365 миллион адам ағылшынды өз
ана тілі ретінде есептейді.
Екі миллиардтан астам адам
ағылшын тілін екінші немесе тіл
ретінде үйреніп, сөйлеп жүр.
Егер сіз ағылшынша сөйлесеңіз,
сізді 2.5 миллиард адам
түсінеді.
Не үшін сізге басқа шет тілдерін
үйрену қажет?
Ол дегеніңіз күлкілі және уақытты
бос өткізу емес пе?
Нельсон Манделланы
африкаанс тілінде сөйлегені
үшін Оңтүстік Африкалықтар
қатты сынаған еді.
Ол былай деп жауап берді:
"Сіз адам түсінетін тілде
жауап берсеңіз,
ол оның миына жетеді.
Егер сіз оның тілінде сөйлесеңіз,
ол оның жүрегіне жетеді".
Мәселе мынада екен:
егер біреуді жеңгіңіз келсе,
сіз олардың жүрегіне жеткізіп
сөйлеуіңіз керек.
Рим папалары мұны біледі.
Иоанн Павел II он тілде
еркін сөйледі, тағы
оншақты тілде бастапқы
деңгейде сөйлей алды.
Қай жаққа барса да,
ол адамдарды
ана тілінде бір-екі сөйлеммен
болса да қошеметтейтін;
бұл оның танымалдылығының
кілті еді.
Қайын енесі шет ел азаматы
болған немесе
шет ел азаматы болатын
адамдар бұл туралы біледі.
Олар қалыңдықтарымен
ағылшынша сөйлесуі мүмкін,
бірақ қыздың анасымен жақсы
қарым-қатынаста болу үшін,
жігіттердің түрлі тілдерді
үйренулеріне тура келеді,
мысалы, голланд тілін.
(Күлкі)
Көбінесе оның қулығы бар.
Неге?
Біздің ана тіліміз
тұлғамызбен, жанымызбен
ұштасып жатыр.
Жеке тарихымыздың тамыры
тереңде жатыр,
ол ана тілімізбен сіңісіп кеткен.
Сөзбен, тіркестермен байланысты
соншама сезім мен естеліктер, тіпті,
өсе келе қалыптасқан
грамматикада да бар.
Егер сіз басқа адамның тілін
үйренсеңіз,
шын мәнінде, ол адамның
өмірі мен тұлғасына
қызығушылық танытқаныңызды көрсетесіз.
Әрбір қайынене риза болмай ма?
Өз ана тіліңізді естігенде,
сіз байланысқа түскеніңізді сезесіз.
Сіз саяхатта жүргенде
бір күн немесе апта бойы
шет тілінде сөйлейсіз, сонан кейін
ұшақта отырған сәтіңізде
ұшқыш сізге ана тіліңізде
сөйлегенде,
сіз үйге бара жатқаныңызды сезесіз.
Егер ана тілінің иісі болса,
менің ойымша, олардан тәттінің
иісі шығар еді,
дәмді тауық сорпасының,
әжемнің иіс суының -
мүмкін, тіпті, кішкене нафталиннің.
Бұл тілдер құрылымының
себебі болуы мүмкін,
эсперанто сияқты көп тарамаған тіл.
Дегенмен жақсы құрастырылған,
қарапайым, үйренуге оңай
жасанды тілді ешбір ел
өз ана тіліндей қабылдамады.
Жүйелі түрде оқытылатын
шет тілі сияқты
ұзақ уақыт бойы
кең көлемде
таратылып көрді.
Бірақ табиғи тілдермен
байланысты қиындықтарға қарамай,
қайшылықтардан көңілі қалса да,
жазылуы мен айтылуындағы
сәйкессіздіктер болса да,
кейде грамматиканның өзі
абсурдқа айналса да,
осының бәріне қарамай,
адамдармен бірге қалыптасқан
тілдерді үйренуге талпынамыз.
Жүйеленген тілдер адам басына бағытталады.
Табиғи тілдер - тәттілердің дәмі сияқты.
Африкаанс тілін үйренген Манделлаға
тіл "жауыңды білу" дегенге сайды.
Ол: "Оларды жеңу үшін
тілін, құштарлығын біліңіз,
үмітін, қорқынышын
біліңіз", - деді.
Осыны істеді. Бұл нәтиже берді.
Бірақ бұл тек қана жауға
қатысты нәрсе емес?
Бұл адам қарым-қатынастарының
барлық бөлігін қамтиды.
Мен қайыненемді жау ретінде көретін
соңғы адам болармын,
дейтін болсақ болсақ.
Жеті немесе сегіз жыл бұрын
отбасыммен бірге Польшада
машинамен саяхаттадым.
Дүкендер жабық болатын,
бірақ бізге тамақ керек болды.
Біраздан кейін жолдың арғы
бетінде супермаркет көрдік.
Оған жетудің бір ғана жолы бар,
шұғыл бұрылыс жасау.
Мен осыны істедім.
Бұл қауіпті еді.
Бұл, сөзсіз, заңға қайшы еді.
