Қолжетімді вакциналар, сынақтамалар не дәрі-дәрмектер жасау ұзақ уақытты алуы мүмкін Тіпті, бұл Covid-19 секілді төтенше жағдай болсада. Жалпыға бәрдей жылдам қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін, ДДСҰ - жедел қолданысқа тіркеу жүйесін шығарды Бұл видео осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Вакциналар, дәрілер мен диагностикалық сынақтамаларды адамдарға қолданбас бұрын олардың сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі стандартқа сай болуына көз жеткізу керек Бұл адамдарды ықтимал қауіптерден қорғайды сонымен қатар, аурудың алдын алуын, тексеруін емдеуін қамтамасыз етеді. Бірақ, көптеген елдерде бұл маңызды қадамды жасауға ресурстары жоқ. ал бұл өмірді сақтап қалатын өнімдер мұқтаж адамдарға кешігіп жетуіне әкеледі Бұл тапсырма Covid-19 секілді аурудың жаңа түрі болған соң тіпті қиын. Covid-19 жаңа медициналық өнімдерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият әрі тез тексеру керек. Ал бұл жүйені жеделдету үшін ДДСҰ жедел қолданысқа тіркеу жүйесін құрды. Ол өнімдердің денсаулыққа әсер ететін қатер мен пайда қатынасындағы жарамдылығын бағалайды. Сынақтамалар үшін біз қолдағы ақпараттардан сапа, қауіпсіздік және өнімділік бойынша тәуелсіз сарапшылармен бірге бағалаймыз. Covid-19 сынақтамасының бірнеше түрі біздің талаптарымызға сай болғандықтан, қолдану тізіміне көшті. Вакциналар мен дәрі дәрмектерді біз клиникалық сынақтар деп бағалаймыз және де қауіпсіз, тиімділік және сапалық жағдайына қараймыз. Сонымен қатар, ұлттық денсаулық сақтау органдарынан сарапшы шақыртып, олардың да бақылауынан өткіземіз. Вакцина, сынақтама немесе дәрі дәрмек жедел қолданысқа тіркеу жүйесіне түскеннен, біз серіктестеріміз бен сарапшылармызбен бірген оның пайдасын түсіндіріп, әртүрлі елдерде бекіту ісіне көмектесеміз. Бірақ, біз мұнымен тоқтамаймыз. ДДСҰ барлық өнімнің сапасын жүйелі түрде тексеретін болады. Біздің мақсатымыз: барлық елдерге жоғары сападағы, қауіпсіз әрі тиімді вакциналар мен сынақтамаларды, дәрі дәрмектерді қауіпсіз әрі жылдам түрде жеткізуге қолдау көрсету.