Оқытудың болашағы қандай? Менің жоспарым бар алайда оны айтпас бұрын сіздерге істің барысын түсіндіретін шағын әңгімеден бастайын. Мен мектептердегі қазіргі оқыту жүйесі қайдан пайда болғандығын түсінуге тырыстым. Өткенге көз жүгіртуге болады, алайда, қазіргі оқыту жүйесіне үңілсек оның қайдан шыққанын анықтау қиын емес. Ол шамамен 300 жыл бұрын ғаламшардағы соңғы және ең үлкен империяда [Британия] пайда болды. Елестетіп көріңізші сіз бәрін басқарудасыз компьютерсіз, телефонсыз кемелермен тасымалданған және қағаздарда жазылған мәліметтермен ғаламшарды басқарудасыз. Бұл Викториандықтардың қолынан келді. Олардың жасағандары таңғажайып болатын. Олар адамдардан тұратын әлемдік компьютер жасады. Ол әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Біз оны бюрократиялы әкімшілік машина дейміз. Мұндай машина жұмыс істеуі үшін өте көп адам қажет. Сондықтан осындай адамдар дайындайтын тағы бір машина ойлап тапты. Ол — мектеп. Мектеп соңында осы бюрократиялы әкімшілік машинаның бөлігі болып табылатын адамдарды шығарады. Олар бір-біріне ұқсас болуы керек. Олар үш нәрсені білу қажет жақсы жаза білу керек, себебі барлық мәліметтер жазылады; оқи білуі керек; ойша көбейтуді, бөлуді, қосуды және алуды білулері керек. Олардың бірдей болғаны сонша егер Жаңа Зеландиялық адамды Канадаға әкелсе, өз міндетін бірден орындай беруі керек. Викториандықтар тамаша инженерлер еді. Олар құрған жүйенің мықты болғаны соншалық біз әлі күнге дейін оны пайдаланып жұмыс істеуін тоқтатқан мәшине үшін бірдей адамдар дайындаудамыз. Империя құлады бірдей адамдарды шығарушы бұл құрылғымен не істейміз және егер біз бұл құрылғымен бір нәрсе жасағымыз келсе, ары қарай не істеуіміз керек? [Біз білетін мектептер ескірді]. Бұл өте батыл жасалған тұжырым болатын. Мен біз білетін мектептер ескірді деп айттым. Олар қирап қалды деген жоқпын. "Білім беру жүйесі жарамсыз" дегенді қазір де көп естиміз. Ол жарамсыз емес. Ол жақсы жабдықталған. Жай ғана ол бізге енді қажет емес. Ол тек ескірген. Бүгінде қандай лауазымдар сұранысқа ие? Кеңсе қызметкерлері мен компьютерлер. Олар әр кеңседе мыңдап кездеседі. Өзінің кеңселік жұмысын атқару үшін осы компьютерлерді басқаратын адамдар бар. Бұл адамдарға әдемі жаза білу қажет емес. Оларға ойша есептеу де қажет емес. Олар оқи білу керек. Түйсініп оқи білулері керек. Алайда ол бүгінгі жағдай, бірақ біз болашақта қай мамандыққа сұраныс болатынын білмейміз. Адамдар қайдан, қашан, қалай таңдаса да қалағанынша жұмыс істей алатынын білеміз. Бүгінгі мектеп оларды осы әлемге қалай дайындай алады? Мен бұл жобаға кездейсоқ кірісіп кеттім. 14 жыл бұрын Нью Делиде компьютер бағдарламаларын жазуға үйрететінмін. Жұмысымның қасында кедей аудан болатын. Сондағы балалар компьютер бағдарламаларын жазуды үйрене алар ма екен деп ойлайтынмын. Әлде қажет емес пе? Солай бола тұра бізде көптеген ата-аналар компьютерлері бар бай адамдар болды және олар маған «Сіз білесіз бе, менің ойымша, балам өте дарынды өйткені компьютерде таңғаларлық заттарды жасайды. Ал менің қызым — әрине ол өте ақылды» деп айтатын еді. Осылай жалғаса береді. Бірде мен ойладым неліктен барлық