< Return to Video

Ұстаздарға лайықты кеңес керек

  • 0:01 - 0:04
    Әркімге ұстаз керек.
  • 0:04 - 0:07
    Баскетболшы болсаң да,
  • 0:07 - 0:10
    теннисші, гимнаст
  • 0:10 - 0:12
    немесе бридж ойнасаң да ұстаз керек.
  • 0:12 - 0:15
    (Күлкі)
  • 0:15 - 0:17
    Бридж ойнаудан ұстазым Шерон Осберг
  • 0:17 - 0:19
    суреттерінің көбінде оның тек
  • 0:19 - 0:23
    басының арт жағы көрінетінін айтады.
    (Күлкі)
  • 0:23 - 0:27
    Кешір, Шерон. Мінекей.
  • 0:27 - 0:30
    Бәрімізге де пікір айтатын адам керек.
  • 0:30 - 0:32
    Осылайша жақсара түсеміз.
  • 0:32 - 0:35
    Өкінішке қарай, жұмыстарын
  • 0:35 - 0:38
    жақсы атқаруға көмектесетін,
  • 0:38 - 0:40
    жүйелі бағалана бермейтін
    адамдар тобы бар
  • 0:40 - 0:42
    және бұл адамдар
  • 0:42 - 0:45
    әлемдегі ең маңызды кәсіп иелері.
  • 0:45 - 0:47
    Ұстаздар туралы айтып тұрмын.
  • 0:47 - 0:49
    Мелинда екеуміз
  • 0:49 - 0:52
    көптеген ұстаз пайдалы кеңесті
    аз еститіні білгенде
  • 0:52 - 0:54
    таң қалдық.
  • 0:54 - 0:58
    Осы уақытқа дейін ұстаздардың 98%
  • 0:58 - 1:01
    бір ауыз пікір естіді:
  • 1:01 - 1:04
    қанағаттандырарлық.
  • 1:04 - 1:06
    Егер ұстазым бір кездерде
    бридж ойынымның
  • 1:06 - 1:09
    «қанағаттандырарлық»
    екенін айтқан болса,
  • 1:09 - 1:11
    ешқашан да алдыңғы қатарлы
    болуға үміттенбес едім.
  • 1:11 - 1:15
    Кімнің жақсы екенін қайдан білер едім?
  • 1:15 - 1:18
    Өзімнің өзгелерден басқаша
    істегенімді қайдан білер едім?
  • 1:18 - 1:21
    Қазіргі кезде аймақтар
  • 1:21 - 1:23
    ұстаздардың бағалау жүйесін жақсарту
    бойынша
  • 1:23 - 1:26
    жұмыс істеп жатыр,
    бірақ біздер әлі күнге дейін олардың
  • 1:26 - 1:29
    тәжірибесін жақсартуға көмектесетін
    баға беруді орнатпай отырмыз
  • 1:29 - 1:33
    Біздің ұстаздар жақсыға лайықты.
  • 1:33 - 1:36
    Қазіргі жүйе оларға әділетсіз.
  • 1:36 - 1:38
    Ол оқушыларға да әділетсіз,
  • 1:38 - 1:43
    бұл Америка
    көшбасшылығына сын.
  • 1:43 - 1:46
    Бүгін барлық ұстазға керекті
    және өздерін жетілдіретін
  • 1:46 - 1:51
    құралдарын алуға қалай көмектесуге
    болатындығы туралы айтпақпын.
  • 1:51 - 1:54
    Әңгімені сұрақтан бастайықшы:
    Кім жұмысын жақсы атқарады?
  • 1:54 - 1:58
    Өкінішке қарай, ұстаздарды
    бағалау жүйесінің
  • 1:58 - 2:00
    халықаралық рейтинг кестесі жоқ.
  • 2:00 - 2:02
    Сондықтан да мен оқудағы
  • 2:02 - 2:05
    үлгерімі өте жоғары елдерге қарап,
  • 2:05 - 2:07
    олардың өз ұстаздарын жетілдіре түсу үшін
  • 2:07 - 2:10
    не көмек беріп жатқанына назар аудардым.
