< Return to Video

"Өз-өзіңе деген сенімділік" дағдысы - Доктор Иван Йозеф - TEDxRyerssonU

  • 0:07 - 0:09
    Футбол жаттықтырушысы
    болғанымда,
  • 0:09 - 0:10
    ұлттық чемпионатты жеңген
    жағдайда,
  • 0:10 - 0:12
    барлығы сенде ойнағысы келетін.
  • 0:12 - 0:13
    Шындығында олай емес.
  • 0:13 - 0:17
    Егер жылына $ 25,000 стипендия
    төлесең
  • 0:17 - 0:19
    барлығы сенде ойнағысы келеді.
  • 0:19 - 0:21
    Ата-аналар келіп:
  • 0:21 - 0:24
    "Менің ұлым не қызым сенің
    университетіңде ойнағысы келеді,
  • 0:24 - 0:26
    ол үшін не істесек болады?
    Баланың қай
  • 0:26 - 0:27
    қабілеті маңызды?" дейді.
  • 0:27 - 0:29
    Сократқа ұқсап, мен:
  • 0:29 - 0:31
    "Балаң не жасай алады? Бізді
  • 0:31 - 0:34
    қызықтыратындай нені
    жақсы меңгерген?" деймін.
  • 0:34 - 0:37
    Әдетте олар: "Баламның көру
    қабілеті керемет.
  • 0:37 - 0:38
    Өте жақсы.
  • 0:38 - 0:39
    Бүкіл алаңды көреді".
  • 0:39 - 0:43
    "Менің қызым ең жүйрік ойыншы, оны
    жеңетін ешкім табылмайды.
  • 0:43 - 0:45
    Немесе ұлымның сол аяғы мықты.
  • 0:45 - 0:47
    Керемет. Ауада әрбір допты дөп тебеді".
  • 0:47 - 0:50
    Иә, жаман емес,
  • 0:50 - 0:52
    бірақ шынымды айтсам,
  • 0:52 - 0:54
    бұлар мен іздеген
    қасиеттердің ең соңында.
  • 0:54 - 0:56
    Ең маңыздысы?
  • 0:57 - 0:58
    Өзіне деген сенімділік.
  • 0:58 - 1:02
    Бұл дағдысыз, мен дағды сөзін
    әдейі қолданып отырмын,
  • 1:02 - 1:06
    бұл дағдысыз біз футбол
    ойыншысы тұрғысында жарамсызбыз.
  • 1:06 - 1:10
    Өйткені сен өзіңе деген сенім мен
    үмітті жоғалтқан тұста,
  • 1:10 - 1:11
    ұтылатының анық.
  • 1:11 - 1:13
    Өзіңе деген сенімділіктің
    анықтамасын
  • 1:13 - 1:16
    қайшылықтар мен
    қиындықтарға,
  • 1:17 - 1:20
    қолайсыздықтарға қарамастан
    кез-келген тапсырманы
  • 1:20 - 1:23
    орындауда өзіңе сене
    білу қабілеті
  • 1:23 - 1:24
    деп білемін.
  • 1:24 - 1:29
    Істі аяқтай алуға деген,
    өзіңе деген сенімділік.
  • 1:29 - 1:31
    Кейбіреуің: "Тамаша, менде ол жоқ.
    Ұялшақпын.
  • 1:31 - 1:33
    Ол ешқашан қолымнан келмейді", –
    деп
  • 1:33 - 1:37
    өз-өзіңнен қуыстана бастайсың.
  • 1:37 - 1:40
    Бірақ мен мұнда дағды сөзін
    қолданып отырмын.
  • 1:40 - 1:40
    Өйткені,
  • 1:40 - 1:42
    оны үйренуге болатынына
    сенемін.
  • 1:42 - 1:44
    Сендерге соның бірнеше
    мысалын келтірейін.
  • 1:44 - 1:46
    Уақытым жетер деп
    үміттенемін.
  • 1:46 - 1:46
    Слайд қолданбаймын
  • 1:46 - 1:49
    себебі сөзім әркез мына, мына,
    не мына бағытқа кетеді.
  • 1:49 - 1:51
    Қайда жететінімізді
    көре жатармыз.
  • 1:51 - 1:53
    Сенімділікті қалыптастырудың
    ең оңай жолы –
  • 1:53 - 1:55
    сиқырлы батырма
    болмайды.
  • 1:55 - 1:56
    "Ұшақ құлап барады,
    кім ұша алады?