бай адамдардың балалары айрықша талантты? (Күлкі) Кедейлердің кінәсі не? Менің кеңсемнің жанындағы лашық қабырғасынан тесік жасадым да ағылшынша мүлде білмейтін, интернетті түсінбейтін балаларға оларда ешқашан болмауы мүмкін компьютер берсе не болатынын көру үшін ол жерге компьютерді орналастырдым. Балалар ұшып келді. Биіктікте тұрған «Не?» деп сұрады. Мен «Мынау ма? Білмеймін» дедім. (Күлкі) «Оны неге осы жерге қойдыңыз?» деп сұрады. «Жай әшейін» дедім. «Ұстап көруге бола ма?» деді. «Ұстағың келсе, өзің біл» дедім. Кетіп қалдым. Сегіз сағаттан соң олар бір-біріне Интернетті қолдануды үйретіп отырды. «Бұл мүмкін емес! Бұл қалай болуы мүмкін. Олар ештеңе білмейді ғой» деп ойладым. Ал менің әріптестерім «Жоқ, бұл өте қарапайым. Сіздің бір студентіңіз қастарынан өтіп бара жатып тінтуірді қолдануды көрсетіп кеткен» деді. «Солай болуы мүмкін» дедім. Тәжірибені қайталадым. Делидан 300 шақырымдағы ауылға бардым. Ол жерде компьютер білетін инженер жүруі екіталай. (Күлкі) Сол жерде мен тәжірибемді қайталадым. Қонатын жер болмаған соң, компьютерді қойып, кетіп қалдым, бірнеше айдан соң қайта оралсам балалар ойын ойнап отыр. Олар мені көргенде «Бізге жылдам процессор, жақсы тінтуір керек» деді. (Күлкі) «Сендер оны қайдан білесіңдер?» дедім. Олар өте бір қызық нәрсені айтты. Олар ашулы түрмен «Сіз ағылшынша компьютер беріпсіз содан пайдалану үшін ағылшынша үйренуге тура келді» деді. (Күлкі) Мұғалім бола тұра "өз бетінше үйрену" дегенді күнделікті сөз ретінде алғаш естуім болды. Міне өткенімнен бірнеше естелік үзінділер. «Қабырғадағы компьютер» жобасының бірінші күні. Оң жағымда сегіз жасар бала. Оның сол жағында оның оқушысы. 6 жаста. Ол оны ғаламторды пайдалануға үйретуде. Кейін елдің басқа бөліктерінде тәжірибені бірнеше рет қайталадым да тура осындай нәтижеге ие болдым. [«Қабырғадағы компьютер» фильмі 1999 ж.] 8 жасар бала әпкесіне үйретуде. Соңында кішкентай қыз марати тілінде мұның не екендігін түсіндіріп «Ішінде процессор бар» дейді. Мен бұл жайында мақалалар жаза бастадым. Мақалаларым жарияланды. Бәрін бағалап отыратынмын да баланы тоғыз ай компьютермен қалдырсаңыз батыстағы кеңсе хатшысының деңгейіне жете алады дедім. Нәтижені қайта-қайта бақылап отырдым. Олар тағы не істей алуы мүмкін деген сұрақ мені қызықтырды. Басқа да пәндерді қоса бастадым. Сөздерді дұрыс дыбыстауды тексердім. Оңтүстік Үндістанда ағылшынша өте нашар сөйлейтін балалар тобы бар. Ал оларға жақсы сөйлеу керек. Өйткені дұрыс сөйлесе, жақсы жұмыс табады. Оларға сөзді мәтінге айналдыратын бағдарламаны ұсындым да «Мәшине айтқандарыңды жазбайынша сөйлей беріңдер» дедім. (Күлкі) Қараңыздаршы олар оны жасай алды. Компьютер «Танысқаныма қуаныштымын». Балалар «Танысқаныма қуаныштымын». Мына қызға тоқтаған себебім, Оның жүзі көпшілікке таныс деп ойлаймын. Қазір ол Хайдрабадта жұмыс істейді және таза ағылшын акцентімен несие карталарыңыз бен есепшоттарыңыз туралы хабарласып мазаларыңызды алады. "Бұл зерттеудің шегі бар ма? Қай жерден тоқтайды?" деп сұрады. Өз болжамымды жоққа шығаруға шешім қабылдадым. Күлкілі бір болжам ұсындым. "Тамил — бұл оңтүстік үнді тілі. Оңтүстік үнді