  • 2:10 - 2:13
    Оқу дағдыларының рейтингін қарастырайық.
  • 2:13 - 2:16
    АҚШ бірінші орында емес.
  • 2:16 - 2:18
    Біз алғашқы ондыққа да кірмейміз.
  • 2:18 - 2:23
    Біз 15-орынды Исландия және
    Польшамен бөлісеміз.
  • 2:23 - 2:25
    Оқуда АҚШ-тан алда келе жатқан
  • 2:25 - 2:28
    осы елдердің қаншасы
  • 2:28 - 2:30
    ұстаздарға біліктілігін
    жетілдіруге көмектесетін
  • 2:30 - 2:33
    арнайы жүйе енгізген?
  • 2:33 - 2:36
    14- тің 11-і.
  • 2:36 - 2:39
    АҚШ мәтін оқу рейтингі бойынша 15-орында,
  • 2:39 - 2:43
    бірақ ғылымда 23-орында,
    математикада 31-орында тұрмыз.
  • 2:43 - 2:46
    Біз жоғары тұрған бір ғана сала бар:
  • 2:46 - 2:48
    ұстаз біліктілігін
    дамытуға көмектеспеуден
  • 2:48 - 2:52
    алдыңғы орындамыз.
  • 2:52 - 2:56
    Ең мықтысы - Қытай.
  • 2:56 - 2:59
    Шанхай аймағына қарайықшы.
  • 2:59 - 3:02
    Олар барлық бағыт бойынша, оқудан да,
  • 3:02 - 3:05
    математикадан да, ғылымнан да
    бірінші орында.
  • 3:05 - 3:08
    Осылайша ұстаздарға өзін-өзі жетілдіруге
    көмектесе білу
  • 3:08 - 3:12
    Шанхайдың ғажайып
    жетістігінің кепілі.
  • 3:12 - 3:14
    Олар жас ұстаздарға
  • 3:14 - 3:18
    жұмыс барысында тәжірибелі әріптестеріне
    қарауға мүмкіндік береді.
  • 3:18 - 3:20
    Оларда апталық оқу топтары бар,
  • 3:20 - 3:23
    онда ұстаздар жиналып, үздік
    әдістерді талқылайды.
  • 3:23 - 3:26
    Сонымен бірге әрбір ұстаз
    өз байқағандарымен және
  • 3:26 - 3:30
    әріптестерінің жұмыстары туралы
    ойларымен бөлісуді талап етеді.
  • 3:30 - 3:33
    Сіз мұндай жүйе несімен маңызды
    деп сұрарсыз?
  • 3:33 - 3:36
    Себебі, ұстаз мамандығы
  • 3:36 - 3:38
    көпқырлы сала.
  • 3:38 - 3:42
    Кейбір ұстаз басқаларға қарағанда
    озығырақ.
  • 3:42 - 3:45
    Расында да, бүкіл елде өз оқушыларына
  • 3:45 - 3:49
    адам нанғысыз жетістікке жетуге
    көмектесіп жатқан ұстаздар бар.
  • 3:49 - 3:51
    Егер қарапайым ұстаз
  • 3:51 - 3:53
    жоғарыдағы ұстаздар сияқты
    шеберлікке жетсе,
  • 3:53 - 3:58
    онда студенттерімізге
    бүкіл әлем таңданар еді.
  • 3:58 - 4:01
    Бізге өз ұстаздарымызға үздіктермен
  • 4:01 - 4:03
    бір сатыда тұруға көмектесетін жүйе керек.
  • 4:03 - 4:05
    Бұл жүйе неге ұқсауы мүмкін?
  • 4:05 - 4:07
    Осыны анықтау үшін,
  • 4:07 - 4:10
    біздің қорымыз
  • 4:10 - 4:12
    бүкіл ел көлеміндегі 3000 ұстазбен
  • 4:12 - 4:16
    «Тиімді оқыту шаралары» (ТОШ) атты жоба
    бойынша жұмыс істеді.
