1 00:00:00,719 --> 00:00:03,612 Әркімге ұстаз керек. 2 00:00:03,612 --> 00:00:06,713 Баскетболшы болсаң да, 3 00:00:06,713 --> 00:00:09,991 теннисші, гимнаст 4 00:00:09,991 --> 00:00:12,212 немесе бридж ойнасаң да ұстаз керек. 5 00:00:12,212 --> 00:00:14,701 (Күлкі) 6 00:00:14,701 --> 00:00:17,160 Бридж ойнаудан ұстазым Шерон Осберг 7 00:00:17,160 --> 00:00:19,415 суреттерінің көбінде оның тек 8 00:00:19,415 --> 00:00:22,932 басының арт жағы көрінетінін айтады. (Күлкі) 9 00:00:22,932 --> 00:00:26,594 Кешір, Шерон. Мінекей. 10 00:00:26,594 --> 00:00:30,185 Бәрімізге де пікір айтатын адам керек. 11 00:00:30,185 --> 00:00:32,422 Осылайша жақсара түсеміз. 12 00:00:32,422 --> 00:00:35,402 Өкінішке қарай, жұмыстарын 13 00:00:35,402 --> 00:00:38,208 жақсы атқаруға көмектесетін, 14 00:00:38,208 --> 00:00:40,393 жүйелі бағалана бермейтін адамдар тобы бар 15 00:00:40,393 --> 00:00:41,792 және бұл адамдар 16 00:00:41,792 --> 00:00:44,942 әлемдегі ең маңызды кәсіп иелері. 17 00:00:44,942 --> 00:00:47,171 Ұстаздар туралы айтып тұрмын. 18 00:00:47,171 --> 00:00:49,110 Мелинда екеуміз 19 00:00:49,110 --> 00:00:52,322 көптеген ұстаз пайдалы кеңесті аз еститіні білгенде 20 00:00:52,322 --> 00:00:54,276 таң қалдық. 21 00:00:54,276 --> 00:00:58,400 Осы уақытқа дейін ұстаздардың 98% 22 00:00:58,400 --> 00:01:01,053 бір ауыз пікір естіді: 23 00:01:01,053 --> 00:01:03,773 қанағаттандырарлық. 24 00:01:03,773 --> 00:01:06,266 Егер ұстазым бір кездерде бридж ойынымның 25 00:01:06,266 --> 00:01:08,651 «қанағаттандырарлық» екенін айтқан болса, 26 00:01:08,651 --> 00:01:11,428 ешқашан да алдыңғы қатарлы болуға үміттенбес едім. 27 00:01:11,428 --> 00:01:14,726 Кімнің жақсы екенін қайдан білер едім? 28 00:01:14,726 --> 00:01:18,326 Өзімнің өзгелерден басқаша істегенімді қайдан білер едім? 29 00:01:18,326 --> 00:01:20,710 Қазіргі кезде аймақтар 30 00:01:20,710 --> 00:01:22,994 ұстаздардың бағалау жүйесін жақсарту бойынша 31 00:01:22,994 --> 00:01:26,303 жұмыс істеп жатыр, бірақ біздер әлі күнге дейін олардың 32 00:01:26,303 --> 00:01:29,476 тәжірибесін жақсартуға көмектесетін баға беруді орнатпай отырмыз 33 00:01:29,476 --> 00:01:32,808 Біздің ұстаздар жақсыға лайықты. 34 00:01:32,808 --> 00:01:36,036 Қазіргі жүйе оларға әділетсіз. 35 00:01:36,036 --> 00:01:37,857 Ол оқушыларға да әділетсіз, 36 00:01:37,857 --> 00:01:42,887 бұл Америка көшбасшылығына сын. 37 00:01:42,887 --> 00:01:46,346 Бүгін барлық ұстазға керекті және өздерін жетілдіретін 38 00:01:46,346 --> 00:01:50,604 құралдарын алуға қалай көмектесуге болатындығы туралы айтпақпын. 39 00:01:50,604 --> 00:01:54,470 Әңгімені сұрақтан бастайықшы: Кім жұмысын жақсы атқарады? 40 00:01:54,470 --> 00:01:57,938 Өкінішке қарай, ұстаздарды бағалау жүйесінің 41 00:01:57,938 --> 00:01:59,864 халықаралық рейтинг кестесі жоқ. 42 00:01:59,864 --> 00:02:01,654 Сондықтан да мен оқудағы 43 00:02:01,654 --> 00:02:04,759 үлгерімі өте жоғары елдерге қарап, 44 00:02:04,759 --> 00:02:07,064 олардың өз ұстаздарын жетілдіре түсу үшін 45 00:02:07,064 --> 00:02:10,103 не көмек беріп жатқанына назар аудардым. 