  • 1:56 - 1:57
    Қолыңды көтер!"
  • 1:57 - 1:58
    дегенде
  • 1:58 - 1:59
    "Мен! Сенімдімін!"
    дей алмаймын.
  • 1:59 - 2:02
    (Күлкі)
  • 2:02 - 2:05
    Қайталау, қайталау, қайталау.
  • 2:05 - 2:06
    Солай емес пе?
  • 2:06 - 2:10
    Малкольм Гладуэлл оны
    10.000 сағат ереже деп атаған.
  • 2:10 - 2:11
    Сиқырлы батырма жоқ.
  • 2:11 - 2:13
    Бірде колумбиялық
    қақпашыны жұмысқа алдым.
  • 2:13 - 2:16
    Ірі денелі, 6,3 футтық жігіт.
  • 2:16 - 2:18
    Оның қолдары тас сияқты.
  • 2:18 - 2:20
    Оны Флипперге
    ұқсататынмын.
  • 2:20 - 2:23
    Әр жолы оған допты лақтырғанда
    жерге түсіп кететін.
  • 2:23 - 2:24
    "Құдайым-ай, қиын болды"
    дейтінмін.
  • 2:24 - 2:27
    Бұның шешімі: қабырғаға жақындап
  • 2:27 - 2:28
    допты қабырғаға теп те,
    ұстап ал.
  • 2:28 - 2:30
    Қабырғаға теп те, ұстап ал.
  • 2:30 - 2:33
    Ол күніне 350 реттен 8 ай
    бойы осыны қайталауды көздеді.
  • 2:33 - 2:36
    Қолдары жарылып,
    ылғалы жоғалып
  • 2:36 - 2:39
    кетіп,
    қайтып келді.
  • 2:39 - 2:40
    Қазір Еуропада ойнап жүр.
  • 2:40 - 2:42
    Сиқыр ма бұл? Жоқ.
  • 2:42 - 2:45
    Қайталау, қайталау, қайталау.
  • 2:45 - 2:47
    Біз өзімізге сенімді
    болғымыз келеді.
  • 2:47 - 2:50
    Бірақ айналысып жатқан ісіміз,
    дағдымыз
  • 2:50 - 2:51
    бізге жаңа емес болмайынша
  • 2:51 - 2:53
    біз өзімізге сенімді бола алмаймыз.
  • 2:53 - 2:55
    Біз адам бойына өте ауыр салмақ
  • 2:55 - 2:58
    түсірсе де,
  • 2:58 - 3:00
    ауыр салмақ адамды алға жетелейді,
  • 3:00 - 3:02
    "Мен бұны мың рет жасадым ғой"
  • 3:02 - 3:05
    дейтіндей болуымыз керек.
  • 3:05 - 3:06
    Мен сөзімді жазып алып
  • 3:06 - 3:08
    айнаның алдында дайындалдым:
    ла, ла, ла, ла, ла, ла
  • 3:08 - 3:10
    Ей, жақсы айтып тұрмын.
  • 3:10 - 3:13
    Содан балаларым мен әйелімнің
    алдына барып:
  • 3:13 - 3:14
    "Біраз қобалжып тұрмын," - дедім.
  • 3:14 - 3:15
    Гленн Гульдқа барып:
  • 3:15 - 3:17
    Құдайым-ай, қаттырақ қобалжып тұрмын!
  • 3:17 - 3:19
    25.000 адамы бар
  • 3:19 - 3:22
    ACG-ға жеткенде,
  • 3:22 - 3:24
    одан көп деп айта алмаймын.
    25 000 адам,
  • 3:24 - 3:27
    жиырма бес мың адам алдында
  • 3:27 - 3:30
    ешбір қобалжу белгісі қалмады.
  • 3:30 - 3:33
    Дайындала білу қабілетімнің
    арқасында.
  • 3:33 - 3:33
    Солай емес пе?
  • 3:33 - 3:35
    Тағы, тағы, тағы да
  • 3:35 - 3:37
    Қайталаудағы мәселе:
    Қаншамыз
  • 3:37 - 3:40
    бір рет сүрінгеннен артқа
    шегінеміз?
  • 3:40 - 3:43
    Қаншамыз кішкене қолайсыздықтан
    соң артқа шегінеміз?
  • 3:43 - 3:45
    Сол видеода Эдисон бар.
