1 00:00:00,000 --> 00:00:05,000 Мен мейірімділік туралы Ислам көз-қарасымен айтпақпын, 2 00:00:05,000 --> 00:00:08,000 менің дінім мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделетіні 3 00:00:08,000 --> 00:00:12,000 бәріне белгілі болмауы мүмкін. 4 00:00:12,000 --> 00:00:14,000 Бірақ мәселе онда емес. 5 00:00:14,000 --> 00:00:20,000 Біздің қасиеттті кітабымыз Құран 114 тараудан тұрады, 6 00:00:20,000 --> 00:00:24,000 және әр тарау "Бисмиллә" сөзімен басталады, 7 00:00:24,000 --> 00:00:30,000 яғни "Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын" деген сөзбен, 8 00:00:30,000 --> 00:00:32,000 немесе Ричард Бертон мырзаның сөзімен айтсақ, 9 00:00:32,000 --> 00:00:35,000 Елизабет Тейлерге үйленген Ричард Бертон емес, 10 00:00:35,000 --> 00:00:38,000 бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ричард Бертон - 11 00:00:38,000 --> 00:00:40,000 күллі әлемді саяхаттаушы, 12 00:00:40,000 --> 00:00:44,000 және көптеген әдебиетті аударған, ол: 13 00:00:44,000 --> 00:00:51,000 "Аса рақымды, рақым етуші Алланың атымен" - деп аударған. 14 00:00:51,000 --> 00:00:58,000 Мұсылмандар Алланың сөзі деп санайтын, Құран сөздерінде 15 00:00:58,000 --> 00:01:01,000 Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) айтты - 16 00:01:01,000 --> 00:01:04,000 (Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлар тобының соңғысы екеніне біз сенеміз. 17 00:01:04,000 --> 00:01:10,000 Бұл топ Адам пайғамбардан (с.а.с) басталып, Нұх, Мұса, Ибраһим (с.а.с.), 18 00:01:10,000 --> 00:01:14,000 Иса пайғамбармен жалғасқан және Мұхаммед пайғамбармен аяқталған). 19 00:01:14,000 --> 00:01:17,000 "Әй, Мұхаммед! Біз сені күллі әлемге 20 00:01:17,000 --> 00:01:23,000 рақым етіп, адамзатқа рақымның нұры ретінде жібердік, 21 00:01:23,000 --> 00:01:27,000 Әр адам баласы үшін және бірінші кезек мұсылмандар үшін 22 00:01:27,000 --> 00:01:32,000 пайғамбардың жолын ұстану - өмірлік міндеті, мақсаты, 23 00:01:32,000 --> 00:01:36,000 оған ұқсауға тырысу - адам баласына сүннет. 24 00:01:36,000 --> 00:01:38,000 Мұхаммед пайғамбар (с.а.с) сөзінің бірінде: 25 00:01:38,000 --> 00:01:43,000 "Өздеріңді Алланың қасиеттерімен көркем етіңдер!", -деді. 26 00:01:43,000 --> 00:01:49,000 Ал Құдай өзінің басты мінезі - мейірімділік, рақымдылық екенін айтқан. 27 00:01:49,000 --> 00:01:54,000 Құран Кәрім: "Раббыларың мәрхамет етуді (кешіруді) өз міндетіне алған". 28 00:01:54,000 --> 00:01:58,000 немесе өзіне кешірімді, рақымды болуды жүктеді" - дейді. 29 00:01:58,000 --> 00:02:05,000 сондықтан біздің мақсатымыз рақымдылықтың қайнар көзі болу, 30 00:02:05,000 --> 00:02:09,000 рақымдылықты тудырушы, оны орындаушы, 31 00:02:09,000 --> 00:02:13,000 ол туралы айтып жүруші және оны жалғастырушы болуымыз қажет. 