0:00:01.274,0:00:06.690 Оқытудың болашағы қандай? 0:00:06.690,0:00:08.970 Менің жоспарым бар 0:00:08.970,0:00:12.050 алайда оны айтпас бұрын 0:00:12.050,0:00:15.020 сіздерге істің барысын түсіндіретін 0:00:15.020,0:00:17.866 шағын әңгімеден бастайын. 0:00:17.866,0:00:19.653 Мен мектептердегі қазіргі 0:00:19.653,0:00:23.060 оқыту жүйесі қайдан пайда 0:00:23.060,0:00:25.330 болғандығын түсінуге тырыстым. 0:00:25.330,0:00:27.762 Өткенге көз жүгіртуге болады, 0:00:27.762,0:00:31.575 алайда, қазіргі оқыту жүйесіне үңілсек 0:00:31.575,0:00:35.277 оның қайдан шыққанын анықтау қиын емес. 0:00:35.277,0:00:39.225 Ол шамамен 300 жыл бұрын 0:00:39.225,0:00:41.442 ғаламшардағы соңғы және ең үлкен 0:00:41.442,0:00:44.410 империяда [Британия] пайда болды. 0:00:44.410,0:00:46.755 Елестетіп көріңізші сіз бәрін басқарудасыз 0:00:46.755,0:00:49.163 компьютерсіз, телефонсыз 0:00:49.163,0:00:52.987 кемелермен тасымалданған 0:00:52.987,0:00:57.119 және қағаздарда жазылған 0:00:57.119,0:01:00.669 мәліметтермен ғаламшарды басқарудасыз. 0:01:00.669,0:01:02.823 Бұл Викториандықтардың қолынан келді. 0:01:02.823,0:01:05.991 Олардың жасағандары таңғажайып болатын. 0:01:05.991,0:01:09.303 Олар адамдардан тұратын 0:01:09.303,0:01:12.359 әлемдік компьютер жасады. 0:01:12.359,0:01:14.152 Ол әлі күнге дейін жұмыс істеуде. 0:01:14.152,0:01:20.131 Біз оны бюрократиялы [br]әкімшілік машина дейміз. 0:01:20.131,0:01:23.458 Мұндай машина жұмыс істеуі үшін 0:01:23.458,0:01:26.659 өте көп адам қажет. 0:01:26.659,0:01:31.018 Сондықтан осындай адамдар дайындайтын [br]тағы бір машина ойлап тапты. Ол — 0:01:31.018,0:01:33.914 мектеп. 0:01:33.914,0:01:36.691 Мектеп соңында осы 0:01:36.691,0:01:40.540 бюрократиялы әкімшілік машинаның бөлігі 0:01:40.540,0:01:43.925 болып табылатын адамдарды шығарады. 0:01:43.925,0:01:48.315 Олар бір-біріне ұқсас болуы керек. 0:01:48.315,0:01:50.472 Олар үш нәрсені білу қажет 0:01:50.472,0:01:53.512 жақсы жаза білу керек,[br]себебі барлық мәліметтер жазылады; 0:01:53.512,0:01:55.667 оқи білуі керек; 0:01:55.667,0:01:57.946 ойша көбейтуді, бөлуді, 0:01:57.946,0:02:01.609 қосуды және алуды білулері керек. 0:02:01.609,0:02:05.136 Олардың бірдей болғаны сонша [br]егер Жаңа Зеландиялық адамды 0:02:05.136,0:02:07.471 Канадаға әкелсе, 0:02:07.471,0:02:11.552 өз міндетін бірден орындай беруі керек. 0:02:11.552,0:02:14.421 Викториандықтар тамаша инженерлер еді. 0:02:14.421,0:02:17.910 Олар құрған жүйенің мықты болғаны соншалық 0:02:17.910,0:02:20.365 біз әлі күнге дейін оны пайдаланып 0:02:20.365,0:02:24.341 жұмыс істеуін тоқтатқан 0:02:24.341,0:02:29.157 мәшине үшін бірдей адамдар дайындаудамыз. 0:02:29.157,0:02:32.085 Империя құлады 0:02:32.085,0:02:34.989 бірдей адамдарды шығарушы 0:02:34.989,0:02:37.358 бұл құрылғымен не істейміз 0:02:37.358,0:02:40.261 және егер біз бұл құрылғымен 0:02:40.261,0:02:44.181 бір нәрсе жасағымыз келсе, [br]ары қарай не істеуіміз керек? 0:02:44.181,0:02:45.871 [Біз білетін мектептер ескірді]. 0:02:45.871,0:02:47.763 Бұл өте батыл жасалған тұжырым болатын. 0:02:47.763,0:02:51.557 Мен біз білетін мектептер ескірді [br]деп айттым. 0:02:51.557,0:02:53.291 Олар қирап қалды деген жоқпын. 0:02:53.291,0:02:56.288 "Білім беру жүйесі жарамсыз" дегенді [br]қазір де көп естиміз. 