  • 3:45 - 3:46
    Біреуден сұрасаң олар "Эдисон
  • 3:46 - 3:48
    кішкентай шамды жасауға
  • 3:48 - 3:50
    1.000-нан 10.000 ретке дейін
    талпынды" дейді.
  • 3:50 - 3:52
    1.000 нан 10.000 ретке дейін.
  • 3:52 - 3:54
    Дж. К. Роулинг та бар болу керек.
  • 3:54 - 3:57
    Оның Гарри Поттерді
    қаншама баспаға көрсеткенін
  • 3:57 - 4:00
    білесің бе? 12 немесе 13 қой деймін.
  • 4:00 - 4:02
    Мен өзіме айтарлықтай сенімдімін,
    бірақ 2 не 3 "жоқтан" соң
  • 4:02 - 4:03
    "Қап!" дер едім.
  • 4:03 - 4:05
    6-7 реттен соң
    "мүмкін, жоқ"
  • 4:05 - 4:07
    10-11 "жоқтан" соң, жазушылық
    орнына
  • 4:07 - 4:09
    футбол жаттықтырушы немесе
  • 4:09 - 4:10
    басқа кәсіп іздеп кетермін.
  • 4:10 - 4:11
    (Күлкі)
  • 4:11 - 4:11
    Солай емес пе?
  • 4:11 - 4:14
    12 рет біреуден жоқ дегенді есту.
  • 4:14 - 4:19
    Бірақ, қайтала, қайтала, қайтала.
    Жоқ дегенді қабылдама.
  • 4:19 - 4:20
    Мүмкін мәселе
    қайталауда
  • 4:20 - 4:22
    емес табандылықта болар.
  • 4:22 - 4:26
    Себебі бәріміз де бір затты қайталаймыз,
    бірақ соңына дейін жеткізбейміз.
  • 4:26 - 4:29
    Бұл сенімділікті қалыптастырудың
    бір жолы.
  • 4:29 - 4:30
    Бұл жерден шық.
  • 4:30 - 4:33
    Өзің құштар іспен айналысып,
    жоқ дегенді қабылдама.
  • 4:33 - 4:35
    Тағы біреуі өз-өзіңмен тілдесу.
  • 4:35 - 4:37
    Бәріміз де өз-өзімізбен
    тілдесеміз.
  • 4:37 - 4:40
    Осы аптада базарда шалбар
    киіп көргендерің бар ма?
  • 4:40 - 4:41
    Әйел кісі болсаңыз
  • 4:41 - 4:43
    ең бірінші басыңа келетіні:
  • 4:43 - 4:45
    "Қап, семіз көрініп тұрмын."
  • 4:45 - 4:47
    Ер адам болсаңыз керісінше:
  • 4:47 - 4:49
    "Қап, бұлшық етім жоқ, шыбықтаймын!"
  • 4:49 - 4:52
    Солай ғой? Бәріміз солай жасаймыз.
  • 4:52 - 4:55
    Студент кезімде, біреу сұрақ қойса
  • 4:55 - 4:58
    "Профессор, менен сұрай
    көрме, жауабын білмеймін"
  • 4:58 - 5:00
    деп жерге қарайтынмын.
  • 5:00 - 5:00
    Рас па?
  • 5:00 - 5:03
    Бірдеңе айтайын.
  • 5:03 - 5:06
    Бизнес басқармасының бастығы
    бұл жайлы сөз етпе деген
  • 5:06 - 5:08
    бірақ, бастық боп
    тағайындалғанда
  • 5:08 - 5:10
    архитекторлар жиналысына қатысатынмын.
  • 5:10 - 5:12
    Сандар мен бұрыштарға
    келгенде
  • 5:12 - 5:14
    басым мүлдем істемейді.
  • 5:14 - 5:15
    Олар менен:
  • 5:15 - 5:16
    архитектуралық
  • 5:16 - 5:18
    фундуктатор клапаны, эм,
  • 5:18 - 5:21
    доктор Йосеф не айтасыз?
  • 5:21 - 5:24
    Э, қарастырып көріп,
    жауабын берейін.
  • 5:24 - 5:25
    (Күлкі)
  • 5:25 - 5:26
    Солай емес пе?
  • 5:26 - 5:30
    Ішімнен "Қап, өтінем сұрама менен,
    сұрамашы" деп отыратынмын.
  • 5:30 - 5:34
    Бәріміздің басымызда осындай негативті
    ойлар болады.
  • 5:34 - 5:36
    Білесің бе?
