Рахмет.
Үндістанда билеуші Махараджа өмір сүрген
екен, оның туған күнінде бұйрық шығыпты,
барлық көсемдер патшаға сыйлық әкелуі
керек болған.
Біреулер сапалы жібек сыйласа,
енді біреуі керемет қылыш,
кейбіреуі алтын әкелген
Ең соңғы болып беті әжімге толы қария
келеді,
ол өзінің ауылынан көл жағалап ұзақ
күн жүрген екен.
Ол келгенде патшаның ұлы "Сен қандай
сыйлық бересің?" деп сұрайды.
Қарт кісі алақанын ашып, әдемі
ұлу қабыршығын көрсетеді,
күлгін-сарылау және қызыл-көкшіл тұсті
бұйра еспелері болатын.
Сонда патшаның ұлы:
"Бұл патшаға лайық сыйлық емес!
Мұның несі сый?"- дейді.
Әлгі кісі оған жай ғана қарап, былай деді:
"Ұзақ жол... сыйлықтың бір бөлігі."
(Күлкі)
Бірнеше минутта мен сіздерге
сыйлық ұсынбақшымын,
бұл сыйдың таратуға тұрарлық
екеніне сенемін.
Бірақ олай жасамас бұрын,
сіздерді
өзімнің ұзақ жолыммен таныстырмақшымын.
Көпшілігіңіз секілді
мен өмірімді бала болып бастадым.
Қаншауыңыз кішкене болып бастадыңыздар?
Жас болдыңыздар?
Шамамен жартысы... Жарайды...
(Күлкі)
Ал қалғандарыңыз ше?
Ересек болып тудыңыздар ма?
Сіздердің аналарыңызды кездестіргім
келіп тұр!
Мүмкін емес жайлы сөйлесеміз.
Кішкене кезімнен бері менің мүмкін емес
нәрсе жасауға құмарым бар.
Бүгінгі күнді мен бірнеше жыл бойы
асыға күттім,
өйткені бүгін мен дәл сіздердің
алдарыңызда
мүмкін емес нәрсені орындайын деп тұрмын,
тура осы жерде, TEDxМаастриктте.
Мен алдымен сөз соңын
алдымен сөз соңын ашып айтайын:
Мен сіздерге мүмкін еместің
мүмкін еместігін дәлелдемекшімін.
Және аяғында бөлісуге лайық сый
ұсынбақшымын:
Сіздердің мүмкін емес нәрсені жасай
алатындықтарыңызды көрсетемін.
Мүмкін емес жайт жасау әрекетімде мен
өзіме
жалпы әлем бойынша адамзатқа тиесілі екі
қасиетті анықтадым.
Әрбір адамның қорқынышы бар,
және әрбір адамның арманы бар.
Мүмкін емес жайт жасау әрекетімде мен
өзім үшін менің
өмірімде жасаған
мүмкін емес жасауға ұмтылдырған
үш нәрсені анықтадым.
Ұрдажық ойыны,
Супермен,
және маса.
Осылар- үш кілт сөздер.
Енді сіздер неге мүмкін нәрсе жасайтынымды
түсінесіздер.
Сонымен сіздерді өзімнің ұзақ
саяхатыма, жолыма ертемін
қорқыныштан бастап арманыма дейін,
сөздерден бастап қылышқа дейін,
"Ұрдажық" ойынынан
Суперменге және
Масаға дейін.
Және сіздерге мүмкін емес әрекет
жасай алатындықтарыңызды дәлелдеймін
деген үміттемін.
4-ші Қазан, 2007 жыл.
Менің жүргеім дүрсілдеп, тізем дірілдеп
мен сахнаға аяқ бастым
Сандерс Театрында
Гарвард университетінде
2007 жылғы Медицина бойынша
Нобель Сыйлығыналу сәті еді,
бірігіп жазған дәрігерлік зерттеуім
үшін болатын
"Қылыш жұту...
және оның жанама әсерлері"
(Күлкі)
Ол шағын ғана мен алдын естіп көрмеген
жарияланды
Ұлыбританиялық Медициналық журналында.