46 00:02:10,103 --> 00:02:13,336 Оқу дағдыларының рейтингін қарастырайық. 47 00:02:13,336 --> 00:02:15,826 АҚШ бірінші орында емес. 48 00:02:15,826 --> 00:02:17,881 Біз алғашқы ондыққа да кірмейміз. 49 00:02:17,881 --> 00:02:22,819 Біз 15-орынды Исландия және Польшамен бөлісеміз. 50 00:02:22,819 --> 00:02:25,045 Оқуда АҚШ-тан алда келе жатқан 51 00:02:25,045 --> 00:02:27,635 осы елдердің қаншасы 52 00:02:27,635 --> 00:02:30,174 ұстаздарға біліктілігін жетілдіруге көмектесетін 53 00:02:30,174 --> 00:02:33,165 арнайы жүйе енгізген? 54 00:02:33,165 --> 00:02:36,000 14- тің 11-і. 55 00:02:36,000 --> 00:02:38,565 АҚШ мәтін оқу рейтингі бойынша 15-орында, 56 00:02:38,565 --> 00:02:43,166 бірақ ғылымда 23-орында, математикада 31-орында тұрмыз. 57 00:02:43,166 --> 00:02:46,250 Біз жоғары тұрған бір ғана сала бар: 58 00:02:46,250 --> 00:02:48,422 ұстаз біліктілігін дамытуға көмектеспеуден 59 00:02:48,422 --> 00:02:52,043 алдыңғы орындамыз. 60 00:02:52,043 --> 00:02:55,600 Ең мықтысы - Қытай. 61 00:02:55,600 --> 00:02:58,765 Шанхай аймағына қарайықшы. 62 00:02:58,765 --> 00:03:02,098 Олар барлық бағыт бойынша, оқудан да, 63 00:03:02,098 --> 00:03:05,017 математикадан да, ғылымнан да бірінші орында. 64 00:03:05,017 --> 00:03:08,388 Осылайша ұстаздарға өзін-өзі жетілдіруге көмектесе білу 65 00:03:08,388 --> 00:03:12,022 Шанхайдың ғажайып жетістігінің кепілі. 66 00:03:12,022 --> 00:03:14,351 Олар жас ұстаздарға 67 00:03:14,351 --> 00:03:18,018 жұмыс барысында тәжірибелі әріптестеріне қарауға мүмкіндік береді. 68 00:03:18,018 --> 00:03:20,292 Оларда апталық оқу топтары бар, 69 00:03:20,292 --> 00:03:23,126 онда ұстаздар жиналып, үздік әдістерді талқылайды. 70 00:03:23,126 --> 00:03:26,481 Сонымен бірге әрбір ұстаз өз байқағандарымен және 71 00:03:26,481 --> 00:03:29,619 әріптестерінің жұмыстары туралы ойларымен бөлісуді талап етеді. 72 00:03:29,619 --> 00:03:33,318 Сіз мұндай жүйе несімен маңызды деп сұрарсыз? 73 00:03:33,318 --> 00:03:36,176 Себебі, ұстаз мамандығы 74 00:03:36,176 --> 00:03:38,257 көпқырлы сала. 75 00:03:38,257 --> 00:03:42,414 Кейбір ұстаз басқаларға қарағанда озығырақ. 76 00:03:42,414 --> 00:03:45,103 Расында да, бүкіл елде өз оқушыларына 77 00:03:45,103 --> 00:03:48,656 адам нанғысыз жетістікке жетуге көмектесіп жатқан ұстаздар бар. 78 00:03:48,656 --> 00:03:50,899 Егер қарапайым ұстаз 79 00:03:50,899 --> 00:03:53,495 жоғарыдағы ұстаздар сияқты шеберлікке жетсе, 80 00:03:53,495 --> 00:03:57,671 онда студенттерімізге бүкіл әлем таңданар еді. 81 00:03:57,671 --> 00:04:00,578 Бізге өз ұстаздарымызға үздіктермен 82 00:04:00,578 --> 00:04:02,590 бір сатыда тұруға көмектесетін жүйе керек. 83 00:04:02,590 --> 00:04:05,187 Бұл жүйе неге ұқсауы мүмкін? 84 00:04:05,187 --> 00:04:07,212 Осыны анықтау үшін, 85 00:04:07,212 --> 00:04:09,663 біздің қорымыз 86 00:04:09,663 --> 00:04:11,847 бүкіл ел көлеміндегі 3000 ұстазбен 87 00:04:11,847 --> 00:04:16,066 «Тиімді оқыту шаралары» (ТОШ) атты жоба бойынша жұмыс істеді. 