[Қалай тіркелемін?]
Ашық аударма жобасына қош келдіңіз!
Ат салысу үшін
TED.com сайтына өтіп, профайлыңызды құрыңыз.
Сосын біздің Amara атты онлайын
аударма және транскрипциялау құралымызға тіркелуіңіз керек
Ол үшін Amara.org сайтына өтіңіз
сосын TED профайлыңыздың мәліметімен кіріңіз.
Енді тілдеріңізді таңдаңыз.
Ашық аударма жобасында
TEDTalk-терді ағылшын тіліне аударумен қатар
өзге тілдердегі TEDxTalk-терді
аударып, транскрипциялай аласыз.
Сонымен осы жерден аударып, транскрипциялауға
шамаңыз келетін тілдерді таңдаңыз.
Бұдан соң, "Қосылу" түймесін шертіңіз.
Бірнеше сауалдарға жауап беріңіз.
Мұқият жауап беруге тырысыңыз.
сауалдардың бәріне ағылшынша жауап беруіңіз керек.
Дайын болғанда, өтінішіңізді жолдаңыз.
Қосымша ақпарат!
Электронды поштаңыздағы Amara-дан келген хатты растаңыз.
Бұл сізге өтінішіңіздің расталғанын құптайтын
хаттың келуіне мүмкіндік береді.
Әдетте өтінішті бір жұманың ішінде растаймыз.
Бұл уақыт ішінде
TED.com, Wiki, OTPedia-дағы мақалалармен таныса аласыз.
TEDTalks, TEDxTalk және TED-Ed сабақтарын қарап,
аудара алатындарын іздей аласыз.
Өтінішіңіз расталып, қабылданған соң
біздің Facebook-тағы
OTP қауымдастығына хабарласыңыз
"I translate TEDTalks" және
"I transcribe TEDxTalks" деп аталады.
OTPedia ішінен өз тіліңізді тауып алыңыз.
Әзірге осы. Транскрипциялау мен аударма ісінде сәттілік тілеймін!