32 00:02:13,000 --> 00:02:16,000 Бұның бәрі дұрыс және жақсы, 33 00:02:16,000 --> 00:02:19,000 Сонда біз қай тұста шалыс бастық, 34 00:02:19,000 --> 00:02:24,000 Әлемдегі жанашырлықтың жетпей жату себебі не? 35 00:02:24,000 --> 00:02:29,000 Осы сұрақтың жауабын табу үшін біз рухани жолға көз жүгіртеміз. 36 00:02:29,000 --> 00:02:36,000 Әр діннің дәстүрінде ішкі және сыртқы жолдар бар, 37 00:02:36,000 --> 00:02:41,000 немесе экзотериялық және эзотериялық (жасырын) мәні. 38 00:02:41,000 --> 00:02:49,000 Исламның жасырын мәні Суфизммен танымал немесе арабша "Тасаввуф". 39 00:02:49,000 --> 00:02:52,000 Бұл сопылық (суфизм) ілімінің ғұламалары, 40 00:02:52,000 --> 00:02:56,000 уағыздаушылары және сопылары 41 00:02:56,000 --> 00:03:00,000 қоғамдағы мәселелердің өзегін шешу үшін 42 00:03:00,000 --> 00:03:04,000 пайғамбардың өмір жолын үлгі тұтып, өнеге етіп ұстанады. 43 00:03:04,000 --> 00:03:08,000 Пайғамбар бір шайқастан кейін үмбетіне: 44 00:03:08,000 --> 00:03:13,000 "Біз кіші күрестен үлкен күреске 45 00:03:13,000 --> 00:03:17,000 қайтып жатырмыз" -деді. 46 00:03:17,000 --> 00:03:22,000 Сонда сахабалар - "Алла елшісі, біз соғыстан шаршадық. 47 00:03:22,000 --> 00:03:25,000 Қалай біз бұдан үлкен шайқасқа аттанамыз?" - дегенде, 48 00:03:25,000 --> 00:03:33,000 ол: "Бұл күрес өзіңмен, өз нәпсіңмен күрес" -деді. 49 00:03:33,000 --> 00:03:42,000 Адамзат мәселелерінің өзегі - менменшілдік, "МЕН". 50 00:03:42,000 --> 00:03:48,000 Көпшілікке танымал Руми сопының 51 00:03:48,000 --> 00:03:54,000 бір әңгемесінде - бір кісі досының үйіне барып, 52 00:03:54,000 --> 00:03:57,000 оның үйінің есігін қағады, 53 00:03:57,000 --> 00:04:00,000 "Бұл кім?" - деген дауыс естіледі, 54 00:04:00,000 --> 00:04:05,000 Ол - "Бұл менмін" немесе "Бұл мен" - деді, 55 00:04:05,000 --> 00:04:07,000 ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес. 56 00:04:07,000 --> 00:04:10,000 Есіктің арғы жағындағы дауыс - "Кет" деді. 57 00:04:10,000 --> 00:04:18,000 Көп жылдық тәжірибе, ізденіс, бейнет пен күрестен кейін 58 00:04:18,000 --> 00:04:20,000 ол қайта келеді. 59 00:04:20,000 --> 00:04:24,000 Бұрынғыдан әлде қайда жуас ол есікті қағады. 60 00:04:24,000 --> 00:04:27,000 "Бұл кім?" - деген дауыс естіледі. 61 00:04:27,000 --> 00:04:31,000 Ол: "Бұл сен, менің көзімді ашушы" - деді. 62 00:04:31,000 --> 00:04:35,000 Есік ашылып, іштен дауыс: 63 00:04:35,000 --> 00:04:42,000 "Кір, себебі бұл бөлмеде екі "МЕНге" орын жоқ деді. 64 00:04:42,000 --> 00:04:46,000 "екі менге", көзге емес (ағылшынша "eyes"), яғни "екі эгоға". 65 00:04:46,000 --> 00:04:55,000 Румидің әңгімелері рухани жолға астарлы метафоралар, 66 00:04:55,000 --> 00:05:01,000 Құдай тұрған жерде екінші "МЕН" болуы мүмкін емес. 67 00:05:01,000 --> 00:05:06,000 бұл "МЕН" Құдайылық "МЕН". 