  • 4:16 - 4:18
    Бақылаушылар сыныптағы ұстаздардың
  • 4:18 - 4:20
    бейнежазбаларын көріп,
  • 4:20 - 4:24
    бірнеше сұрақ бойынша, өз міндетін
    жақсы атқара алғандығын бағалады.
  • 4:24 - 4:26
    Мысалы, олар оқушыларға
  • 4:26 - 4:28
    қиын сұрақтар қойды ма?
  • 4:28 - 4:32
    Олар идеяны әртүрлі амалдармен
    түсіндіре алды ма?
  • 4:32 - 4:36
    Сонымен қоса, оқушыларға
    «Ұстазыңыз сыныптың
  • 4:36 - 4:38
    сабақты түсінгендігін біле ме?»,
  • 4:38 - 4:41
    «Сіз өз қателіктеріңізді түзеп
    үйрендіңіз бе?»
  • 4:41 - 4:44
    деген сияқты сұрақтардан тұратын
    сауалнама бердік.
  • 4:44 - 4:47
    Біз өте қызық нәтижеге куә болдық.
  • 4:47 - 4:51
    Біріншіден, осы бақылауларда өздерін
    жақсы көрсеткен ұстаздардың
  • 4:51 - 4:53
    оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.
  • 4:53 - 4:57
    Бұл сауалнаманы дұрыс
    әзірлегенімізді білдіреді.
  • 4:57 - 4:59
    Екіншіден, осы жобаға қатысқан ұстаздар,
  • 4:59 - 5:03
    студенттер толтырған сауанамалар
    мен бейнелер
  • 5:03 - 5:06
    жұмыс істеуді қажет ететін
  • 5:06 - 5:08
    нақты кемшіліктерді анықтауға
  • 5:08 - 5:10
    жақсы көмектескенін көрсетті.
  • 5:10 - 5:14
    Сіздерге ТОШ бағдарламасының
    қалай іске асатындығынан үзінді
  • 5:14 - 5:17
    көрсеткім келеді.
  • 5:17 - 5:20
    (Әуен)
    (Бейне)
  • 5:20 - 5:22
    Сара Браун Весслинг:
    Қайырлы таң!
  • 5:22 - 5:24
    Бүгін не істейтінімізді
    ақылдасып алайық.
  • 5:24 - 5:27
    Алдымен өзара пікірлесеміз,
    жарай ма?
  • 5:27 - 5:30
    Пікір күні, біздің мақсатымыз,
    сабақ соңында
  • 5:30 - 5:31
    сіздің әрқайсыңыз
    өз эсселеріңізде,
  • 5:31 - 5:34
    сенімді деректерді
    пайдаланасыз ба, соны анықтай алу
  • 5:34 - 5:36
    Есімім - Сара Браун Весслинг
  • 5:36 - 5:38
    Мен Айова, Джонстондағы Джонстан
  • 5:38 - 5:40
    орта мектебінде
    ағылшын тілі мұғалімімін.
  • 5:40 - 5:41
    Жаныңыздағы біреуге бұрылыңыз.
  • 5:41 - 5:44
    Оған деректер туралы айтқанда,
    нені меңзегенімді айтыңыз
  • 5:44 - 5:47
    Айтып кеткенімдей,
    біз істеп жатқан нәрсенің
  • 5:47 - 5:50
    абстрактылы көрінісі мен
    өмірдегі нәтижесінің арасында
  • 5:50 - 5:52
    айырмашылық бар деп ойлаймын.
  • 5:52 - 5:55
    Жақсы, жазғандарыңды
    маған өткізе қойыңдар.
  • 5:55 - 5:58
    Меніңше, бұл бейнекөріністен байқайтынымыз
  • 5:58 - 6:00
    шынайылықтың арнайы бір бөлігі.