88 00:04:16,066 --> 00:04:18,417 Бақылаушылар сыныптағы ұстаздардың 89 00:04:18,417 --> 00:04:20,163 бейнежазбаларын көріп, 90 00:04:20,163 --> 00:04:23,751 бірнеше сұрақ бойынша, өз міндетін жақсы атқара алғандығын бағалады. 91 00:04:23,751 --> 00:04:25,589 Мысалы, олар оқушыларға 92 00:04:25,589 --> 00:04:27,680 қиын сұрақтар қойды ма? 93 00:04:27,680 --> 00:04:31,997 Олар идеяны әртүрлі амалдармен түсіндіре алды ма? 94 00:04:31,997 --> 00:04:36,497 Сонымен қоса, оқушыларға «Ұстазыңыз сыныптың 95 00:04:36,497 --> 00:04:38,210 сабақты түсінгендігін біле ме?», 96 00:04:38,210 --> 00:04:40,767 «Сіз өз қателіктеріңізді түзеп үйрендіңіз бе?» 97 00:04:40,767 --> 00:04:43,923 деген сияқты сұрақтардан тұратын сауалнама бердік. 98 00:04:43,923 --> 00:04:46,752 Біз өте қызық нәтижеге куә болдық. 99 00:04:46,752 --> 00:04:50,871 Біріншіден, осы бақылауларда өздерін жақсы көрсеткен ұстаздардың 100 00:04:50,871 --> 00:04:53,322 оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. 101 00:04:53,322 --> 00:04:56,580 Бұл сауалнаманы дұрыс әзірлегенімізді білдіреді. 102 00:04:56,580 --> 00:04:59,393 Екіншіден, осы жобаға қатысқан ұстаздар, 103 00:04:59,393 --> 00:05:02,943 студенттер толтырған сауанамалар мен бейнелер 104 00:05:02,943 --> 00:05:05,626 жұмыс істеуді қажет ететін 105 00:05:05,626 --> 00:05:08,255 нақты кемшіліктерді анықтауға 106 00:05:08,255 --> 00:05:10,283 жақсы көмектескенін көрсетті. 107 00:05:10,283 --> 00:05:14,326 Сіздерге ТОШ бағдарламасының қалай іске асатындығынан үзінді 108 00:05:14,326 --> 00:05:16,910 көрсеткім келеді. 109 00:05:16,910 --> 00:05:19,857 (Әуен) (Бейне) 110 00:05:19,857 --> 00:05:21,538 Сара Браун Весслинг: Қайырлы таң! 111 00:05:21,538 --> 00:05:23,706 Бүгін не істейтінімізді ақылдасып алайық. 112 00:05:23,706 --> 00:05:27,055 Алдымен өзара пікірлесеміз, жарай ма? 113 00:05:27,055 --> 00:05:29,510 Пікір күні, біздің мақсатымыз, сабақ соңында 114 00:05:29,510 --> 00:05:31,393 сіздің әрқайсыңыз өз эсселеріңізде, 115 00:05:31,393 --> 00:05:34,347 сенімді деректерді пайдаланасыз ба, соны анықтай алу 116 00:05:34,347 --> 00:05:35,816 Есімім - Сара Браун Весслинг 117 00:05:35,816 --> 00:05:37,501 Мен Айова, Джонстондағы Джонстан 118 00:05:37,501 --> 00:05:39,564 орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімімін. 119 00:05:39,564 --> 00:05:41,311 Жаныңыздағы біреуге бұрылыңыз. 120 00:05:41,311 --> 00:05:44,110 Оған деректер туралы айтқанда, нені меңзегенімді айтыңыз 121 00:05:44,110 --> 00:05:46,771 Айтып кеткенімдей, біз істеп жатқан нәрсенің 122 00:05:46,771 --> 00:05:50,244 абстрактылы көрінісі мен өмірдегі нәтижесінің арасында 123 00:05:50,244 --> 00:05:51,887 айырмашылық бар деп ойлаймын. 124 00:05:51,887 --> 00:05:55,437 Жақсы, жазғандарыңды маған өткізе қойыңдар. 125 00:05:55,437 --> 00:05:58,080 Меніңше, бұл бейнекөріністен байқайтынымыз 126 00:05:58,080 --> 00:06:00,394 шынайылықтың арнайы бір бөлігі. 