68 00:05:06,000 --> 00:05:10,000 Біздің дініміздегі "Құдси хадисте" айтылғандай - 69 00:05:10,000 --> 00:05:16,000 Құдай:"Менің құлдарым", немесе "Менің жаратқандарым, менің пенделерім, 70 00:05:16,000 --> 00:05:22,000 ешкім маған парыз құлшылықтарын орындау арқылы жақындағандай, 71 00:05:22,000 --> 00:05:25,000 басқа ешнәрсемен жақындай алмайды", - деген. 72 00:05:25,000 --> 00:05:29,000 Араларыңда бастықтар отырса, менің айтайын дегенімді олар түсінді. 73 00:05:29,000 --> 00:05:33,000 Сендер жұмысшыларыңнан бір нәрсені істеуді сұрайсыңдар, егер олар оны жаса са, 74 00:05:33,000 --> 00:05:35,000 онда олар қосымша тапсырма орындауы мүмкін (нәпілдерді меңзеп тұр). 75 00:05:35,000 --> 00:05:38,000 Бірақ сіздің айтқандарыңызды бұлжытпай орындағаннан кейін. 76 00:05:38,000 --> 00:05:44,000 Алла Тағала жалғастырып былай дейді: "Одан әрі менің құлым нәпілдерімен 77 00:05:44,000 --> 00:05:47,000 жақындауды жалғастыра түседі"- 78 00:05:47,000 --> 00:05:49,000 қосымша ұпай - деп атасақ та болады - 79 00:05:49,000 --> 00:05:53,000 "Ақырында мен оны жақсы көремін. 80 00:05:53,000 --> 00:05:56,000 Мен оны жақсы көрсем",- дейді Құдай, 81 00:05:56,000 --> 00:06:02,000 "бұдан кейін оның көретін көзі, 82 00:06:02,000 --> 00:06:08,000 оның еститін құлағы, 83 00:06:08,000 --> 00:06:13,000 ұстайтын қолы, 84 00:06:13,000 --> 00:06:17,000 ұлдың, я қыздың жүретін аяғы, 85 00:06:17,000 --> 00:06:22,000 және оның түсінетін жүрегі боламын". 86 00:06:22,000 --> 00:06:27,000 Бұл біздің құдайылықпен қосылуымыз, 87 00:06:27,000 --> 00:06:35,000 ал бұл рухани жолымыздың, жалпы дәстүрлі сеніміміздің түпкі мақсаты. 88 00:06:35,000 --> 00:06:41,000 Мұсылмандар Иса пайғамбарды суфизмнің пірі деп санайды, 89 00:06:41,000 --> 00:06:48,000 рухани жолды жеткізуші елші, ұлы пайғамбар. 90 00:06:48,000 --> 00:06:52,000 Ол: "Мен рухпын және тура жолды көрсетушімін" - дегені, 91 00:06:52,000 --> 00:06:57,000 және Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с): "Кімде-кім мені көрсе, Құдайды көргені"- дегені 92 00:06:57,000 --> 00:07:02,000 олардың тұтастай Құдаймен бірге болуынан, 93 00:07:02,000 --> 00:07:04,000 Құдайдың бір бөлшегіне айналуынан, 94 00:07:04,000 --> 00:07:08,000 Құдайдың қалауы олар арқылы жүзеге асуы осыған дәлел, 95 00:07:08,000 --> 00:07:12,000 олар өздерінің қалауы бойынша, өздерінің эголары тарапынан әрекет жасамады. 96 00:07:12,000 --> 00:07:19,000 Рақымдылық адамзатқа берілген, ол біздің бойымызда. 97 00:07:19,000 --> 00:07:24,000 Бізге тек жолымыздан өзіміздің менменшілдігімізді алып тастау ғана қалды, 98 00:07:24,000 --> 00:07:27,000 өзімшілдігімізді төмендетуіміз керек. 99 00:07:27,000 --> 00:07:35,000 Мен сіздердің барлығыңызда немесе көпшілігіңізде 100 00:07:35,000 --> 00:07:39,000 рухани деп аталатын тәжірибе болғанына сенімдімін. 101 00:07:39,000 --> 00:07:46,000 өміріңізде бір сәт бір секундқа, мүмкін тіпті бір минутқа 102 00:07:46,000 --> 00:07:52,000 менмендігіңіз ғайып болған сәттер болған шығар. 