0:00:00.000,0:00:02.050 0:00:02.050,0:00:05.370 Сонымен сіз қазір ағзаңыздағы ең ғажап мүшелердің 0:00:05.370,0:00:06.110 біріне қарап отырсыз. 0:00:06.110,0:00:07.600 Бұл - адам жүрегі. 0:00:07.600,0:00:10.920 Ол қантамырларымен бірге көрсетілген. 0:00:10.920,0:00:14.050 Сіз мұнда оған кіретін және одан шығатын қантамырларды көре аласыз. 0:00:14.050,0:00:16.040 Жүрек негізі сорғы болып табылады. 0:00:16.040,0:00:20.251 Денеміздегі ең жұмыскер мүше болған соң оны 0:00:20.251,0:00:20.750 сорғы деп атаймыз. 0:00:20.750,0:00:24.250 Себебі ол қан айдауды сіз кішкентай, бәлкім 0:00:24.250,0:00:26.800 8 апталық, ұрық болған кезде бастап, 0:00:26.800,0:00:29.440 сіз көз жұмғанша жалғастырады. 0:00:29.440,0:00:31.790 Сондықтан, меніңше, бұл мүше 0:00:31.790,0:00:34.222 сәл толығырақ зерттеуге шынымен керемет. 0:00:34.222,0:00:36.430 Бірақ ол үшін тек сыртынан қарау жеткіліксіз. 0:00:36.430,0:00:39.255 Сондықтан мен оның ішкі 0:00:39.255,0:00:40.630 көрінісін салдым. 0:00:40.630,0:00:43.280 Қазір енді соны көрсетуге рұқсат етіңіздер. 0:00:43.280,0:00:45.760 Біз осы суретті қолдана отырып, 0:00:45.760,0:00:48.630 қанның жүрек арқылы өту жолын бақылаймыз. 0:00:48.630,0:00:51.730 Бұрышқа кішігірім сурет салайын. 0:00:51.730,0:00:55.020 Бұл адам деп елестетейік. 0:00:55.020,0:00:57.540 Мынау - оның басы, ал мынау - мойны. 0:00:57.540,0:01:00.730 Оның қолдарын салайын. 0:01:00.730,0:01:05.319 Оның кеудесінің ортасында жүрек бар. 0:01:05.319,0:01:06.860 Енді біздің мақсат - алдымен 0:01:06.860,0:01:08.870 қанды ағзаның аяқтарды қосқанда 0:01:08.870,0:01:11.580 барлық бөліктерінен жүрекке қайтару 0:01:11.580,0:01:13.400 және ,екіншіден, 0:01:13.400,0:01:15.760 денеге қайта айдау. 0:01:15.760,0:01:18.550 Сонымен, қан оң қолдан шығып, 0:01:18.550,0:01:20.160 мында құяды дейік. 0:01:20.160,0:01:21.870 Дәл осы нәрсе қарсы жақта да болады. 0:01:21.870,0:01:23.510 Қан тағы бастан да келеді. 0:01:23.510,0:01:26.510 Осы үш жерден, екі қол мен бастан, 0:01:26.510,0:01:30.280 қан бір үлкен көктамырға келеді. 0:01:30.280,0:01:34.490 Кейін ол жүректің жоғарғы жағына құяды. 0:01:34.490,0:01:36.190 Мұнан соң аяқтардан келіп, 0:01:36.190,0:01:39.420 құрсақ көктамырларымен кездесетін , 0:01:39.420,0:01:42.350 соңында жүректің басқа тесігіне келетін бөлек көктамырлар бар. 0:01:42.350,0:01:44.500 Сонымен қан осылай жүрекке қайтады. 0:01:44.500,0:01:48.170 Және мен қашанда көктамыр деген 0:01:48.170,0:01:49.770 сөзді айтқанда сіз жүрекке баратын 0:01:49.770,0:01:52.050 қанды елестетуіңіз керек. 0:01:52.050,0:01:55.160 0:01:55.160,0:01:57.160 Енді, қан жүрекке келіп, 0:01:57.160,0:02:00.510 жүрек оны айдаған соң, 0:02:00.510,0:02:02.550 қан жүректен шығуы керек . 0:02:02.550,0:02:04.860 Ол жүректен ары кетуі қажет. 0:02:04.860,0:02:06.120 Сонымен, бұл - қолқа. 0:02:06.120,0:02:08.440 Қолқаның осындай кішкене доғасы бар. 0:02:08.440,0:02:10.460 Біз оны қолқа доғасы дейміз. 0:02:10.460,0:02:14.860 Одан бір қантамыр қолға қарай шығады, біреуі мына 0:02:14.860,0:02:17.690 жолмен, келесісі мына бір жолмен кетеді. 0:02:17.690,0:02:20.100 Содан кейін бұл доға төмен қарай түсіп, 0:02:20.100,0:02:22.924 былай бөлінеді. 