0:02:56.288,0:02:59.939 Ол жарамсыз емес.[br]Ол жақсы жабдықталған. 0:02:59.939,0:03:06.165 Жай ғана ол бізге енді қажет емес.[br]Ол тек ескірген. 0:03:06.165,0:03:08.572 Бүгінде қандай лауазымдар сұранысқа ие? 0:03:08.572,0:03:10.706 Кеңсе қызметкерлері мен компьютерлер. 0:03:10.706,0:03:13.237 Олар әр кеңседе мыңдап кездеседі. 0:03:13.237,0:03:16.442 Өзінің кеңселік жұмысын атқару үшін осы 0:03:16.442,0:03:18.919 компьютерлерді басқаратын адамдар бар. 0:03:18.919,0:03:22.183 Бұл адамдарға әдемі жаза білу қажет емес. 0:03:22.183,0:03:25.215 Оларға ойша есептеу де қажет емес. 0:03:25.215,0:03:27.487 Олар оқи білу керек. 0:03:27.487,0:03:31.637 Түйсініп оқи білулері керек. 0:03:31.637,0:03:34.744 Алайда ол бүгінгі жағдай, бірақ біз 0:03:34.744,0:03:37.303 болашақта қай мамандыққа сұраныс [br]болатынын білмейміз. 0:03:37.303,0:03:39.947 Адамдар қайдан, қашан, қалай таңдаса да 0:03:39.947,0:03:43.145 қалағанынша жұмыс істей алатынын білеміз. 0:03:43.145,0:03:47.333 Бүгінгі мектеп оларды осы әлемге 0:03:47.333,0:03:49.876 қалай дайындай алады? 0:03:49.876,0:03:54.924 Мен бұл жобаға кездейсоқ кірісіп кеттім. 0:03:54.924,0:03:57.556 14 жыл бұрын Нью Делиде [br]компьютер бағдарламаларын 0:03:57.556,0:04:00.020 жазуға үйрететінмін. 0:04:00.020,0:04:03.777 Жұмысымның қасында кедей аудан болатын. 0:04:03.777,0:04:06.364 Сондағы балалар компьютер[br]бағдарламаларын жазуды 0:04:06.364,0:04:08.884 үйрене алар ма екен деп ойлайтынмын. 0:04:08.884,0:04:11.964 Әлде қажет емес пе? 0:04:11.964,0:04:14.581 Солай бола тұра [br]бізде көптеген ата-аналар 0:04:14.581,0:04:17.012 компьютерлері бар[br]бай адамдар болды 0:04:17.012,0:04:20.143 және олар маған [br]«Сіз білесіз бе, менің ойымша, 0:04:20.143,0:04:22.332 балам өте дарынды 0:04:22.332,0:04:25.206 өйткені компьютерде [br]таңғаларлық заттарды жасайды. 0:04:25.206,0:04:29.182 Ал менің қызым —[br]әрине ол өте ақылды» деп айтатын еді. 0:04:29.182,0:04:31.290 Осылай жалғаса береді. Бірде мен ойладым 0:04:31.290,0:04:33.086 неліктен барлық бай адамдардың 0:04:33.086,0:04:35.227 балалары айрықша талантты? 0:04:35.227,0:04:37.142 (Күлкі) 0:04:37.142,0:04:39.966 Кедейлердің кінәсі не? 0:04:39.966,0:04:42.969 Менің кеңсемнің жанындағы 0:04:42.969,0:04:45.001 лашық қабырғасынан тесік жасадым да 0:04:45.001,0:04:47.745 ағылшынша мүлде білмейтін,[br]интернетті түсінбейтін 0:04:47.745,0:04:50.729 балаларға оларда ешқашан [br]болмауы мүмкін компьютер берсе 0:04:50.729,0:04:54.065 не болатынын көру үшін [br]ол жерге компьютерді орналастырдым. 0:04:54.065,0:04:55.017 Балалар ұшып келді. 0:04:55.017,0:04:57.187 Биіктікте тұрған «Не?» деп сұрады. 0:04:57.187,0:05:00.171 Мен «Мынау ма? Білмеймін» дедім. 0:05:00.171,0:05:02.387 (Күлкі) 0:05:02.387,0:05:04.943 «Оны неге осы жерге қойдыңыз?» деп сұрады. 0:05:04.943,0:05:06.158 «Жай әшейін» дедім. 0:05:06.158,0:05:09.167 «Ұстап көруге бола ма?» деді.[br]«Ұстағың келсе, өзің біл» дедім. 0:05:09.167,0:05:11.544 Кетіп қалдым. 0:05:11.544,0:05:13.288 Сегіз сағаттан соң олар 0:05:13.288,0:05:16.243 бір-біріне Интернетті қолдануды [br]үйретіп отырды. 0:05:16.243,0:05:18.740 «Бұл мүмкін емес! 0:05:18.740,0:05:22.281 Бұл қалай болуы мүмкін.[br]Олар ештеңе білмейді ғой» деп ойладым. 