0:00:00.000,0:00:05.000 Мен мейірімділік туралы Ислам көз-қарасымен айтпақпын, 0:00:05.000,0:00:08.000 менің дінім мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделетіні 0:00:08.000,0:00:12.000 бәріне белгілі болмауы мүмкін. 0:00:12.000,0:00:14.000 Бірақ мәселе онда емес. 0:00:14.000,0:00:20.000 Біздің қасиеттті кітабымыз Құран 114 тараудан тұрады, 0:00:20.000,0:00:24.000 және әр тарау "Бисмиллә" сөзімен басталады, 0:00:24.000,0:00:30.000 яғни "Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын" деген сөзбен, 0:00:30.000,0:00:32.000 немесе Ричард Бертон мырзаның сөзімен айтсақ, 0:00:32.000,0:00:35.000 Елизабет Тейлерге үйленген Ричард Бертон емес, 0:00:35.000,0:00:38.000 бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ричард Бертон - 0:00:38.000,0:00:40.000 күллі әлемді саяхаттаушы, 0:00:40.000,0:00:44.000 және көптеген әдебиетті аударған, ол: 0:00:44.000,0:00:51.000 "Аса рақымды, рақым етуші Алланың атымен" - деп аударған. 0:00:51.000,0:00:58.000 Мұсылмандар Алланың сөзі деп санайтын, Құран сөздерінде 0:00:58.000,0:01:01.000 Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) айтты - 0:01:01.000,0:01:04.000 (Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлар тобының соңғысы екеніне біз сенеміз. 0:01:04.000,0:01:10.000 Бұл топ Адам пайғамбардан (с.а.с) басталып, Нұх, Мұса, Ибраһим (с.а.с.), 0:01:10.000,0:01:14.000 Иса пайғамбармен жалғасқан және Мұхаммед пайғамбармен аяқталған). 0:01:14.000,0:01:17.000 "Әй, Мұхаммед! Біз сені күллі әлемге 0:01:17.000,0:01:23.000 рақым етіп, адамзатқа рақымның нұры ретінде жібердік, 0:01:23.000,0:01:27.000 Әр адам баласы үшін және бірінші кезек мұсылмандар үшін 0:01:27.000,0:01:32.000 пайғамбардың жолын ұстану - өмірлік міндеті, мақсаты, 0:01:32.000,0:01:36.000 оған ұқсауға тырысу - адам баласына сүннет. 0:01:36.000,0:01:38.000 Мұхаммед пайғамбар (с.а.с) сөзінің бірінде: 0:01:38.000,0:01:43.000 "Өздеріңді Алланың қасиеттерімен көркем етіңдер!", -деді. 0:01:43.000,0:01:49.000 Ал Құдай өзінің басты мінезі - мейірімділік, рақымдылық екенін айтқан. 0:01:49.000,0:01:54.000 Құран Кәрім: "Раббыларың мәрхамет етуді (кешіруді) өз міндетіне алған". 0:01:54.000,0:01:58.000 немесе өзіне кешірімді, рақымды болуды жүктеді" - дейді. 0:01:58.000,0:02:05.000 сондықтан біздің мақсатымыз рақымдылықтың қайнар көзі болу, 0:02:05.000,0:02:09.000 рақымдылықты тудырушы, оны орындаушы, 0:02:09.000,0:02:13.000 ол туралы айтып жүруші және оны жалғастырушы болуымыз қажет. 0:02:13.000,0:02:16.000 Бұның бәрі дұрыс және жақсы, 0:02:16.000,0:02:19.000 Сонда біз қай тұста шалыс бастық, 0:02:19.000,0:02:24.000 Әлемдегі жанашырлықтың жетпей жату себебі не? 0:02:24.000,0:02:29.000 Осы сұрақтың жауабын табу үшін біз рухани жолға көз жүгіртеміз. 0:02:29.000,0:02:36.000 Әр діннің дәстүрінде ішкі және сыртқы жолдар бар, 0:02:36.000,0:02:41.000 немесе экзотериялық және эзотериялық (жасырын) мәні. 0:02:41.000,0:02:49.000 Исламның жасырын мәні Суфизммен танымал немесе арабша "Тасаввуф". 