Мен мейірімділік туралы Ислам көз-қарасымен айтпақпын,
менің дінім мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделетіні
бәріне белгілі болмауы мүмкін.
Бірақ мәселе онда емес.
Біздің қасиеттті кітабымыз Құран 114 тараудан тұрады,
және әр тарау "Бисмиллә" сөзімен басталады,
яғни "Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын" деген сөзбен,
немесе Ричард Бертон мырзаның сөзімен айтсақ,
Елизабет Тейлерге үйленген Ричард Бертон емес,
бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ричард Бертон -
күллі әлемді саяхаттаушы,
және көптеген әдебиетті аударған, ол:
"Аса рақымды, рақым етуші Алланың атымен" - деп аударған.
Мұсылмандар Алланың сөзі деп санайтын, Құран сөздерінде
Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) айтты -
(Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлар тобының соңғысы екеніне біз сенеміз.
Бұл топ Адам пайғамбардан (с.а.с) басталып, Нұх, Мұса, Ибраһим (с.а.с.),
Иса пайғамбармен жалғасқан және Мұхаммед пайғамбармен аяқталған).
"Әй, Мұхаммед! Біз сені күллі әлемге
рақым етіп, адамзатқа рақымның нұры ретінде жібердік,
Әр адам баласы үшін және бірінші кезек мұсылмандар үшін
пайғамбардың жолын ұстану - өмірлік міндеті, мақсаты,
оған ұқсауға тырысу - адам баласына сүннет.
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с) сөзінің бірінде:
"Өздеріңді Алланың қасиеттерімен көркем етіңдер!", -деді.
Ал Құдай өзінің басты мінезі - мейірімділік, рақымдылық екенін айтқан.
Құран Кәрім: "Раббыларың мәрхамет етуді (кешіруді) өз міндетіне алған".
немесе өзіне кешірімді, рақымды болуды жүктеді" - дейді.
сондықтан біздің мақсатымыз рақымдылықтың қайнар көзі болу,
рақымдылықты тудырушы, оны орындаушы,
ол туралы айтып жүруші және оны жалғастырушы болуымыз қажет.
Бұның бәрі дұрыс және жақсы,
Сонда біз қай тұста шалыс бастық,
Әлемдегі жанашырлықтың жетпей жату себебі не?
Осы сұрақтың жауабын табу үшін біз рухани жолға көз жүгіртеміз.
Әр діннің дәстүрінде ішкі және сыртқы жолдар бар,
немесе экзотериялық және эзотериялық (жасырын) мәні.
Исламның жасырын мәні Суфизммен танымал немесе арабша "Тасаввуф".
Бұл сопылық (суфизм) ілімінің ғұламалары,
уағыздаушылары және сопылары
қоғамдағы мәселелердің өзегін шешу үшін
пайғамбардың өмір жолын үлгі тұтып, өнеге етіп ұстанады.
Пайғамбар бір шайқастан кейін үмбетіне:
"Біз кіші күрестен үлкен күреске
қайтып жатырмыз" -деді.
Сонда сахабалар - "Алла елшісі, біз соғыстан шаршадық.
Қалай біз бұдан үлкен шайқасқа аттанамыз?" - дегенде,
ол: "Бұл күрес өзіңмен, өз нәпсіңмен күрес" -деді.
Адамзат мәселелерінің өзегі - менменшілдік, "МЕН".
Көпшілікке танымал Руми сопының
бір әңгемесінде - бір кісі досының үйіне барып,
оның үйінің есігін қағады,
"Бұл кім?" - деген дауыс естіледі,
Ол - "Бұл менмін" немесе "Бұл мен" - деді,
ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес.
Есіктің арғы жағындағы дауыс - "Кет" деді.
Көп жылдық тәжірибе, ізденіс, бейнет пен күрестен кейін
ол қайта келеді.
Бұрынғыдан әлде қайда жуас ол есікті қағады.
"Бұл кім?" - деген дауыс естіледі.
Ол: "Бұл сен, менің көзімді ашушы" - деді.
Есік ашылып, іштен дауыс:
"Кір, себебі бұл бөлмеде екі "МЕНге" орын жоқ деді.
"екі менге", көзге емес (ағылшынша "eyes"), яғни "екі эгоға".
Румидің әңгімелері рухани жолға астарлы метафоралар,
Құдай тұрған жерде екінші "МЕН" болуы мүмкін емес.
бұл "МЕН" Құдайылық "МЕН".