  • 5:36 - 5:39
    Бізге "сенің қолыңнан келмейді"
    дейтіндердің саны жетерлік.
  • 5:39 - 5:41
    Жарамайсың дейтін.
  • 5:41 - 5:43
    Неге өз-өзімізге де солай айтамыз?
  • 5:43 - 5:48
    Біз ойдың іс-әрекетке әсер
    ететінін жақсы білеміз.
  • 5:48 - 5:51
    Оны доктор Леви көрсеткен
    бейнеден көрдік.
  • 5:51 - 5:53
    Ойдың іс-әрекетке
    әсер ететінін біле тұра
  • 5:53 - 5:57
    неге өзімізге негативті сөздер айтамыз?
  • 5:57 - 6:00
    Біз өз-өзімізді растай білуіміз керек.
  • 6:00 - 6:02
    Мухаммед Әли өзін қалай растайтын?
  • 6:02 - 6:05
    "Мен ең күштімін!".
  • 6:07 - 6:09
    Бұны саған өзіңнен басқа кім айтады?
  • 6:09 - 6:11
    Бөлмеде жалғыз қалғанда,
  • 6:11 - 6:13
    тісіңді жуып жатқанда,
  • 6:13 - 6:15
    біз өзімізге:
  • 6:15 - 6:19
    "Өз тағдырым өз қолымда!" дегенді
    еске салуымыз керек.
  • 6:19 - 6:21
    Бұл менің өз-өзімді растауым.
  • 6:21 - 6:24
    Мен мың адамнан тұратын
    мектептен келдім.
  • 6:24 - 6:26
    Мың адамдық қалашықта
    он бес жыл бойы тұрдым.
  • 6:26 - 6:30
    Менің Мейпл Лиф-гарденстты салып,
    жеңіл атлетика бөлімін басқаратын
  • 6:30 - 6:32
    еш негізім болмады.
  • 6:32 - 6:35
    Бірақ менің өз тағдырым өзімнің қолымда.
  • 6:35 - 6:39
    Мен бұны өзім айтпасам,
    бұған сенбесем
  • 6:39 - 6:41
    басқа ешкім де сенбейді.
  • 6:41 - 6:43
    Өзіңе деген сенімділікті қалай
    қалыптастырасың?
  • 6:43 - 6:46
    Өз-өзіңе сеніміңді жоятын
    адамдардан аулақ жүр.
  • 6:46 - 6:47
    Жетеді.
  • 6:47 - 6:53
    Мұхаммед Әли: "Мен ең мықтымын,
    менен асқан ешкім жоқ".
  • 6:53 - 6:57
    Менмендік, эго мен жалған тәкаппарлықтың
    арасында айырма бар.
  • 6:57 - 7:00
    Тыныш сәттерде,
  • 7:00 - 7:02
    қағазға түсіріп,
  • 7:02 - 7:04
    айнаның жанында сақтаймын,
  • 7:04 - 7:05
    солай ғой?
  • 7:05 - 7:07
    Сеніміңді көтеретін жайттарды
    еске түсіру.
  • 7:07 - 7:09
    Себебі мен талай қателіктер
    жіберемін
  • 7:09 - 7:11
    және оны газеттер байқайды,
  • 7:11 - 7:13
    жан-жағымдағы адамдар байқайды,
  • 7:13 - 7:15
    байқайды да мені сөге бастайды.
  • 7:15 - 7:17
    Біраз уақыттан соң мен сол
    сөгіске сене бастаймын.
  • 7:17 - 7:21
    Менің өзіме деген сенімімнің өте
    төмен болған кездері болған.
  • 7:21 - 7:22
    Бір кездері Айовадан келгенде
  • 7:22 - 7:24
    бір жұмысқа тұрып,
  • 7:24 - 7:27
    оны жасай алам ба жоқ па білмедім.
  • 7:27 - 7:30
    Өзіндік сенім туралы
    хатымды алып шықтым.
  • 7:30 - 7:33
    Жақсы көңіл күйде болған кезде
    жазған хатты.
  • 7:33 - 7:36
    "Иван, 40-қа келмей тұрып докторлықты
    аяқтағаныңмен құттықтаймын!"
  • 7:36 - 7:41
    Құтт..Мен шындап 40-қа әлі келмедім.
  • 7:41 - 7:42
    (Күлкі)
  • 7:42 - 7:44
    Ұлттық чемпионатты жеңгеніңмен
    құттықтаймын!