ауылындағы тамил балалар ДНҚ-ның пайда болу биотехнологиясын ағылшынша оқып үйрене ала ма?" дедім. Оларды бағалаймын деп айттым. Бірнеше ай бірге болып, бірнеше ай жеке қалдырамын. Қайтып келгенде олар тағы да 2 алады. Сосын: «Бізге мұғалім керек» деймін. Оңтүстік Үндістаннан Калликуппам дейтін ауыл таптым. «Қабырғаға компьютер» орналастырдым да өзім де түсінбейтін ДНҚ репликациясы жайындағы барлық қолжетімді ақпаратты көшіріп қойдым. Балалар жүгіріп келіп, «Бұл не?» дейді. «Бұл өте маңызды. Алайда бәрі ағылшынша» дедім. Олар «Ағылшын сөздерін, диаграмманы және химияны қалай түсінеміз?» деп сұрады. Ойлап тапқан жаңа педагогикалық тәсілімді пайдаландым. «Түсінсем бұйырмасын» дедім. (Күлкі) «Қалай болғанда да мен кетіп барамын». (Күлкі) Сөйтіп оларды бір-екі айға тастап кеттім. Оларға тест бергенде 0 алған. Екі айдан соң келгенде балалар айналама жиналып: «Ештеңе түсінбедік» деді. Мен «Күткенім сол еді» деп ойладым. «Ештеңе түсінбегендеріңді білуге қанша уақыт кетті?» деп сұрадым. Олар «Біз тырыстық. Біз мұны күнде қарап жүрдік» деп жауап берді. «Қалайша? Ештеңе түсінбесеңдер де екі ай бойы көріп отырдыңдар ма? Не үшін?» Қазір ғана көрсеткен кішкентай қыз қолын көтеріп, тамил аралас ағылшынша «Біз ДНҚ молекулаларының бұрыс репликациясы ауру тудыратынынан басқа ештеңе түсінбедік» деді. (Күлкі) (Қол соғылады) Мен тест жүргіздім. Олардан оншақты жыл ілгері кеткен затты жасай отырып өздері білмейтін тілде күн ыстығында, тал астында компьютермен екі айда 0% дан 30% ға дейін нәтиже алдым. Мүмкін емес! Викториан стандарты бойынша, 30 % бұл сәтсіздік. Жақсы нәтиже үшін не істеуім керек? Оларға 20% жинау керек. Мен мұғалім таба алмадым. Алайда мен олардың досы осы уақытқа дейін олармен бірге ойнаған 22 жасар бухгалтер қызды таптым. Қыздан «Оларға көмектесесің бе?» деп сұрадым. Ол: «Әрине жоқ. Мектепте оқымадым. Олардың күні бойғы тал астындағы ісінен хабарсызбын. Көмектесе алмаймын» деді. Мен «Әжеңіздің әдісін пайдаланыңыз» дедім. Ол: «Бұл не?» деп сұрады. Мен: «Олардың артында тұрып, олар бір нәрсе жасағанда жай ғана “Мәссаған, мұны қалай істедіңдер? Ары қарай не болады? Сендердей кезімде қолымнан келмейтін” деңіз «Әжелер қандай екенін білесің ғой» дедім. Ол екі ай көлемінде солай етті. Бағалар 50%ға дейін жоғарылады. Калликуппам биотехнологиядан дипломы бар мұғалімдер жұмыс істейтін жекеменшік мектеп Нью Делидегі мектебіммен теңесті. Графикті көріп, екі ойын алаңын теңестіру әдісі бар екенін түсіндім. Бұл Калликуппам. (Балалар айтуда) Нейрондар...коммуникация. Камера басқа тұстан түсіруде. Алайда, бұл әлі балалық деңгей оның айтқаны өздеріңіз түсінгендей, нейрон жайында, ал қолдары былай айқасып тұрды да "нейрондар мәлімет алмасады" деді. 12 жаста. Сонымен болашақта жұмыс қандай болады? Біз бүгінгісін білеміз. Ал оқыту ше? Біз оның қандай екенін білеміз мобильді телефондарға қызығатын балалар бірақ оқулықтармен мектепке ынтасыз баратын балалар. Ал ол ертең қалай болмақ? Мектепке бару мүлде қажетсіз боп қалар? Бәлкім бір нәрсе білу керек болса оны бірнеше минутта таба аласыз ба? Мүмкін болашақта білім аса маңызды болмайтын шығар немесе «біз сол