Біздің дініміздегі "Құдси хадисте" айтылғандай -
Құдай:"Менің құлдарым", немесе "Менің жаратқандарым, менің пенделерім,
ешкім маған парыз құлшылықтарын орындау арқылы жақындағандай,
басқа ешнәрсемен жақындай алмайды", - деген.
Араларыңда бастықтар отырса, менің айтайын дегенімді олар түсінді.
Сендер жұмысшыларыңнан бір нәрсені істеуді сұрайсыңдар, егер олар оны жаса са,
онда олар қосымша тапсырма орындауы мүмкін (нәпілдерді меңзеп тұр).
Бірақ сіздің айтқандарыңызды бұлжытпай орындағаннан кейін.
Алла Тағала жалғастырып былай дейді: "Одан әрі менің құлым нәпілдерімен
жақындауды жалғастыра түседі"-
қосымша ұпай - деп атасақ та болады -
"Ақырында мен оны жақсы көремін.
Мен оны жақсы көрсем",- дейді Құдай,
"бұдан кейін оның көретін көзі,
оның еститін құлағы,
ұстайтын қолы,
ұлдың, я қыздың жүретін аяғы,
және оның түсінетін жүрегі боламын".
Бұл біздің құдайылықпен қосылуымыз,
ал бұл рухани жолымыздың, жалпы дәстүрлі сеніміміздің түпкі мақсаты.
Мұсылмандар Иса пайғамбарды суфизмнің пірі деп санайды,
рухани жолды жеткізуші елші, ұлы пайғамбар.
Ол: "Мен рухпын және тура жолды көрсетушімін" - дегені,
және Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с): "Кімде-кім мені көрсе, Құдайды көргені"- дегені
олардың тұтастай Құдаймен бірге болуынан,
Құдайдың бір бөлшегіне айналуынан,
Құдайдың қалауы олар арқылы жүзеге асуы осыған дәлел,
олар өздерінің қалауы бойынша, өздерінің эголары тарапынан әрекет жасамады.
Рақымдылық адамзатқа берілген, ол біздің бойымызда.
Бізге тек жолымыздан өзіміздің менменшілдігімізді алып тастау ғана қалды,
өзімшілдігімізді төмендетуіміз керек.
Мен сіздердің барлығыңызда немесе көпшілігіңізде
рухани деп аталатын тәжірибе болғанына сенімдімін.
өміріңізде бір сәт бір секундқа, мүмкін тіпті бір минутқа
менмендігіңіз ғайып болған сәттер болған шығар.
Осы сәтте сіз бүкіл ғаламмен бір бүтіндігіңізді сезіндіңіз -
анау су құйылған құманмен, жаны бар әр денемен,
Жаратушымен бірге,
сіз бойыңызда күштің, қорқыныштың барын сездіңіз,
шексіз махаббаттың, қайырымдылық пен мейірімділіктің шыңында болдыңыз,
өміріңізде болмаған сезімдерді сездіңіз.
Бұл сәт Құдайдың бізге берген сыйы -
бізге бір сәтке берген сыйы,
өз дегенінде тұратын "МЕН", "МАҒАН" деген өзімшілдігімізге шек қою арқылы
Руми әңгімесіндегі адамдай
біз: "О, бұның бәрі сен" - дейміз.
"Бұның бәрі сен, және бұның бәрі біз.
МЕН және біз бәрі сенің бөлшегің.
О, Жаратқан! О, Мұратымыз! Біздің болмысымыз!
және біздің сапарымыздың соңы,
сен біздің жүрегімізді жаулаушысың.
Біз саған талпындық, СЕН біздің өміріміздің мәнісісің.
біздің өліміміздің мәнісісің,
және қайта тірілуіміздің мәнісісің."
Біз жалған өмірде қаншалықты рақымды болғанымызға есеп беру үшін қайта тірілеміз.
Біздің бүгінгі мақсатымыз және міндетіміз
және бүгін осы жерде отырғандардың мақсаты
және бүгінгі тақырыптың мақсаты рақымдылықты еске түсіру.
Себебі Құран бізге оны әрқашан есте сақтауға, және бір-бірімізге еске салып тұруға үндейді,
ақиқатты білу әрқайсысымыздың бойымызда бар.
Біз оны бәріміз білеміз.
Бізде оған мүмкіндік бар.
Юнг бұны "санадан тыс" деуші еді.
Санадан тыс, түсімізде -
Құран біздің ұйқыдағы кезімізді "кішкене өлім" дейді,
- "уақытша өлім"
ұйқыда біз түстер көреміз.
біз денемізден тыс сапар шегеміз,
біз таңғажайып нәрселер көреміз.