0:05:22.281,0:05:25.145 Ал менің әріптестерім[br]«Жоқ, бұл өте қарапайым. 0:05:25.145,0:05:27.968 Сіздің бір студентіңіз қастарынан [br]өтіп бара жатып 0:05:27.968,0:05:30.063 тінтуірді қолдануды көрсетіп кеткен» деді. 0:05:30.063,0:05:31.586 «Солай болуы мүмкін» дедім. 0:05:31.586,0:05:34.645 Тәжірибені қайталадым.[br]Делидан 300 шақырымдағы 0:05:34.645,0:05:36.636 ауылға бардым. 0:05:36.636,0:05:40.428 Ол жерде компьютер білетін инженер 0:05:40.428,0:05:44.844 жүруі екіталай. (Күлкі) 0:05:44.844,0:05:47.507 Сол жерде мен тәжірибемді қайталадым. 0:05:47.507,0:05:49.794 Қонатын жер болмаған соң, [br]компьютерді қойып, 0:05:49.794,0:05:51.994 кетіп қалдым, [br]бірнеше айдан соң қайта оралсам 0:05:51.994,0:05:53.689 балалар ойын ойнап отыр. 0:05:53.689,0:05:54.640 Олар мені көргенде 0:05:54.640,0:05:57.122 «Бізге жылдам процессор,[br]жақсы тінтуір керек» деді. 0:05:57.122,0:06:01.416 (Күлкі) 0:06:01.416,0:06:04.825 «Сендер оны қайдан білесіңдер?» дедім. 0:06:04.825,0:06:07.280 Олар өте бір қызық нәрсені айтты. 0:06:07.280,0:06:08.945 Олар ашулы түрмен 0:06:08.945,0:06:11.498 «Сіз ағылшынша компьютер беріпсіз содан 0:06:11.498,0:06:17.583 пайдалану үшін ағылшынша [br]үйренуге тура келді» деді. (Күлкі) 0:06:17.583,0:06:19.560 Мұғалім бола тұра 0:06:19.560,0:06:24.651 "өз бетінше үйрену" дегенді[br]күнделікті сөз ретінде алғаш естуім болды. 0:06:24.651,0:06:28.253 Міне өткенімнен бірнеше естелік үзінділер. 0:06:28.253,0:06:30.900 «Қабырғадағы компьютер» жобасының [br]бірінші күні. 0:06:30.900,0:06:33.138 Оң жағымда сегіз жасар бала. 0:06:33.138,0:06:38.858 Оның сол жағында оның оқушысы. 6 жаста. 0:06:38.858,0:06:42.455 Ол оны ғаламторды пайдалануға үйретуде. 0:06:42.455,0:06:45.741 Кейін елдің басқа бөліктерінде 0:06:45.741,0:06:48.024 тәжірибені бірнеше рет қайталадым да 0:06:48.024,0:06:51.469 тура осындай нәтижеге ие болдым. 0:06:51.469,0:06:55.396 [«Қабырғадағы компьютер» фильмі 1999 ж.] 0:06:55.396,0:06:59.661 8 жасар бала әпкесіне үйретуде. 0:07:04.460,0:07:10.017 Соңында кішкентай қыз марати тілінде [br]мұның не екендігін түсіндіріп 0:07:10.017,0:07:14.266 «Ішінде процессор бар» дейді. 0:07:14.266,0:07:16.759 Мен бұл жайында мақалалар жаза бастадым. 0:07:16.759,0:07:19.314 Мақалаларым жарияланды.[br]Бәрін бағалап отыратынмын да 0:07:19.314,0:07:21.516 баланы тоғыз ай компьютермен [br]қалдырсаңыз 0:07:21.516,0:07:24.214 батыстағы кеңсе хатшысының 0:07:24.214,0:07:28.729 деңгейіне жете алады дедім. 0:07:28.729,0:07:33.489 Нәтижені қайта-қайта бақылап отырдым. 0:07:33.489,0:07:36.221 Олар тағы не істей алуы мүмкін 0:07:36.221,0:07:38.461 деген сұрақ мені қызықтырды. 0:07:38.461,0:07:40.989 Басқа да пәндерді қоса бастадым. 0:07:40.989,0:07:43.957 Сөздерді дұрыс дыбыстауды тексердім. 0:07:43.957,0:07:46.405 Оңтүстік Үндістанда ағылшынша[br]өте нашар сөйлейтін 0:07:46.405,0:07:49.173 балалар тобы бар.[br]Ал оларға жақсы сөйлеу керек. 0:07:49.173,0:07:52.693 Өйткені дұрыс сөйлесе, жақсы жұмыс табады. 0:07:52.693,0:07:56.771 Оларға сөзді мәтінге айналдыратын [br]бағдарламаны ұсындым да 0:07:56.771,0:08:00.045 «Мәшине айтқандарыңды жазбайынша [br]сөйлей беріңдер» дедім. 0:08:00.045,0:08:04.677 (Күлкі) 0:08:04.677,0:08:09.861 Қараңыздаршы олар оны жасай алды. 0:08:09.861,0:08:15.373 Компьютер «Танысқаныма қуаныштымын».