Және мен үшін бұл мүмкін емес арманымның
орындалуы болатын,
мен сияқты біреу үшін бұл күтпеген сюрприз
болды,
мен ешқашан ұмытпайтын мәртебе болды.
Бірақ бұл өмірімдегі ең есте қаларлық
сәт емес еді.
1967 жылғы 4-ші Қазанда
осы үрейленген, ұяң, арық келген,
әлсіз баланың
шамадан тыс қорқыныштары болған.
Сахнаға шықпас бұрын
оның жүрегі алқынып,
тізесі дірілдер тұрған еді.
Ол аузын ашып сөйлей бастағанда
сөздер шықпады.
Ол көз жасы ағып тұра берді.
Ол үрейден
қорқынышқа оралды.
Осы үрейленген, ұяң, арық
әлсіз баланың
шамадан тыс қорқынышы болды.
Ол қараңғыдан қорықты,
биіктіктен,
өрмекші мен жыланнан қорықты.
Қайсыңыз жылан мен өрмекшілерден қорқасыз?
Йее, кейбіреуіңіз ғана...
Оның су мен акулалардан қорқынышы болды.
Дәрігерлер мен медбике, және
тіс дәрігерлерінен,
ине мен бұрғылар, оған қоса үшкір
заттардан қорықты.
Алайда ең қатты қорқынышы
адамдар еді.
Сол үрейленген, ұяң арық әлсіз бала
мен едім.
Мен сәтсіздік пен бет қайтарудан
қорықтым,
төмен өзін-өзі бағалау, кемсіту,
тіпті біз білмейтін қасиеттер де пайда
болды:
әлеуметтік мазасызданудың болуы.
Менің қорқынышым көп болды, сондықтан
мені бұзық балалар соққыға алатын еді.
Олар артымнан күліп, атымды келеке ететін.
Ешқашан өз ойындарына
қоспайтын.
О, олар менімен ойнайтын бір ойын бар еді:
ұр да жық.
Және мен жақсы ойыншы емес едім.
Олар атымды мазақ етіп атағанда,
мен қарап қалсам, қызыл доптың менің
бетіме
үлкен жылдамдықпен ұмтылатынын көретінмін.
бам, бам, бам!
Көптеген күндерде үйден мектепке қарай
бетім қызыл, әрі дірілдеп, құлағым қып-
қызыл, әрі сылдырлап келетінім есімде.
Көздерім жасаурап,
олардың сөздері менің құлағымда
шыңылдайтын еді.
Кімде-кім
"Таяқ пен тас сүйегімді сындырар,
сөздер мені ешқашан жараламас" десе...
Ол жалған.
Сөздер пышақтай өткір.
Сөздер қылыштай шаншиды.
Сөздер терең жаралар тудырады
және олар көрінбейді.
Сонымен мен үрейленген едім.
Кез келген сөз менәі жауым еді.
Әлі де солай.
Бірақ менің армандарым да бар еді.
мен үйге барып,супермен комикстеріне еніп,
Супермен комикстерін оқитынмын,
және Супермен секілді нағыз батыр
болғым келді.
Менің әділдік пен шындық үшін күрескім
келді,
менің жауыздар мен криптониттерге қарсы
әрекет еткім келді,
Әлемді шарлап ұшып, суперменге
еліктеп өмірлерді құтқарғым келді.
Сонымен қатар шынайы заттарға
қызығушылығым болды.
Гиннестің Рекордтары мен Риплидің
Сенсеңіз, де сенбесеңіз де кітабын оқыдым.
Гиннестің рекордтар кітабы не Риплидің
кітабын оқыдыңыздар ма?
Сол кітаптарды жаным сүйеді
Мен шын ерлік жасаған адамдарды көрдім.
Сол ерлікті жасаймын дейтінмін.
Бұзық балалар мені өз
спорт ойындаына қоспаса,
мен шынайы ғажайып ерлік жасаймын.