127 00:06:00,394 --> 00:06:03,030 Сіздер бейнеде көргендеріңізге талас тудыра алмайсыздар 128 00:06:03,030 --> 00:06:05,989 және сіз бұдан көп нәрсе ала аласыз 129 00:06:05,989 --> 00:06:07,918 осы көріп отырған кезде, өз ісінің шебері 130 00:06:07,918 --> 00:06:10,849 болуға көмектесетін көптеген амалдар бар екендігін байқайсыз 131 00:06:10,849 --> 00:06:13,842 Менің камерам қарапайым, үш аяқты тіреуі және 132 00:06:13,842 --> 00:06:17,252 кішкентай кең бұрышты кіріктірілген линзасы бар. 133 00:06:17,252 --> 00:06:19,760 Сабақ басында камераны 134 00:06:19,760 --> 00:06:22,185 сыныптың артқы жағына қоямын. Бұл жақсы көрініс емес 135 00:06:22,185 --> 00:06:24,923 Камера болып жатқан әрбір ұсақ-түйекті түсіре бермейді. 136 00:06:24,923 --> 00:06:28,203 Бірақ, дауыстарды ести аламын. Көп нәрсені көре аламын. 137 00:06:28,203 --> 00:06:30,252 Көп нәрсе үйрене аламын. 138 00:06:30,252 --> 00:06:33,137 Бұл сырттан бақылауға арналған 139 00:06:33,137 --> 00:06:35,983 мықты, бірақ қарапайым құрал. 140 00:06:35,983 --> 00:06:39,032 Жарайды, алдымен ұзынына қаралық, жақсы ма? 141 00:06:39,032 --> 00:06:41,800 Түсірілімді аяқтаған соң, камераны компьютерге қосамын, 142 00:06:41,800 --> 00:06:44,436 жазбаны сканерлеп, одан соң көремін. 143 00:06:44,436 --> 00:06:46,548 Егер де жазып қоймасам, ұмытып кетемін. 144 00:06:46,548 --> 00:06:50,203 Жазбалар ойлау әрекетімнің бөлшегі әрі жазып жатқан кезде, 145 00:06:50,203 --> 00:06:54,290 көретіндігімді де өзіме жаңалық санадым. 146 00:06:54,290 --> 00:06:56,319 Шынында да, оны өзімнің жеке дамуым үшін 147 00:06:56,319 --> 00:06:59,245 және оқытудың, әдістеменің және сынып жетекшілігінің 148 00:06:59,245 --> 00:07:02,514 стратегиясы туралы ойлануға, 149 00:07:02,514 --> 00:07:06,020 сондай-ақ сыныптың барлық аспектілері үшін пайдаландым. 150 00:07:06,020 --> 00:07:08,694 Біз бұны ертерек істегенімізге қуанамын, 151 00:07:08,694 --> 00:07:11,219 себебі не дұрыс, не бұрыс екен салыстыра аламыз. 152 00:07:11,219 --> 00:07:14,544 Мен бұл бейне біздерге 153 00:07:14,544 --> 00:07:18,028 оқу және түсіну үшін көмектесетін, 154 00:07:18,028 --> 00:07:21,185 одан соң осы қиын жұмыстың шындығында нені меңзейтінін 155 00:07:21,185 --> 00:07:23,792 басқаларға да түсінуге көмектесетін 156 00:07:23,792 --> 00:07:27,628 ұстаздарға тән сипатты ашады деп санаймын, 157 00:07:27,628 --> 00:07:31,760 Сіз оны қалыпты жағдай деп айта алмайтын, 158 00:07:31,760 --> 00:07:34,675 еш уақытта да педагогика кітабы бойынша жеткізе алмайтын, 159 00:07:34,675 --> 00:07:36,828 бұл біздің сабақ барысында 160 00:07:36,828 --> 00:07:39,057 көрсете алмайтын ойларымызды көрсетудің 161 00:07:39,057 --> 00:07:41,867 амалы деп ойлаймын. 162 00:07:41,867 --> 00:07:44,233 Жақсы, бәріңіз де демалысты жақсы өткізіңіздер. 163 00:07:44,233 --> 00:07:45,469 Кездескенше. 164 00:07:45,469 --> 00:07:47,756 [Барлық сыныптар осындай бола алады] 165 00:07:47,756 --> 00:07:53,183 (Қол соғу) 166 00:07:53,183 --> 00:07:56,155 Бил Гейтс: Бір күні біз Американың бүкіл сыныптары 167 00:07:56,155 --> 00:07:58,839 осылай болғанын қалаймыз. 