерттеулермен
  • 6:54 - 6:58
    таныс болу керек.
  • 6:58 - 6:59
    Себебі наным-сенімдер мен
  • 6:59 - 7:01
    бұрынғы заманның сөздері
  • 7:02 - 7:05
    көп жағдайда
  • 7:05 - 7:09
    ана мен дәрігер арасында
    шиеленіс тудырады.
  • 7:10 - 7:11
    Тән – саясаттың құралы.
  • 7:13 - 7:16
    Емізетін әйелдерді
    жан-жақты қолдай алмасаңыз,
  • 7:16 - 7:18
    демек барынша тырыспағаныңыз.
  • 7:19 - 7:22
    АҚШ секілді елдер
    жүктіліктен кейін ақша төлемейтіндіктен,
  • 7:22 - 7:27
    аналар босанған соң
    небәрі бірнеше күн өткенде
  • 7:27 - 7:31
    жұмысқа оралуға мәжбүр.
  • 7:32 - 7:36
    Ешбір ұйымдық қолдауға сүйенбей-ақ,
  • 7:36 - 7:39
    ана сүтін насихаттау арқылы ғана
    емізуді қалай қолдаймыз?
  • 7:39 - 7:42

    Ана мен бала байланысын жақсартып,
  • 7:42 - 7:45
    сәби мен ана денсаулығын
  • 7:45 - 7:46
    қалай түзейміз?
  • 7:47 - 7:49
    Жауап: түзей алмаймыз.
  • 7:51 - 7:53
    Заң шығарушылар мен сайлауға қатысушылар!
  • 7:53 - 7:55
    Жұмыс берушілер мен кәсіподақ!
  • 7:55 - 8:00
    Жұмысшылар мен акционерлер!
  • 8:00 - 8:02
    Сөзіме құлақ асыңыздар.
  • 8:03 - 8:07
    Бәріміз де қоғамның сау,
    жақсы болуына мүдделіміз,
  • 8:07 - 8:10
    ол үшін үлес те қоса аламыз.
  • 8:11 - 8:14
    Адам денсаулығын жақсартуда
    ана сүті өте пайдалы.
  • 8:15 - 8:19
    Шала туған, дімкәс, мүгедек балалар
    өмірге келетін
  • 8:19 - 8:23
    қарқынды терапия бөлімдерінде
    ана сүті бірінші кезекте маңызды.
  • 8:23 - 8:25
    Жұқпалы аурулар қаупі зор
  • 8:25 - 8:28
    қауымдастықтар мен өңірлерде
  • 8:28 - 8:30
    ана сүті көп аурудан қорғайды.
  • 8:31 - 8:34
    Дауыл, зілзала
    жарығы жоқ жерлерде,
  • 8:34 - 8:36
    таза суы жоқ аймақтарда,
  • 8:36 - 8:38
    апатты жағдайларға
    тап келетін өңірлерде
  • 8:38 - 8:40
    жаңа туған сәби үшін
    ана сүті әрі сусын, әрі тағам.
  • 8:42 - 8:45
    Апатты аймақтардан қашқан
    сириялық аналарды еске алыңыз,
  • 8:45 - 8:47
    кез келген гуманитарлық дағдарыстардан
  • 8:48 - 8:54
    балаларды ананың сүті
    сақтап қалады.
  • 8:55 - 9:00
    Ана сүтінің маңызын аналар ғана емес,
  • 9:00 - 9:02
    саясаткерлер де түсінуге тиіс.
  • 9:02 - 9:05
    Әңгіме ана сүтінің
    не үшін маңызды екенін түсінуде,
  • 9:05 - 9:08
    сол кезде ғана түрлі себеппен
    ана баласын емізе алмағанда,
  • 9:08 - 9:12
    барынша сапалы қоспаны
    дайындаудың маңызын ұғамыз.
  • 9:12 - 9:14
    Балаларын әртүрлі жолмен өсіретін
  • 9:14 - 9:18
    барлық ананы
  • 9:18 - 9:19
    барынша қолдайтын боламыз.
  • 9:21 - 9:23
    Күллі әлімнің әйелдері
  • 9:23 - 9:26
    саяси, әлеуметтік, экономикалық
    теңдік үшін күресіп жүргенде,
  • 9:26 - 9:29
    ана болудың маңызын елеп-екшеуіміз керек.
  • 9:29 - 9:34
    Ана болу – әйел болудың
    негізгі аспектісі деп емес,
  • 9:34 - 9:39
    әйелді ерекшелейтін,
    маңызды аспекті деп білуіміз қажет.
  • 9:39 - 9:40
    Ол уақыт келді!
  • 9:41 - 9:46
    (Қол шапалақтау)
Title:
Ана сүті туралы нені білмейміз?
Speaker:
Кэйти Хинди
Description:

Ана сүті балаға нәр береді, жүйке жүйесін дамытады, қажет иммундармен қамтамасыз етеді, аштық пен аурудан сақтайды; сөйте тұра ғылым ана сүтінен бұрын, қызанақ туралы көбірек білетінін немен түсіндіреміз? Кэйти Хинди осы бір маңызды нәр туралы айта отырып, тереңірек түсінуіміз үшін ана сүті жайлы қажет деректермен бөліседі.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
09:59

Kazakh subtitles

Revisions