Мен сол бұзықтар жасай алмайтын
бір керемет іс жасағым келеді.
Мен өз мақсатым мен атымды тапөым келеді,
өз өмірімнің мәнін анықтағым келеді.
Әлемді өзгертетін бір мүмкін емес іс
жасағым келеді.
Менің мүмкін еместің мүмкін емес
екендігін дәлелдегім келеді.
Одан кейінгі 10 жыл-
Менің 21 туған күніме бір апта қалған еді.
Менің өмірімді өзгерткен екі жайт бір
күнде орын алды.
Мен Оңтүстік Үндістан, Тамиль Надуда
тұратынмын.
Мен онда миссионер едім,
менің ақылшым, менің досым менен сұрады:
"Даниель, сенде Тром бар ма?"
Мен "Тром? Ол не?" дедім.
Ол "Тром деген өмірлік мақсатың"
деп айтты.
Бұл арман мен мақсаттардың қосындысы, мысалы
қалаған кез келген істі жасап,
кез келген жерге барып,
қалаған адам бола алсаң,
қайда барар едің?
Не істер ердің?
Кім болар едің?
Мен "Мен оны істей алмаймын!
Қорқамын! Тым көп үрейім бар!" дедім.
Сол түні мен күріш ыдысыммен үйдің
шатырында
жұлдызды аспан астында жаттым,
жарғанаттардың масаға тап беріп жатқанын
тамашаладым.
Менің бар ойым тек Тромдарда, арман
мен мақсаттарда
және әлгі бұзық балалар жайлы болды.
Бірнеше сағаттан соң мен ояндым.
Жүрегім дүрсілдеп,
тізем дірілдеп тұрды.
Бұл жолы қорқыныштан емес еді.
Тұла бойым дірілдеп тұрды.
Және келесі 5 күн бойы
Мен санамды бір жоғалтып, бір өзіме келіп,
өз өміріме күрестім.
Менің миым 105 градуста малярия
қызбасымен балқыды.
Өз есіме келгенде тек Тромдар жайлы ойлай
бердім.
Мен ойландым, "Өз өміріммен не
істегім келеді?"
Ақырында, 21-ші туған күнімнен бір
күн бұрын,
айқындық тың сәтінде,
мен түсіндім:
мен сол кішкене маса,
Анофелес Стефенси,
сол бір кішкене ғана маса
5 микрограммнан да аз салмақтағы
тұз түйіршігінен де кішкентай
масаның 170 фунттық, 80 кило адамды
жеңе алады ма деп ойладым,
Сол менің криптонитім еді.
Содан кейін мен, жо-жоқ, ол маса емес,
масаның денесіндегі кішкене паразит,
Плазмодиум Фальсипарум жыл сайын
миллиондаған адамды өлтіреді.
Кейін тіпті, жоқ, одан да кішкентай екенін
ұқтым,
бірақ мен үшін ол үлкенірек болып көрінді.
Менің түсінгенім,
қорқыныш менің криптонитім еді,
менің паразитім
өмір бойы мені мүгедек етіп, парализдеген
сол еді.
Қорқыныш пен қауіптің арасындағы айырманы
бәріміз білеміз.
Қауіп -ол шындық.
Қорқыныш- бұл таңдау.
Сонда менің таңдауым бар екенін ұқтым:
Мен сол түні қорқынышпен өмір сүріп,
сәтсіздікпен өлуге шақ едім,
немесе өз қорқынышымды жоюға және
өз армандарыма жете алар едім,
өмір сүре алар едім.
Және, білесіз, өмір мен өлім арасында
жатудың құдіреті бар,
өлімді кездестіру өмірді расымен де сүргің
келетінін ұқтырады.
Түсінгенім, әр адам өлім құшады да,
әрбірі нағыз өмір сүрмейді.
Біздің өмір сүретініміз өлімде.
Яғни, сіз өлуді білгенде,
өмір сүруді де үйренесіз.
Сонымен мен өз тағдырымды өзгерту
жайлы шешім қабылдадым.
