Ағылшын тілі сөз болғанда, біз оны жиі жеке тіл ретінде ғана қарастырамыз алайда, бүкіл әлем бойынша көптеген елдерде қолданылатын диалектерде қандай ортақ ерекшеліктер бар, немесе Чосердің еңбектерінде? Әрі олардың кез келгені қалай Беовульфтегі оғаш сөздермен байланысты? Жауабы – көптеген тілдер тәрізді ағылшын тілі де ұрпақтан-ұрпаққа беріліп дами отыра, уақыт өте келе ірі өзгерістерге ұшырады. Осы өзгерістер нәтижесінде біз тілдің қазіргі күннен бастап ежелгі тамырына дейінгі тарихын байқасақ болады. Қазіргі заманғы ағылшынның біршама сөздері Латын-тараған романс тілдерімен ұқсас болғанымен, мысалы: француз және испан тілдері олардың біразы бастапқыда оның бөлігі ретінде саналмаған. Оның орнына, олар ағылшын тіліне 1066 жылы Англияда болған Норман шапқыншылығы кезінде енді. Французша сөйлейтін нормандар Англияны жаулап алғанда және билеуші тап атанғанда, олар жаппай өздерінің тілдерін, француз және латын сөздерін, жергілікті ауызекі ағылшын тіліне қоса бастады. Бүгінде, біз бұл тілді Ежелгі ағылшын тілі деп атаймыз. Бұл Беовульф тілі болып табылады. Бәлкім, тілі таныс емес көрінгенмен, егер неміс тілін білсеңіз, түсініп қалуыңыз мүмкін. Себебі Ежелгі ағылшын тілі Герман тілдер отбасына тиесілі. Алғаш рет Британ аралдарына V және VI ғасырларда Англдар, Саксондар мен Джуттар алып келген болатын. Олар сөйлейтін Герман диалектілері, кейіннен, Англо-Саксон деп аталып кетті. VIII-XI ғасыр аралығында Викинг жаулаушылары әсерінен көптеген Ежелгі Норвег кірме сөздері пайда болды. Қазіргі заманғы ағылшын тіліндегі кірме сөздердің ежелгі түбірін француз, латын, ежелгі норвег және басқа да тілдерден ажырату өте қиын. Дегенмен, салыстырмалы лингвистика көмегімен біз грамматикалық құрылым, дыбыс өзгерістер заңдылықтары, және негізгі сөздерді анықтауымызға болады . Мысалға, VI ғасырдан кейін, "p" дыбысынан басталатын неміс сөздері жүйелі түрде "pf" дыбысына ауысты, ал, Ежелгі ағылшын тілінде "p" дыбысы өзгеріссіз қалды. Және швед тілінде "sk" дыбысы бар сөздер, ағылшын тілінде "sh" дыбысына алмасты. Дегенмен, әлі де "sk" дыбысы бар ағылшын сөздері бар, мысалы: "skirt" және "skull", бірақ, бұл кірме сөздер тікелей ежелгі норвег сөздерінің "sk" "sh"-ға ауысу нәтижесінде пайда болды. Бұл мысалдар бізге көптеген романс тілдері латын тілінен тарағанын, ағылшын, швед, неміс және басқа да тілдер ортақ прото-герман тармағынан тарағанын көрсетеді. Б.з.б. 500 жылдары қолданылған. Бұл тарихи тіл ешқашан жазылмағандықтан, біз тек тармақтарын салыстыру арқылы ғана қайта жаңарта аламыз. Бұл өзгерістердің бірізділігі арқасында болып жатқан жайт. Біз тіпті осы үрдісті пайдалана отырып, артқа тағы бір қадам жасай аламыз және прото-герман тілдерінің шығу тегі – прото-үнді-еуропалық тармағын біле аламыз. Бұл тіл 6000 жыл бұрын Понтиялық далада, қазіргі Украина мен Ресей, қолданыста болған. Бұл Үнді-Еуропалық отбасының қайта жаңартылған шығу тегі: Еуропада қолданылған барлық дерлік тілдермен қоса Оңтүстік және Батыс Азияның үлкен бөліктері көрсетілген. Бұл тағы да жұмыс қажет еткенімен, біз жүйелі ұқсастықтар немесе сәйкестіктер табу арқылы көптеген Үнді-Еуропалық тармақтардың ұқсас сөздерін табуымызға болады. Ағылшын және латын тілдерін салыстыра қарасақ, ағылшын тілінде "t" болса, латында ол "d" және ағылшында "f" болса, латында "p" дыбысы сөз басында қолданылады. Ағылшын тілінің шалғай туыстарының бірі хинди, парсы және де кельт тілдері қазір де Ұлыбританияда қолданылады. Прото-Үнді-Еуропалық тілдің өзі одан да ежелгі тілден тараған, бірақ, өкінішке қарай, бұл сонау тарихи және археологиялық айғақтар ретінде қарастырылып келеді. Көптеген жұмбақтар әлі де шешімін таппады, мысалы, үнді-еуропалық тілдер мен басқа тілдер отбасылары арасында байланыс бар ма, және Еуропадағы тілдердің қолданысқа дейінгі сипаты қандай? Дегенмен, таңғажайып факт, ол – әлемдегі 3 миллиард адамның көпшілігі бір-бірін түсіне алмауына қарамастан, олар 6000 жыл бұрын құрылған бірдей ұқсас сөздерді қолдануда.