[br]Балалар «Танысқаныма қуаныштымын». 0:08:15.373,0:08:17.644 Мына қызға тоқтаған себебім, 0:08:17.644,0:08:21.461 Оның жүзі көпшілікке таныс деп ойлаймын. 0:08:21.461,0:08:24.957 Қазір ол Хайдрабадта [br]жұмыс істейді 0:08:24.957,0:08:29.679 және таза ағылшын акцентімен [br]несие карталарыңыз бен 0:08:29.679,0:08:34.452 есепшоттарыңыз туралы [br]хабарласып мазаларыңызды алады. 0:08:34.452,0:08:38.829 "Бұл зерттеудің шегі бар ма? 0:08:38.829,0:08:40.399 Қай жерден тоқтайды?" деп сұрады. 0:08:40.399,0:08:43.762 Өз болжамымды 0:08:43.762,0:08:46.266 жоққа шығаруға шешім қабылдадым. 0:08:46.266,0:08:50.154 Күлкілі бір болжам ұсындым. 0:08:50.154,0:08:51.958 "Тамил — бұл оңтүстік үнді тілі. 0:08:51.958,0:08:54.603 Оңтүстік үнді ауылындағы тамил балалар 0:08:54.603,0:08:58.108 ДНҚ-ның пайда болу биотехнологиясын 0:08:58.108,0:09:00.355 ағылшынша оқып үйрене ала ма?" дедім. 0:09:00.355,0:09:02.540 Оларды бағалаймын деп айттым. 0:09:02.540,0:09:05.594 Бірнеше ай бірге болып, [br]бірнеше ай жеке қалдырамын. 0:09:05.594,0:09:07.898 Қайтып келгенде олар тағы да 2 алады. 0:09:07.898,0:09:12.254 Сосын: «Бізге мұғалім керек» деймін. 0:09:12.254,0:09:16.317 Оңтүстік Үндістаннан Калликуппам дейтін [br]ауыл таптым. 0:09:16.317,0:09:18.994 «Қабырғаға компьютер» орналастырдым да 0:09:18.994,0:09:22.681 өзім де түсінбейтін ДНҚ репликациясы[br]жайындағы барлық 0:09:22.681,0:09:25.986 қолжетімді ақпаратты көшіріп қойдым. 0:09:25.986,0:09:28.963 Балалар жүгіріп келіп, «Бұл не?» дейді. 0:09:28.963,0:09:33.971 «Бұл өте маңызды. [br]Алайда бәрі ағылшынша» дедім. 0:09:33.971,0:09:37.325 Олар «Ағылшын сөздерін,[br]диаграмманы және химияны 0:09:37.325,0:09:39.403 қалай түсінеміз?» деп сұрады. 0:09:39.403,0:09:42.227 Ойлап тапқан жаңа педагогикалық тәсілімді 0:09:42.227,0:09:45.111 пайдаландым. «Түсінсем бұйырмасын» дедім. 0:09:45.111,0:09:48.306 (Күлкі) 0:09:48.306,0:09:51.256 «Қалай болғанда да мен кетіп барамын». 0:09:51.256,0:09:55.624 (Күлкі) 0:09:55.624,0:09:59.213 Сөйтіп оларды бір-екі айға тастап кеттім. 0:09:59.213,0:10:01.848 Оларға тест бергенде 0 алған. 0:10:01.848,0:10:02.772 Екі айдан соң келгенде 0:10:02.772,0:10:06.432 балалар айналама жиналып: [br]«Ештеңе түсінбедік» деді. 0:10:06.432,0:10:08.507 Мен «Күткенім сол еді» деп ойладым. 0:10:08.507,0:10:12.592 «Ештеңе түсінбегендеріңді білуге 0:10:12.592,0:10:15.353 қанша уақыт кетті?» деп сұрадым. 0:10:15.353,0:10:17.301 Олар «Біз тырыстық. Біз 0:10:17.301,0:10:19.277 мұны күнде қарап жүрдік» деп жауап берді. 0:10:19.277,0:10:21.742 «Қалайша? Ештеңе түсінбесеңдер де 0:10:21.742,0:10:24.446 екі ай бойы көріп отырдыңдар ма? [br]Не үшін?» 0:10:24.446,0:10:26.959 Қазір ғана көрсеткен кішкентай қыз 0:10:26.959,0:10:29.691 қолын көтеріп, тамил аралас ағылшынша 0:10:29.691,0:10:31.888 «Біз ДНҚ молекулаларының бұрыс 0:10:31.888,0:10:35.039 репликациясы ауру тудыратынынан 0:10:35.039,0:10:37.560 басқа ештеңе түсінбедік» деді. 0:10:37.560,0:10:43.272 (Күлкі) (Қол соғылады) 0:10:43.272,0:10:47.392 Мен тест жүргіздім. 0:10:47.392,0:10:50.664 Олардан оншақты жыл ілгері кеткен 0:10:50.664,0:10:52.968 затты жасай отырып өздері білмейтін тілде 0:10:52.968,0:10:56.408 күн ыстығында, тал астында компьютермен 0:10:56.408,0:10:59.480 екі айда 0% дан 30% ға дейін нәтиже алдым. 