103 00:07:52,000 --> 00:07:59,000 Осы сәтте сіз бүкіл ғаламмен бір бүтіндігіңізді сезіндіңіз - 104 00:07:59,000 --> 00:08:05,000 анау су құйылған құманмен, жаны бар әр денемен, 105 00:08:05,000 --> 00:08:09,000 Жаратушымен бірге, 106 00:08:09,000 --> 00:08:14,000 сіз бойыңызда күштің, қорқыныштың барын сездіңіз, 107 00:08:14,000 --> 00:08:18,000 шексіз махаббаттың, қайырымдылық пен мейірімділіктің шыңында болдыңыз, 108 00:08:18,000 --> 00:08:22,000 өміріңізде болмаған сезімдерді сездіңіз. 109 00:08:22,000 --> 00:08:28,000 Бұл сәт Құдайдың бізге берген сыйы - 110 00:08:28,000 --> 00:08:32,000 бізге бір сәтке берген сыйы, 111 00:08:32,000 --> 00:08:38,000 өз дегенінде тұратын "МЕН", "МАҒАН" деген өзімшілдігімізге шек қою арқылы 112 00:08:38,000 --> 00:08:42,000 Руми әңгімесіндегі адамдай 113 00:08:42,000 --> 00:08:48,000 біз: "О, бұның бәрі сен" - дейміз. 114 00:08:48,000 --> 00:08:50,000 "Бұның бәрі сен, және бұның бәрі біз. 115 00:08:50,000 --> 00:08:56,000 МЕН және біз бәрі сенің бөлшегің. 116 00:08:56,000 --> 00:09:02,000 О, Жаратқан! О, Мұратымыз! Біздің болмысымыз! 117 00:09:02,000 --> 00:09:04,000 және біздің сапарымыздың соңы, 118 00:09:04,000 --> 00:09:09,000 сен біздің жүрегімізді жаулаушысың. 119 00:09:09,000 --> 00:09:15,000 Біз саған талпындық, СЕН біздің өміріміздің мәнісісің. 120 00:09:15,000 --> 00:09:19,000 біздің өліміміздің мәнісісің, 121 00:09:19,000 --> 00:09:23,000 және қайта тірілуіміздің мәнісісің." 122 00:09:23,000 --> 00:09:30,000 Біз жалған өмірде қаншалықты рақымды болғанымызға есеп беру үшін қайта тірілеміз. 123 00:09:30,000 --> 00:09:34,000 Біздің бүгінгі мақсатымыз және міндетіміз 124 00:09:34,000 --> 00:09:37,000 және бүгін осы жерде отырғандардың мақсаты 125 00:09:37,000 --> 00:09:42,000 және бүгінгі тақырыптың мақсаты рақымдылықты еске түсіру. 126 00:09:42,000 --> 00:09:50,000 Себебі Құран бізге оны әрқашан есте сақтауға, және бір-бірімізге еске салып тұруға үндейді, 127 00:09:50,000 --> 00:09:58,000 ақиқатты білу әрқайсысымыздың бойымызда бар. 128 00:09:58,000 --> 00:10:01,000 Біз оны бәріміз білеміз. 129 00:10:01,000 --> 00:10:03,000 Бізде оған мүмкіндік бар. 130 00:10:03,000 --> 00:10:07,000 Юнг бұны "санадан тыс" деуші еді. 131 00:10:07,000 --> 00:10:11,000 Санадан тыс, түсімізде - 132 00:10:11,000 --> 00:10:19,000 Құран біздің ұйқыдағы кезімізді "кішкене өлім" дейді, 133 00:10:19,000 --> 00:10:23,000 - "уақытша өлім" 134 00:10:23,000 --> 00:10:28,000 ұйқыда біз түстер көреміз. 135 00:10:28,000 --> 00:10:34,000 біз денемізден тыс сапар шегеміз, 136 00:10:34,000 --> 00:10:37,000 біз таңғажайып нәрселер көреміз. 137 00:10:37,000 --> 00:10:42,000 Біз біз білетін - кеңістік шекарасынан тыс саяхаттаймыз, 138 00:10:42,000 --> 00:10:46,000 және уақыт кеңістігінен тыс саяхаттаймыз. 