0:00:09.305,0:00:15.209 365 миллион адам ағылшынды өз [br]ана тілі ретінде есептейді. 0:00:16.609,0:00:20.710 Екі миллиардтан астам адам[br]ағылшын тілін екінші немесе тіл 0:00:20.711,0:00:23.059 ретінде үйреніп, сөйлеп жүр. 0:00:24.376,0:00:26.082 Егер сіз ағылшынша сөйлесеңіз, 0:00:26.083,0:00:31.535 сізді 2.5 миллиард адам[br]түсінеді. 0:00:32.485,0:00:36.838 Не үшін сізге басқа шет тілдерін[br]үйрену қажет? 0:00:36.839,0:00:41.143 Ол дегеніңіз күлкілі және уақытты [br]бос өткізу емес пе? 0:00:41.144,0:00:45.382 Нельсон Манделланы[br]африкаанс тілінде сөйлегені 0:00:45.383,0:00:49.112 үшін Оңтүстік Африкалықтар[br]қатты сынаған еді. 0:00:50.022,0:00:51.488 Ол былай деп жауап берді: 0:00:51.489,0:00:55.225 "Сіз адам түсінетін тілде[br]жауап берсеңіз, 0:00:56.055,0:00:57.613 ол оның миына жетеді. 0:00:59.023,0:01:02.040 Егер сіз оның тілінде сөйлесеңіз, 0:01:02.720,0:01:04.312 ол оның жүрегіне жетеді". 0:01:05.391,0:01:06.661 Мәселе мынада екен: 0:01:06.662,0:01:09.330 егер біреуді жеңгіңіз келсе, 0:01:09.331,0:01:11.705 сіз олардың жүрегіне жеткізіп[br]сөйлеуіңіз керек. 0:01:13.185,0:01:14.973 Рим папалары мұны біледі. 0:01:14.974,0:01:18.884 Иоанн Павел II он тілде[br]еркін сөйледі, тағы 0:01:18.885,0:01:22.343 оншақты тілде бастапқы[br]деңгейде сөйлей алды. 0:01:22.953,0:01:26.591 Қай жаққа барса да,[br]ол адамдарды 0:01:26.592,0:01:30.847 ана тілінде бір-екі сөйлеммен[br]болса да қошеметтейтін; 0:01:30.848,0:01:35.845 бұл оның танымалдылығының[br]кілті еді. 0:01:37.395,0:01:39.804 Қайын енесі шет ел азаматы[br]болған немесе 0:01:39.805,0:01:43.265 шет ел азаматы болатын[br]адамдар бұл туралы біледі. 0:01:44.005,0:01:46.406 Олар қалыңдықтарымен[br]ағылшынша сөйлесуі мүмкін, 0:01:46.407,0:01:50.552 бірақ қыздың анасымен жақсы[br]қарым-қатынаста болу үшін, 0:01:51.222,0:01:55.181 жігіттердің түрлі тілдерді[br]үйренулеріне тура келеді, 0:01:55.185,0:01:56.872 мысалы, голланд тілін. 0:01:56.876,0:01:58.668 (Күлкі) 0:01:58.676,0:02:01.104 Көбінесе оның қулығы бар. 0:02:01.974,0:02:03.300 Неге? 0:02:04.030,0:02:09.044 Біздің ана тіліміз[br]тұлғамызбен, жанымызбен 0:02:09.045,0:02:13.050 ұштасып жатыр. 0:02:13.051,0:02:17.694 Жеке тарихымыздың тамыры[br]тереңде жатыр, 0:02:17.695,0:02:20.727 ол ана тілімізбен сіңісіп кеткен. 0:02:21.451,0:02:27.648 Сөзбен, тіркестермен байланысты[br]соншама сезім мен естеліктер, тіпті, 0:02:28.764,0:02:31.642 өсе келе қалыптасқан [br]грамматикада да бар. 0:02:32.646,0:02:37.141 Егер сіз басқа адамның тілін[br]үйренсеңіз, 0:02:37.142,0:02:40.350 шын мәнінде, ол адамның[br]өмірі мен тұлғасына 0:02:40.351,0:02:44.168 қызығушылық танытқаныңызды көрсетесіз. 0:02:44.959,0:02:47.585 Әрбір қайынене риза болмай ма? 0:02:48.711,0:02:52.581 Өз ана тіліңізді естігенде,[br]сіз байланысқа түскеніңізді сезесіз. 