Менің өлгім келмеді.
Мен жалбарынып,
"Құдай, 21-ші туған күніме дейін
өмір сүрсем,
енді үрейдің өмірімді жаулауына
рұқсат бермеймін.
Мен өз қорқынышымды өлтіремін.
Мен өз арманыма жетемін,
өз көзқарасымды өзгертемін,
мен мүмкін емес іс жасағым келеді,
өз мақсатым мен атымды тапқым келеді,
мен мүмкін еместің мүмкін емес екендігін
анықтағым келеді" дедім.
Мен сіздерге сол түні төздім бе
айтпаймын, оны өздеріңіз табыңыздар.
(Күлкі)
Алайда сол түні мен 10 Тром тізімін
жасадым:
мен үлкен құрлықтарға саяхаттап,
әлемнің 7 кереметін тамашалып,
бірнеше тіл үйренііп,
шөлді аралда өмір сүріп,
мұхитта кемеде тұрып,
Амазондағы үндістер тайпасында өмір
сүріп,
Швециядағы ең биік тау шыңына өрмелеп,
Эверест шыңын таң атысында көркім келді,
Нашвильде ән өндірісінде жұмыс жасап,
Циркте жұмыс істегім келді,
ұшақтан секіргім келді.
Кейінгі 20 жыл ішінде мен осы Тромдардың
көпшілігін орындадым.
Әрдайым тізімдегі Тромдарды өшіріп тастап,
5 не 10 жаңа Тром енгізетін едім және
осылай ол тізім ұлғая берді.
Одан кейінгі 7 жылда мен Бахамас
жеріндегі кішкене аралда өмір сүрдім.
7 жылға
сабан лашықта
акулаларды шабуылдап, стинграйды қоректеп,
аралда жалғыз тұрдым,
жамбас шашығымен
акулалармен жүзіп үйрендім.
Содан, мен Мексикаға көштім,
кейінірек, Эквадорда Амазон өзеніне
көштім,
Пуджо Понго Эквадорға,
сондағы тайпамен өмір кештім,
және кішкенеден мен өзіме Тромдар
арқылы батылдық жинадым.
Нашвильдегі ән бизнесіне бардым,
кейін Швецияға,
Стокгольмге бардым, ән өндірісіне келдім,
сонда мен Артиктік шеңберден биік
Кебнекайс тауына шықтым.
Клоун болуды үйрендім,
жонглерлікті де,
және ұзын ағаштарда жүруді,
бір дөңгелекті теуіп, от өнері мен шыны
жеуді үйрендім.
1997 жылы мен қылыш жұтатын санарлықтай
адам қалғанын естідім, және
"Мен соны үйренуім керек!" дедім.
Қылыш жұтушыны кездестіріп, одан кеңес
сұрадым.
Ол "Йе, мен саған 2 кеңес беремін:
Бірінші: Бұл өте қауіпті,
тіпті адамдар өлімге де қиылған.
Екінші:
Мұны жасап көрме!
(Күлкі)
Сонымен мұны да Тромдар тізіміне қостым.
Күніне 10-12 сағат жаттықтым, әрбір күні
4 жыл бойы.
Енді мен соларды есептедім...
4x 365 [x 12]
Бұл 13000-ға жуық сәтсіз әрекет болды,
2001 жылы алғаш өз көмейіме
қылышты жақындатқанға дейін.
Сол кездерде мен мақсат қойдым,
қылыш жұту бойынша әлемдегі үздік
эксперт болу арманы.
Мен әрбір кітап, журнал, газет мақаласын
ізденіп,
әр медициналық есепті оқыдым,
психология, анатомия оқыдым,
дәрігерлер мен медбикелермен сөйлестім,
қылыш жұтушылармен бірлестім
Халықаралық Қылыш Жұтушылар
Ассоциациясында,
Қылыш жұту мен оның жанама әсерлеріне
2-жылдық дәрігерлік ғылыми зерртеу
жүргіздім.