0:02:49.000,0:02:52.000 Бұл сопылық (суфизм) ілімінің ғұламалары, 0:02:52.000,0:02:56.000 уағыздаушылары және сопылары 0:02:56.000,0:03:00.000 қоғамдағы мәселелердің өзегін шешу үшін 0:03:00.000,0:03:04.000 пайғамбардың өмір жолын үлгі тұтып, өнеге етіп ұстанады. 0:03:04.000,0:03:08.000 Пайғамбар бір шайқастан кейін үмбетіне: 0:03:08.000,0:03:13.000 "Біз кіші күрестен үлкен күреске 0:03:13.000,0:03:17.000 қайтып жатырмыз" -деді. 0:03:17.000,0:03:22.000 Сонда сахабалар - "Алла елшісі, біз соғыстан шаршадық. 0:03:22.000,0:03:25.000 Қалай біз бұдан үлкен шайқасқа аттанамыз?" - дегенде, 0:03:25.000,0:03:33.000 ол: "Бұл күрес өзіңмен, өз нәпсіңмен күрес" -деді. 0:03:33.000,0:03:42.000 Адамзат мәселелерінің өзегі - менменшілдік, "МЕН". 0:03:42.000,0:03:48.000 Көпшілікке танымал Руми сопының 0:03:48.000,0:03:54.000 бір әңгемесінде - бір кісі досының үйіне барып, 0:03:54.000,0:03:57.000 оның үйінің есігін қағады, 0:03:57.000,0:04:00.000 "Бұл кім?" - деген дауыс естіледі, 0:04:00.000,0:04:05.000 Ол - "Бұл менмін" немесе "Бұл мен" - деді, 0:04:05.000,0:04:07.000 ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес. 0:04:07.000,0:04:10.000 Есіктің арғы жағындағы дауыс - "Кет" деді. 0:04:10.000,0:04:18.000 Көп жылдық тәжірибе, ізденіс, бейнет пен күрестен кейін 0:04:18.000,0:04:20.000 ол қайта келеді. 0:04:20.000,0:04:24.000 Бұрынғыдан әлде қайда жуас ол есікті қағады. 0:04:24.000,0:04:27.000 "Бұл кім?" - деген дауыс естіледі. 0:04:27.000,0:04:31.000 Ол: "Бұл сен, менің көзімді ашушы" - деді. 0:04:31.000,0:04:35.000 Есік ашылып, іштен дауыс: 0:04:35.000,0:04:42.000 "Кір, себебі бұл бөлмеде екі "МЕНге" орын жоқ деді. 0:04:42.000,0:04:46.000 "екі менге", көзге емес (ағылшынша "eyes"), яғни "екі эгоға". 0:04:46.000,0:04:55.000 Румидің әңгімелері рухани жолға астарлы метафоралар, 0:04:55.000,0:05:01.000 Құдай тұрған жерде екінші "МЕН" болуы мүмкін емес. 0:05:01.000,0:05:06.000 бұл "МЕН" Құдайылық "МЕН". 0:05:06.000,0:05:10.000 Біздің дініміздегі "Құдси хадисте" айтылғандай - 0:05:10.000,0:05:16.000 Құдай:"Менің құлдарым", немесе "Менің жаратқандарым, менің пенделерім, 0:05:16.000,0:05:22.000 ешкім маған парыз құлшылықтарын орындау арқылы жақындағандай, 0:05:22.000,0:05:25.000 басқа ешнәрсемен жақындай алмайды", - деген. 0:05:25.000,0:05:29.000 Араларыңда бастықтар отырса, менің айтайын дегенімді олар түсінді. 0:05:29.000,0:05:33.000 Сендер жұмысшыларыңнан бір нәрсені істеуді сұрайсыңдар, егер олар оны жаса са, 0:05:33.000,0:05:35.000 онда олар қосымша тапсырма орындауы мүмкін (нәпілдерді меңзеп тұр). 0:05:35.000,0:05:38.000 Бірақ сіздің айтқандарыңызды бұлжытпай орындағаннан кейін. 0:05:38.000,0:05:44.000 Алла Тағала жалғастырып былай дейді: "Одан әрі менің құлым нәпілдерімен 0:05:44.000,0:05:47.000 жақындауды жалғастыра түседі"- 0:05:47.000,0:05:49.000 қосымша ұпай - деп атасақ та болады - 0:05:49.000,0:05:53.000 "Ақырында мен оны жақсы көремін. 