[Қалай тексеру керек?] Сонымен, кемінде 90 минут субтитрді аудардыңыз немесе транскрипт жасадыңыз Өзге редакторлар мен тіл үйлестірушілердің тексеруін үйрендіңіз және жұмысыңызға пікір алдыңыз Барлық нұсқаулықтарды оқып, әдістемелерді көріп шықтыңыз Редакциялауға қош келдіңіз! Редакциялау - ашық аударма жобасы үшін өте маңызды Сізсіз субтитрлер жарияланбайды және әлемге таратылмайды. Редакторлар субтитрді қатесіз және сапа стандартына сәйкес болуы үшін тексереді. Сонымен қатар, аудармашыға немесе субтитр жасаушыға сыпайы түрде жауап қайтарады. Бірігіп жұмыс істеу өте маңызды және редакторлар өзгерістерді талқылауға және өзгерту жасауға дайын болуы міндетті. Субтитрді тексеру барысында мына талаптарға мән беріңіз. Бірінші: Техникалық талаптар Барлық субтитрлер TED стандартына сәйкес болуы керек. Грамматикалық құрылымдардың екі жолға немесе субтитрлерге бөлініп кетпеуін тексеріңіз Жеке субтитр ешқашан алдыңғы сөйлемнің соңы мен келесі сөйлемнің бастапқы бөлігін қамтымауы тиіс. Техникалық талаптарға сәйкестендіру үшін мына тәсілді қолдана аласыз. Мәтінің мағынасын өзгертпей қысқартуға, уақытын өзгертуге, субтитрді екі жолға бөлуге, мәтінді қатарлар немесе субтитрлер арасында қайта реттеуге, және субтитрлерді қосуға не бөлуге болады. Сізге кеңес. Субтитрді бөлу үшін оның ұзақтығын қысқартыңыз және мәтіннің бір бөлігін уақыт аралығында пайда болған субтитрге қойыңыз. Субтитрлерді қосу, бірінші субтитрдегі мәтінді көшіріп, келесі жаңа субтитрге қою. Кейін алдыңғы субтитрді өшіріп және пайда болған уақыт аралығына жаңа субтитрдің уақытын созыңыз. Екінші қойылатын талап... Дәлдік. Аударма түпнұсқадағы мағынаны дұрыс жеткізгендігіне сенімді болыңыз, және өте тура мағынадағы аударманы түзетіңіз. Арнайы терминдердің аудармасы, қазақ тіліндегі кәсіпқой саладағы қолданылу мағынасымен сәйкес екендігін тексеріңіз. Видеоның тақырыбы мен түсініктемесін тексеруді ұмытпаңыз. Транскрипте, мәтіннің сөйлеушінің сөздерімен сәйкестігін тексеріңіз, сөздердің дұрыс естілуіне және байқаусызда түсіп қалмауына мән беріңіз. Субтитрлерді әрдайым TED.com сайтында ұсынылған стилге сәйкестендіріңіз және OTPedia-да қазақ тіліне көрсетілген ұсыныстарды ескеріңіз. Үшінші талап субтитрдің дұрыс жазылғанын, емле және грамматикалық қателерін тексеріңіз. Дұрыс жазылуын тексеру үшін, браузерге арналған арнайы плагинді қолданыңыз, бірақ өзіңіз де қате жібермеңіз. Бұл жерде плагин көмектеспейді. Тыныс белгілерін тексеріңіз, әсіресе субтитрдің немесе жолдың соңында. Бірнеше субтитрге бөлінген сөйлемге мұқият болыңыз. Сөздердің реттілігі қазақ тіліне сәйкес пе? Әлде түпнұсқадағы тілдің реттілігіне сәйкес пе? Сөйлем толық аяқталған ойды білдіре ме? Тексерудің соңғы талабы... Қайта тексеру! Өзгерістерден кейін, барлығы дұрыс екеніне сенімді болу үшін, тағы бір көріп шығыңыз. Amara не TED профиль арқылы аудармашыға немесе транскрип жасаушыға өзгерістер жайлы хабар беріңіз. Тапсырманы орындауға берілетін уақытты ескере отырып, түзетулер мен талқылау жасау үшін мерзім белгілеңіз. Есіңізде болсын тексеруші болумен қатар, сіз тәлімгерсіз. Әрқашан тексерген жұмысыңызға пікір қалдырыңыз. Пікіріңіз ерекше, әрі позитивті болуы тиіс. Аяқталған жұмыспен бөлісу аударма мен транскрип жасаушыларға пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар субтитрдегі түзетулерді ғана емес, істелген еңбекті есекеріңіз. Түзетуі оңай қателер көп болса, мысалы, қате теру онда субтитр кері қайтарылады. Әрқашан нені түзету керек және қалай түзету керек екенін түсіндіріп жазуды ұмытпаңыз. Нені меңзеп тұрғаныңызды көрсету үшін, субтитрдің алғашқы минуттарын түзетіп жіберіңіз. Ең соңында есіңізде болсын, субтитрлер жарияланбас бұрын тіл үйлестіруші мақұлдау тиіс. Үйлестірушінің пікіріне мән беріңіз Егер субтитрді толықтыру үшін кері қайтарса, берген нұсқаулықтарын орындаңыз. Есіңізде болсын, субтитрді тексеруіңіз - өзге еріктілердің жұмысының жариялануына мүмкіндік береді. Сондықтан, сіздің рөліңіз өте маңызды. Әзірге осы. Транскрипциялау мен аударма ісінде және тексеруде сәттілік!