1 00:00:01,350 --> 00:00:04,080 Елестетіңіз, Американың бір көшесінде тұрсыз делік 2 00:00:04,080 --> 00:00:07,000 Сізге бір жапон келіп, былай дейді: 3 00:00:07,000 --> 00:00:09,340 "Кешіріңіз, бұл кварталдың аты қандай?" 4 00:00:09,340 --> 00:00:13,000 Сіз оған: "Бұл Оук, ал анау Эльм көшесі. 5 00:00:13,000 --> 00:00:15,000 Бұл 26 болса, анау 27". 6 00:00:15,000 --> 00:00:17,710 Ол: "Жақсы, бірақ кварталдың аты қандай?" 7 00:00:17,710 --> 00:00:20,000 Сіз: "Кварталдың аты болмайды ғой. 8 00:00:20,000 --> 00:00:22,000 Көшенің ғана аты болады; квартал болса 9 00:00:22,000 --> 00:00:25,100 көшелердің арасындағы атаусыз кеңістік". 10 00:00:25,100 --> 00:00:28,000 Ол түсінбеген әрі торыққан күйде кетіп қалады. 11 00:00:28,000 --> 00:00:31,000 Ал енді сіз Жапониядағы бір көшедесіз делік, 12 00:00:31,000 --> 00:00:33,000 Сіз жаныңыздағы адамға келіп: 13 00:00:33,000 --> 00:00:35,070 "Кешіріңіз, бұл көшенің аты қандай?" 14 00:00:35,070 --> 00:00:39,000 Ол: "Анау 17, мынау 16-квартал". 15 00:00:39,000 --> 00:00:42,160 Сіз оған: "Жарайды, бірақ көшенің аты қандай?" 16 00:00:42,160 --> 00:00:44,380 Ол: "Көшенің аты болмайды ғой. 17 00:00:44,380 --> 00:00:46,080 Кварталдың аты болады. 18 00:00:46,080 --> 00:00:50,530 Тіпті, Google Maps-қа қара. Міне, 14., 15., 16., 17., 18., 19. кварталдар. 19 00:00:50,530 --> 00:00:52,480 Кварталдардың аты бар, 20 00:00:52,480 --> 00:00:56,000 ал көшелер сол кварталдардың арасындағы атаусыз қуыс. 21 00:00:56,000 --> 00:00:59,050 Содан сіз: "Сонда үй мекен-жайын қалай білесіз?" 22 00:00:59,050 --> 00:01:02,700 Ол: "Оңай ғой, бұл 8-аудан. 23 00:01:02,700 --> 00:01:05,450 Бұл 17-квартал, бірінші үй". 24 00:01:05,450 --> 00:01:07,210 Сіз: "Иә, бірақ мына маңаймен жүріп, 25 00:01:07,210 --> 00:01:09,300 үй нөмірлері ретсіз орналасқанын көрдім". 26 00:01:09,300 --> 00:01:12,200 Ол: "Әрине. Олар салынғанына қарай реттеледі ғой. 27 00:01:12,200 --> 00:01:15,690 Кварталдағы ең бірінші салынған үйдің нөмірі - 1. 28 00:01:15,690 --> 00:01:18,000 Екінші тұрғызылған үйдікі - 2. 29 00:01:18,000 --> 00:01:21,000 Үшінші үйдікі - 3. Еш қиындығы жоқ". 30 00:01:21,000 --> 00:01:23,490 Маған мына нәрсе ұнайды: Кейде біз 31 00:01:23,490 --> 00:01:25,000 басқа елге барып, 32 00:01:25,000 --> 00:01:27,730 біз білмейтін өзге ойлардың бар екенін, 33 00:01:27,730 --> 00:01:30,180 әрі сол ойлардың дұрыс бола алатынын түсінеміз. 34 00:01:30,180 --> 00:01:32,300 Мысалы, Қытайдағы кей дәрігерлер 35 00:01:32,300 --> 00:01:35,000 сіздің денсаулығыңызды күту - өздерінің міндеті деп біледі. 36 00:01:35,000 --> 00:01:37,000 Ауырмаған әр ай үшін оларға ақша төлейсіз. 37 00:01:37,000 --> 00:01:39,000 Ауырсаңыз - төлемейсіз. Себебі өз жұмысын 38 00:01:39,000 --> 00:01:41,000 атқара алмады. Олардың баюы - сіздің 39 00:01:41,000 --> 00:01:44,270 саулығыңызға байланысты. (Қол шапалақ) 40 00:01:44,270 --> 00:01:46,700 Көп әнде, "бір" дегенді 41 00:01:46,700 --> 00:01:50,630 бастау нүктесі деп білеміз: бір, екі, үш, төрт. 42 00:01:50,630 --> 00:01:52,350 Бірақ Батыс Африка музыкасында "бір" 43 00:01:52,350 --> 00:01:54,360 музыка бөлігінің бітуін меңзейді, 44 00:01:54,360 --> 00:01:56,200 сөйлемнің соңындағы нүкте секілді. 45 00:01:56,200 --> 00:01:59,140 Бұны музыкалық санауда да байқауға болады. 46 00:01:59,140 --> 00:02:01,120 Екі, үш, төрт, бір. 47 00:02:02,370 --> 00:02:04,000 Негізі бұл карта да дұрыс. 48 00:02:04,000 --> 00:02:06,000 (Күлкі) 49 00:02:06,000 --> 00:02:09,000 Айтады ғой, Индия жайлы қандай да бір дұрыс нәрсе айтсаңыз, 50 00:02:09,000 --> 00:02:11,000 бұрысы да дұрыс. 51 00:02:11,000 --> 00:02:13,000 Сондықтан ұмытпайық, TED-те яки басқа жерде 52 00:02:13,000 --> 00:02:16,000 қандай керемет идеяңыз болса да немесе естісеңіз де, 53 00:02:16,000 --> 00:02:17,990 оған қарама-қайшысы да дұрыс бола алады. 54 00:02:17,990 --> 00:02:19,980 Domo arigato gozaimashita.