0:10:59.480,0:11:04.857 Мүмкін емес! Викториан стандарты бойынша, 0:11:04.857,0:11:08.257 30 % бұл сәтсіздік. 0:11:08.257,0:11:11.193 Жақсы нәтиже үшін не істеуім керек?[br]Оларға 20% жинау керек. 0:11:11.193,0:11:16.030 Мен мұғалім таба алмадым.[br]Алайда мен олардың досы 0:11:16.030,0:11:18.416 осы уақытқа дейін олармен бірге ойнаған 0:11:18.416,0:11:20.864 22 жасар бухгалтер қызды таптым. 0:11:20.864,0:11:22.985 Қыздан[br]«Оларға көмектесесің бе?» деп сұрадым. 0:11:22.985,0:11:25.256 Ол: «Әрине жоқ. 0:11:25.256,0:11:28.333 Мектепте оқымадым. Олардың күні бойғы 0:11:28.333,0:11:32.862 тал астындағы ісінен хабарсызбын.[br]Көмектесе алмаймын» деді. 0:11:32.862,0:11:37.393 Мен «Әжеңіздің әдісін пайдаланыңыз» дедім. 0:11:37.393,0:11:38.723 Ол: «Бұл не?» деп сұрады. 0:11:38.723,0:11:40.110 Мен: «Олардың артында тұрып, 0:11:40.110,0:11:41.716 олар бір нәрсе жасағанда жай ғана 0:11:41.732,0:11:44.513 “Мәссаған, мұны қалай істедіңдер? 0:11:44.529,0:11:47.625 Ары қарай не болады? Сендердей кезімде [br]қолымнан келмейтін” деңіз 0:11:47.625,0:11:50.547 «Әжелер қандай екенін білесің ғой» дедім. 0:11:50.547,0:11:52.721 Ол екі ай көлемінде солай етті. 0:11:52.721,0:11:55.635 Бағалар 50%ға дейін жоғарылады. 0:11:55.635,0:11:57.289 Калликуппам 0:11:57.289,0:11:59.167 биотехнологиядан дипломы бар мұғалімдер 0:11:59.167,0:12:03.303 жұмыс істейтін жекеменшік мектеп [br]Нью Делидегі мектебіммен теңесті. 0:12:03.303,0:12:08.140 Графикті көріп, екі ойын алаңын теңестіру [br]әдісі бар екенін түсіндім. 0:12:08.140,0:12:10.236 Бұл Калликуппам. 0:12:10.236,0:12:18.431 (Балалар айтуда) Нейрондар...коммуникация. 0:12:18.431,0:12:22.122 Камера басқа тұстан түсіруде.[br]Алайда, бұл әлі балалық деңгей 0:12:22.122,0:12:24.618 оның айтқаны өздеріңіз түсінгендей, 0:12:24.618,0:12:27.025 нейрон жайында, ал қолдары [br]былай айқасып тұрды да 0:12:27.025,0:12:30.581 "нейрондар мәлімет алмасады" деді. 0:12:30.581,0:12:33.925 12 жаста. 0:12:33.925,0:12:37.135 Сонымен болашақта жұмыс қандай болады? 0:12:37.135,0:12:39.426 Біз бүгінгісін білеміз. 0:12:39.426,0:12:41.764 Ал оқыту ше?[br]Біз оның қандай екенін білеміз 0:12:41.764,0:12:44.817 мобильді телефондарға қызығатын балалар 0:12:44.817,0:12:48.590 бірақ оқулықтармен [br]мектепке ынтасыз баратын балалар. 0:12:48.590,0:12:52.549 Ал ол ертең қалай болмақ? 0:12:52.549,0:12:57.449 Мектепке бару мүлде қажетсіз боп қалар? 0:12:57.449,0:13:00.989 Бәлкім бір нәрсе білу керек болса 0:13:00.989,0:13:04.309 оны бірнеше минутта таба аласыз ба? 0:13:04.309,0:13:08.414 Мүмкін болашақта білім 0:13:08.414,0:13:11.206 аса маңызды болмайтын шығар [br]немесе «біз сол уақытқа қарай 0:13:11.206,0:13:14.245 кетіп бара жатырмыз ба?» [br]деп Николас Негропонте 0:13:14.245,0:13:17.605 сұрақ қойған болатын. 0:13:17.605,0:13:20.138 Алайда бұл ақылға сыймайтын нәрсе. [br]Біз - адамбыз. 0:13:20.138,0:13:24.055 Маймылдардан ерекшелейтін нәрсе - білім. 0:13:24.055,0:13:25.832 Бұған басқаша қарап көріңіздерші. 0:13:25.832,0:13:28.378 Табиғатқа маймылды тік тұрғызып 0:13:28.378,0:13:30.514 «ақылды адам» жасау үшін 0:13:30.514,0:13:32.698 100 млн жыл қажет болды. 0:13:32.698,0:13:36.394 Бізге білімді қажетсіз етуімізге[br]бар болғаны 10 мың жыл жеткілікті болды. 