< Return to Video

Meet the heart! | Circulatory system physiology | NCLEX-RN | Khan Academy

  • 0:02 - 0:05
    маған мына сурет расымен де ұнайды. Бұл сурет біздің
  • 0:05 - 0:08
    денемізде жүрек қай жерде орналасқандығын көрсетеді.
  • 0:08 - 0:13
    сонымен, сіз жүректің екі жағынан қабырғалармен қоршалғандығын көріп тұрсыз, солай ма?
  • 0:13 - 0:16
    бұл суретте өкпелер көрінбейді,бірақ мен салып көрсетейін
  • 0:16 - 0:20
    мынау оң жақ өкпе және
  • 0:20 - 0:23
    мына жақтан сол жақ өкпені көреміз.
  • 0:23 - 0:28
    Сонымен, сіздің жүрегіңіздің орны: екі өкпенің арасында.
  • 0:28 - 0:31
    мен оң және сол жақтарды суреттегі адамға қатысты айтып тұрмын.
  • 0:31 - 0:36
    Сонымен,бұл бізге қарама-қарсы оң және сол жақтар.
  • 0:36 - 0:39
    Жүрек екі өкпенің арасында орналасқан және қабырғалармен қорғалады,
  • 0:39 - 0:43
    қабырғалар осы маңызды
  • 0:43 - 0:47
    мүшелерді сақтап тұрады.
  • 0:47 - 0:51
    Және олардың төменгі жағында
  • 0:51 - 0:56
    өте-өте маңызды
  • 0:56 - 0:59
    бұлшықетті көре аласыз.
  • 0:59 - 1:03
    Бұл бұлшықет туралы адамдар
  • 1:03 - 1:07
    көп айта бермейді, және бұл бұлшықет
  • 1:07 - 1:11
    спорт залда шынықтыратын бұлшықет емес, бұл бұлшықетті көкет деп атайды.
  • 1:11 - 1:15
    Сонымен сіздің көкет бұлшықетіңіз
  • 1:15 - 1:23
    және қабырғаларыңыз кеңістік құрайды, Көкет осы кеңістіктің төмен жағын, ал қабырғалар
  • 1:23 - 1:26
    төбесі мен бүйірлерін құрайды.
  • 1:26 - 1:30
    Егер сіз осы кеңістіктің ішіне қарасаңыз, өз өкпелеріңізді
  • 1:30 - 1:34
    және жүрегіңізді көре аласыз. Осы барлық кеңістік
  • 1:34 - 1:39
    кеуде қуысы деп аталады.
  • 1:39 - 1:42
    Сонымен, жүректің қызметі қандай?
  • 1:42 - 1:46
    Аздаған орын қалдырып,
  • 1:46 - 1:48
    жүректің ұлғайтылған нұсқасын жасайық.
  • 1:48 - 1:54
    Жүректі бағдар ретінде алып бастайық. Мынау біздің оң жақ өкпеміз
  • 1:54 - 1:58
    және басқа жағында сол жақ өкпеміз. Және мұның барлығы
  • 1:58 - 2:01
    кеуде қуысының ішінде орналасуы тиіс, бірақ мен қазір мұны сала алмаймын, өйткені
  • 2:01 - 2:05
    бұл жүректің өзін көруге қиындық тудырады. Сонымен жүректің қызметі туралы ойлайық,
  • 2:05 - 2:10
    түсіндірудің мен бір жолын ойлап тұрмын, бұл
  • 2:10 - 2:13
    өзіңізді жасуша ретінде елестету. Сонымен өзіңізді жасушаның орнына қойып көріңіз,
  • 2:13 - 2:17
    және сізді осы маңайда көңіл көтеріп жүрген жасуша дейік.
  • 2:17 - 2:21
    Мынау -сіз. Өзіңіз бола алатын
  • 2:21 - 2:25
    кез келген дене бөлігі туралы ойлай аласыз. Кішкентай бақай жасушасы айталық.
