Қазіргі таңда психикалық саулық
бұрынғыдай жұмбақ болмаса да,
мидың қалай жұмыс істейтіні
немесе адамның не себепті
әртүрлі сезімдерді сезінетіні,
Зигмунд Фрейд пен Карл Юнг сияқты
психология негізін қалаған
ғалымдардың заманынан бері де
көп нәрсені білдік.
"Бүйтсең, өзіңді жақсырақ сезінесің",-
деп көп жағдайда айта аламыз.
Алайда бір қиыны -
психикалық саулықты жақсартуға
көмектесетін тәсілдердің қиын,
ыңғайсыз не жағымсыз болғанында;
Сондықтан көп адам басқа шешім,
басқа жауап, жаңа идеяларды іздеп,
бір орында тұрып қалады.
Басқа шешімдер болмаған соң емес,
олар ұнамағаннан.
Өздері білетін нәрсені қолданғысы келмейді де,
сағаттап кітап оқып, подкаст тыңдап,
ютубта видео көріп,
онсыз да керек екенін білетін
өзгерістерді енгізудің
оңайырақ, ыңғайлырақ тәсілін іздеуге
уақыт жоғалтады.
Бұндағы басты мәселе
бұл не кейінге қалдыру
не қашқақтау.
Кей жағдайда
жаңа ақпаратты қоя тұрып,
өзімізге белгілі ақпаратты
қолданған жөн.
Сиқырлы таяқты іздегенше,
көмектесетіні анық тәсілдердің
бәрін қолданып,
тұтас бір негіз қалауға тырысқан дұрыс.
бәрін қолданып,
тұтас бір негіз қалауға тырысқан дұрыс.
Емделіп жүрген адамдардың көбі
Мен бәрін істеп көрдім дейді.
шын мәнінде
істеп көргісі келген нәрселерді ғана істеген.
Сол себепті бүгін мен жаңа бір ұғым емес
Сіздерге онсыз да белгілі нәрселерді қайталағым келіп отыр.
Бірақ оларды жаңа бір қырынан таныстырғым келеді
Оңайырақ, қолжетімдірек, қолдануға болатындай етіп.
Көп созбай, сіздерге онсыз да белгілі
пайдалы деген 7 тәсілді атап өтейін.
Өмірде оларды қолдану қиынға соғатын.
Біріншісі істеуге қорқатын нәрсені істеу, яғни
экспозициялық терапия, қорқыныштың көзіне қарау.
Жайлылық аймағын кеңейту үшін,
одан шығып тұру керек.
Осыны түсінген абзал.
Үрей я жайсыздық тудыратын әрекет жасау
қиын екенін білемін.
йога немесе калистеникада
қозғалыс ауқымын кеңейтсек,
бұнда да эмоционалды ауқымды кеңейтеміз.
Жаттығу барысы ұнамауы мүмкін.
Шындап келгенде,
өзіңізді жайсыз сезінуіңіз әбден мүмкін.
Бірақ жүйелі түрде жасасаңыз,
өмірде өз жөніңді табу
әлдеқайда жеңіл әрі қызық болмақ.