0:13:36.394,0:13:38.576 Қандай жетістік. 0:13:38.576,0:13:42.603 Алайда біз оны болашағымызға [br]бейімдеуіміз қажет. 0:13:42.603,0:13:45.562 Мадақтау негізгі өзегі болуы мүмкін. 0:13:45.562,0:13:46.772 Егер Куппамға қарасаңыз, 0:13:46.772,0:13:49.586 жүргізген барлық тәжірибе [br]нәтижелеріне зер салсаңыз, 0:13:49.586,0:13:56.721 оқытуды алға жылжытатын бір ғана [br]қарапайым «мәссаған» деген сөз болды. 0:13:56.721,0:13:59.115 Нейропсихологияда дәлелдер бар. 0:13:59.115,0:14:02.317 Миымыздың ортасындағы рептилді бөлігі 0:14:02.317,0:14:06.053 қатер төнгенін сезгенде [br]барлық басқа бөліктерді өшіріп тастайды. 0:14:06.053,0:14:09.731 Ол оқуға жауапты [br]префронталды қабатты өшіреді 0:14:09.731,0:14:12.475 осының барлығын ол өшіреді. 0:14:12.475,0:14:16.623 Жазалау мен емтихан - қауіп. 0:14:16.623,0:14:20.248 Біз балалардың миларын «өшіріп» алып 0:14:20.248,0:14:22.944 содан кейін «істеңдер» дейміз. 0:14:22.944,0:14:26.425 Олар неліктен мұндай жүйені құрды? 0:14:26.425,0:14:28.071 Себебі ол қажет болды. 0:14:28.071,0:14:30.656 Империя дәуірінде қауіп-қатер төнгенде 0:14:30.656,0:14:34.926 өмір сүруін жалғастыра алатын адамға [br]қажеттілік туындаған уақыт болды. 0:14:34.926,0:14:37.193 Сіз окопта жалғыз қалып, сау шықсаңыз 0:14:37.193,0:14:41.224 барлығы жақсы. [br]Сынақтан мүдірмедіңіз. 0:14:41.224,0:14:44.197 Егер керісінше болса сынақтан сүрінгенің. 0:14:44.197,0:14:46.853 Алайда империя дәуірі аяқталды. 0:14:46.853,0:14:50.491 Шығармашылық қандай күйде? 0:14:50.491,0:14:53.506 Бізге керісінше қауіп-қатерден 0:14:53.506,0:14:56.915 рақаттануға ауысу керекпіз. 0:14:56.915,0:15:00.867 Англияға оралып, [br]британ әжелерін іздедім. 0:15:00.867,0:15:03.884 Төмендегідей хабарландыру бердім 0:15:03.884,0:15:07.304 «Егер британдық әже болсаңыз және интернет[br]пен веб камераңыз болса 0:15:07.304,0:15:10.531 аптасына бір сағатыңызды [br]маған тегін сыйлауыңызды өтінемін». 0:15:10.531,0:15:12.643 Алғашқы аптада мен 200 адам жинадым. 0:15:12.643,0:15:17.551 Жер бетінде британ әжелерін [br]жақсы танитын менен асқан ешкім жоқ(Күлкі) 0:15:17.551,0:15:21.366 Олар «Әже бұлты» деп аталды. 0:15:21.366,0:15:23.096 «Әже бұлты» интернетте өмір сүреді. 0:15:23.096,0:15:27.470 Егер кішкентай балада қиындық туындаса[br]біз оған әжені жібереміз. 0:15:27.470,0:15:31.039 Ол скайпқа шығып, барлық мәселені шешеді. 0:15:31.039,0:15:34.658 Мен бұның бір-бірінен 600 км аралықтағы 0:15:34.658,0:15:36.703 Англияның Диггис ауылында 0:15:36.703,0:15:40.007 және Үндістандағы Тамил Наду ауылында 0:15:40.007,0:15:42.247 қалай іске асып жатқандығын көрдім. 0:15:42.247,0:15:45.823 Ол оны бір ғана ишаратпен жасайды. 0:15:45.823,0:15:47.538 «Шшш». 0:15:47.538,0:15:50.263 Иә? 0:15:50.263,0:15:51.799 Мынаны қараңыз. 0:15:51.799,0:15:56.055 Әже: «Қуып жете алмайсың. Енді сен». 0:15:56.055,0:15:59.823 «Қуып жете алмайсың». 0:15:59.823,0:16:02.791 Балалар: «Қуып жете алмайсың». 0:16:02.791,0:16:08.373 Әже: «Мен Имбир адамымын».[br]Балалар «Мен Имбир адамымын». 0:16:08.373,0:16:12.963 Әже: «Жарайсыңдар! Өте жақсы». 0:16:12.963,0:16:15.421 СМ: Бұның маңызы неде? 0:16:15.421,0:16:17.265 Мынаған назар аударуымыз керек. 0:16:17.265,0:16:19.646 Үйренуді, білім алуды 0:16:19.646,0:16:24.234 өзіндігінен ұйымдасқан білім өнімі[br]деп тануымыз керек. 