0:02:22.924,0:02:24.840 Бұл жеңілдетілген нұсқа сияқты. 0:02:24.840,0:02:26.520 Бірақ сіз көктамырлар мен 0:02:26.520,0:02:29.250 күретамырлардың арасында параллель байланыс 0:02:29.250,0:02:30.570 барын көре аласыз. 0:02:30.570,0:02:34.440 Енді мен қашанда күретамыр деген сөзді айтқанда, 0:02:34.440,0:02:37.692 сіз жүректен шығып, денеге тарайтын қанды 0:02:37.692,0:02:39.150 елестетсеңіз деймін. 0:02:39.150,0:02:41.690 0:02:41.690,0:02:43.840 Сонымен біздің үлкен суретке көшейік. 0:02:43.840,0:02:47.900 Біз мына екі жолмен келетін қан 0:02:47.900,0:02:50.260 бір нүктеге келетінін көріп тұрмыз. 0:02:50.260,0:02:52.400 Ол негізінен - мына жерге салайын - 0:02:52.400,0:02:55.570 оң жақ жүрекшеге келеді. 0:02:55.570,0:02:58.420 0:02:58.420,0:03:00.940 Бұл тек қан келіп құятын 0:03:00.940,0:03:02.610 камераның аты. 0:03:02.610,0:03:06.960 Және ол оң жақ жүрекшеге жоғарғы қуыс көктамыры деп 0:03:06.960,0:03:10.040 аталатын ірі қантамырмен келеді. 0:03:10.040,0:03:12.710 Ал мынау ,әрине, көктамыр, себебі 0:03:12.710,0:03:15.170 ол қанды жүрекке әкеле жатыр. 0:03:15.170,0:03:17.520 Және бұл - төменгі қуыс көктамыры. 0:03:17.520,0:03:21.600 0:03:21.600,0:03:23.350 Сонымен қан осы 0:03:23.350,0:03:25.220 екі бағытта жүреді. 0:03:25.220,0:03:26.870 Ал енді қан оң жақ жүрекшеге түскен соң, 0:03:26.870,0:03:29.630 ол төмен қарай оң жақ қарыншаға өтеді. 0:03:29.630,0:03:33.720 Бұл - оң жақ қарынша. 0:03:33.720,0:03:37.940 Ол - жүректің екінші камерасы. 0:03:37.940,0:03:40.440 Қан онда түсу үшін қақпақшадан өтеді. 0:03:40.440,0:03:43.320 Бұл қақпақша, жалпы жүректегі барлық қақпақшалар 0:03:43.320,0:03:44.800 қанның дұрыс бағытта 0:03:44.800,0:03:46.550 жүруі үшін керек. 0:03:46.550,0:03:49.020 Демек қан артқа қарсы бағытта жүрмейді. 0:03:49.020,0:03:51.260 Ал мына қақпақша трикуспидалды /лат. үшжақтаулы/ деп аталады. 0:03:51.260,0:03:54.810 0:03:54.810,0:03:56.840 Себебі оның кішігірім 0:03:56.840,0:03:58.160 үш жақтауы бар. 0:03:58.160,0:03:59.590 Сондықтан три- дейміз. 0:03:59.590,0:04:01.610 Мен салған суретте тек екі жақтау көріп тұрсыздар. 0:04:01.610,0:04:04.810 Бірақ бұл сурет анық, дәл емес. 0:04:04.810,0:04:07.780 Сіз жақта тұрған жақтауды салу қиындау болып тұр, 0:04:07.780,0:04:09.660 алайда сіз оны елестете аласыз. 0:04:09.660,0:04:11.950 Сонымен қан оң жақ қарыншаға келді. 0:04:11.950,0:04:13.080 Енді ол қайда барады? 0:04:13.080,0:04:15.200 Қан енді мына жолмен кетеді. 0:04:15.200,0:04:17.529 Ол осы екіге бөлінетін 0:04:17.529,0:04:19.350 қантамырға өтеді. 0:04:19.350,0:04:22.290 Бірақ оған жету үшін қан енді басқа қақпақшадан өту керек. 0:04:22.290,0:04:26.652 Мынау - сол қақпақша, ол өкпе сабауының қақпақшасы деп аталады. 0:04:26.652,0:04:28.110 Енді сіз ары қарай 0:04:28.110,0:04:29.080 не болатынын тұспалдай аласыз. 0:04:29.080,0:04:29.579 Солай ма? 0:04:29.579,0:04:33.030 Себебі, өкпе сабауымен қан, әрине., өкпеге барады 0:04:33.030,0:04:36.180 Сонымен, бұл - 0:04:36.180,0:04:37.880 менің сол жақ өкпем. 0:04:37.880,0:04:43.152 Ал мынау - оң жақ өкпем. 0:04:43.152,0:04:44.526 Және қантамырларын салайын, 0:04:44.526,0:04:48.010 олар қалай аталатынын өзіңіз тауып көріңіз. 