  • 2:25 - 2:28
    Сонымен, сіз бақай жасушасысыз және
  • 2:28 - 2:33
    сіздің жұмысыңыз, әрине өмір сүру және бақытты болу, және сіздің
  • 2:33 - 2:37
    жаныңызда кішкентай қан тамыры бар. Біздің денеміздегі әрбір жасушаның
  • 2:37 - 2:41
    жанында кішкентай қан тамыры болатыны белгілі. Және мына бақай
  • 2:41 - 2:44
    жасушасы жай ғана өмір сүруге тырысады.
  • 2:44 - 2:49
    Және ,бақай жасушасы белгілі бір заттарды қажет етеді, солай ма?
  • 2:49 - 2:53
    Олар мысалы, оттегіні қажет етеді. Мен мұны түсінікті болу үшін ақпен жазамын.
  • 2:53 - 2:57
    Олар оттегіні және қоректі қажет етеді, солай ма?
  • 2:57 - 3:00
    бір жағынан, жасушалар өмір сүруі және бақытты болу үшін белгілі бір заттар керек.
  • 3:00 - 3:04
    екінші жағынан, олар қалдықтар шығарады.
  • 3:04 - 3:08
    Және қалдықтар кез-келген зат болуы мүмкін, және
  • 3:08 - 3:13
    солардың бір түрі - көмірқышқыл газы(CO2).
  • 3:13 - 3:15
    ол осы жасушалардың қалдығы. Сонымен олар қалдық
  • 3:15 - 3:19
    шығаруда және осы уақытта
  • 3:19 - 3:23
    қан тамыры жоқ деп елестетейік.
  • 3:23 - 3:26
    Сонымен, тіпті жасуша жанында қан
  • 3:26 - 3:30
    тамыры болғанымен, қанның ағысы болмайды,
  • 3:30 - 3:34
    мен жай ғана "ағыс жоқ" деп жазамын. Сонымен
  • 3:34 - 3:39
    кішкентай жасуша қалдық шығарады. Бұл қалдық
  • 3:39 - 3:42
    осы сияқты кішкентай нүктелерді бейнелейді, және ол жинала береді де,
  • 3:42 - 3:45
    қан расымен де ақпайтындай үлкен болып жинақталып қалады.
  • 3:45 - 3:50
    Біздің бақай жасушамыз батпақтана бастайды,
  • 3:50 - 3:54
    және өз қалдықтарына көміліп қалады
  • 3:54 - 3:59
    Және кері жағында оттегі мен қорек өтеді ме? Жоқ.
  • 3:59 - 4:02
    Мұнда бұл заттардың ешқайсысы өтпейді. Осы кезде
  • 4:02 - 4:06
    біздің бақай жасушамыз "Бұл өмір сүрудің
  • 4:06 - 4:10
    ең бақытты жолы емес" деп ойлайды, бұл расымен өте
  • 4:10 - 4:13
    қайғылы, өте қорқынышты. Егер
  • 4:13 - 4:17
    осылай жалғаса берсе, бақай жасушасы өліп қалады. Сонымен,
  • 4:17 - 4:21
    бақай жасушасы нені қажет етеді, және әрбір жасушаға не қажет,
  • 4:21 - 4:25
    мейлі ол саусақтікі болсын, мейлі тері жасушасы болсын ағысты қажет етеді.
  • 4:25 - 4:29
    Дұрыс па? Ол жақсы және біркелкі ағатын қанды қажет етеді.
  • 4:29 - 4:32
    Егер мұнда ағыс болса, сіз мүлдем
  • 4:32 - 4:36
    басқа сурет аласыз, рас қой? Егер ағыс болса, барлық кездейсоқ, барлық
  • 4:36 - 4:40
    қалдық өнімдер қазір көтеріледі және шығарылады.
  • 4:40 - 4:43
    Ол ағып кетеді, және бұл біреу келіп, үйдегі барлық қоқысты алып кеткен сияқты,
  • 4:43 - 4:48
    және сіздің бүкіл үйіңізде қоқыс болмайды.
  • 4:48 - 4:51
    Сонымен , сізде жақсы ағыс бар,
  • 4:51 - 4:56
    және, өз кезегінде оттегі мен қорек жеткізіледі.
  • 4:56 - 5:00
    Және жасуша өте өте бақытты болады және жақсы өмір сүре бастайды.