0:05:53.000,0:05:56.000 Мен оны жақсы көрсем",- дейді Құдай, 0:05:56.000,0:06:02.000 "бұдан кейін оның көретін көзі, 0:06:02.000,0:06:08.000 оның еститін құлағы, 0:06:08.000,0:06:13.000 ұстайтын қолы, 0:06:13.000,0:06:17.000 ұлдың, я қыздың жүретін аяғы, 0:06:17.000,0:06:22.000 және оның түсінетін жүрегі боламын". 0:06:22.000,0:06:27.000 Бұл біздің құдайылықпен қосылуымыз, 0:06:27.000,0:06:35.000 ал бұл рухани жолымыздың, жалпы дәстүрлі сеніміміздің түпкі мақсаты. 0:06:35.000,0:06:41.000 Мұсылмандар Иса пайғамбарды суфизмнің пірі деп санайды, 0:06:41.000,0:06:48.000 рухани жолды жеткізуші елші, ұлы пайғамбар. 0:06:48.000,0:06:52.000 Ол: "Мен рухпын және тура жолды көрсетушімін" - дегені, 0:06:52.000,0:06:57.000 және Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с): "Кімде-кім мені көрсе, Құдайды көргені"- дегені 0:06:57.000,0:07:02.000 олардың тұтастай Құдаймен бірге болуынан, 0:07:02.000,0:07:04.000 Құдайдың бір бөлшегіне айналуынан, 0:07:04.000,0:07:08.000 Құдайдың қалауы олар арқылы жүзеге асуы осыған дәлел, 0:07:08.000,0:07:12.000 олар өздерінің қалауы бойынша, өздерінің эголары тарапынан әрекет жасамады. 0:07:12.000,0:07:19.000 Рақымдылық адамзатқа берілген, ол біздің бойымызда. 0:07:19.000,0:07:24.000 Бізге тек жолымыздан өзіміздің менменшілдігімізді алып тастау ғана қалды, 0:07:24.000,0:07:27.000 өзімшілдігімізді төмендетуіміз керек. 0:07:27.000,0:07:35.000 Мен сіздердің барлығыңызда немесе көпшілігіңізде 0:07:35.000,0:07:39.000 рухани деп аталатын тәжірибе болғанына сенімдімін. 0:07:39.000,0:07:46.000 өміріңізде бір сәт бір секундқа, мүмкін тіпті бір минутқа 0:07:46.000,0:07:52.000 менмендігіңіз ғайып болған сәттер болған шығар. 0:07:52.000,0:07:59.000 Осы сәтте сіз бүкіл ғаламмен бір бүтіндігіңізді сезіндіңіз - 0:07:59.000,0:08:05.000 анау су құйылған құманмен, жаны бар әр денемен, 0:08:05.000,0:08:09.000 Жаратушымен бірге, 0:08:09.000,0:08:14.000 сіз бойыңызда күштің, қорқыныштың барын сездіңіз, 0:08:14.000,0:08:18.000 шексіз махаббаттың, қайырымдылық пен мейірімділіктің шыңында болдыңыз, 0:08:18.000,0:08:22.000 өміріңізде болмаған сезімдерді сездіңіз. 0:08:22.000,0:08:28.000 Бұл сәт Құдайдың бізге берген сыйы - 0:08:28.000,0:08:32.000 бізге бір сәтке берген сыйы, 0:08:32.000,0:08:38.000 өз дегенінде тұратын "МЕН", "МАҒАН" деген өзімшілдігімізге шек қою арқылы 0:08:38.000,0:08:42.000 Руми әңгімесіндегі адамдай 0:08:42.000,0:08:48.000 біз: "О, бұның бәрі сен" - дейміз. 0:08:48.000,0:08:50.000 "Бұның бәрі сен, және бұның бәрі біз. 0:08:50.000,0:08:56.000 МЕН және біз бәрі сенің бөлшегің. 0:08:56.000,0:09:02.000 О, Жаратқан! О, Мұратымыз! Біздің болмысымыз! 0:09:02.000,0:09:04.000 және біздің сапарымыздың соңы, 0:09:04.000,0:09:09.000 сен біздің жүрегімізді жаулаушысың. 0:09:09.000,0:09:15.000 Біз саған талпындық, СЕН біздің өміріміздің мәнісісің. 0:09:15.000,0:09:19.000 біздің өліміміздің мәнісісің, 0:09:19.000,0:09:23.000 және қайта тірілуіміздің мәнісісің." 0:09:23.000,0:09:30.000 Біз жалған өмірде қаншалықты рақымды болғанымызға есеп беру үшін қайта тірілеміз. 