Return to Video

Күлімдеудің құпия күші

  • 0:01 - 0:03
    Бала кезде мен үнемі асқан батыр болуды
    қалайтынмын.
  • 0:03 - 0:07
    Әлемді сақтап қалып, әр адамды бақытты
    еткім келетін.
  • 0:07 - 0:11
    Алайда өз арманымның орындалуы үшін маған
    сарқылмас күш керек екенін түсіндім.
  • 0:11 - 0:13
    Сонымен, қызыққа толы Криптон
    планетасынан
  • 0:13 - 0:16
    бастап галактикаралық нысаналарды табу
    үшін ойша саяхат жасауға бел будым.
  • 0:17 - 0:19
    Алайда, одан көп нәтиже шықпады.
  • 0:20 - 0:22
    Ер жеткен соң ғана фантастика дүлей
  • 0:22 - 0:25
    күштің сарқылмас көзі емес екенін түсіндім
  • 0:25 - 0:28
    Содан шындыққа көбірек көз жеткізу үшін
  • 0:28 - 0:30
    нақты ғылымға баруға бел будым.
  • 0:31 - 0:33
    Өз саяхатымды Калифорниядан бастадым.
  • 0:33 - 0:36
    Беркелидегі студенттердің 30 жылдық ескі
  • 0:36 - 0:40