  • 5:00 - 5:04
    Егер сіз расымен, денеңіздегі барлық жасушалар
  • 5:04 - 5:07
    осы жасуша сияқты жақсы өмір сүрсін десеңіз,
  • 5:07 - 5:11
    сіз бүкіл денеңіздегі жақсы ағысты қажет етесіз.
  • 5:11 - 5:15
    Сізге қандай да бір жолмен қанды қозғалту
  • 5:15 - 5:19
    және үнемі денеге итеріп отыру керек.
  • 5:19 - 5:22
    Мұны миллион жасуша үшін атқаруға сізге
  • 5:22 - 5:28
    өте мықты сорғы керек, рас па?
  • 5:28 - 5:31
    бүкіл қанды денеден шығара алатын
  • 5:31 - 5:35
    және денеге кері айдай алатын нәрсе.
  • 5:35 - 5:39
    Міне, жүрек қандай қызметпен айналысады.
  • 5:39 - 5:43
    Бұл керемет сорғы, қанды айдайды, міне, сондықтан
  • 5:43 - 5:46
    сіздің қан ағысыңыз жақсы.
  • 5:46 - 5:50
    Мен мұны шетіне нөмір бірінші жұмыс деп жазамын. Бұл жүректің қызметі.
  • 5:50 - 5:53
    Сонымен, нөмір бірінші жұмыс - қан ағысын қамтамасыз ету.
  • 5:53 - 5:56
    Және мен жүйелі ағысты жазатын боламын.
  • 5:56 - 6:01
    Мен жүйелі деген сөзді айтқанда,
  • 6:01 - 6:05
    мен бүкіл дене туралы айтып тұрмын. Денедегі
  • 6:05 - 6:09
    барлық жасушаларды. Мұның қалай болатындығын суреттен
  • 6:09 - 6:13
    көре аласыз. Мында сізде үлкен көктамыр бар, мынау көктамыр,
  • 6:13 - 6:17
    мынау көктамыр,
  • 6:17 - 6:21
    және сізде күретамыр бар.
  • 6:21 - 6:24
    Мынау күретамыр.
  • 6:24 - 6:29
    Және қан күретамыр арқылы ағады.
  • 6:29 - 6:33
    Және екі көктамырға келеді, біреуі үстіңгі
  • 6:33 - 6:37
    жағына келеді, оны жоғарғы деп атайды, жоғарғы деген
  • 6:37 - 6:40
    жай ғана үстіңгі деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы қуыс көктамыры.
  • 6:40 - 6:44
    Бұл көктамырдың аты.Сіз төменгі жағын көре алмайсыз, өйткені бұл жүректің
  • 6:44 - 6:48
    басқа жағында, бұл екінші көктамырды төменгі қуыс көктамыры деп атайды.
  • 6:48 - 6:52
    Мынау екеуі де, мынау да көктамыр,мына екі көктамыр
  • 6:52 - 6:58
    қанды бүкіл денеден жүрекке
  • 6:58 - 6:59
    әкеледі.
  • 6:59 - 7:03
    жүрек кері итеруге дайын болғанда, қан осы күретамырдың ішіне
  • 7:03 - 7:07
    ағады, бұл күретамырдың аты -
    қолқа.
  • 7:07 - 7:11
    Егер сіз қолқа туралы естіген болсаңыз, бұл адамдар айтып жүрген
  • 7:11 - 7:15
    күретамыр. Бірақ бұл жүректің тек бір ғана қызметі.
  • 7:15 - 7:19
    Жүректің екінші қызметі де мына суретте көрсетілген. Ол өкпелік
  • 7:19 - 7:22
    қан айналым
  • 7:22 - 7:27
    деп аталады.
  • 7:27 - 7:31
    Өкпелік қан айналым. Бұл нені білдіреді?
  • 7:31 - 7:34
    Жақсы, біз жасушалар оттегін күтетіндігін білеміз, солай ма?
  • 7:34 - 7:39
    Біз мұны білеміз. Және оларда көптеген көмірқышқыл қалдығы бар.
  • 7:39 - 7:42
    Бұл қанды айналаға қозғалтуға жақсы себеп. Бірақ егер сіз көмірқышқыл газын ешқашан
  • 7:42 - 7:45
    шығармайтын болсаңыз немесе жаңа оттегін
  • 7:45 - 7:50
    енгізбесеңіз, жасуша бақытты болмайды.
