Жасым 14-те болғанда
өзіме деген сенімім төмен болатын.
Ешнәрсеге икемім жоқ сияқты көрінді.
Бір күні йо-йо сатып алдым.
Өзімің алғашқы қимылымды
былай орындадым.
Тіпті өте қарапайым қимылды да
орындай алмадым
бұған түк таң қалмадым.
өйткені спортты ұнатпадым,
әрі ештеңге икемім жоқ.
Бірақ бір апта жаттыққан соң
былай лақтыратын болдым.
Біршама жақсырақ.
Йо-йо арқылы
өзімді көрсете аламын-ау
деген ой келді.
Өзіме ұнайтын істі таптым.
Уақытымның бәрін жаттығумен өткіздім.
Күніне сағаттап жаттығып,
жаңа тәсілдерді меңгердім.
Жасым 18-ге толғанда
Йо-йо бойынша Бүкіләлемдік
сайысқа қатыстым.
Мен жеңдім.
Қатты толқыдым.
«Иә мен мұны істедім! Қолымнан келді.
Көптеген демеушілерім,
уыс-уыс ақшам болады,
теле-жұлдызға айналамын!» — деп ойладым.
Бірақ Жапонияға оралған соң
өмірімде еш өзгеріс болмады.
Жұртқа менің әуестігім
түк қызық емесін ұқтым.
Нәтижесінде колледжге қайта оралдым да
жүйе инженері ретінде
жапон жұмысшысы атандым.
Қызығушылығымнан ажырап
бара жатқанымды сездім.
Пұшайман күй кештім.
Содан не істеу керектігін ойлай бастадым
жаттығуды жалғастырып,
йо-йомен сахнаның шаңын шығарамын,
адамдардың йо-йо туралы
түсінігін өзгертемін деп шештім.
Компаниядан жұмыстан шығып,
кәсіби әртіс мансабын бастадым.
Қойылымдарым әсерлі болуы үшін
классикалық балетті, джаз биін,
акробатиканы және тағы басқаларын
үйрене бастадым.
Көптеген адамдардың көмегінің арқасында
бәрі де ойлағанымдай болды.
Йо-йо бойынша Бүкіләлемдік сайыста
«Көркем орындау» санаты
бойынша жеңіске жеттім.
Дю Солей Циркінің іріктеуінен өттім.
Бүгін TED сахнасында тұрмын.
Йо-йомды ұстап алдарыңызда тұрмын.
(Қол соғу)
Йо-йо маған
өзің ұнайтын істі шын беріліп істесең,
алынбайтын қамал жоқ екенін үйретті.
Қойылым көрсетіп, өнеріммен
бөлісуге рұқсат бересіздер ме?
(Қол соғу)
(Су сылдыры)
(Әуен)
(Қол соғу)
(Әуен)
(Әуен) (Қол соғу)
(Қол соғу)
(Әуен) (Қол соғу)
(Қол соғу)
(Әуен)
(Қол соғу)