[2016 ж. 3 сәуірінде деректердің
кеңінен таралып кетуіне куә болдық.]
[Панама құжаттары бай және
беделді адамдарды әшкереледі]
[олар оффшорларда қомақты
ақшаларын жасырған еді.]
[Бұл нені білдіреді?]
[Біз Global Witness-тен Роберт
Палмерге хабарластық.]
Осы аптада біз өте көп
оқиғаға куә болдық,
таралып кеткен 11 миллион құжат
Mossack Fonseca деп аталатын
Панамадағы заң фирмасынан бастау алды.
Панамадан шыққан құжаттар
оффшор әлеміндегі сырдың кішкене
бөлігін ашады.
Біз клиенттер, банктер және
заңгерлер
Mossack Fonseca сияқты фирмаға
барып
"Бізге аноним компания керек,
соны бере аласыз ба?"
деуіне түсінік аламыз.
Сіз шынымен электронды
хаттарды,
хабарламаларды көре аласыз,
қалай жұмыс істейтінінің
механизмін, қалай
ұйымдастырылатынын
көресіз.
Басталғаннан кейін оның
салдары бірден көрінеді.
Исландияның Премьер Министрі
қызметінен кетті.
Жаңалықтарда
Сирия диктаторының одақтасы
Башар Ал-Асадтың да
оффшор компаниялары
бар екені айтылды.
$2 млрд ақшаның ізі
Ресей Президенті Владимир
Путинге апарады,
ол жастық шақтағы досы,
виолончель тартатын досы
арқылы жүрген.
Ол жерде өте көп
бай адамдар бар,
келесі оқиғалар легі мен
таралып кеткен
келесі құжаттар легі
бойынша абыржитындар да бар.
Қазір бұл шпион туралы триллер
сюжеті сияқты немесе
Джон Гришемнің
романы сияқты.
Бұл мен, сіз сияқты жай
адамдардан алыс нәрсе.
Неге біз бұл туралы
ойлануымыз керек?
Бірақ шындық мынада,
егер бай және беделді адамдар
өз ақшаларын оффшорда
сақтаса,
төлейтін салықтарын төлемесе,
бұл қоғамдық маңызы бар
қызметтерге: денсаулық сақтау,
білім беру, жол салуға ақша
аз бөлінеді деген сөз.
Ал бұның бәрімізге қатысы бар.
Менің Global Witness деп аталатын
компанияма
бұл әшкерелеу таңқаларлық
әсер етті.
Бізде әлем медиасы мен
саяси көшбасшылар
жеке адамдардың оффшорды
қолдану сырларын,
активтерін жасыру мен бүркеу
жолдарын талқылауда -
осыны біз жылдар бойы талқылап,
әшкерелеуге тырыстық.
Менің ойымша, осының бәрі
біраз адамды абдыратып, есін шығарды,
оффшор әлемі қалай жұмыс істейтінін
түсіну қиын.
Бұны мен орыс қуыршағына ұқсатамын.
Яғни бір компанияны екіншісінің ішіне
тығып қойған,
ол оның ішінде тағы бір компания,
осындай жағдайда осы жүйенің
артында шынымен кім
тұрғанын түсіну мүмкін емес.
Құқық қорғау органдарына,
салық органдарына, журналистерге,
қоғам белсенділеріне,
не болып жатқанын түсіну оңай емес.
Сонымен бірге бір қызығы,
бұл мәселе Америка Құрама
штаттарын аз қамтыды.
Мүмкін Американың кейбір
беделді адамдарының есімдері
бұл жанжалда аталмаған,
әшкереленбегендіктен болар.
Бұл өз байлықтарын оффшорда тығатын
бай америкалықтардың
жоқтығынан емес.
Бұл оффшорлардың жұмыс
істеу тәсіліне байланысты,
Mossack Fonseca-ның америкалық
клиентері өте аз.
Егер біз Кайман аралдарынан
ақпараттың тарауын көрсек
немесе Делауер штатынан,
не Уайоминг, не Невададан,
онда америкалықтармен
байланысты көп мысал көрер едік.
Кейбір АҚШ штаттарында
сізге аз ақпарат керек,
яғни компания ашуға қажет ақпарат
кітапхана билетін
алуға қажет ақпараттан азырақ
екенін атап өтейін.