  • 7:50 - 7:53
    Сізде қан айналымы болуы мүмкін, бірақ қандай да бір уақытта оған оттегі қажет болады.
  • 7:53 - 7:57
    Және ол көмірқышқыл газынан құтылуға тырысады. Сонымен, міне, өкпелер
  • 7:57 - 8:01
    қатысатын жер. Жүрек қанды аортаға шығармай тұрып,
  • 8:01 - 8:05
    оны денеге таратпай тұрып,
  • 8:05 - 8:09
    қанды алдымен өкпеге жібереді.
  • 8:09 - 8:13
    Қан оң өкпеге және сол өкпеге өтеді.
  • 8:13 - 8:17
    Және қан оң өкпеден және сол өкпеден артқа оралып,
  • 8:17 - 8:21
    қайта жүрекке құйылады,
  • 8:21 - 8:25
    сосын қолқа арқылы шығарылады. Сонымен, бұл қан
  • 8:25 - 8:28
    өкпелерден келіп жинақталып, өкпелік шеңберді
  • 8:28 - 8:33
    құрайтын қосымша кішігірім айналым.
  • 8:33 - 8:37
    Және соңында, егер сіз мына суретке қарайтын болсаңыз, бүкіл
  • 8:37 - 8:40
    жүрек маңайындағы ирек тәрізді қан тамырларын
  • 8:40 - 8:44
    байқау қиын емес. Бұл не нәрсе?
  • 8:44 - 8:47
    Мында қызыл нәрсе бар, көк нәрсе бар,
  • 8:47 - 8:50
    және көк нәрсе бұл көктамыр, ал қызыл нәрсе - күре тамыр,
  • 8:50 - 8:55
    бірақ олар жүйелі айналым бөлігі ме, әлде өкпе айналымының бөлігі ме, немесе басқа нәрсе ме?
  • 8:55 - 8:58
    Мыналар-тамырлар, олардың барлығы бірге
  • 8:58 - 9:02
    жүрек қан тамырлары деп аталады.
  • 9:02 - 9:07
    Және сіз жүрек күре тамырлары, немесе
  • 9:07 - 9:11
    жүрек көк тамырлары туралы естуіңіз мүмкін, бірақ сіз оларды бірге қосып
  • 9:11 - 9:14
    жүрек қантамырлары деп айта аласыз. Мен мына жерге қан сөзін қосамын.
  • 9:14 - 9:18
    Сонымен, жүрек қантамырлары жүрек бұлшықеттеріне қызмет етеді.
  • 9:18 - 9:21
    Еске түсірейік, жүрек мыңдаған және он мыңдаған жасушалардан тұрады,
  • 9:21 - 9:25
    және біз бұрынырақ салып көрсеткен
  • 9:25 - 9:30
    бақай жасушасы тәрізді бұл жасушалар да
  • 9:30 - 9:34
    оттегін, қоректі қажет етеді және қалдық шығарады.
  • 9:34 - 9:37
    Және де бұл жасушалар оларды жақсы қамтамасыз ететін қан тамырларын қажет етеді.
  • 9:37 - 9:40
    Сонымен, жүрек қантамырлары дегеніміз не? Олар
  • 9:40 - 9:44
    жүрекке келетін және жүрекке қызмет ететін қантамырлары.
  • 9:44 - 9:48
    Мынау жүрекке қызмет ететіндері.
  • 9:48 - 9:51
    Қазір, егер олар жүрек бұлшықеттеріне және жүрек жасушаларына
  • 9:51 - 9:56
    қызмет ететін болса, олар жүйелі айналымға жатады ма, әлде
  • 9:56 - 9:59
    өкпе айналымына ма? Егер олардың негізгі
  • 9:59 - 10:03
    жұмысы жасушалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету болса,
  • 10:03 - 10:08
    онда жүрек қантамырлары жүйелі айналымға жатады.
Title:
Meet the heart! | Circulatory system physiology | NCLEX-RN | Khan Academy
Description:

more » « less
Video Language:
English
Team:
Khan Academy
Duration:
10:09

Kazakh subtitles

Revisions