Код жазу Сағатына қош келдіңіз...
Сәлем, мен Кэтлин Кеннедимін және мен «Жұлдызды жауынгер: Күштің Оянуы» фильмінің продюсерімін.
Бүгін сіз біздің
жұлдыздарымыздың бірі ВВ-8-бен жұмыс істейсіз. ВВ-8 – сфералық дроид. Оның істегенінің бәр
және әрбір жасаған қимылы бағдарламалық жасақтамамен басқарылады. Информатика ғылымы
фильмнің әр саласына, маркетингтен бастап денсаулық сақтауға дейін ықпал етеді.
Шынында, «Күштің Оянуы» секілді фильмді жасау үшін жүздеген компьютерлік инженерлер бірігіп жұмыс істеді.
Сәлем, мен Рэйчел Роузбін, ILM зерттеу және әзірлеу бойынша бас инженерімін және анимация және креатура
әзірлеушілер тобын басқарамын. Фильмде мен суретшілерге кейіпкердің
қозғалатын бөлшектері болып табылатын қондырғыларын әзірлеуге көмек үшін жауаптымын
бұл кейіпкерге алыс-алыс галактикада
шынайы болып көрінуге мүмкіндік береді.Келесі сағат
бойы біз өзіміздің жеке Star Wars ойынын жасамақшымыз. Біз сізге бағдарламалаудың негізгі түсініктерін үйретеміз.
Әдетте бағдарламалау түгел мәтіннен тұрады, бірақ біз бұл жерде блоктарды қолданамыз, сондықтан бағдарламаларды жылжытып қойып жаза аламыз.
Алдымен, біз Реймен бірге ВВ-8-ді сынық бөліктерін жинауға
бағдарламалаймыз. Сіздің экраныңыз үш бөлікке бөлінген.
Сол жағында Star Wars ойынының кеңістігі орналасқан, мұнда код орындалады. Әр деңгей үшін нұсқаулар