168 00:07:58,839 --> 00:08:01,460 Бірақ бізге әлі көп нәрсе істеу керек. 169 00:08:01,460 --> 00:08:04,180 Ұстаздар дамыту тиіс жерлерді анықтау 170 00:08:04,180 --> 00:08:06,767 мақсатымыздың жартысы ғана. 171 00:08:06,767 --> 00:08:09,152 Біз оларға солардың көмегімен 172 00:08:09,152 --> 00:08:11,650 өз мәселелерін шеше алатын құрал беруіміз керек. 173 00:08:11,650 --> 00:08:13,565 Егер бөлшек санды түсіндіру әдісімен 174 00:08:13,565 --> 00:08:15,306 жұмыс істеу керектігін түсінсеңіз, 175 00:08:15,306 --> 00:08:17,814 сізге бөлшек санды басқалардан жақсырақ түсіндіретін 176 00:08:17,814 --> 00:08:21,526 ұстаздың бейнесабағын көру керек. 177 00:08:21,526 --> 00:08:24,268 Толыққанды бағалай білу 178 00:08:24,268 --> 00:08:27,378 және ұстаздарды жетілдіру оңай жұмыс емес. 179 00:08:27,378 --> 00:08:29,388 Мысалы, мен кейбір ұстаздың 180 00:08:29,388 --> 00:08:31,856 сыныпқа камера қою идеясын 181 00:08:31,856 --> 00:08:34,656 толық қолдамайтынын білемін. 182 00:08:34,656 --> 00:08:37,972 Бұл түсінікті жайт, бірақ біздің ТОШ тәжірибеміз 183 00:08:37,972 --> 00:08:41,417 егер ұстаз сабағын жинақы өткізсе, 184 00:08:41,417 --> 00:08:43,902 егер сабақтарының бейнесін жинаса 185 00:08:43,902 --> 00:08:46,878 және солардың арасынан көрсеткісі келетіндерін таңдаса, 186 00:08:46,878 --> 00:08:50,639 олардың көпшілігі қатысуға қуанышты болар еді дегенді болжап отыр. 187 00:08:50,639 --> 00:08:53,592 Бұндай жүйені құру да 188 00:08:53,592 --> 00:08:56,615 қомақты қаржыны қажет етеді. 189 00:08:56,615 --> 00:08:59,972 Біздің қор оны 190 00:08:59,972 --> 00:09:02,127 бес миллион долларға бағалап отыр. 191 00:09:02,127 --> 00:09:06,481 Бұл үлкен сан сияқты көрінгенімен, 192 00:09:06,481 --> 00:09:08,474 ұстаздардың жылдық жалақысына жұмсайтын 193 00:09:08,474 --> 00:09:12,769 қаржының екі пайызынан аз. 194 00:09:12,769 --> 00:09:16,081 Ұстаздарға көмектесе алсақ, тамаша болар еді. 195 00:09:16,081 --> 00:09:20,038 Сонда біз де оларға кеңес берер едік, 196 00:09:20,038 --> 00:09:22,735 сонымен қатар ол елеулі көмек болар еді. 197 00:09:22,735 --> 00:09:23,920 Бұл жүйе, 198 00:09:23,920 --> 00:09:27,710 елімізге елеулі пайда әкелер еді. 199 00:09:27,710 --> 00:09:30,883 Ол біздің оқушыларымыздың 200 00:09:30,883 --> 00:09:34,082 керемет білім алып жатқандығына, 201 00:09:34,082 --> 00:09:36,773 армандаған жобаларын 202 00:09:36,773 --> 00:09:40,012 жүзеге асыруға мүмкіндік туғызар еді. 203 00:09:40,012 --> 00:09:44,366 Бұл тек елімізді жетістікке жеткізіп қана қоймайды. 204 00:09:44,366 --> 00:09:49,870 Сондай-ақ, көбіне әділ және адал болуымызға жетелейді. 205 00:09:49,870 --> 00:09:52,605 Мен ұстаздарымыздың бәріне 206 00:09:52,605 --> 00:09:57,354 қажетті және лайықты қолдау көрсету мүмкіндігінің барына қуаныштымын. 207 00:09:57,354 --> 00:09:59,081 Мені қолдайсыздар деп үміттенемін. 208 00:09:59,081 --> 00:10:00,852 Рақмет. 209 00:10:00,852 --> 00:10:02,177 (Қол соғу)