Ол Ұлыбритания Медициналық журналында
жарық көрді.
(Күлкі)
Рахмет
(Қошемет)
Мен қылыш жұту жайлы таңғажайып нәрселер
үйрендім.
Кейбірін ешқашан ойланып көрмегенсіздер,
бірақ осы күннен ойланасыздар.
Келесі жолы үйге барып, стейкті пышақпен,
қылышпен, не "бестекпен" кескенде осы
жайлы ойланатын боласыздар...
Мен қылыш жұтудың Үндістанда пайда
болғанын білдім
сонда ең алғаш рет 20 жастағы бала
ретінде көрер едім-
400 жылдай бұрын, 2000 б.з.б.
Соңғы 150 жыл төңірегінде қылыш жұтушылар
ғылым мен мецинада қолданылып келеді-
Германиядағы Фрайбургте
Доктор Адольф Куссмаулмен
1868 жылы қатты эндоскопияны дамыту
үшін қолданылған.
1906 жылы Уэйлсте электрокардиограмма
жұтыну аурулары мен қорытуды зерттеу
мақсатында
бронхоскоптар, мол секілді заттар.
Бірақ соңғы 150 жыл бойы
біз 100-ден астам жарақат пен бірнеше
өлімнің болғанын білеміз...
Міне осы Доктор Адольф Куссмаулдың қатты
эндоскопиясының жаңалығы.
Бірақ біз 150 жылда 29 өлімнің болғанын
аштық,
оның қатарына Лондондағы қылышпен жүрегін
шаншып алған қылыш жұтушы да кіреді.
Сонымен қатар біз әр жылы 3-тен 8-ге дейін
ауыр жарақат болатынын білдік.
Мен мұны маған келетін қоңыраулардан
білемін.
Соңғы апталарда ғана мен
екі қоңырау алдым: бірі Швециядағы,
екіншісі Орландодағы
жарақаттардан ауруханада жатқан қылыш
жұтушылардан.
Яғни бұл өте қауіпті.
Мен түйген тағы бір жайт- бұл қылыш жұтуды
үйренудің
көп адамдар үшін 2-ден 10 жылға дейін
уақыт алатындығы.
Бірақ ең таңғалдырарлық жаңалық
бұл қылыш жұтушылардың мүмкін емес істі
жасауды үйренетіндігі.
Осы тұста мен кішкене құпияны ашпақшымын:
Әрекеттің 99,9% мүмкін емес бөлігіне емес,
мүмкін болатын 0,1%-на көңіл бөлу керек,
және соны мүмкін ету жолын табу қажет.
Енді қылыш жұтушының санасына
саяхат жасайық.
Қылышты жұту үшін медитация керек,
өткір концентрация мен аса дәлдік
ішкі дене мүшелерін оқшаулап,
автоматты дене рефлекстеріне төтеп береді
ол ми синапсын күшейту мен қайталанбалы
бұлшықет жады арқылы
10000 рет жаттығудан кейін іске асады.
Ал қазір қылыш жұтушының денесіне кішкене
шолу жасайық.
Қылыш жұту үшін
мен қылыш жүзін тілімнің үстінен өткізіп,
өңештегі тығын рефлексін тежеп,
көмекейден төмен қарай 90 градустық
бұрылыс жасау керек те,
өңеш сфинктерінің жоғарғы жағындағы
көмей арқылы өткізіп,
перистальти рефлесін басып,
оны өкпелер арасындағы кеуде қуысына
сырғату керек.
Осы тұста,
мен жүрегімді сәл жылжыту керекпін.
Аса назар салып қарасақ,
қылышпен бірге жүрек соғысын көре аламыз,
өйткені ол 8 дюймдік көмей ұлпасымен
арақашықтық жасап жүрекке қарсы
сүйеніп тұр.
Бұл жай ғана орындай алатын іс емес.
Оны кеуде сүйегінен өткізіп,
төменгі көмей сфинктерінен төмен қарай
асқазанға өткізіп,
асқазандағы рефлесті тоқтатып,
ұлтабарға итермелеу керек.