  • 7:44 - 7:48
    Жақсы әйелге үйленіп, үш баланы
    тәрбиелеп отырсың. Азамат!
  • 7:48 - 7:50
    Осылай өзіме хат жаздым,
  • 7:50 - 7:52
    бұл менің жеке мақтану парағым.
  • 7:52 - 7:55
    Өзім мақтан тұтатын істер туралы хат.
  • 7:55 - 7:56
    Өйткені бәрімізде
  • 7:56 - 8:00
    мейлі жұмыста, мейлі өмірде,
  • 8:00 - 8:03
    мейлі жұмыс іздеуде,
    не қарым-қатынасымызда болсын
  • 8:03 - 8:05
    өзіміздің кім, қайда екендігімізге
  • 8:05 - 8:06
    көңіліміз толмайтын сәттер болады.
  • 8:06 - 8:10
    Сондықтан сол хатты қайта-қайта
    алып шығып, екі аптадай созылатын
  • 8:10 - 8:14
    басыма төнген бұлттан құтылу үшін
    оқып тұрамын.
  • 8:14 - 8:16
    Бұл мен үшін маңызды еді.
  • 8:17 - 8:20
    Өз-өзіңді сөгуді тоқтат.
  • 8:20 - 8:23
    Байқап қарасаң кейбір сортшылардың
    денесіне кішкентай таңғыш
  • 8:23 - 8:25
    не кішкентай белгі тағып алғанын
    көресің.
  • 8:25 - 8:27
    Мысалы, Лэнс Армстронг.
  • 8:27 - 8:29
    Оның өзіндік растауы не?
  • 8:29 - 8:33
    "Мықты өмір сүр" сауда
    белгісі емес, оған өзінің
  • 8:33 - 8:36
    кім екендігін еске салатын ұран.
    Кейін сауда белгісіне айналды.
  • 8:36 - 8:39
    Күмән мен қорқыныш бойын жайлаған
    сәттерде
  • 8:39 - 8:42
    ол соны біресе бір, біресе келесі
    қолында ұстайды.
  • 8:42 - 8:44
    Мықты өмір сүр, тағып ал осыны, кеттік.
  • 8:45 - 8:48
    Біздің бәрімізде сондай ұран бар.
  • 8:48 - 8:50
    Сенімділіктің екі жолы бар.
  • 8:50 - 8:51
    Уақытты уайымдап тұрмын.
  • 8:51 - 8:52
    Мен сендерге біреудің
  • 8:52 - 8:54
    сенімін қалай арттыруға
    болатынын айтайын.
  • 8:54 - 8:56
    Біз жаттықтырушы мен білім
    берушілерміз,
  • 8:56 - 8:58
    біз ұстаздармыз, біз өмірге
  • 8:58 - 8:59
    мән беретін жандармыз.
  • 8:59 - 9:03
    Бұл жұмыстардың жауапкершілігі ауыр.
  • 9:03 - 9:06
    Мен жаттықтырушымын, сенің гол
    соққаныңды қалаймын.
  • 9:06 - 9:09
    Доп жоғары ұшып кетті.
    "Қап! Доп жоғары кетті!"
  • 9:09 - 9:12
    "Рақмет жаттықтырушы, білемін,
    көріп тұрмын."
  • 9:12 - 9:13
    Сонда біз не дейміз?
  • 9:13 - 9:15
    "Шынтағыңды мұнда қой,
  • 9:15 - 9:16
    тізеңді допқа жақындат та
  • 9:16 - 9:18
    былай теуіп жібер.
  • 9:18 - 9:19
    Бум. Қақпаға түсті. Керемет"
  • 9:19 - 9:21
    Шындығында өзім де
    доп тебе алмаймын.
  • 9:21 - 9:22
    (Күлкі)
  • 9:22 - 9:23
    Біз не істей аламыз?
  • 9:23 - 9:25
    Қателіктерді түзетеміз.
  • 9:25 - 9:26
    Түзету барысында:
  • 9:26 - 9:27
    "Джонни, масқара,
  • 9:27 - 9:30
    тізегіңді бүгіп, былай жасауың керек,
    былай."
  • 9:30 - 9:33
    Мен Джоннидің өзіне деген
    сенімін қайттым?
  • 9:33 - 9:35
    "Тізеңді бүк, былай ет,
    былай ет."
  • 9:35 - 9:38
    Осылайша Джоннидің
    сенімін талқандадым.
