[Қолданушылар рөлі мен жұмыс тәсілі]
Кейбір сұрақтар мен жауаптарға тоқталайық
Ашық аударма жобасында
волонтерлар не істейді?
Аударма жарияланбастан бұрын
не істелуі керек?
Сонымен, біріншіден,
Кімнің қандай рөлі бар?
Аудармашылар немесе транскрипцялаушылар,
редакторлар және тіл үйлестірушілері бар.
Олар не істейді?
Транскрипциялаушы TEDxTalk тіліндегі
субтитрлерін жасайды.
Осы субтитрлер арқылы
ол өзге тілдерге аударылады,
ести алмайтын оқырмандарымыз да
көре алмақ.
Аудармашы өзге тілдегі субтитірін жасайды.
Редактор транскрипцияның немесе аударманың
емле және пунктуациялық
қателерін тексереді...
Сонымен қатар субтитр ұзақтығын,
оқу жылдамдығын да қадағалайды.
Тіл үйлестірушісі немесе "LC"
аударманың соңғы нұсқасын тексереді
сосын жариялауға рұқсат береді.
Тіл үйлестірушілер -
сіздердің көмекшілеріңіз.
Олар кейбір лингвистикалық мәселелерде
көмектесіп,
аударма барысындағы құралдарымызды
тануға жәрдемдеседі.
Кім нені қашан істейді?
Кез келген адам дәл қазір
аударма жасай алады.
Бастауға көмектесетін көптеген құжаттар
әзірленіп қойған.
Редакторлардың тәжірибесі болғаны жақсы.
Біздің кеңесіміз мынау болмақ:
90 минуттық видеоны аудармағанша немесе
транскрипцияламағанша
редакторлыққа көшпеген жөн.
Бұл аралықта тәжірибелі аудармашылардан
және тіл үйлестірушілерден кеңес аласыз.
Осы арқылы өзгелердің
жұмыстарын редакциялауды үйренесіз.
Сонымен, тіл үйлестірушілері деген кімдер?
Тіл үйлестірушісі болып
Open Translation Project жобасында
өз тіліндегі ортаға
ерікті түрде көмектесіп,
еңбегін сіңіргендер таңдалады.
Аудармама не болады?
Әркімнің тапсырманы
орындап бітуіне 30 күні бар.
Аудармаңды аяқтап болған соң
келесі бір адам
оны редакторлыққа алады.
Егер редакторлықта ұзақ күтіп қалса,
Facebook-тегі аударма тобыңнан
біреуге өтініш қылсаң болады.
Редакторлар аударма жұмысын
қарап отырғанда, аудармашымен байланысып
отырғаны жөн.
Бұны аударма астына пікір қалдыру арқылы
немесе тікелей хат жазу арқылы
жасай алады.
Редакторлық жұмыс аяқталған соң,
Тіл үйлестірушісі аударманы растап,
жариялайды.
Кейбір кездері тіл үйлестірушісі немесе
редактор
аударманы жақсарту үшін
сізге қайта жіберуі мүмкін.
Соңғы рет тексеріліп болған соң
аударма онлайн жарияланады.
Егер бірнәрсе түсініксіз болса,
не істеймін?
Біз көмектесуге дайынбыз.
Лингвистикалық мәселелерге қатысты ойларды
Facebook тобыңда бөлісе аласың.
Немесе тіл үйлестірушісіне
хабарласа аласың.
Amara-дағы техникалық қателерді
TEDsupport@universalsubtitles.org
поштасына жолдарсың.
Ал TED-ке қатысты мәселелерді
мәселен, TED.com сайтындағы
субтитрлер туралы
translate@ted.com-ға жолдай аласың.
Бұл сілтемелердің барлығын видеоның
сипаттамасынан таба аласың.
Әзірге, аударма жұмысыңа
сәттілік тілеймін!