    альбомдарын зерделеу арқылы олардың
  • 0:40 - 0:45
    өміріндегі жетістіктерді бағалауға
    тырыстым.
  • 0:45 - 0:47
    Студенттердің жымиыстарын санамалағанда,
  • 0:47 - 0:48
    зерттеушілер некенің
  • 0:48 - 0:53
    ұзақ та баянды болуын
  • 0:53 - 0:54
    (Күлкі)
  • 0:54 - 0:58
    денсаулық тестінің нәтижесін, тіпті айнала
  • 0:58 - 1:00
    болмыстан алар әсерін де болжай алады.
  • 1:01 - 1:04
    Басқа бір альбомнан Барри Обаманың суретін
  • 1:05 - 1:06
    көріп сасып қалдым.
  • 1:06 - 1:10
    Басында оның күш-қайраты кемерінен асып
    тұр ма деп қалдым.
  • 1:10 - 1:11
    (Күлкі)
  • 1:11 - 1:13
    Сөйтсем, бәрі оның жымиысында екен ғой.
  • 1:14 - 1:19
    Одан бөлек, 2010 жылы Уейн университетінде
  • 1:19 - 1:23
    Бас Лига ойыншыларының 1950 жылға дейінгі
    бейсбол карталарын зерттеудің сәті түсті.
  • 1:24 - 1:27
    Зерттеушілер ойыншылардың жымиыс көлеміне
    қарап олардың
  • 1:27 - 1:30
    өмірінің ұзақтығын болжауға болатынын
    тапты.
  • 1:31 - 1:33
    Күлімдемей суретке түскендердің орташа
  • 1:33 - 1:36
    өмір жасы небәрі 72,9 жыл, ал жадырап
  • 1:36 - 1:39
    түскендердің орташа жасы
  • 1:39 - 1:41
    80 жылдай болып шықты.
  • 1:41 - 1:43
    (Күлкі)
  • 1:43 - 1:46
    Бір жақсысы, біз, расында, күліп туамыз.
  • 1:47 - 1:49
    Қазір біз 3D ультрадыбыс технологиясын
  • 1:49 - 1:52
    қолдана отырып құрсақтағы сәбидің де
  • 1:52 - 1:53
    күлімдеуін көре аламыз.
  • 1:54 - 1:57
    Дүние есігін ашқан соң сәбилер күлімдеуін
    жалғастырады -
  • 1:57 - 1:59
    басында, әсіресе ұйықтап жатқанда.
  • 1:59 - 2:01
    Сонымен қатар көре алмайтын сәби адам
  • 2:01 - 2:03
    дауысына да жымияды.
  • 2:04 - 2:07
    Жымию – адам баласының ең негізгі
  • 2:07 - 2:09
    биологиялық ерекше әрекеттерінің бірі.
  • 2:09 - 2:12
    Бет-әлпетті зерттейтін әлемнің әйгілі
  • 2:12 - 2:16
    ғалымы Паул Екман Папуа Жаңа Гвинеядағы
  • 2:16 - 2:19
    Батыс мәдениетінен мүлдем алыс Форе
  • 2:19 - 2:22
    тайпасы мүшелерінің мінезін зерттеп,
    олардың өзгеше бір
  • 2:22 - 2:25
    қаныпезерлік ғұрыптарын таныды.
  • 2:25 - 2:27
    (Күлкі)
  • 2:27 - 2:29
    Екеуіміз секілді жымиыстарына қарап
  • 2:29 - 2:31
    дәл осындай ой түюге болады.
  • 2:32 - 2:34
    Сонымен, Папуа Жаңа Гвинеядан
  • 2:34 - 2:37
    Голливудқа дейінгі барлық жол
  • 2:37 - 2:40
    Бейжиңдегі заманауи өнерде.
  • 2:40 - 2:42
    Біз жиі жымиямыз және оны өз
  • 2:42 - 2:45
    қуанышымыз бен қанағаттанғанымызды көрсету
    үшін қолданамыз.
  • 2:46 - 2:49
    Осындағы қанша адам күніне
    20 реттен көп күлімдейді?
  • 2:49 - 2:51
    Қолын көтерсін.
  • 2:51 - 2:53
    Ой, шіркін!
  • 2:53 - 2:54
    Мұндағылардан тыс,
  • 2:54 - 2:58
    біздің жартымызға жуығымыз күн сайын
    20 реттен артық күлімдейміз.
  • 2:58 - 3:02
    Соған сай адамдардың 14 пайыздан да азы
    күн сайын кемінде 5 рет күлімдейді.
  • 3:02 - 3:08
    Шынында, бұлардың ең белсенділері - күніне
  • 3:08 - 3:11
    400 реттен жымиятын балалар болып шықты.
  • 3:12 - 3:14
    Көңілді балалардың ортасында болуыңыз
    сізді де
  • 3:14 - 3:18
    жиі күлімдейтін жанға айналдыратынын
    ойлап көрдіңіз бе?
  • 3:19 - 3:22
    Жуырда Швецияның Апсала университетінің
    зерттеушілері
  • 3:22 - 3:27
    біреу күлімдеп тұрған кезде адамның
    жабырқауы тіпті де қиын екенін анықтады.
  • 3:27 - 3:28
    Не үшін дейсіз ғой?
  • 3:28 - 3:31
    Өйткені, күлімдеу жалпылай жұқпалы әрі
  • 3:31 - 3:35
    ол біздің әдеттегі бет-әлпетімізді
    бақылауда ұстайды.
  • 3:36 - 3:39
    Күлімдеу мен оны физикалық тұрғыдан сынап
    көру күлкіміздің
  • 3:39 - 3:43
    шынайы не жалған екенін білуге
    көмектеседі.
  • 3:43 - 3:46
    Сондықтан, біз күлушінің
    эмоциялық жағдайын түсіне аламыз.
  • 3:47 - 3:49
    Жақында Франциядағы
  • 3:49 - 3:52
    Клермонт-Ферранд университетіндегі күлкі
    туралы зерттеуде
  • 3:52 - 3:56
    жымиыс мүшелерін басып шығару үшін
    ауыздарына қалам тістетіп, адамдардан
  • 3:56 - 4:00
    күлімдеудің шынайы не өтірік екенін
    анықтауды сұраған.
  • 4:01 - 4:04
    Қаламсыз кезде олар керемет пікірлер айтты