уақытқа қарай кетіп бара жатырмыз ба?» деп Николас Негропонте сұрақ қойған болатын. Алайда бұл ақылға сыймайтын нәрсе. Біз - адамбыз. Маймылдардан ерекшелейтін нәрсе - білім. Бұған басқаша қарап көріңіздерші. Табиғатқа маймылды тік тұрғызып «ақылды адам» жасау үшін 100 млн жыл қажет болды. Бізге білімді қажетсіз етуімізге бар болғаны 10 мың жыл жеткілікті болды. Қандай жетістік. Алайда біз оны болашағымызға бейімдеуіміз қажет. Мадақтау негізгі өзегі болуы мүмкін. Егер Куппамға қарасаңыз, жүргізген барлық тәжірибе нәтижелеріне зер салсаңыз, оқытуды алға жылжытатын бір ғана қарапайым «мәссаған» деген сөз болды. Нейропсихологияда дәлелдер бар. Миымыздың ортасындағы рептилді бөлігі қатер төнгенін сезгенде барлық басқа бөліктерді өшіріп тастайды. Ол оқуға жауапты префронталды қабатты өшіреді осының барлығын ол өшіреді. Жазалау мен емтихан - қауіп. Біз балалардың миларын «өшіріп» алып содан кейін «істеңдер» дейміз. Олар неліктен мұндай жүйені құрды? Себебі ол қажет болды. Империя дәуірінде қауіп-қатер төнгенде өмір сүруін жалғастыра алатын адамға қажеттілік туындаған уақыт болды. Сіз окопта жалғыз қалып, сау шықсаңыз барлығы жақсы. Сынақтан мүдірмедіңіз. Егер керісінше болса сынақтан сүрінгенің. Алайда империя дәуірі аяқталды. Шығармашылық қандай күйде? Бізге керісінше қауіп-қатерден рақаттануға ауысу керекпіз. Англияға оралып, британ әжелерін іздедім. Төмендегідей хабарландыру бердім «Егер британдық әже болсаңыз және интернет пен веб камераңыз болса аптасына бір сағатыңызды маған тегін сыйлауыңызды өтінемін». Алғашқы аптада мен 200 адам жинадым. Жер бетінде британ әжелерін жақсы танитын менен асқан ешкім жоқ(Күлкі) Олар «Әже бұлты» деп аталды. «Әже бұлты» интернетте өмір сүреді. Егер кішкентай балада қиындық туындаса біз оған әжені жібереміз. Ол скайпқа шығып, барлық мәселені шешеді. Мен бұның бір-бірінен 600 км аралықтағы Англияның Диггис ауылында және Үндістандағы Тамил Наду ауылында қалай іске асып жатқандығын көрдім. Ол оны бір ғана ишаратпен жасайды. «Шшш». Иә? Мынаны қараңыз. Әже: «Қуып жете алмайсың. Енді сен». «Қуып жете алмайсың». Балалар: «Қуып жете алмайсың». Әже: «Мен Имбир адамымын». Балалар «Мен Имбир адамымын». Әже: «Жарайсыңдар! Өте жақсы». СМ: Бұның маңызы неде? Мынаған назар аударуымыз керек. Үйренуді, білім алуды өзіндігінен ұйымдасқан білім өнімі деп тануымыз керек. Егер оқыту процесіне өз бетінше ұйымдасуға мүмкіндік берсек үйрену пайда болады. Мәселе оқыту жүйесін құруда емес. Оған дамуға мүмкіндік беру керек. Мұғалім үдерісті іске қосады да содан кейін шетке шығып тұрып оқудың қалай жүріп жатқандығын бақылайды. Барлық тәжірибе осыны көрсетеді деп ойлаймын. Алайда біз оны қалай білеміз? Біз білімді қалай аламыз? Өздігінен ұйымдастырылатын Оқыту Кеңістіктерін құрғым келеді. Бұл ғаламтор арқылы бірге жүреді әрі жігерлендіріп тұрады. Біраз мектепте қолданып көрдім. Бүкіл әлем бойынша сынақ жүргіздім де, ал мұғалімдер бұған күмәнданып: «Бәрі өздігінен бола ма?» деп сұрады. «Иә өздігінен» деп жауап бердім. «Ал оны қайдан білесіз?» «Сіздер мұны айтқан балаларға әрі олардың қай жақтан екендеріне сенбейсіздер» дедім. ӨҰОК