0:09:30.000,0:09:34.000 Біздің бүгінгі мақсатымыз және міндетіміз 0:09:34.000,0:09:37.000 және бүгін осы жерде отырғандардың мақсаты 0:09:37.000,0:09:42.000 және бүгінгі тақырыптың мақсаты рақымдылықты еске түсіру. 0:09:42.000,0:09:50.000 Себебі Құран бізге оны әрқашан есте сақтауға, және бір-бірімізге еске салып тұруға үндейді, 0:09:50.000,0:09:58.000 ақиқатты білу әрқайсысымыздың бойымызда бар. 0:09:58.000,0:10:01.000 Біз оны бәріміз білеміз. 0:10:01.000,0:10:03.000 Бізде оған мүмкіндік бар. 0:10:03.000,0:10:07.000 Юнг бұны "санадан тыс" деуші еді. 0:10:07.000,0:10:11.000 Санадан тыс, түсімізде - 0:10:11.000,0:10:19.000 Құран біздің ұйқыдағы кезімізді "кішкене өлім" дейді, 0:10:19.000,0:10:23.000 - "уақытша өлім" 0:10:23.000,0:10:28.000 ұйқыда біз түстер көреміз. 0:10:28.000,0:10:34.000 біз денемізден тыс сапар шегеміз, 0:10:34.000,0:10:37.000 біз таңғажайып нәрселер көреміз. 0:10:37.000,0:10:42.000 Біз біз білетін - кеңістік шекарасынан тыс саяхаттаймыз, 0:10:42.000,0:10:46.000 және уақыт кеңістігінен тыс саяхаттаймыз. 0:10:46.000,0:10:56.000 Бірақ бұның бәрі негізгі аты Аса рақымды, рақым етуші - 0:10:56.000,0:11:02.000 Жаратқанды ұлықтау үшін жасалады. 0:11:02.000,0:11:09.000 Год, Бог, қалай атасаңыз да, Алла, Рам, Ом, 0:11:09.000,0:11:12.000 сол аты аталушымен бірге екеніңізді сезінсеңіз, 0:11:12.000,0:11:16.000 оның сізбен бірге екенін сезсеңіз, 0:11:16.000,0:11:22.000 Бұл абсолюттік болмыстың, 0:11:22.000,0:11:26.000 абсолюттік махаббаттың, абсолюттік мейірімділіктің, 0:11:26.000,0:11:29.000 абсолюттік білімнің, даналықтың түйіні. 0:11:29.000,0:11:32.000 Үнді ше "Сатчидананда". 0:11:32.000,0:11:35.000 Тілдер бір-бірінен ерекшеленеді, 0:11:35.000,0:11:39.000 бірақ нысана бір. 0:11:39.000,0:11:41.000 Румидің тағы бір әңгімесі 0:11:41.000,0:11:44.000 үш адам туралы - Түрік, Араб, және 0:11:44.000,0:11:48.000 үшінші адамның ұлтын ұмыттым, бірақ менің мысалымда Малайзиялық болсын. 0:11:48.000,0:11:51.000 Біреуі "ангур", екіншісі "енеб", 0:11:51.000,0:11:56.000 үшіншісі "жүзім" сұрапты. 0:11:56.000,0:11:59.000 Содан кейін үшеуі ұрсысыпты, себебі үшеуінің 0:11:59.000,0:12:03.000 біреуі "жүзім", біреуі "енеб", біреуі "ангур" қалаған- 0:12:03.000,0:12:06.000 олар бұл таласып жатқан себептерінің үш тілде 0:12:06.000,0:12:09.000 бір мағына беретінін білмейтін еді. 0:12:09.000,0:12:15.000 Абсолюттік ақиқат біреу ғана. 0:12:15.000,0:12:18.000 абсолюттік болмыс біреу, 0:12:18.000,0:12:21.000 себебі абсолюттің анықтамасы жалғыз, 0:12:21.000,0:12:24.000 абсолют және жалғыз. 0:12:24.000,0:12:27.000 Тіршіліктің абсолюттік түйіні біреу. 0:12:27.000,0:12:30.000 Ол сананың абсолюттік ошағы, 0:12:30.000,0:12:40.000 түйсіктің, абсолюттік қайырымдылық пен махаббаттың ошағы. 0:12:40.000,0:12:44.000 Бұлар Құдайдың негізгі сипаттары. 