0:02:53.834,0:02:55.617 Сіз саяхатта жүргенде 0:02:55.618,0:02:59.592 бір күн немесе апта бойы[br]шет тілінде сөйлейсіз, сонан кейін 0:03:00.642,0:03:03.011 ұшақта отырған сәтіңізде 0:03:03.012,0:03:06.279 ұшқыш сізге ана тіліңізде[br]сөйлегенде, 0:03:06.280,0:03:08.408 сіз үйге бара жатқаныңызды сезесіз. 0:03:10.478,0:03:14.450 Егер ана тілінің иісі болса, 0:03:14.451,0:03:18.680 менің ойымша, олардан тәттінің[br]иісі шығар еді, 0:03:18.681,0:03:21.103 дәмді тауық сорпасының, 0:03:21.773,0:03:23.828 әжемнің иіс суының - 0:03:24.668,0:03:27.941 мүмкін, тіпті, кішкене нафталиннің. 0:03:28.742,0:03:34.000 Бұл тілдер құрылымының[br]себебі болуы мүмкін, 0:03:34.001,0:03:40.301 эсперанто сияқты көп тарамаған тіл. 0:03:41.212,0:03:44.212 Дегенмен жақсы құрастырылған, 0:03:44.213,0:03:46.995 қарапайым, үйренуге оңай 0:03:48.334,0:03:53.085 жасанды тілді ешбір ел[br]өз ана тіліндей қабылдамады. 0:03:53.948,0:03:58.939 Жүйелі түрде оқытылатын[br]шет тілі сияқты 0:03:58.940,0:04:02.564 ұзақ уақыт бойы[br]кең көлемде 0:04:03.414,0:04:05.161 таратылып көрді. 0:04:05.831,0:04:11.871 Бірақ табиғи тілдермен[br]байланысты қиындықтарға қарамай, 0:04:11.872,0:04:15.434 қайшылықтардан көңілі қалса да, 0:04:15.435,0:04:20.154 жазылуы мен айтылуындағы[br]сәйкессіздіктер болса да, 0:04:20.156,0:04:24.694 кейде грамматиканның өзі[br]абсурдқа айналса да, 0:04:25.655,0:04:27.304 осының бәріне қарамай, 0:04:28.304,0:04:34.192 адамдармен бірге қалыптасқан[br]тілдерді үйренуге талпынамыз. 0:04:35.812,0:04:39.654 Жүйеленген тілдер адам басына бағытталады. 0:04:40.774,0:04:44.772 Табиғи тілдер - тәттілердің дәмі сияқты. 0:04:46.056,0:04:51.981 Африкаанс тілін үйренген Манделлаға[br]тіл "жауыңды білу" дегенге сайды. 0:04:51.982,0:04:56.910 Ол: "Оларды жеңу үшін[br]тілін, құштарлығын біліңіз, 0:04:56.911,0:05:00.243 үмітін, қорқынышын[br]біліңіз", - деді. 0:05:01.073,0:05:03.644 Осыны істеді. Бұл нәтиже берді. 0:05:04.724,0:05:08.186 Бірақ бұл тек қана жауға[br]қатысты нәрсе емес? 0:05:09.254,0:05:12.111 Бұл адам қарым-қатынастарының[br]барлық бөлігін қамтиды. 0:05:13.445,0:05:17.746 Мен қайыненемді жау ретінде көретін[br]соңғы адам болармын, 0:05:17.747,0:05:18.983 дейтін болсақ болсақ. 0:05:19.833,0:05:22.762 Жеті немесе сегіз жыл бұрын 0:05:22.763,0:05:25.642 отбасыммен бірге Польшада[br]машинамен саяхаттадым. 0:05:27.172,0:05:31.413 Дүкендер жабық болатын,[br]бірақ бізге тамақ керек болды. 0:05:32.257,0:05:35.692 Біраздан кейін жолдың арғы[br]бетінде супермаркет көрдік. 0:05:36.908,0:05:41.637 Оған жетудің бір ғана жолы бар,[br]шұғыл бұрылыс жасау. [br] 0:05:41.638,0:05:43.328 Мен осыны істедім. 0:05:44.368,0:05:46.578 Бұл қауіпті еді. 0:05:47.528,0:05:49.696 Бұл, сөзсіз, заңға қайшы еді. 0:05:52.065,0:05:57.638 Машина тұрағында, моторды[br]өшірейін деп жатқанда 0:05:58.238,0:06:00.053 мен терезенің тықылын естідім. 