  • 4:04 - 4:06
    Бірақ ауыздарына қалам қыстырған кезде
  • 4:06 - 4:08
    көргендеріне күле алмағаны үшін шешімдері
  • 4:08 - 4:10
    өте сәтсіз шықты.
  • 4:10 - 4:12
    (Күлкі)
  • 4:12 - 4:15
    «Түрлердің шығу тегі туралы» атты
    эволюциялық теориясынан бөлек
  • 4:15 - 4:20
    Чарльз Дарвин бет-әлпеттер қатынасының
    жауабы деген теория жазды.
  • 4:20 - 4:25
    Оның теориясына сәйкес, күлімдеу өзімізді
  • 4:25 - 4:29
    жақсырақ сезінуімізге итермелейді.
  • 4:29 - 4:34
    Өз зерттеуінде Дарвин бет-әлпетке күлкі
    үйіру үшін электр соққылар жасаған
  • 4:34 - 4:39
    француз неврологі Гийиом Дюшенге сілтеме
    келтіреді.
  • 4:39 - 4:41
    Өтініш, мұны үйде істемеңіз.
  • 4:41 - 4:43
    (Күлкі)
  • 4:44 - 4:45
    Неміс зерттеушілері жымиған
  • 4:45 - 4:49
    бұлшықеттерді басу үшін ФМРТ
    импульстерін қолданып,
  • 4:49 - 4:54
    Ботокс инъекциясына дейінгі және
    кейінгі мидың белсенділігін өлшеді.
  • 4:55 - 4:57
    Бұл Дарвин теориясын растайды,
  • 4:57 - 4:59
    бет-әлпеттің кері байланысы
  • 4:59 - 5:03
    мидағы эмоциялық мазмұнның
    нейрондық өңдеуін өзгертеді,
  • 5:03 - 5:06
    осылайша біз күлімдеген
    кезде өзімізді жақсы сезінеміз.
  • 5:08 - 5:10
    Күлімдеу жақсы көңіл күй
    индукторы – шоколадтың
  • 5:10 - 5:11
    өзімен салыстыруға келмейтіндей
  • 5:12 - 5:14
    біздің миымыздағы сыйақы механизмін
  • 5:14 - 5:16
    ынталандырады.
  • 5:16 - 5:19
    Британия зерттеушілері бір ғана
    шынайы күлкінің
  • 5:19 - 5:22
    миды тіпті 2000 шоколадтай
  • 5:22 - 5:25
    ынталандыра алатынына көз жеткізді.
  • 5:25 - 5:28
    (Күлкі)
  • 5:28 - 5:29
    Тұра тұрыңыз.
  • 5:29 - 5:33
    Тағы бір зерттеу күлімдеудің
    16 000 поунд стерлингті
  • 5:33 - 5:37
    қолма-қол санап алғаныңыздай
    сезім сыйлайтынын растады.
  • 5:37 - 5:38
    (Күлкі)
  • 5:38 - 5:40
    Бұл 25 күлкіге ұқсайды.
  • 5:40 - 5:41
    Жаман емес.
  • 5:41 - 5:43
    Ол жайлы былай ойлаңыз:
  • 5:43 - 5:46
    25 000 рет 400 – қаншама балалар
  • 5:46 - 5:49
    күн сайын өздерін
    Марк Цукерберг сияқты сезінеді.
  • 5:49 - 5:51
    (Күлкі)
  • 5:51 - 5:52
    Көп шоколадтан айырмасы сол,
  • 5:52 - 5:55
    көп күлкі сіздің деніңізді
    сау ете түседі.
  • 5:55 - 5:59
    Күлімдеу кортизол, адреналин, допамин
    секілді сіздің
  • 5:59 - 6:02
    стресс гормондарыңызды азайта алады әрі
  • 6:02 - 6:06
    ендофриндер сияқты көңіл күйіңізді
    көтеретін гормондарыңызды арттырып,
  • 6:06 - 6:09
    жалпы қан қысымын төмендетеді!
  • 6:09 - 6:11
    Бұл аз десеңіз,
  • 6:11 - 6:14
    күлімдеу сізді басқалар
    көзіне әдемі көрсете алады.
  • 6:14 - 6:18
    Жақында Пенн Университетінің
    ғалымдары мынаны тапты.
  • 6:18 - 6:22
    Күлімдеген кезде сіз тек тартымды
    әрі сыпайы болып қана қоймай,
  • 6:22 - 6:25
    біршама білімді де боп көрінеді екенсіз.
  • 6:26 - 6:28
    Сонымен қай кезде де әдемі әрі
    білікті боп
  • 6:28 - 6:31
    көрінгіңіз келсе, стрестеріңізді азайтып,
  • 6:31 - 6:35
    отбасы бақытын арттырғыңыз келсе немесе
  • 6:35 - 6:37
    шығынсыз-ақ таудай шоколадқа ие болғандай
  • 6:37 - 6:43
    сезінгіңіз келсе, яки көптен бері
    киілмеген курткаңыздан 25 мың
  • 6:43 - 6:46
    тауып алғандай болғыңыз келсе, я болмаса
  • 6:46 - 6:49
    өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірі ұзақ,
    дені сау әрі бақытты
  • 6:49 - 6:53
    болуына сеп болатын алапат күшті
    тапқыңыз келсе,
  • 6:53 - 6:55
    күлімдеп жүріңіз!
  • 6:55 - 6:59
    (Қол соғу)
Title:
Күлімдеудің құпия күші
Speaker:
Рон Гутман
Description:

Рон Гутман күлімдеу жөніндегі зерттеулерді шолып шығып, адам айтса нанғысыз қорытындыларға тап болады. Сіз күлімдеуіңіздің ғұмырыңыздың ұзақтығын болжауға сеп болатынын және әл-ауқатыңыздың жақсаруына әсер ететінін білесіз бе? Аталмыш эволюциялық жұқпалы мінез туралы білген соң бет-әлпетіңіздің бұлшықет икемдерін дайындай беріңіз!

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
07:06
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Nurbol Qudaibergen edited Kazakh subtitles for The hidden power of smiling
Show all

Kazakh subtitles

Revisions