Код жазу Сағатына қош келдіңіз...
Сәлем, мен Кэтлин Кеннеди. Мен «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фильмінің продюсерімін. Бүгін сіз біздің
жұлдыздарымыздың бірі ВВ-8-бен жұмыс істейсіз. ВВ-8 – сфералық дроид. Оның әрeкеттері
және әрбір жасаған қимылы бағдарламалық жасақтамамен басқарылады. Информатика ғылымы
фильмнің әр саласына, маркетингтен бастап денсаулық сақтауға дейін ықпал етеді.
Шынында, «Күштің Оянуы» секілді фильм жасау үшін жүздеген компьютерлік инженерлер бірігіп жұмыс істеді.
Сәлем, мен Рэйчел Роуз, ILM зерттеу және әзірлеу бойынша бас инженермін. Анимация және креатура
әзірлеушілер тобын басқарамын. Фильмде мен суретшілерге кейіпкердің
қозғалатын бөлшектері болып табылатын қондырғыларын әзірлеуге көмек үшін жауаптымын.
Бұл кейіпкерге алыс-алыс галактикада
шынайы болып көрінуге мүмкіндік береді.Келесі сағат
бойы біз өзіміздің жеке Star Wars ойынын жасамақшымыз. Біз сізге бағдарламалаудың негізгі түсініктерін үйретеміз.
Әдетте бағдарламалау мәтіннен тұрады, бірақ біз бағдарламаларды блоктар қолданып жазамыз.
Алдымен, біз Реймен бірге ВВ-8-ді сынық бөліктерін жинауға
бағдарламалаймыз. Сіздің экраныңыз үш бөлікке бөлінген.
Сол жағында Star Wars ойынының кеңістігі орналасқан, мұнда код орындалады. Әр деңгей үшін нұсқаулар
ойын кеңістігінің астында жазылған. Ортасындағы бұл аймақ құралдар жинақтамасы және осы блоктардың әрқайсысы
ВВ-8 түсіне алатын команда болып табылады. Оң жақтағы бос аймақ жұмыс аймағы деп аталады
және осы жерде біз өз бағдарламамызды құрамыз.
Егер мен солға жүру блогын біздің жұмыс аймағымызға тастап, орындауды бассам, не болады? ВВ-8 торда бір блок солға жылжиды.
Ал егер мен ВВ-8 солға жылжығаннан кейін тағы бір нәрсе істегенін қаласам ше?
Мен біздің бағдарламаға басқа блок қоса аламын.Мен жоғарыға жүру блогын таңдамақшымын
және оны солға жүру блогының астына белгіленген аймақ пайда болғанша ұстап жылжытамын.
Оны тастаймын және екі блок бірігеді. Орындауды қайта басқан кезде,
ВВ-8 біздің жұмыс аймағындағы жоғарыдан төменге қарай орналасқан командаларды орындайды. Егер сіз блокты жойғыңыз келсе
оны дестеден алып тастап құралдар жинақтамасына қайта тастасаңыз болғаны. Орындауды басқаннан кейін,
ВВ-8-ді бастапқы күйге қайта келтіру үшін сіз әрдайым түсіру батырмасын баса аласыз. Енді жұмысқа кірісейік!