Оп-оңай.
(Күлкі)
Одан ары қарай апарсам,
Фаллопий түтіктеріне жетеді.
Фаллопий түтіктеріне!
Жігіттер, сендер одан әрі әйелдеріңізден
сұрай аласыздар...
Адамдар маған былай дейді:
"Өз өміріңді қатерге тігу үлкен
батылдықты қажет ететін
болар, жүректі итермелеп, қылышты жұту..."
Жоқ. Батылдықты талап ететін нәрсе
ол сол үрейлі, ұяң, арық әлсіз баланың
сәтсіздік пен қабылданбау сезіміне
тәуекел жасау,
жүрегін ашып,
намысты іште ұстау
және бейтаныс кісілердің алдында тұрып
өз қорқынышы мен армандары жайлы
оқиғасын ату еді,
тура және ауыспалы мағынада
өз ішкі сырын төгу.
Сіз көрдіңіз-Рахмет.
(Қошемет)
Көрдіңіз бе, ең кереметі
мен әркез өмірімде ерекше әсерлі
іс жасағым келген,
ал қазір ол орындалды.
Бірақ мен үшін маңыздысы менің
21 қылышты бірден жұта алатыным емес,
20 фут тереңдікте 88 акула мен жайын
арасында жүзетінім емес,
Риплидің Саған өтірік, маған шыны үшін
не Стэн Лидің Суперадамдары үшін
1500 градусқа қыздырылып,
"Болат адам" атануым үшін де емес,
ол кезде өтее ыстық болды!
Рипли немесе Гиннес үшін көлікті қылышпен
итеру де емес,
не оны Американың Таланты шоуының финалы
үшін емес,
не 2007 жылы Медицина бойынша Нобель
сыйлығын алу емес,
Жоқ, ол менің ең керемет жетістігім емес.
Басқалар солай ойлайды.
Жоқ, жоқ, жоқ. Олай емес.
Ең атап айтарлық жайт,
Құдай сол баяғы шошынған, арық,
әлсіз баланы
биіктіктен қорыққан,
су менен акуладан,
дәрігерлер мен медбикелерден, ине мен
үшкір заттардан
ж/е халыққа сөйлеуден
қорыққан баланы қазір әлемді 30000 фут
биікте
шарлап, акула арасында үшкір
затты жұтып, дәрігерлер мен медбикелерге,
сіздерге
еркін сөйлеп жүрген балаға айналдырды.
Осыны мен нағыз кереметке теңеймін.
Әрқашан мүмкін емес іс атқарғым
келген.
Рахмет.
(Қошемет)
Рахмет.
(Қошемет)
Әрқашан мүмкін емес іс жасағым
келген және қазір ол орындалды
Менің ерекше әсерлі іс атқарғым келген,
және
қазір солай.
Суперадам ерліктерін жасап, әлем бойынша
ұшып, өмірлерді
сақтағым келді, ал ол орындалды.
Және білесіз бе?
Сол бір кішкене баланың үлкен арманының
бөлігі
орындалмады.
(Күлкі) (Қошемет)
Мен әрқашан өз мақсатым мен орнымды тапқым
келген,
және қазір оны анықтадым.
Не екенін таба аласыз ба?
Оның қылышпен қатысы жоқ, сіз ойлағандай
менің артықшылықтарыммен емес
әлсіз тұстарыммен, сөзіммен байланысты.
Менің мұратым мен мақсатым- әлемді
үрейді жеңе отырып өзгерту,
бір уақытта бір қылыш, бір сөз,
бір пышақ, бір өмір,
адамдарды суперқаһарман болуға ынталандыру
мен мүмкін емес іс жасауға итермелеу.
Менің мақсатым басқаларға өздерініңкін
табуға көмектесу.
Сіздікі ше?
Сіздің мақсатыңыз қандай?
Сіздің не істеуіңіз керек?
Мен бәріміздің супер қаһарман екенімізге
сенемін.
Сіздің суперкүшіңіз қандай?