0:06:01.250,0:06:06.096 Терезені төмен түсіргенде[br]екі адамды көрдім. 0:06:07.624,0:06:11.963 Бұл полиция қызметкерлері еді. 0:06:13.296,0:06:17.564 Қазір мен поляк тілін қай[br]деңгейде білетінімді айта алмаймын, 0:06:17.565,0:06:19.255 қызықты сәт туа қалғанда 0:06:19.985,0:06:23.526 шағын әңгіме-дүкен[br]құра алатын едім. 0:06:24.336,0:06:27.780 Бірақ өзімнің кінәлі екенімді[br]сезіп, 0:06:28.620,0:06:31.755 форма киген екі ер адаммен[br]көзбе көз тұрғанда 0:06:33.175,0:06:38.315 поляк сөздерінің аузымнан[br]қалай шыққанын білмей қалдым. 0:06:39.719,0:06:43.789 Дегенмен мен бір сәтте де 0:06:44.549,0:06:47.728 жағдайды шешу үшін[br]ағылшын тілін қолданбадым. 0:06:49.078,0:06:53.318 Ағылшын тілі, мүмкін, маған[br]лингвистикалық үстемдік берер еді, 0:06:54.278,0:06:57.280 бірақ ол полиция қызметкерлеріне[br]ыңғайсыздық тудырады. 0:06:58.244,0:07:00.934 Сөйтіп мен поляк тілінде[br]сөйлеуді жөн көрдім. 0:07:01.774,0:07:02.798 Қалай? 0:07:04.479,0:07:08.699 Миымдағы поляк сөздерін сақтайтын[br]бөлік бос әрі тар болды десе болады, 0:07:10.388,0:07:11.965 ойымда тек бір ғана нәрсе бар. 0:07:13.204,0:07:17.942 Мен жиі-жиі қайталап жүрген[br]бір нәрсе бар еді, оны 0:07:17.943,0:07:20.814 ұйықтап жатқанда да айта аламын. 0:07:22.501,0:07:24.960 Бұл - балалар әні, 0:07:27.563,0:07:29.652 ауырып жатқан бақа туралы. 0:07:30.273,0:07:32.251 (Күлкі) 0:07:32.951,0:07:34.522 Барым осы болды. 0:07:34.523,0:07:39.523 Менің істегенім ақымақтық болса да,[br]ойланбастан айта бастадым: 0:07:40.417,0:07:42.532 (Полякша) Бақалар ауырып қалды 0:07:42.532,0:07:46.084 біз дәрігерге барып[br]оның ауырғанын айттық. 0:07:46.085,0:07:50.458 Дәрігер көзілдірігін шешті,[br]өйткені ол қарт еді. 0:07:51.564,0:07:53.882 Мен полицияға қарадым. 0:07:53.883,0:07:56.483 Олар көздері бақырайып қарап тұрды. 0:07:56.484,0:07:57.813 (Күлкі) 0:07:58.653,0:08:01.659 Меніңше біреуі басын[br]қасығандай болды. 0:08:02.669,0:08:05.242 Содан кейін олар күліп жіберді. 0:08:06.112,0:08:07.339 Олар күлді. 0:08:07.340,0:08:10.879 Бұл мені аздап тыныштандырды, 0:08:10.880,0:08:14.256 осы сәтке сәйкес сөздер 0:08:14.257,0:08:16.677 ойыма оралып, 0:08:16.688,0:08:19.687 аздап тұтығып болса да[br]мына сөйлемді айттым: 0:08:19.688,0:08:23.483 "Кешірім сұраймын, тамақ керек[br]болды, екінші рет қайталанбайды." 0:08:24.763,0:08:26.262 Олар мені "қармағынан" босатты. 0:08:27.334,0:08:32.458 Дүкенге кіргенде олар маған, [br](Полякша) “Szczęśliwej podróży!" деді. 0:08:32.480,0:08:34.020 "Жолыңыз болсын!" 0:08:34.650,0:08:39.006 Менің ниетім сіздерді[br]тіл үйренуге шақыру емес, 0:08:39.006,0:08:42.696 сіз әлемді шарлап, саяхаттап[br]заңды бұзып, кете аласыз. 