  • 9:39 - 9:41
    Джоннидің қателігін көрсетпе,
  • 9:41 - 9:44
    ана жерден Боб, Салли
    не Фреданы тауып ал.
  • 9:44 - 9:47
    Керемет гол, Фреда, тізеңді
    төмен ұстағаның ұнады.
  • 9:47 - 9:50
    Былай теуіп жіберіп,
    қақпаға бағыттадың.
  • 9:50 - 9:52
    Жарайсың!
  • 9:52 - 9:53
    Джонни: "Ау?"
  • 9:53 - 9:56
    Керемет. Джонидің жағы сынған жоқ.
  • 9:56 - 9:57
    Өзіне деген сенімін жоғалтпады.
  • 9:57 - 10:00
    Сонымен бірге Фреданың өзіне
    сенімділігін арттырдым.
  • 10:00 - 10:04
    Бала тәрбиесін қалай өзгертуге
    болатынын ойлап көрші.
  • 10:04 - 10:04
    "Стақанды ал,
  • 10:04 - 10:07
    есің дұрыс па?" деудің орнына
  • 10:07 - 10:08
    (Күлкі)
  • 10:08 - 10:10
    Анасының стақанды алып жатқанын
    көрсек:
  • 10:10 - 10:12
    Жарайсың! Жарайсың!
  • 10:12 - 10:14
    Алиса стақанды алып тастағаныңа
    рақмет.
  • 10:14 - 10:17
    Қарапайым естілгенімен,
    жасауға ұмытып жатамыз.
  • 10:17 - 10:20
    Не оқытушы ретінде,
    не топ ретінде
  • 10:20 - 10:21
    егер өзіміз көргіміз келетін
  • 10:21 - 10:24
    жақсы мінез-құлықты мақтай білсек.
  • 10:24 - 10:26
    Бірақ оны ұмытып кетеміз.
    Оңай ғой.
  • 10:26 - 10:29
    Темірді қызған кезде соқ.
  • 10:29 - 10:32
    Біз осыны ұмытамыз. Қиын емес.
  • 10:32 - 10:32
    Олар сөйтті.
  • 10:32 - 10:34
    Канзастағы бір
    зерттеу сөйтті.
  • 10:34 - 10:36
    Бәріміз түсіріп жүрген
    видео түсірді.
  • 10:36 - 10:38
    Видеомен ойыншыларға
    өз ойындарын көрсетті.
  • 10:38 - 10:42
    "Мына голды қақпа қорғаусыз қалғандықтан
    жіберіп алдық,
  • 10:42 - 10:43
    мұнда айналмаппыз, иә?
  • 10:43 - 10:46
    Былай жасап, мына аралықты
    жабу керек еді."
  • 10:46 - 10:48
    Сосын мынау бастапқы көрсеткіш болса,
  • 10:48 - 10:51
    Канзаc штатының құрамасының көрсеткіші
    былай жақсарды.
  • 10:52 - 10:54
    Айтулары бойынша, кейін
    олар бұның бәрін қойып,
  • 10:54 - 10:58
    ойыншыларға тек жақсы ойнаған
    кездерін көрсеткен.
  • 10:58 - 10:59
    Керемет ойнаған кездерін.
  • 10:59 - 11:01
    Сонда
  • 11:01 - 11:05
    көрсеткіштері былай көтерілген.
  • 11:05 - 11:08
    Бұл біздің жаттықтырушы ретінде
    студент спортшылармен
  • 11:08 - 11:09
    тілдесудің жолын
    түбірімен өзгертті.
  • 11:09 - 11:12
    Біз бұны бизнес әлемінде
    қолдана аламыз,
  • 11:12 - 11:14
    студенттік топтық жұмыстарда,
  • 11:14 - 11:15
    басқаруға қолдана аламыз.
  • 11:15 - 11:20
    Бұл оңай: олардың сәтті кездерін ұстап ал.
  • 11:20 - 11:22
    Соңғы айтарым,
  • 11:22 - 11:24
    Өзіне сенімді адамдар естіген пікірді
  • 11:24 - 11:27
    өзі қалаған түрде қабылдайды.
  • 11:27 - 11:30
    Менің ұлым бұған шебер.
  • 11:30 - 11:34
    Ұлым ең, ең осал спортшылардың бірі.
  • 11:34 - 11:34
    Әкесіне ұқсаған.