0:04:48.010,0:04:50.770 0:04:52.000,0:04:59.890 Мынау - менің сол жақ өкпе күретамырым. 0:04:59.890,0:05:01.330 0:05:01.330,0:05:04.280 0:05:04.280,0:05:05.610 0:05:05.610,0:05:11.370 Және мынау - менің оң жақ өкпе күретамырым. 0:05:11.370,0:05:14.420 0:05:14.420,0:05:16.297 Сонымен қан менің өкпелеріме келеді. 0:05:16.297,0:05:18.130 Екі өкпе кеуде қуысында 0:05:18.130,0:05:20.970 жүректің екі жағында орналасқан. 0:05:20.970,0:05:22.800 Қан өкпеге барады. 0:05:22.800,0:05:25.650 Есіңізде болсын, бұл қан көк. 0:05:25.650,0:05:26.890 Неліктен ол көк түсті? 0:05:26.890,0:05:30.110 Себебі, ол оттегіге аз қаныққан. 0:05:30.110,0:05:33.970 Енді маған осы көк қандағы 0:05:33.970,0:05:36.260 оттегінің деңгейін көтеру керек. 0:05:36.260,0:05:38.080 Бұл үшін өкпе маған көмектеседі. 0:05:38.080,0:05:41.270 Оттегіні О2 деп белгілейін. 0:05:41.270,0:05:42.730 Бұл қан да көк. 0:05:42.730,0:05:45.830 Демек ол көмірқышқыл газына қаныққан. 0:05:45.830,0:05:48.709 Және ол бүкіл денеден жинаған қалдық заттарға толы. 0:05:48.709,0:05:50.500 Ағзада көп көмірқышқыл газы жасалып, 0:05:50.500,0:05:52.330 қан одан айырылуы керек. 0:05:52.330,0:05:54.460 Сонымен өкпе көмірқышқыл газын шығарып, 0:05:54.460,0:05:56.800 оттегіні сіңіреді. 0:05:56.800,0:05:59.020 Осы кезде көк түсті қан қызылға ауысады. 0:05:59.020,0:06:03.180 0:06:03.180,0:06:06.920 Енді қан мына жолмен қайтып, 0:06:06.920,0:06:08.700 мына камераға құяды. 0:06:08.700,0:06:09.430 Сонымен бұл қай камера? 0:06:09.430,0:06:11.575 Бұл - сол жақ жүрекше. 0:06:11.575,0:06:14.990 0:06:14.990,0:06:18.040 0:06:18.040,0:06:21.340 Қан осы камерадан төмен қарай жүріп, 0:06:21.340,0:06:25.230 сол жақ қарыншаға түседі. 0:06:25.230,0:06:28.816 Жүректің оң жақ камераларында болған 0:06:28.816,0:06:30.190 үрдіс сол жақта да болады. 0:06:30.190,0:06:33.730 0:06:33.730,0:06:35.710 Қан мұнда қосжақтаулы деп аталатын 0:06:35.710,0:06:41.980 қақпақша арқылы өтеді. 0:06:41.980,0:06:43.830 Ол қанды сол жақ қарыншадан 0:06:43.830,0:06:46.940 сол жақ жүрекшеге қарай жібермейді. 0:06:46.940,0:06:48.460 0:06:48.460,0:06:52.570 Сонымен қан тек алға жүреді. 0:06:52.570,0:06:54.830 Енді соңғы қақпақшаны мына жерге салайын. 0:06:54.830,0:06:58.450 0:06:58.450,0:07:01.000 Бұл - қолқа қақпақшасы. 0:07:01.000,0:07:02.245 0:07:02.245,0:07:05.710 0:07:05.710,0:07:08.410 Ол қолқаны сол жақ қарыншадан 0:07:08.410,0:07:13.340 бөліп тұр. 0:07:22.110,0:07:24.210 Қан қолқа арқылы бүкіл денеге тарайды. 0:07:24.210,0:07:27.920 Нәтижесінде сіз қанның денеден жүрекке келіп, 0:07:27.920,0:07:29.890 қалай осы төрт камера арқылы өтетінін көрдіңіз. 0:07:29.890,0:07:33.290 Біріншіден №1 камера - оң жақ жүрекшеге келеді. 0:07:33.290,0:07:35.040 Кейін оң жақ қарыншаға түседі. 0:07:35.040,0:07:37.300 Мұны №2 камера деп белгілейміз. 0:07:37.300,0:07:40.190 Ары қарай қан өкпеге барып, сол жақ жүрекшеге қайтады. 0:07:40.190,0:07:41.840 Бұл №3 камера. 0:07:41.840,0:07:43.720 Келесі сол жақ қарынша. №4. 0:07:43.720,0:07:46.940 Осы үрдіс әрқашан болып жатады. 0:07:46.940,0:07:48.850 Сіз әрбір жүрек соғысын естіген кезде 0:07:48.850,0:07:51.520 осы үрдіс жүреді.