0:08:44.586,0:08:49.481 Бірақ осы қысқа оқиға,[br]аз ғана сөздің, 0:08:50.261,0:08:53.760 тіпті, қарапайым немесе күлкілі[br]болса да, адам жүрегіне жетіп, 0:08:53.761,0:08:57.991 оны жылытатынын көрсетті. 0:08:58.901,0:09:01.771 Айтпақшы, ол жерде ауру бақаға[br]балама болды. 0:09:01.772,0:09:04.207 Мен жақсы білетін тағы[br]бір нәрсе болды: 0:09:05.857,0:09:07.232 мас болғанда айтылатын өлең. 0:09:07.233,0:09:08.525 (Күлкі) 0:09:09.185,0:09:11.394 Мүмкін бұл маған күлкілі орнына 0:09:12.124,0:09:14.430 жергілікті полиция бөлімінде[br]қан тестін жасауға 0:09:14.431,0:09:15.661 жолдама болар еді. 0:09:17.603,0:09:21.133 Сізге көп тілді оқудың қажеті жоқ, 0:09:21.134,0:09:24.153 оны түбіне дейін білудің[br]да қажеті жоқ. 0:09:24.154,0:09:26.162 Кішкене қадам үлкен жолға бастайды. 0:09:27.122,0:09:30.383 Жүректен шыққан он сөз[br]миыңыздағы мың сөзден 0:09:30.384,0:09:32.964 артық әсер етуі мүмкін. 0:09:34.644,0:09:38.741 Сіз ылғи ағылшынша сөйлеп[br]жолдың ортасында бола аласыз. 0:09:39.851,0:09:44.822 Бірақ сіз ортаңғы сызықты[br]басып өтіп 0:09:44.823,0:09:49.393 жаңа танысты, қарсыласыңызды[br]немесе кез келген адамды 0:09:49.394,0:09:51.480 оның территориясында кездестіре аласыз. 0:09:52.375,0:09:55.334 Басқа тілде сөйлеу сізді[br]әлсіз қылмайды, ол сіздің 0:09:55.336,0:09:57.066 мықты екеніңізді дәлелдейді. 0:09:57.856,0:10:04.241 Батылдығы бар және сызықты[br]басып өте алатын адам 0:10:05.221,0:10:06.923 соңында жеңіске жетеді. 0:10:08.292,0:10:12.210 Қате жіберемін деп қорықпаңыз.[br]Қателер сіздің адам екеніңізді көрсетеді. 0:10:12.918,0:10:16.836 Бұл жағдайда сізге бонус бар: 0:10:18.091,0:10:20.692 егер сіз қате жіберсеңіз, 0:10:20.693,0:10:26.090 басқаларға сізге көмектесуге, сізбен[br]кездесуге мүмкіндік бересіз. 0:10:26.091,0:10:31.933 Яғни, сіздің жасаған байланысыңыз[br]күштірек болады. 0:10:32.934,0:10:37.190 Өзіңізді түсінгенін қалайсыз ба 0:10:38.320,0:10:39.970 немесе байланысқыңыз келе ме? 0:10:41.650,0:10:46.520 Ағылшын тілін үйренуді және[br]қолдануды жалғастыра берейік. 0:10:48.080,0:10:52.561 TEDx-тегідей біз аралас аудиториямен[br]өзара әрекет жасай аламыз. 0:10:53.591,0:10:57.697 Ағылшын тілі білімді бөлісуге[br]арналған күшті құрал, 0:10:57.698,0:11:03.750 ғаламдық мәселелер бойынша[br]халықаралық конвенциялар үшін. 0:11:04.940,0:11:10.161 Сонымен бірге ағылшын тілі[br]365 млн. жүрекке апаратын жол. 0:11:11.131,0:11:17.170 365 миллион адамға ағылшын[br]тілінің дәмі - тәттілер сияқты. 0:11:18.927,0:11:20.517 Неге ол жерде тоқтайсыз? 0:11:22.007,0:11:24.535 Неге қосымша күш салып 0:11:24.536,0:11:27.696 тағы бір шет тілін[br]үйренбеске? 0:11:28.776,0:11:31.784 Тәтілердің түрлі дәмі бар. 0:11:31.785,0:11:34.181 Жүріңіз, тағы біреуін татып көрейік. 0:11:34.990,0:11:36.051 Рақмет. 0:11:36.463,0:11:37.755 (Қол шапалақтау)