0:16:24.234,0:16:27.079 Егер оқыту процесіне өз бетінше[br]ұйымдасуға мүмкіндік берсек 0:16:27.079,0:16:29.570 үйрену пайда болады. 0:16:29.570,0:16:31.963 Мәселе оқыту жүйесін құруда емес. 0:16:31.963,0:16:34.179 Оған дамуға мүмкіндік беру керек. 0:16:34.179,0:16:37.452 Мұғалім үдерісті іске қосады да 0:16:37.452,0:16:40.171 содан кейін шетке шығып тұрып 0:16:40.171,0:16:42.539 оқудың қалай жүріп жатқандығын бақылайды. 0:16:42.539,0:16:45.492 Барлық тәжірибе[br]осыны көрсетеді деп ойлаймын. 0:16:45.492,0:16:48.244 Алайда біз оны қалай білеміз?[br]Біз білімді қалай аламыз? 0:16:48.244,0:16:49.919 Өздігінен ұйымдастырылатын 0:16:49.919,0:16:53.220 Оқыту Кеңістіктерін құрғым келеді. 0:16:53.220,0:16:56.905 Бұл ғаламтор арқылы бірге жүреді 0:16:56.905,0:16:59.298 әрі жігерлендіріп тұрады. 0:16:59.298,0:17:01.004 Біраз мектепте қолданып көрдім. 0:17:01.004,0:17:03.539 Бүкіл әлем бойынша сынақ[br]жүргіздім де, ал мұғалімдер 0:17:03.539,0:17:07.165 бұған күмәнданып: [br]«Бәрі өздігінен бола ма?» деп сұрады. 0:17:07.165,0:17:10.282 «Иә өздігінен» деп жауап бердім.[br]«Ал оны қайдан білесіз?» 0:17:10.282,0:17:13.775 «Сіздер мұны айтқан балаларға әрі[br]олардың қай жақтан 0:17:13.775,0:17:16.703 екендеріне сенбейсіздер» дедім. 0:17:16.703,0:17:19.447 ӨҰОК тобының жұмысы. 0:17:19.447,0:17:25.556 (Балалар сөйлесуде) 0:17:25.556,0:17:31.845 Бұл Англияда. 0:17:31.845,0:17:35.611 Олар тәртіпті, 0:17:35.611,0:17:44.126 себебі сыныпта мұғалім жоқ. 0:17:46.096,0:17:49.999 «Электрон саны протон санына тең емес.» [br]СМ Бұл Австралия. 0:17:49.999,0:17:56.734 Қыз «… соңында теріс электр зарядын бер. 0:17:56.734,0:18:00.318 Ион заряды иондағы протон санына тең 0:18:00.318,0:18:03.611 одан электрондар саны алынған». 0:18:03.611,0:18:06.660 Ол өз қатарластарынан озып кеткен. 0:18:06.660,0:18:10.263 ӨҰОК бізге ғаламдық мәселелері [br]бар жоспар қажет деп ойлаймын. 0:18:10.263,0:18:12.469 Сіздер бұны естігенсіздер.[br]Не екенін білесіз. 0:18:12.469,0:18:15.870 Тас ғасырында адамдар алып аспанға қарап 0:18:15.870,0:18:17.974 «Жылт-жылт еткен жарық не?» 0:18:17.974,0:18:20.453 деп сұраған кездері болған шығар. 0:18:20.453,0:18:25.247 Олар оқыту бағдарламасын жасады.[br]Қазір осындай керемет сауалдар жоқ. 0:18:25.247,0:18:29.377 Біз бұрыштың тангенсіне әкеліп тіредік. 0:18:29.377,0:18:33.085 Алайда бұл мүлде қызық емес. 0:18:33.085,0:18:36.046 Он жасар балаға осыны түсіндіру үшін 0:18:36.046,0:18:39.199 «Жерге метеорит жақындаса соғысатынын 0:18:39.199,0:18:42.597 не соғыспайтынын [br]қалай анықтар едің?» дейді. 0:18:42.597,0:18:45.157 Егер ол «А? Не? Қалай?» деп сұраса 0:18:45.157,0:18:48.142 сіз «Сиқырлы сөз бар.[br]Бұл бұрыш тангенсі» дейсіз. 0:18:48.142,0:18:51.013 Сөйтіп жалғыз қалдырыңыз.[br]Сол кезде ол тапсырманы шеше алады. 0:18:51.013,0:18:55.471 Міне ӨҰОК сабақтарынан бірнеше сурет. 0:18:55.471,0:19:01.060 Мен тоғыз жастағы балаларға 0:19:01.060,0:19:05.348 «Ғалам қашан пайда болды?[br]«Ол қашан тоқтайды?» деген 0:19:05.348,0:19:07.293 ғажап сұрақтар қойып көрдім. 0:19:07.293,0:19:10.269 Бұл демалғанда ауада не болатыны туралы. 0:19:10.269,0:19:15.227 Балалар ересектердің көмегінсіз жасады. 