Америкадағы осындай құпиялар
аймақтағы мектеп қызметкерлеріне
оқушыларды бопсалауға мүмкіндік берді.
Кейбір алаяқтарға осалдау инвесторлардың
ақшасын алуға мүмкіндік берді.
Бұл бәрімізге әсер етіп, шет
қалдырмайтын нәрселер.
Қазір Global Witness-те біз
тәжірибеде бұл шын мәнінде
қалай көрініс табатынын көргіміз келеді.
Шын мәнінде бұл қалай жұмыс істейді?
Біздің істегеніміз:
Манхеттеннің 13 заң фирмасына
жасырын тергеушілерді жібердік.
Тергеушіміз өзін Африка
министрімін деп таныстырды,
ол күмәнді ақшаларын АҚШ-қа
аударғысы келетінін,
бұл ақшаға үй, яхта, ұшақ
сатып алғысы келетінін айтады.
Бізді таң қалдырғаны заңгерлердің
біреуінен басқасының бәрі
тергеушімізге күмәнді қаражатты
қалай аударуға
болатыны туралы ұсыныстар айтқан.
Бұның бәрі алдын ала
кездесулер болатын және
бірде-бір заңгер бізді
клиент етіп алмады,
ешқандай ақша қолдан
қолға жүрмеді,
бірақ бұл жүйеде проблема
бар екенін көрсетеді.
Сонымен бірге маңызды нәрсе
бұл мысалды жеке жағдай
ретінде қарамауымыз керек.
Бұл тек қана жасырын
тергеушімізбен сөйлесіп
ұсыныс айтқан жеке заңгер
туралы емес.
Бұл тек қана жоғары шенді
жанжалға қалған
саясаткер туралы емес.
Бұл жүйенің қалай жұмыс
істейтіні туралы,
жемқорлық, салық төлеуден қашу,
кедейлік және тұрақсыздық туралы.
Бұны жеңу үшін біз
ойынды өзгертуіміз керек.
Біз ойынның ережесін өзгертуіміз
керек, сол арқылы
осындай әрекеттерді тоқтатамыз.
Бір қарағанда бұның бәрі
пессимизм тудыратын сияқты,
біз бұнымен ешнәрсе істей
алмайтындаймыз,
ешнәрсе ешқашан өзгермейтіндей,
әркез бай және ықпалды
адамдар болатындай.
Бірақ оптимист ретінде
болып жатқан оң өзгерістерді
көріп отырмын.
Соңғы жылдары
ашықтық бағытында істеліп
жатқан жұмыстар көрініс тапты,
әсіресе компания меншігі
туралы сұрақтарда.
Бұл сұрақты саяси кестеге
Ұлыбритания Премьер министрі
Дэвид Камерон
үлкен G8 саммитінде Солтүстік
Ирландияда 2013 жылы қойды.
Содан бері Еуропа одағы
ұлттық деңгейде орталық
регистрлер құрып жатыр,
шын мәнінде
Еуропадағы компаниялардың
иесін және басшыларын білу үшін.
АҚШ артта қалып жатқаны
шынымен қынжылтады.
Қабылданған екі партиялы заң
Палата мен Сенатқа кіргізілсе де,
біз көргіміз келгендей нәтижелерге
әкелмеді.
Яғни біз Панама құжаттарын,
осындай зор оффшор әлемінің
ақпаратын көргіміз келеді, оны
АҚШ ашықтығының тәсілі
ретінде қолдануға болатын еді.
Global Witness үшін бұл
өзгеріс кезеңі.
Бізге жай адамдардың
құпия компаниялар арқылы
өз тұлғаларын жасырған адамдарға
ашуланғаны керек.
Бізге бизнес көшбасшыларының
"Құпиялылық - бизнес үшін
жақсы емес" деп айтқандары керек.
Бізге саяси көшбасшылардың
мәселені мойындап,
құпияны ашу үшін заңды өзгертуге
міндеттеме алғаны керек.
Бірігіп біз өсіп-өркендеу үшін
салықтан қашу, жемқорлық, ақшаның
ізін жасыру сияқты
құпияларға тоқтау салуымыз керек.