Сонымен сіз қазір ағзаңыздағы ең ғажап мүшелердің
біріне қарап отырсыз.
Бұл - адам жүрегі.
Ол қантамырларымен бірге көрсетілген.
Сіз мұнда оған кіретін және одан шығатын қантамырларды көре аласыз.
Жүрек негізі сорғы болып табылады.
Денеміздегі ең жұмыскер мүше болған соң оны
сорғы деп атаймыз.
Себебі ол қан айдауды сіз кішкентай, бәлкім
8 апталық, ұрық болған кезде бастап,
сіз көз жұмғанша жалғастырады.
Сондықтан, меніңше, бұл мүше
сәл толығырақ зерттеуге шынымен керемет.
Бірақ ол үшін тек сыртынан қарау жеткіліксіз.
Сондықтан мен оның ішкі
көрінісін салдым.
Қазір енді соны көрсетуге рұқсат етіңіздер.
Біз осы суретті қолдана отырып,
қанның жүрек арқылы өту жолын бақылаймыз.
Бұрышқа кішігірім сурет салайын.
Бұл адам деп елестетейік.
Мынау - оның басы, ал мынау - мойны.
Оның қолдарын салайын.
Оның кеудесінің ортасында жүрек бар.
Енді біздің мақсат - алдымен
қанды ағзаның аяқтарды қосқанда
барлық бөліктерінен жүрекке қайтару
және ,екіншіден,
денеге қайта айдау.
Сонымен, қан оң қолдан шығып,
мында құяды дейік.
Дәл осы нәрсе қарсы жақта да болады.
Қан тағы бастан да келеді.
Осы үш жерден, екі қол мен бастан,
қан бір үлкен көктамырға келеді.
Кейін ол жүректің жоғарғы жағына құяды.
Мұнан соң аяқтардан келіп,
құрсақ көктамырларымен кездесетін ,
соңында жүректің басқа тесігіне келетін бөлек көктамырлар бар.
Сонымен қан осылай жүрекке қайтады.
Және мен қашанда көктамыр деген
сөзді айтқанда сіз жүрекке баратын
қанды елестетуіңіз керек.
Енді, қан жүрекке келіп,
жүрек оны айдаған соң,
қан жүректен шығуы керек .
Ол жүректен ары кетуі қажет.
Сонымен, бұл - қолқа.
Қолқаның осындай кішкене доғасы бар.
Біз оны қолқа доғасы дейміз.
Одан бір қантамыр қолға қарай шығады, біреуі мына
жолмен, келесісі мына бір жолмен кетеді.
Содан кейін бұл доға төмен қарай түсіп,
былай бөлінеді.
Бұл жеңілдетілген нұсқа сияқты.
Бірақ сіз көктамырлар мен
күретамырлардың арасында параллель байланыс
барын көре аласыз.
Енді мен қашанда күретамыр деген сөзді айтқанда,
сіз жүректен шығып, денеге тарайтын қанды
елестетсеңіз деймін.
Сонымен біздің үлкен суретке көшейік.
Біз мына екі жолмен келетін қан
бір нүктеге келетінін көріп тұрмыз.
Ол негізінен - мына жерге салайын -
оң жақ жүрекшеге келеді.
Бұл тек қан келіп құятын
камераның аты.
Және ол оң жақ жүрекшеге жоғарғы қуыс көктамыры деп
аталатын ірі қантамырмен келеді.
Ал мынау ,әрине, көктамыр, себебі
ол қанды жүрекке әкеле жатыр.
Және бұл - төменгі қуыс көктамыры.
Сонымен қан осы
екі бағытта жүреді.
Ал енді қан оң жақ жүрекшеге түскен соң,
ол төмен қарай оң жақ қарыншаға өтеді.
Бұл - оң жақ қарынша.
Ол - жүректің екінші камерасы.
Қан онда түсу үшін қақпақшадан өтеді.
Бұл қақпақша, жалпы жүректегі барлық қақпақшалар
қанның дұрыс бағытта
жүруі үшін керек.
Демек қан артқа қарсы бағытта жүрмейді.
Ал мына қақпақша трикуспидалды /лат. үшжақтаулы/ деп аталады.
Себебі оның кішігірім
үш жақтауы бар.
Сондықтан три- дейміз.
Мен салған суретте тек екі жақтау көріп тұрсыздар.
Бірақ бұл сурет анық, дәл емес.
Сіз жақта тұрған жақтауды салу қиындау болып тұр,
алайда сіз оны елестете аласыз.
Сонымен қан оң жақ қарыншаға келді.
Енді ол қайда барады?
Қан енді мына жолмен кетеді.
Ол осы екіге бөлінетін
қантамырға өтеді.
Бірақ оған жету үшін қан енді басқа қақпақшадан өту керек.
Мынау - сол қақпақша, ол өкпе сабауының қақпақшасы деп аталады.
Енді сіз ары қарай
не болатынын тұспалдай аласыз.
Солай ма?
Себебі, өкпе сабауымен қан, әрине., өкпеге барады
Сонымен, бұл -
менің сол жақ өкпем.
Ал мынау - оң жақ өкпем.
Және қантамырларын салайын,
олар қалай аталатынын өзіңіз тауып көріңіз.
Мынау - менің сол жақ өкпе күретамырым.
Және мынау - менің оң жақ өкпе күретамырым.
Сонымен қан менің өкпелеріме келеді.
Екі өкпе кеуде қуысында
жүректің екі жағында орналасқан.
Қан өкпеге барады.
Есіңізде болсын, бұл қан көк.
Неліктен ол көк түсті?
Себебі, ол оттегіге аз қаныққан.
Енді маған осы көк қандағы
оттегінің деңгейін көтеру керек.
Бұл үшін өкпе маған көмектеседі.
Оттегіні О2 деп белгілейін.
Бұл қан да көк.
Демек ол көмірқышқыл газына қаныққан.
Және ол бүкіл денеден жинаған қалдық заттарға толы.
Ағзада көп көмірқышқыл газы жасалып,
қан одан айырылуы керек.
Сонымен өкпе көмірқышқыл газын шығарып,
оттегіні сіңіреді.
Осы кезде көк түсті қан қызылға ауысады.
Енді қан мына жолмен қайтып,
мына камераға құяды.
Сонымен бұл қай камера?
Бұл - сол жақ жүрекше.
Қан осы камерадан төмен қарай жүріп,
сол жақ қарыншаға түседі.
Жүректің оң жақ камераларында болған
үрдіс сол жақта да болады.
Қан мұнда қосжақтаулы деп аталатын
қақпақша арқылы өтеді.
Ол қанды сол жақ қарыншадан
сол жақ жүрекшеге қарай жібермейді.
Сонымен қан тек алға жүреді.
Енді соңғы қақпақшаны мына жерге салайын.
Бұл - қолқа қақпақшасы.
Ол қолқаны сол жақ қарыншадан
бөліп тұр.
Қан қолқа арқылы бүкіл денеге тарайды.
Нәтижесінде сіз қанның денеден жүрекке келіп,
қалай осы төрт камера арқылы өтетінін көрдіңіз.
Біріншіден №1 камера - оң жақ жүрекшеге келеді.
Кейін оң жақ қарыншаға түседі.
Мұны №2 камера деп белгілейміз.
Ары қарай қан өкпеге барып, сол жақ жүрекшеге қайтады.
Бұл №3 камера.
Келесі сол жақ қарынша. №4.
Осы үрдіс әрқашан болып жатады.
Сіз әрбір жүрек соғысын естіген кезде
осы үрдіс жүреді.