тобының жұмысы. (Балалар сөйлесуде) Бұл Англияда. Олар тәртіпті, себебі сыныпта мұғалім жоқ. «Электрон саны протон санына тең емес.» СМ Бұл Австралия. Қыз «… соңында теріс электр зарядын бер. Ион заряды иондағы протон санына тең одан электрондар саны алынған». Ол өз қатарластарынан озып кеткен. ӨҰОК бізге ғаламдық мәселелері бар жоспар қажет деп ойлаймын. Сіздер бұны естігенсіздер. Не екенін білесіз. Тас ғасырында адамдар алып аспанға қарап «Жылт-жылт еткен жарық не?» деп сұраған кездері болған шығар. Олар оқыту бағдарламасын жасады. Қазір осындай керемет сауалдар жоқ. Біз бұрыштың тангенсіне әкеліп тіредік. Алайда бұл мүлде қызық емес. Он жасар балаға осыны түсіндіру үшін «Жерге метеорит жақындаса соғысатынын не соғыспайтынын қалай анықтар едің?» дейді. Егер ол «А? Не? Қалай?» деп сұраса сіз «Сиқырлы сөз бар. Бұл бұрыш тангенсі» дейсіз. Сөйтіп жалғыз қалдырыңыз. Сол кезде ол тапсырманы шеше алады. Міне ӨҰОК сабақтарынан бірнеше сурет. Мен тоғыз жастағы балаларға «Ғалам қашан пайда болды? «Ол қашан тоқтайды?» деген ғажап сұрақтар қойып көрдім. Бұл демалғанда ауада не болатыны туралы. Балалар ересектердің көмегінсіз жасады. Мұғалім тек сұрақ қояды да, бір шетте берілген жауапқа сүйсініп тұрады Сонымен мен нені қалаймын? Мен оқытудың болашағын жасауды қалаймын. Біз үлкен адами компьютерге қосалқы бөлшек болғымыз келмейді. Солай емес пе? Сондықтан оқытудың болашағын өзіміз жасауымыз керек. Менің арманым — кідіре тұрыңыздар қазір сөзбе-сөз оқып шығамын себебі бұл өте маңызды екені мәлім. Әлемдегі балаларды қолдап, оларға бірлесе жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен ғажайып тылсымын игеруі үшін оқыту болашағын жасағым келеді. Маған мектеп құруға көмектесіңіздерші. Ол «Бұлттағы мектеп» деп аталады. Балалар маңызды сұрақтармен арпалысып, медиаторлар көмегімен жауап іздейді. Мұны іске асыру үшін мен алдымен оқыта алатын нысан тұрғызғым келеді. Бұл нысан іс жүзінде толығымен автоматтандырылған болады. Қауіпсіздікке жауап беретін бір ғана әже бар. Басқасы «бұлттан» шығады. Ол жарықты қосады әрі өшіреді және тағысын тағы. «Бұлтпен» басқарылады. Алайда сіздерге мақсатын айтайын. Сіз ӨҰОК-ты үйде, мектепте мектептен тыс жерде, клубта құра аласыз. Мұны жасау өте оңай. TED оны қалай жасауға болатынын түсіндіретін құжат жариялады. Егер мүмкіндіктеріңіз болса оны барлық бес құрлықта жасап, мәліметтерді жіберіңіздерші. Содан кейін оларды өңдеп «Бұлттағы мектепке» орналастырамын да оқытудың болашағын жасаймын. Менің арманым осы. Тағы бір айтарым, мен сіздерге Гималайдың шыңын көрсетемін. Биіктігі 12 000 метрдегі ауасы таза жерде «Қабырғадағы компьютер» жобасымен екі компьютер орнатып едім айналасына балалар жиналыпты. Артымнан үнемі қалмай жүрген кішкентай қыз болды. Оған «Барлығыңа компьютер бергім келеді. Бірақ қалай берерімді білмеймін» дедім. Оны жасырын суретке түсіріп алғым келді. Бір кезде ол қолын міне былай көтерді де «Тездет!» деді. (Күлкі) (Қол соғу) Мен бұл жақсы кеңес болды деп ойлаймын. Мен оған «құлақ асамын». Мен аяқтадым. Рақмет. Үлкен рақмет. (Қол соғу) Рақмет. Рақмет. (Қол соғылады) Үлкен рақмет. (Қол соғылады)