139 00:10:46,000 --> 00:10:56,000 Бірақ бұның бәрі негізгі аты Аса рақымды, рақым етуші - 140 00:10:56,000 --> 00:11:02,000 Жаратқанды ұлықтау үшін жасалады. 141 00:11:02,000 --> 00:11:09,000 Год, Бог, қалай атасаңыз да, Алла, Рам, Ом, 142 00:11:09,000 --> 00:11:12,000 сол аты аталушымен бірге екеніңізді сезінсеңіз, 143 00:11:12,000 --> 00:11:16,000 оның сізбен бірге екенін сезсеңіз, 144 00:11:16,000 --> 00:11:22,000 Бұл абсолюттік болмыстың, 145 00:11:22,000 --> 00:11:26,000 абсолюттік махаббаттың, абсолюттік мейірімділіктің, 146 00:11:26,000 --> 00:11:29,000 абсолюттік білімнің, даналықтың түйіні. 147 00:11:29,000 --> 00:11:32,000 Үнді ше "Сатчидананда". 148 00:11:32,000 --> 00:11:35,000 Тілдер бір-бірінен ерекшеленеді, 149 00:11:35,000 --> 00:11:39,000 бірақ нысана бір. 150 00:11:39,000 --> 00:11:41,000 Румидің тағы бір әңгімесі 151 00:11:41,000 --> 00:11:44,000 үш адам туралы - Түрік, Араб, және 152 00:11:44,000 --> 00:11:48,000 үшінші адамның ұлтын ұмыттым, бірақ менің мысалымда Малайзиялық болсын. 153 00:11:48,000 --> 00:11:51,000 Біреуі "ангур", екіншісі "енеб", 154 00:11:51,000 --> 00:11:56,000 үшіншісі "жүзім" сұрапты. 155 00:11:56,000 --> 00:11:59,000 Содан кейін үшеуі ұрсысыпты, себебі үшеуінің 156 00:11:59,000 --> 00:12:03,000 біреуі "жүзім", біреуі "енеб", біреуі "ангур" қалаған- 157 00:12:03,000 --> 00:12:06,000 олар бұл таласып жатқан себептерінің үш тілде 158 00:12:06,000 --> 00:12:09,000 бір мағына беретінін білмейтін еді. 159 00:12:09,000 --> 00:12:15,000 Абсолюттік ақиқат біреу ғана. 160 00:12:15,000 --> 00:12:18,000 абсолюттік болмыс біреу, 161 00:12:18,000 --> 00:12:21,000 себебі абсолюттің анықтамасы жалғыз, 162 00:12:21,000 --> 00:12:24,000 абсолют және жалғыз. 163 00:12:24,000 --> 00:12:27,000 Тіршіліктің абсолюттік түйіні біреу. 164 00:12:27,000 --> 00:12:30,000 Ол сананың абсолюттік ошағы, 165 00:12:30,000 --> 00:12:40,000 түйсіктің, абсолюттік қайырымдылық пен махаббаттың ошағы. 166 00:12:40,000 --> 00:12:44,000 Бұлар Құдайдың негізгі сипаттары. 167 00:12:44,000 --> 00:12:47,000 Бұлар, сонымен қатар, адамгершіліктің 168 00:12:47,000 --> 00:12:52,000 негізгі сипаттары болуы тиіс. 169 00:12:52,000 --> 00:12:58,000 Себебі биологиялық тұрғыдан адамгершілікті анықтайтын, 170 00:12:58,000 --> 00:13:01,000 біздің психиологиямыз, 171 00:13:01,000 --> 00:13:09,000 бірақ Құдай адамгершілікті рухани дүниеміз (иманымыз), табиғатымыз арқылы анықтайды. 172 00:13:09,000 --> 00:13:13,000 Құранда Алла Тағала періштелеріне: 173 00:13:13,000 --> 00:13:17,000 "Мен Адамды (с.а.