0:19:15.227,0:19:17.611 Мұғалім тек сұрақ қояды да, 0:19:17.611,0:19:21.275 бір шетте берілген жауапқа сүйсініп тұрады 0:19:21.275,0:19:25.011 Сонымен мен нені қалаймын? 0:19:25.011,0:19:27.227 Мен оқытудың 0:19:27.227,0:19:31.541 болашағын жасауды қалаймын. 0:19:31.541,0:19:33.507 Біз үлкен адами компьютерге 0:19:33.507,0:19:35.899 қосалқы бөлшек болғымыз келмейді.[br]Солай емес пе? 0:19:35.899,0:19:39.555 Сондықтан оқытудың болашағын [br]өзіміз жасауымыз керек. 0:19:39.555,0:19:41.191 Менің арманым — кідіре тұрыңыздар 0:19:41.191,0:19:43.891 қазір сөзбе-сөз оқып шығамын 0:19:43.891,0:19:46.535 себебі бұл өте маңызды екені мәлім. 0:19:46.535,0:19:48.851 Әлемдегі балаларды қолдап, оларға бірлесе 0:19:48.851,0:19:51.085 жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен 0:19:51.085,0:19:54.131 ғажайып тылсымын игеруі үшін [br]оқыту болашағын жасағым келеді. 0:19:54.131,0:19:56.363 Маған мектеп құруға көмектесіңіздерші. 0:19:56.363,0:19:59.699 Ол «Бұлттағы мектеп» деп аталады. 0:19:59.699,0:20:04.772 Балалар маңызды сұрақтармен арпалысып, 0:20:04.772,0:20:08.629 медиаторлар көмегімен жауап іздейді. 0:20:08.629,0:20:10.900 Мұны іске асыру үшін 0:20:10.900,0:20:15.260 мен алдымен оқыта алатын [br]нысан тұрғызғым келеді. 0:20:15.260,0:20:18.060 Бұл нысан іс жүзінде толығымен [br]автоматтандырылған болады. 0:20:18.060,0:20:19.827 Қауіпсіздікке жауап беретін 0:20:19.827,0:20:22.268 бір ғана әже бар. 0:20:22.268,0:20:23.701 Басқасы «бұлттан» шығады. 0:20:23.701,0:20:25.616 Ол жарықты қосады әрі өшіреді 0:20:25.616,0:20:27.644 және тағысын тағы.[br]«Бұлтпен» басқарылады. 0:20:27.644,0:20:30.869 Алайда сіздерге мақсатын айтайын. 0:20:30.869,0:20:33.628 Сіз ӨҰОК-ты үйде, мектепте 0:20:33.628,0:20:38.644 мектептен тыс жерде, клубта құра аласыз. 0:20:38.644,0:20:40.772 Мұны жасау өте оңай. [br]TED оны қалай жасауға 0:20:40.772,0:20:42.660 болатынын түсіндіретін [br]құжат жариялады. 0:20:42.660,0:20:46.036 Егер мүмкіндіктеріңіз болса 0:20:46.036,0:20:48.401 оны барлық бес құрлықта жасап, 0:20:48.401,0:20:50.612 мәліметтерді жіберіңіздерші. 0:20:50.612,0:20:54.116 Содан кейін оларды өңдеп [br]«Бұлттағы мектепке» орналастырамын да 0:20:54.116,0:20:57.380 оқытудың болашағын жасаймын. 0:20:57.380,0:20:59.172 Менің арманым осы. 0:20:59.172,0:21:00.595 Тағы бір айтарым, 0:21:00.595,0:21:03.188 мен сіздерге Гималайдың шыңын көрсетемін. 0:21:03.188,0:21:06.491 Биіктігі 12 000 метрдегі ауасы таза жерде 0:21:06.491,0:21:09.476 «Қабырғадағы компьютер» жобасымен[br]екі компьютер орнатып едім 0:21:09.476,0:21:10.931 айналасына балалар жиналыпты. 0:21:10.931,0:21:13.828 Артымнан үнемі қалмай жүрген [br]кішкентай қыз болды. 0:21:13.828,0:21:18.544 Оған «Барлығыңа компьютер бергім келеді. 0:21:18.544,0:21:20.945 Бірақ қалай берерімді білмеймін» дедім. 0:21:20.945,0:21:24.976 Оны жасырын суретке түсіріп алғым келді. 0:21:24.976,0:21:29.032 Бір кезде ол қолын міне былай көтерді де 0:21:29.032,0:21:30.921 «Тездет!» деді. 0:21:30.921,0:21:42.785 (Күлкі) (Қол соғу) 0:21:42.785,0:21:44.646 Мен бұл жақсы кеңес болды деп ойлаймын. 0:21:44.646,0:21:46.714 Мен оған «құлақ асамын». Мен аяқтадым. 0:21:46.714,0:21:50.704 Рақмет. Үлкен рақмет. 0:21:50.704,0:21:54.455 (Қол соғу) 0:21:54.455,0:22:02.779 Рақмет. Рақмет. (Қол соғылады) 0:22:02.779,0:22:09.194 Үлкен рақмет. (Қол соғылады)