  • 6:00 - 6:03
    Сіздер бейнеде көргендеріңізге талас
    тудыра алмайсыздар
  • 6:03 - 6:06
    және сіз бұдан көп нәрсе ала аласыз
  • 6:06 - 6:08
    осы көріп отырған кезде,
    өз ісінің шебері
  • 6:08 - 6:11
    болуға көмектесетін көптеген
    амалдар бар екендігін байқайсыз
  • 6:11 - 6:14
    Менің камерам қарапайым,
    үш аяқты тіреуі және
  • 6:14 - 6:17
    кішкентай кең бұрышты кіріктірілген
    линзасы бар.
  • 6:17 - 6:20
    Сабақ басында камераны
  • 6:20 - 6:22
    сыныптың артқы жағына қоямын.
    Бұл жақсы көрініс емес
  • 6:22 - 6:25
    Камера болып жатқан әрбір ұсақ-түйекті
    түсіре бермейді.
  • 6:25 - 6:28
    Бірақ, дауыстарды ести аламын.
    Көп нәрсені көре аламын.
  • 6:28 - 6:30
    Көп нәрсе үйрене аламын.
  • 6:30 - 6:33
    Бұл сырттан бақылауға арналған
  • 6:33 - 6:36
    мықты, бірақ қарапайым құрал.
  • 6:36 - 6:39
    Жарайды, алдымен ұзынына қаралық,
    жақсы ма?
  • 6:39 - 6:42
    Түсірілімді аяқтаған соң, камераны
    компьютерге қосамын,
  • 6:42 - 6:44
    жазбаны сканерлеп, одан соң көремін.
  • 6:44 - 6:47
    Егер де жазып қоймасам,
    ұмытып кетемін.
  • 6:47 - 6:50
    Жазбалар ойлау әрекетімнің бөлшегі
    әрі жазып жатқан кезде,
  • 6:50 - 6:54
    көретіндігімді де өзіме жаңалық санадым.
  • 6:54 - 6:56
    Шынында да, оны өзімнің жеке
    дамуым үшін
  • 6:56 - 6:59
    және оқытудың, әдістеменің және
    сынып жетекшілігінің
  • 6:59 - 7:03
    стратегиясы туралы ойлануға,
  • 7:03 - 7:06
    сондай-ақ сыныптың барлық аспектілері
    үшін пайдаландым.
  • 7:06 - 7:09
    Біз бұны ертерек істегенімізге қуанамын,
  • 7:09 - 7:11
    себебі не дұрыс, не
    бұрыс екен салыстыра аламыз.
  • 7:11 - 7:15
    Мен бұл бейне біздерге
  • 7:15 - 7:18
    оқу және түсіну үшін көмектесетін,
  • 7:18 - 7:21
    одан соң осы қиын жұмыстың шындығында
    нені меңзейтінін
  • 7:21 - 7:24
    басқаларға да түсінуге көмектесетін
  • 7:24 - 7:28
    ұстаздарға тән сипатты ашады деп санаймын,
  • 7:28 - 7:32
    Сіз оны қалыпты жағдай деп айта алмайтын,
  • 7:32 - 7:35
    еш уақытта да педагогика кітабы
    бойынша жеткізе алмайтын,
  • 7:35 - 7:37
    бұл біздің сабақ барысында
  • 7:37 - 7:39
    көрсете алмайтын ойларымызды көрсетудің
  • 7:39 - 7:42
    амалы деп ойлаймын.
  • 7:42 - 7:44
    Жақсы, бәріңіз де демалысты жақсы
    өткізіңіздер.
  • 7:44 - 7:45
    Кездескенше.
  • 7:45 - 7:48
    [Барлық сыныптар осындай бола алады]
  • 7:48 - 7:53
    (Қол соғу)
  • 7:53 - 7:56
    Бил Гейтс: Бір күні біз Американың
    бүкіл сыныптары
  • 7:56 - 7:59
    осылай болғанын қалаймыз.
  • 7:59 - 8:01
    Бірақ бізге әлі көп нәрсе істеу керек.
  • 8:01 - 8:04
    Ұстаздар дамыту тиіс
    жерлерді анықтау
  • 8:04 - 8:07
    мақсатымыздың жартысы ғана.
  • 8:07 - 8:09
    Біз оларға солардың көмегімен
  • 8:09 - 8:12
    өз мәселелерін шеше алатын құрал
    беруіміз керек.