0:12:44.000,0:12:47.000 Бұлар, сонымен қатар, адамгершіліктің 0:12:47.000,0:12:52.000 негізгі сипаттары болуы тиіс. 0:12:52.000,0:12:58.000 Себебі биологиялық тұрғыдан адамгершілікті анықтайтын, 0:12:58.000,0:13:01.000 біздің психиологиямыз, 0:13:01.000,0:13:09.000 бірақ Құдай адамгершілікті рухани дүниеміз (иманымыз), табиғатымыз арқылы анықтайды. 0:13:09.000,0:13:13.000 Құранда Алла Тағала періштелеріне: 0:13:13.000,0:13:17.000 "Мен Адамды (с.а.с.) топырақтан жаратқаннан кейін, 0:13:17.000,0:13:21.000 оған өзімнің рухымды үргеннен кейін, 0:13:21.000,0:13:25.000 сендер оған сәжде етіңдер" - деді. 0:13:25.000,0:13:33.000 Періштелер сәжде етті, бірақ оның денесіне емес, 0:13:33.000,0:13:36.000 оның жанына, рухына сәжде етті. 0:13:36.000,0:13:40.000 Неге? Себебі рухта, адамның рухында 0:13:40.000,0:13:46.000 Құдайдың демі бар, 0:13:46.000,0:13:49.000 құдайылық рухтың бір бөлшегі бар. 0:13:49.000,0:13:54.000 Бұл туралы Інжілде де айтылады. 0:13:54.000,0:14:00.000 Біз Құдайдың Өзіне ұқсатылып жаратылғанбыз деген пікір бар. 0:14:00.000,0:14:02.000 Құдайдың келбеті қандай? 0:14:02.000,0:14:06.000 Құдайдың келбеті - абсолюттік болмыс, 0:14:06.000,0:14:09.000 абсолюттік түсіну, білім, даналық 0:14:09.000,0:14:12.000 және абсолюттік рақымдылық пен махаббат. 0:14:12.000,0:14:16.000 Сондықтан бізге адам болу керек - 0:14:16.000,0:14:20.000 адам болу деген мағынаның ең шыңына жету қажет, 0:14:20.000,0:14:23.000 адам болу деген мағынаның ең қуаныштысына ие болу қажет, 0:14:23.000,0:14:29.000 сонымен қатар бойымыздағы Құдайылық демнің 0:14:29.000,0:14:33.000 лайықты иеленушісі болуымыз қажет. 0:14:33.000,0:14:38.000 бойымыздағы қасиеттерді 0:14:38.000,0:14:41.000 өмірімізді, тұрмысымызды жақсарту үшін талпынуымыз керек; 0:14:41.000,0:14:46.000 рақымды және мейірімді жандардың қасиеттерін 0:14:46.000,0:14:51.000 даналығын, рақымдылығын бойымызға сіңіруіміз керек. 0:14:51.000,0:14:57.000 Бұл менің діни дәстүрімнен түсінгенім. 0:14:57.000,0:15:04.000 және басқа діндерді зерттегеннен түсінгенім, 0:15:04.000,0:15:10.000 және бұл бәріміз таянып тұратын платформа болуы қажет, 0:15:10.000,0:15:13.000 осындай мықты тіректе тұратын болсақ, 0:15:13.000,0:15:19.000 әлем таңғажайып болатынына сенімдімін. 0:15:19.000,0:15:25.000 Біз өтпелі кезеңде өмір сүріп жатырмыз. 0:15:25.000,0:15:29.000 және сіздер сияқты адамдардың арқасында, көмегімен, 0:15:29.000,0:15:35.000 Исайидің болжамын шындыққа айналдыра аламыз. 0:15:35.000,0:15:39.000 Себебі ол: "адамдар қолындарындағы қылышты соқаға 0:15:39.000,0:15:46.000 ауыстыратын заман келеді" - деп болжаған болатын. 0:15:46.000,0:15:52.000 Соғысқа үйренбейтін немесе соғыспайтын заман туады деген. 0:15:52.000,0:15:58.000 Бүгінгі таңда адам баласында таңдау жоқ; 0:15:58.000,0:16:07.000 біз өзімшілдігімізді азайтуымыз керек, 0:16:07.000,0:16:12.000 өз өзімшілдігімізді бақылауымыз керек, ол жеке эго болсын, дербес эго болсын, 0:16:12.000,0:16:18.000 жанұялық эго, ұлттық эго болсын, 0:16:18.000,0:16:23.000 және тек бір Жаратқанды ұлықтайық. 0:16:23.000,0:16:25.000 Рахмет, Алла жар болсын! 0:16:25.000,0:16:26.000 Ду қол шапалақ.