миллиард ғалам халқының ішінен
бірнеше ғана қылыш жұтушылар
қалды,
бірақ сіз жалғызсыз.
Сіз ерекшесіз.
Сіздің оқиғаңыз қандай?
Сізді ерекшелейтін не?
Өз оқиғаңызбен бөлісіңіз,
дауысыңыз жай және дірілдеп тұрса да.
Сіздің Тромдарыңыз қандай?
Кез келген іс жасап, әлдекім
бола алып, саяхаттасаңыз
Не істер және
Қайда барар едіңіз?
Не істер едіңіз?
Өз өміріңізбен не істегіңіз келеді?
Үлкен армандарыңыз қандай?
Кішкене кезіңізде арманыңыз қандай еді?
Өткенге оралыңыз.
Мен білемін, бұл қазіргідей емес қой.
Ең қалаған арманыңыз қандай,
сіз біртүрлі, әрі түсініксіз деп санаған.
Бұдан кейін енді олар біртүрлі болып та
көрінбейді, солай ма?
Сіздің қылышыңыз не?
Әрбіріңіздің қылышыңыз бар,
екі жақты қорқыныш пен армандар қылышы.
Өз қылышыңызды не болса да, жұтып көр.
Ариман қуыңыздар, ханымдар мен мырзалар.
Ешқашан да өз қалаған адам болуға кеш
емес.
Әлгі бұзық балалар үшін, мені ешқашан
мүмкін емес іс жасайды деп
сенбеген балалар үшін,
айтарым жалғыз:
Рахмет.
Себебі егер жауыздар болмаса, қаһармандар
болмайды.
Мен осында мүмкін еместің мүмкін еместігін
дәлелдеуге келдім.
Ол өте қауіпті, тіпті мені өлтіре жаздады.
Сізге ұнады деген үміттемін.
(Күлкі)
Маған сіздердің көмектеріңіз керек.
Көрермендер: Екі, үш.
Дэн Мэйер: Жо-жо-жоқ. Маған санаумен
көмектеріңіз керек, барлығымыз бірге, ОК?
(Күлкі)
Сөздерді білсеңіздер, менімен санаңыздар.
Дайынбыз ба?
Бір.
Екі.
Үш.
Жоқ, екі, бірақ сіздер ұқтыңыздар.
Көрермендер: Бір.
Екі.
Үш.
(Таң қалу)
(Қошемет)
DM: Йеей!
(Қошемет) (Қолдау)
Алғысым шексіз.
Рахмет, рахмет, рахмет.
Жүрегімнің түбінен рахмет.
Негізі, менің асқазанымның түбінен расхмет
айтамын.
Мен сіздерге мүмкін емес іс атқаруға
келдім дедім, енді жасадым.
Бірақ ол мүмкін емес болмай шықты.
Мен оны күнде істеймін
Шошынған, арықша, ұяң әлсіз бала үшін өз
үрейімен бетпе-бет тұру мүмкін емес еді,
осында TEDx сахнасында тұрып,
әлемді өзгерту мүмкін емес еді,
бір уақытта бір сөз,
бір қылыш пен бір өмір
Егер мен сіздерді жаңа бағытта ойлануға
итермелеп, мүмкін емес
істің мүмкін емес екеніне сендірсем,
егер сізді өміріңізде мүмкін емес ғажапты
жасай алатыныңызға сендірсем,
онда менің міндетім орындалды, ал сіздікі
енді ғана басталды.
Ешқашан армандауды тоқтатпаңыздар.
Ешқашан сенімді өшірмеңіздер.
Маған сенгендеріңізге рахмет.
арманымның бөлігі болғаныңызға рахмет.
Менің сіздерге сыйым осы:
Мүмкін емес нәрсе
Көрермендер: мүмкін емес.
Ұзақ жол сыйлықтың бір бөлігі.
(Қошемет)
Рахмет!
(Қошемет)
(Қолдау көрсету)
Жүргізуші: Рахмет, Дэн Мэйер, уау!