  • 8:12 - 8:14
    Егер бөлшек санды түсіндіру әдісімен
  • 8:14 - 8:15
    жұмыс істеу керектігін түсінсеңіз,
  • 8:15 - 8:18
    сізге бөлшек санды басқалардан
    жақсырақ түсіндіретін
  • 8:18 - 8:22
    ұстаздың бейнесабағын көру керек.
  • 8:22 - 8:24
    Толыққанды бағалай білу
  • 8:24 - 8:27
    және ұстаздарды жетілдіру оңай жұмыс емес.
  • 8:27 - 8:29
    Мысалы, мен кейбір ұстаздың
  • 8:29 - 8:32
    сыныпқа камера қою идеясын
  • 8:32 - 8:35
    толық қолдамайтынын білемін.
  • 8:35 - 8:38
    Бұл түсінікті жайт, бірақ
    біздің ТОШ тәжірибеміз
  • 8:38 - 8:41
    егер ұстаз сабағын жинақы өткізсе,
  • 8:41 - 8:44
    егер сабақтарының
    бейнесін жинаса
  • 8:44 - 8:47
    және солардың арасынан көрсеткісі
    келетіндерін таңдаса,
  • 8:47 - 8:51
    олардың көпшілігі қатысуға қуанышты
    болар еді дегенді болжап отыр.
  • 8:51 - 8:54
    Бұндай жүйені құру да
  • 8:54 - 8:57
    қомақты қаржыны қажет етеді.
  • 8:57 - 9:00
    Біздің қор оны
  • 9:00 - 9:02
    бес миллион долларға бағалап отыр.
  • 9:02 - 9:06
    Бұл үлкен сан сияқты көрінгенімен,
  • 9:06 - 9:08
    ұстаздардың жылдық жалақысына
    жұмсайтын
  • 9:08 - 9:13
    қаржының екі пайызынан аз.
  • 9:13 - 9:16
    Ұстаздарға көмектесе алсақ, тамаша
    болар еді.
  • 9:16 - 9:20
    Сонда біз де оларға
    кеңес берер едік,
  • 9:20 - 9:23
    сонымен қатар ол
    елеулі көмек болар еді.
  • 9:23 - 9:24
    Бұл жүйе,
  • 9:24 - 9:28
    елімізге елеулі пайда әкелер еді.
  • 9:28 - 9:31
    Ол біздің оқушыларымыздың
  • 9:31 - 9:34
    керемет білім алып жатқандығына,
  • 9:34 - 9:37
    армандаған жобаларын
  • 9:37 - 9:40
    жүзеге асыруға
    мүмкіндік туғызар еді.
  • 9:40 - 9:44
    Бұл тек елімізді жетістікке
    жеткізіп қана қоймайды.
  • 9:44 - 9:50
    Сондай-ақ, көбіне әділ және
    адал болуымызға жетелейді.
  • 9:50 - 9:53
    Мен ұстаздарымыздың бәріне
  • 9:53 - 9:57
    қажетті және лайықты қолдау көрсету
    мүмкіндігінің барына қуаныштымын.
  • 9:57 - 9:59
    Мені қолдайсыздар деп үміттенемін.
  • 9:59 - 10:01
    Рақмет.
  • 10:01 - 10:02
    (Қол соғу)
Title:
Ұстаздарға лайықты кеңес керек
Speaker:
Билл Гейтс
Description:

Осы уақытқа дейін көптеген ұстаз жыл бойғы жұмысы үшін бір ғана «қанағаттандырарлық» деген баға алып келді. Ал, бағалаусыз, айтылар ақылсыз жетілу мүмкіндігі мүлдем жоқ. Билл Гейтс «лайықты пікір берілсе, өте жақсы ұстаздар одан да артығырақ бола түсер еді», - деп ойлайды және оны әрбір сабағына енгізу мақсатында өз бағдарламасын өзгертер еді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
10:24
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay accepted Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Teachers need real feedback
Show all

Kazakh subtitles

Revisions