с.) топырақтан жаратқаннан кейін, 174 00:13:17,000 --> 00:13:21,000 оған өзімнің рухымды үргеннен кейін, 175 00:13:21,000 --> 00:13:25,000 сендер оған сәжде етіңдер" - деді. 176 00:13:25,000 --> 00:13:33,000 Періштелер сәжде етті, бірақ оның денесіне емес, 177 00:13:33,000 --> 00:13:36,000 оның жанына, рухына сәжде етті. 178 00:13:36,000 --> 00:13:40,000 Неге? Себебі рухта, адамның рухында 179 00:13:40,000 --> 00:13:46,000 Құдайдың демі бар, 180 00:13:46,000 --> 00:13:49,000 құдайылық рухтың бір бөлшегі бар. 181 00:13:49,000 --> 00:13:54,000 Бұл туралы Інжілде де айтылады. 182 00:13:54,000 --> 00:14:00,000 Біз Құдайдың Өзіне ұқсатылып жаратылғанбыз деген пікір бар. 183 00:14:00,000 --> 00:14:02,000 Құдайдың келбеті қандай? 184 00:14:02,000 --> 00:14:06,000 Құдайдың келбеті - абсолюттік болмыс, 185 00:14:06,000 --> 00:14:09,000 абсолюттік түсіну, білім, даналық 186 00:14:09,000 --> 00:14:12,000 және абсолюттік рақымдылық пен махаббат. 187 00:14:12,000 --> 00:14:16,000 Сондықтан бізге адам болу керек - 188 00:14:16,000 --> 00:14:20,000 адам болу деген мағынаның ең шыңына жету қажет, 189 00:14:20,000 --> 00:14:23,000 адам болу деген мағынаның ең қуаныштысына ие болу қажет, 190 00:14:23,000 --> 00:14:29,000 сонымен қатар бойымыздағы Құдайылық демнің 191 00:14:29,000 --> 00:14:33,000 лайықты иеленушісі болуымыз қажет. 192 00:14:33,000 --> 00:14:38,000 бойымыздағы қасиеттерді 193 00:14:38,000 --> 00:14:41,000 өмірімізді, тұрмысымызды жақсарту үшін талпынуымыз керек; 194 00:14:41,000 --> 00:14:46,000 рақымды және мейірімді жандардың қасиеттерін 195 00:14:46,000 --> 00:14:51,000 даналығын, рақымдылығын бойымызға сіңіруіміз керек. 196 00:14:51,000 --> 00:14:57,000 Бұл менің діни дәстүрімнен түсінгенім. 197 00:14:57,000 --> 00:15:04,000 және басқа діндерді зерттегеннен түсінгенім, 198 00:15:04,000 --> 00:15:10,000 және бұл бәріміз таянып тұратын платформа болуы қажет, 199 00:15:10,000 --> 00:15:13,000 осындай мықты тіректе тұратын болсақ, 200 00:15:13,000 --> 00:15:19,000 әлем таңғажайып болатынына сенімдімін. 201 00:15:19,000 --> 00:15:25,000 Біз өтпелі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. 202 00:15:25,000 --> 00:15:29,000 және сіздер сияқты адамдардың арқасында, көмегімен, 203 00:15:29,000 --> 00:15:35,000 Исайидің болжамын шындыққа айналдыра аламыз. 204 00:15:35,000 --> 00:15:39,000 Себебі ол: "адамдар қолындарындағы қылышты соқаға 205 00:15:39,000 --> 00:15:46,000 ауыстыратын заман келеді" - деп болжаған болатын. 206 00:15:46,000 --> 00:15:52,000 Соғысқа үйренбейтін немесе соғыспайтын заман туады деген. 207 00:15:52,000 --> 00:15:58,000 Бүгінгі таңда адам баласында таңдау жоқ; 208 00:15:58,000 --> 00:16:07,000 біз өзімшілдігімізді азайтуымыз керек, 209 00:16:07,000 --> 00:16:12,000 өз өзімшілдігімізді бақылауымыз керек, ол жеке эго болсын, дербес эго болсын, 210 00:16:12,000 --> 00:16:18,000 жанұялық эго, ұлттық эго болсын, 211 00:16:18,000 --> 00:16:23,000 және тек бір Жаратқанды ұлықтайық. 212 00:16:23,000 --> 00:16:25,000 Рахмет, Алла жар болсын! 213 00:16:25,000 --> 00:16:26,000 Ду қол шапалақ.