Біз біз білетін - кеңістік шекарасынан тыс саяхаттаймыз,
және уақыт кеңістігінен тыс саяхаттаймыз.
Бірақ бұның бәрі негізгі аты Аса рақымды, рақым етуші -
Жаратқанды ұлықтау үшін жасалады.
Год, Бог, қалай атасаңыз да, Алла, Рам, Ом,
сол аты аталушымен бірге екеніңізді сезінсеңіз,
оның сізбен бірге екенін сезсеңіз,
Бұл абсолюттік болмыстың,
абсолюттік махаббаттың, абсолюттік мейірімділіктің,
абсолюттік білімнің, даналықтың түйіні.
Үнді ше "Сатчидананда".
Тілдер бір-бірінен ерекшеленеді,
бірақ нысана бір.
Румидің тағы бір әңгімесі
үш адам туралы - Түрік, Араб, және
үшінші адамның ұлтын ұмыттым, бірақ менің мысалымда Малайзиялық болсын.
Біреуі "ангур", екіншісі "енеб",
үшіншісі "жүзім" сұрапты.
Содан кейін үшеуі ұрсысыпты, себебі үшеуінің
біреуі "жүзім", біреуі "енеб", біреуі "ангур" қалаған-
олар бұл таласып жатқан себептерінің үш тілде
бір мағына беретінін білмейтін еді.
Абсолюттік ақиқат біреу ғана.
абсолюттік болмыс біреу,
себебі абсолюттің анықтамасы жалғыз,
абсолют және жалғыз.
Тіршіліктің абсолюттік түйіні біреу.
Ол сананың абсолюттік ошағы,
түйсіктің, абсолюттік қайырымдылық пен махаббаттың ошағы.
Бұлар Құдайдың негізгі сипаттары.
Бұлар, сонымен қатар, адамгершіліктің
негізгі сипаттары болуы тиіс.
Себебі биологиялық тұрғыдан адамгершілікті анықтайтын,
біздің психиологиямыз,
бірақ Құдай адамгершілікті рухани дүниеміз (иманымыз), табиғатымыз арқылы анықтайды.
Құранда Алла Тағала періштелеріне:
"Мен Адамды (с.а.с.) топырақтан жаратқаннан кейін,
оған өзімнің рухымды үргеннен кейін,
сендер оған сәжде етіңдер" - деді.
Періштелер сәжде етті, бірақ оның денесіне емес,
оның жанына, рухына сәжде етті.
Неге? Себебі рухта, адамның рухында
Құдайдың демі бар,
құдайылық рухтың бір бөлшегі бар.
Бұл туралы Інжілде де айтылады.
Біз Құдайдың Өзіне ұқсатылып жаратылғанбыз деген пікір бар.
Құдайдың келбеті қандай?
Құдайдың келбеті - абсолюттік болмыс,
абсолюттік түсіну, білім, даналық
және абсолюттік рақымдылық пен махаббат.
Сондықтан бізге адам болу керек -
адам болу деген мағынаның ең шыңына жету қажет,
адам болу деген мағынаның ең қуаныштысына ие болу қажет,
сонымен қатар бойымыздағы Құдайылық демнің
лайықты иеленушісі болуымыз қажет.
бойымыздағы қасиеттерді
өмірімізді, тұрмысымызды жақсарту үшін талпынуымыз керек;
рақымды және мейірімді жандардың қасиеттерін
даналығын, рақымдылығын бойымызға сіңіруіміз керек.
Бұл менің діни дәстүрімнен түсінгенім.
және басқа діндерді зерттегеннен түсінгенім,
және бұл бәріміз таянып тұратын платформа болуы қажет,
осындай мықты тіректе тұратын болсақ,
әлем таңғажайып болатынына сенімдімін.
Біз өтпелі кезеңде өмір сүріп жатырмыз.
және сіздер сияқты адамдардың арқасында, көмегімен,
Исайидің болжамын шындыққа айналдыра аламыз.
Себебі ол: "адамдар қолындарындағы қылышты соқаға
ауыстыратын заман келеді" - деп болжаған болатын.
Соғысқа үйренбейтін немесе соғыспайтын заман туады деген.
Бүгінгі таңда адам баласында таңдау жоқ;
біз өзімшілдігімізді азайтуымыз керек,
өз өзімшілдігімізді бақылауымыз керек, ол жеке эго болсын, дербес эго болсын,
жанұялық эго, ұлттық эго болсын,
және тек бір Жаратқанды ұлықтайық.
Рахмет, Алла жар болсын!
Ду қол шапалақ.