  • 11:34 - 11:36
    (Күлкі)
  • 11:36 - 11:37
    Ойын..
  • 11:37 - 11:38
    Ойын қалай десем:
  • 11:38 - 11:41
    "Өте жақсы! Үш рет гол соғып,
    екі рет доп бердім!"
  • 11:41 - 11:44
    Мен оның қолына доп тигенін көрмедім!
  • 11:44 - 11:46
    Бірақ ұлым қалай тепкенін
  • 11:46 - 11:48
    өзінше түсініп тұр.
  • 11:48 - 11:49
    (Күлкі)
  • 11:49 - 11:51
    Маған бұл ұнайды!
  • 11:51 - 11:51
    (Күлкі)
  • 11:51 - 11:54
    Иә, мен сондай адаммын!
  • 11:54 - 11:55
    Әйелімді бірінші рет кездестіргенде
  • 11:55 - 11:58
    мен де солай болатынмын.
  • 11:58 - 12:00
    "Паули, менімен киноға барғың келеді ме?
  • 12:00 - 12:02
    Қыздар?"
  • 12:02 - 12:04
    (Күлкі)
  • 12:05 - 12:07
    Ол: Эээ, жоқ,-деді.
  • 12:09 - 12:10
    Қайта сұрадым.
  • 12:10 - 12:12
    Бәлкім, бетіме сәуле
    дұрыс түспеді деп ойладым.
  • 12:12 - 12:13
    (Күлкі)
  • 12:13 - 12:15
    Мүмкін мәселе ұсқынсыз жидемде
  • 12:15 - 12:16
    болған шығар?
  • 12:16 - 12:19
    Мен бұны өзім қалаған түрде
    түсіндім.
  • 12:19 - 12:21
    Сөйтіп, оны қайта шақырдым.
  • 12:21 - 12:24
    Ол маған бірауыз сөз жіберіпті. Досынан.
    Сол кездерде
  • 12:24 - 12:25
    солай жасайтынбыз.
  • 12:25 - 12:27
    "Жер шарында ең соңғы адам қалмайынша,
  • 12:27 - 12:29
    дүние мұз болып қатып, оны
    құтқарудың
  • 12:29 - 12:30
    соңғы үміті ғана
  • 12:30 - 12:33
    қалмайынша, сенімен жүрмеймін" депті.
  • 12:33 - 12:35
    Біреулер: "Үміт жоқ болды ғой"
    десе,
  • 12:35 - 12:37
    Ал мен: "Әлі үміт бар демексің ғой"
    дедім.
  • 12:37 - 12:38
    (Күлкі)
  • 12:38 - 12:39
    Солай ғой?
  • 12:39 - 12:42
    Себебі мен оны солай түсінемін.
  • 12:42 - 12:46
    Бұдан саған айтарым:
  • 12:46 - 12:48
    сен өзіңе өзің сенбейінше,
  • 12:48 - 12:50
    ешкім саған сенбейді.
  • 12:50 - 12:51
    Сол бейнедегі сөздерге құлақ сал.
  • 12:51 - 12:53
    Мен бұны тентектерге,
  • 12:53 - 12:56
    жолы болмайтындар мен бұзықтарға,
  • 12:56 - 12:57
    бүлдірушілерге,
  • 12:57 - 13:00
    қарапайым ортаға сыйыспайтындарға айтамын.
  • 13:00 - 13:03
    Біздің әр түрлі болуымыз табиғи заңдылық.
  • 13:03 - 13:05
    Басқа біреулер сені сынағанда
  • 13:05 - 13:07
    өзіңе сен.
  • 13:07 - 13:08
    Рақмет.
  • 13:08 - 13:12
    (Шапалақ)
Title:
"Өз-өзіңе деген сенімділік" дағдысы - Доктор Иван Йозеф - TEDxRyerssonU
Description:

Райерсон университетіндегі Варсити футбол құрамасының бас жаттықтырушысы және спорт кафедрасының меңгерушісі ретінде доктор Йозефке: "Құрамаға қабылдану үшін бала бойында қандай қасиеттер болу қажет? Жылдамдық па, күш пе немесе ептілік пе?" – деген сұрақтар жиі қойылады. Өзінің TEDx баяндамасында доктор Йозеф өз-өзіңе деген сенімділік жайлы қарастырып, оның тек спортта ғана емес, өмірде де маңызды дағды екендігін түсіндіреді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDxTalks
Duration:
13:21

Kazakh subtitles

Revisions