Машина тұрағында, моторды
өшірейін деп жатқанда
мен терезенің тықылын естідім.
Терезені төмен түсіргенде
екі адамды көрдім.
Бұл полиция қызметкерлері еді.
Қазір мен поляк тілін қай
деңгейде білетінімді айта алмаймын,
қызықты сәт туа қалғанда
шағын әңгіме-дүкен
құра алатын едім.
Бірақ өзімнің кінәлі екенімді
сезіп,
форма киген екі ер адаммен
көзбе көз тұрғанда
поляк сөздерінің аузымнан
қалай шыққанын білмей қалдым.
Дегенмен мен бір сәтте де
жағдайды шешу үшін
ағылшын тілін қолданбадым.
Ағылшын тілі, мүмкін, маған
лингвистикалық үстемдік берер еді,
бірақ ол полиция қызметкерлеріне
ыңғайсыздық тудырады.
Сөйтіп мен поляк тілінде
сөйлеуді жөн көрдім.
Қалай?
Миымдағы поляк сөздерін сақтайтын
бөлік бос әрі тар болды десе болады,
ойымда тек бір ғана нәрсе бар.
Мен жиі-жиі қайталап жүрген
бір нәрсе бар еді, оны
ұйықтап жатқанда да айта аламын.
Бұл - балалар әні,
ауырып жатқан бақа туралы.
(Күлкі)
Барым осы болды.
Менің істегенім ақымақтық болса да,
ойланбастан айта бастадым:
(Полякша) Бақалар ауырып қалды
біз дәрігерге барып
оның ауырғанын айттық.
Дәрігер көзілдірігін шешті,
өйткені ол қарт еді.
Мен полицияға қарадым.
Олар көздері бақырайып қарап тұрды.
(Күлкі)
Меніңше біреуі басын
қасығандай болды.
Содан кейін олар күліп жіберді.
Олар күлді.
Бұл мені аздап тыныштандырды,
осы сәтке сәйкес сөздер
ойыма оралып,
аздап тұтығып болса да
мына сөйлемді айттым:
"Кешірім сұраймын, тамақ керек
болды, екінші рет қайталанбайды."
Олар мені "қармағынан" босатты.
Дүкенге кіргенде олар маған,
(Полякша) “Szczęśliwej podróży!" деді.
"Жолыңыз болсын!"
Менің ниетім сіздерді
тіл үйренуге шақыру емес,
сіз әлемді шарлап, саяхаттап
заңды бұзып, кете аласыз.
Бірақ осы қысқа оқиға,
аз ғана сөздің,
тіпті, қарапайым немесе күлкілі
болса да, адам жүрегіне жетіп,
оны жылытатынын көрсетті.
Айтпақшы, ол жерде ауру бақаға
балама болды.
Мен жақсы білетін тағы
бір нәрсе болды:
мас болғанда айтылатын өлең.
(Күлкі)
Мүмкін бұл маған күлкілі орнына
жергілікті полиция бөлімінде
қан тестін жасауға
жолдама болар еді.
Сізге көп тілді оқудың қажеті жоқ,
оны түбіне дейін білудің
да қажеті жоқ.
Кішкене қадам үлкен жолға бастайды.
Жүректен шыққан он сөз
миыңыздағы мың сөзден
артық әсер етуі мүмкін.
Сіз ылғи ағылшынша сөйлеп
жолдың ортасында бола аласыз.
Бірақ сіз ортаңғы сызықты
басып өтіп
жаңа танысты, қарсыласыңызды
немесе кез келген адамды
оның территориясында кездестіре аласыз.
Басқа тілде сөйлеу сізді
әлсіз қылмайды, ол сіздің
мықты екеніңізді дәлелдейді.
Батылдығы бар және сызықты
басып өте алатын адам
соңында жеңіске жетеді.
Қате жіберемін деп қорықпаңыз.
Қателер сіздің адам екеніңізді көрсетеді.
Бұл жағдайда сізге бонус бар:
егер сіз қате жіберсеңіз,
басқаларға сізге көмектесуге, сізбен
кездесуге мүмкіндік бересіз.
Яғни, сіздің жасаған байланысыңыз
күштірек болады.
Өзіңізді түсінгенін қалайсыз ба
немесе байланысқыңыз келе ме?
Ағылшын тілін үйренуді және
қолдануды жалғастыра берейік.
TEDx-тегідей біз аралас аудиториямен
өзара әрекет жасай аламыз.
Ағылшын тілі білімді бөлісуге
арналған күшті құрал,
ғаламдық мәселелер бойынша
халықаралық конвенциялар үшін.
Сонымен бірге ағылшын тілі
365 млн. жүрекке апаратын жол.
365 миллион адамға ағылшын
тілінің дәмі - тәттілер сияқты.
Неге ол жерде тоқтайсыз?
Неге қосымша күш салып
тағы бір шет тілін
үйренбеске?
Тәтілердің түрлі дәмі бар.
Жүріңіз, тағы біреуін татып көрейік.
Рақмет.
(Қол шапалақтау)